Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 11:21, реферат
Ежелгі Қазақстан аумағында адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. I мыңжылдықтың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Б.з.д. мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген.
Кіріспе...............................................................................................................................3
Сақтар тарихы туралы.....................................................................................................4
Сақтардың әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті............................................................5
Сақтардың өнері мен мифологиясы..............................................................................10
Сақтардың дүниетанымы...............................................................................................13
Қорытынды........................................................................................................................14
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................................15
Сақтар да парсылар секілді мәңгілік от пен қасиетті суға табынатын. Хорезмдегі байырғы жұрттан "от күмбезінің" орны табылған. Ертеде адамдар сол "от күмбезінің" ішіндегі қасиетті отқа тәу еткенге ұқсайды.
Байырғы сақтар тілінен қай тілдің жүйесіне кіретіндігі туралы тарихи деректер жоқтың қасы. Америка ғалымы W.V. Megovrn: "Сакияндар мен сарматтардың тілі үнді-еуропа тіл жүйесіне кіреді, бірақ, соның ішінде "ариян" немесе үнді-иран тіліне тіпті де жақын, былайша айтқанда, Солтүстік Түркістан мен оның айналасындағы тілдер үнді жүйесіндегі үнді-еуропа тілінен гөрі иран тіліне жақын" - дейді. Кей оқымыстылар қытай, парсы, грек тарихындағы сақтардың ру-тайпалары, шет-шекарасы, кісі аттары жайындағы атауларға талдау жасай келіп, "б.з.д. VI ғасырдан IV ғасырға дейінгі қазақ даласының сол бөлігіндігі сақтар түркі тілін, оң бөлігіндігі сақтар иран тілін қолданған" деп есептейді. Бұл біраз ақылға қонады. Өйткені сақтар бұрын шығыс аймақтарға қоныстанған, ол олардың тілі ұлы иузилер, үйсіндер тіліне ұқсайтын. Әйтпесе, ұлы иузилер мен үйсіндерге Іле бойына келген сақтардың қысқа уакыттың ішінде сіңісіп кетуі неғайбыл еді. Егер тіл ұқсастығы болмаған жағдайда мұндай сіңісу барысының неше ондаған жылдарға созылуы, тіпті болмай қалуы да мүмкін. Тек ұқсас тілді халықтар ғана мүндай бейбіт сіңісудің жемісін көре алады. Бұдан біз сақтардың да бұрын түркі тілін қолданғандығын, бастысқа көшіп, Иран шегіне жеткесін, ондағы иран тектес халықтармен ұзақ уақыт бірге өсіп, біте қайнасудың әсерінен қазақ даласының алыс түстігіндегі сақтардың иран тілін қолданын, ал солтүстікте - қазақ даласында қалған сақтардың жалғасты түркі тілін қолданғанын байқаймыз.
Сақтардың өнері мен мифологиясы
Зерттешілер сақ өнерін, бірінші жағынан, оның иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх - Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларын: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар мен «заулап бара жатқан» бұғылар, аттар мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз екі көркемдік стиль деп есептейді.
Б.з. дейін 1 - мың жылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына иран тілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар әдет-ғүрыптар, қару-жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
«Аң стилі» өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан Оңтүстік дәстүрлі әсерімен пайда болған. Сол кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан - самұрық, «өмір дарағы» образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелерімен сіңісіп кетеді. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі бір мән берген.
Сақ ісмерлерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық жозыларын жасап, оларды ғажайып ою-өрнектермен әспеттейтін. Түрлі-түсті асыл тастардан - сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың зергерлері моншақ - таналар жасаған.
Дүниежүзілік мәдениеттегі әйгілі көріністердің бірі - сақ өнері.
Сақ тайпалары «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісі арқылы өздері мекендеген жерлердегі жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты бейнелейтін жабайы хайуандар мен табиғат күштерін «кие» деп табынатын діни ұғымды білдіретін суреттер салған. Мұндай жартас суреттерінде қайқы мүйіз таутеке, бұғы, жылқы сияқты хайуандар жиі кездеседі. Кейбіреулерінде садақ тартып тұрған адам бейнесі де бар. Бұл сияқты жартас суреттері Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай тауларының өн бойынан табылады.
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне - күнге, оның күркіреуіне, найзағайға, жел - дауылға табынған. Осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат - самұрықтар сияқты, қиялдан туған аңдар мен құстар, жануарлар бейнесінде де көріне беретін болған. Осынау образдардың мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, Евразия далалары өңірінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірі Митра «Авеста - Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайлардың қатынасы болған.
Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Үнді-иран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді.
Сақтардың әлемінің (космостық) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі - гармония, олардағы бір нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі - моделі оларға үш дүниенің - жерасты дүниесі -төменгінің, белорта дүниесі - жердің және жоғарғы дүние - аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы - сол, оң, алғы және артқы жақтары болған.
Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ - скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып - сіңуі, көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.
Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында "жер айуандары" жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте - құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі, сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек, әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін: жерасты дүниесін, жер мен аспан-көкті бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын; шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзеті тұратын аңдар бейнелері қойылған. Бас киімнің алдыңғы жағына күн белгісі - күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты - батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты-тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем - дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық үғымдар.
Сақтардың дүниетанымы
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылык-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғүрыптары болған. Бұл ғүрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір" тайпаға"немесе" тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне: күнге, оның күркіреуіне, найзағайға, жел-дауылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самұрықтар сияқты, қиялдан туған аңдар мен құстар, жануарлар бейнесінде де көріне беретін болған. Осынау образдардың мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ-скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып-сіңуі, көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.
Қорытынды
Сақ – Еуразия даласындағы көшпенді тайпалардың ортақ атауы. Сақтар — қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
Сақтар (скиф) туралы соңғы екі жүз жыл бойы әлем ғалымдары қалам тербеп келеді. Зерттеушілер осы аралықта екі түрлі пікір қалыптастырды. Онда:
Соңғы жылдары еуроцентрист зерттеушілердің ұстанымына сыни көзқараспен қарап, сараптама жасаған ғалымдар ғылыми негізі пәс, теориялық ұстанымнан ауытқыған тым қате тұжырым екенін дәлелдеп береді.
Демек, бұл жаңа тұжырымдардың бастау бұлағы ғана. Сақтардың этникалық тегін анықтау үшін олардың кейінгі ұрпақтары түркілердің тілі, рухани және этномәдениетінің сабақтастығын ғылыми тұрғыда, нақты деректермен дәлелдеген салмақты да салиқалы еңбектер әлі де жазылмай жатыр.
ХХІ ғасырдың биіктігінен қарағанда бүгінгі жағдайда ежелгі сақтардың тарихын, этномәдениетін, тілін, олардың этникалық тегін анықтауға қол жетім мағлұматтар аса мол жинақталған.
Бүгінгі күнге дейін сақ (скиф) дәуірінің бірнеше жазу үлгісі табылды, олар:
Әдебиеттер тізімі
Информация о работе Сақтардың мәдениеті, мифологиясы және дүниетанымы