Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:41, контрольная работа
1.1. саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты
Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.