Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:41, контрольная работа
1.1. саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты
Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.
1.1. саяси тарихы. Парсылардың
патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б.
558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан.
Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне
бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне
басып кірді. Алайда парсылар сақтарды
жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері
тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері
де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы
кезде шықты
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын
1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар
сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6
ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы
грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар
жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы
әскерінің Марафон жерінде болған соғысында
сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы
соғысты
Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің
грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий
Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға
басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд)
алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну
үшін, Шеткі Александр деген қала салады.
Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа
шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы
гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр
етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді.
Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.
1.2..Сақтардың қоғамдық құрылысы.
Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды
Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.
Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.
Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.
Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.
Есік қорғаны
Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұ-ның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген (қ. Алтын адам). Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. ұұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады.[1]
Дереккөздер
Мәдениеті. Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.
«Аңдық стиль» өнерінің негізі – ежелгі аңыздарда сақталған, адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсініктермен байланысты. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін сонын бөлшегі деп есептеді. Әрбір ру тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті т. б. аңдар болып есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті тұмар немесе бойтұмар саналды.
Қару-жарақтағы аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.
Көркемдік шығармашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шынайылық негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды.
Сақтардың әлемнің құрылымы туралы да айқын түсінігі болды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), орта – жер әлемі, жоғары – көк немесе аспан әлемі бар деп есептеді.
Ғұндар
Б. з. басында Қазақстан
аумағын мекен еткен
Ғұндардың қоғамдық құрылысы. Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Саяси тарихы. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.
Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген.
Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды.
Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.
Үйсіндер
Шығу тегі мен орналасуы. Б. з. б. I ғ. аяғында Қазақстан далаларында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақтар пайда болды. Бұлар – үйсіндер, қаңлылар, сарматтар, аландар.
Жетісудағы сақ жерлерін б. з. б. II ғ. Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Бұл тайпаның шыққан тегі әлі түгелдей анықталған жоқ.
Үйсіндердің негізгі орналасқан жері Іле даласы. Батыс шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, қаңлылар жерімен астасып жатқан. Шығыста үйсіндер ғұндармен шекаралас болып, оңтүстікте Ферғанаға дейін созылған.
Үйсіндер астанасы – Қызыл аңғар қаласы. Үйсіндер мемлекеті 3 бөлікке: шығыс, батыс, орталық бөліктерге бөлінді. Мемлекет басшысының лауазымы жазба деректерде гуньмо деп аталған. Олар жайылым, сауда жолы үшін қаңлы, ғұндармен ұзақ соғысты. Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болды.
Үйсін мемлекетінде малға жеке меншік болды. Ру, тайпалардың жайылымдары иеліктерге бөлініп, қазына-байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды.
Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға мирасқорлық салты бойынша ауысып отырады. Оған жоғарыда аталған ру, тайпа көсемдері бағынған.
Үйсіндердің өнері мен діні. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет беретін құнды ескерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан табылған.
Мәдениеті. Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық мәдениеті толық зерттелді. Жетісу мен Сырдария қалаларындағы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, керамиканың негізгі типтері, еңбек құралдары мен қару-жарақтары жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі — үлкен күймелі арба. Оған түйе мен өгіздерді жеккен.
Үйсіндер қорғандары негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адамдарды қылыш, жебе, садағымен бірге жерлесе, әйелдердің бейіттеріне әшекей бұйымдар – сырға, жүзік, моншақ, т. б қойылған.
Үйсіндер туралы тарихи деректер. Үйсіндер туралы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байланыста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінген: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгерлерінің саны 180 мың…
Қаңлылар
Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытай жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го — «мемлекет» деген мағынаны білдіреді.
Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді.
Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен.
Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім жерден қазылған ұраларда немесе қыш құмыраларда сақталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды.
Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнер кәсібі өте жоғары дәрежеде өркендеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес халықтар болғандықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөйлеген.
Қаңлылардың тұрғын үйлері көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлер және топырақ пен ағаштан, тастан жасалған тұрғын үйлер, адамдар жиі орналасқан елді мекен, қалалары болған. Археологтардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғасырдағы көптеген қалалардың іргетасы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуірінде пайда болған» деген пікір бар.