Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 14:55, реферат
1. Қазақстан тарихы ғылым және оқу пәні ретінде. Қазақстан тарихының деректері мен тарихнамасы. Бүгінде Қаз. өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Респ. Тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемл.-ке айналды. Жаңа азаматтық қоғам ж-е президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемл. дүниеге келді. Жаңа әлеуметтік саяси ж-е экон-қ шындықтар Қаз. Халықтарының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қаз.-ның тарихи өткен жолының объективті, идеялогиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.