Шпаргалка по "Истории"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 14:55, реферат

Описание работы

1. Қазақстан тарихы ғылым және оқу пәні ретінде. Қазақстан тарихының деректері мен тарихнамасы. Бүгінде Қаз. өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Респ. Тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемл.-ке айналды. Жаңа азаматтық қоғам ж-е президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемл. дүниеге келді. Жаңа әлеуметтік саяси ж-е экон-қ шындықтар Қаз. Халықтарының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қаз.-ның тарихи өткен жолының объективті, идеялогиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Tarih_1.doc

— 206.50 Кб (Скачать файл)

1. Қазақстан тарихы ғылым және  оқу пәні ретінде. Қазақстан тарихының  деректері мен тарихнамасы. Бүгінде Қаз. өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Респ. Тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемл.-ке айналды. Жаңа азаматтық қоғам ж-е президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемл. дүниеге келді.     Жаңа әлеуметтік саяси ж-е экон-қ шындықтар Қаз. Халықтарының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қаз.-ның тарихи өткен жолының объективті, идеялогиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.       Қаз. Тар-ң міндеті өзін түркі халқының қара шаңырағы – Қаз.-ды өзінің отаны, елі, сол мемл.-тің патриоты боламын деген адамға осы жерде кімдердің мекен еткенін, олардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, солардың салт-дәстүрін, рухани ж-е материалдық байлығын, біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, билеріміз тарихи тамырымыз жайылған кең байтақ өлкені бүгінгі ұрпаққа көзінің қарашығындай етіп сақтап жеткізгені, осы күнгі жастардың осы ата-баба ізін жалғастырып, оны қасық қаны қалғанша қорғауға, дінін, ділін қорғауға тарихи әділдік беретін бір-бірден құрал. 1)Археологиялық ескерткіштер: тұрақтар, обалар, қорғандар, қалашықтар. 2) Этнографиялық ескерткіштер: үй, табақ, салт дәстүр, әдет ғұрып, құрал саймандар. 3) Халық ауыз әдебиетінің ескерткіштері: эпос, фальклор, шежіре, аңыз, қисса. 4) Жазба әдебиет ескерткіштері:   а) Антик авторлар: Авеста, Геродот, Страбон, парсы тіліндегі Ахеменид кітабы, Қытай жазбалары  ә) Ежелгі түркілердің руникалық ескерткіштері  б) Араб-парсы авторлары в) Орыс жылнамалары.     г) Европа тілдеріндегі деректер Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм Рубрук.     ғ) Жергілікті авторлар: Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед Дулати, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы.   д) Ресей тарихшылары: Миллер, Фишер, Балас, Левшин (қазақ тарихының Геродоты),  Потанин,  Уалиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшхұр Жүсіп Көпеев е) Кеңес тарихшылары: Асфиндияров, Тынышбаев, Досмұхамедов, Галуза, Ляпкин, Рязанов, Марғұлан, Бекмаханов, Гумелев.

2.Ғылыми  дәурлерге бөлу Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас  дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар  авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,5 млн. жылдан басталады.Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді

          3.Қаз тарихы бойынша көне деректкмелер 1) Археологиялық ескерткіштер: тұрақтар, обалар, қорғандар, қалашықтар.2) Этнографиялық ескерткіштер: үй, табақ, салт дәстүр, әдет ғұрып, құрал саймандар. 3) Халық ауыз әдебиетінің ескерткіштері: эпос, фальклор, шежіре, аңыз, қисса.4) Жазба әдебиет ескерткіштері:  а) Антик авторлар: Авеста, Геродот, Страбон, парсы тіліндегі Ахеменид кітабы,ә) Ежелгі түркілердің руникалық ескерткіштері б) Араб-парсы авторлары в) Орыс жылнамалары г) Европа тілдеріндегі деректер Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм Рубрук.ғ) Жергілікті авторлар: Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед Дулати, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы. д) Ресей тарихшылары: Миллер, Фишер, Балас, Левшин (қазақ тарихының Геродоты), Потанин, Уалиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшхұр Жүсіп Көпеев е) Кеңес тарихшылары: Асфиндияров, Тынышбаев, Досмұхамедов, Галуза, Ляпкин, Рязанов, Марғұлан, Бекмаханов, Гумелев.

4. Тас дәуірі Ағашқы адам тақылеииес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне,  еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп  аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланыл- ған.Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді.Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол  «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды.синантроптар от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.

Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр.Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.Б.з.б.V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары  жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.Б.з.б. екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

5. Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді.. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды.б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық-  тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.

6.Беғазы –Дәндібай  мәдениеті  Көшпелі мал шаруашылығына көшу

Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-XIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған.  Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.

7.Алғашқы  қоғам адамдарының рухани мәдениеті.

Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері адамзаттың рухани мәдениетін, оның дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы.Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау,Маймақ,Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылды. Тастағы суреттерде жиі кездесетін бейне жабайы бұқа. Ол алғаш рет палеолит пен неолит дәуірлерінде салынған. Дүнинің жаратылысы туралы аңызда әлем күн құдайы Митраға құрбандыққа шалынған тұңғыш бұқаның мүшелерін жаратылған делінген.(Ирандықтардың қасиетті кітабы “Авеста” Заратуштра пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету уағыздары жинақтылған кітап.Андроновтықтар осы аңыз негізінде бұқаға табынған.Бұқаның бейнесі молшылық, құдіреттілік пен күшті білдіреді.      Тасқа қашау өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің (петроглифтердің) бірі қос өркешті бактриан түесінің бейнесі. Ол ирандықтарға күн күркіреу құдайы Веретрагна,үнділіктерде Индра бейнесі болып есептеледі.Екі аяқты арбаны бейнелеу кең тараған Қаратаудан 49 соғыс арбасының суреті табылды.Соқамен жер жыртуды бейнелеген көріністер.Андроновтықтар үшін алғаш жерге соқа салу күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңаруы дәстүрі. Андроновтықтарда алғашқы соқа салу құрметі патшаға берілген(Ирандықтардың қасиетті кітабы “Авеста”).Қола дәуіріндегі тайпалардың сәндік бұйымдарының ішінде жиі кездесетіні сақина тәріздес дөңгелек сырғалар. Сәндік бұйымдары жасау өнерінің даму дәрежесі жоғары болғандығының көрінісі: 1.Айбас сағасындағы (Орталық Қазақстан) Алакөл қабірінен табылған алтын білезік. 2.Мыңшұңқыр (Жетісу) қабірінен табылған екі сырға (Б.з.б II мың жыл) Қола мәдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі және Кіші Азия мәдениетімен экономикалық қатынастың нәтижесі болды.

8. сақтардын саяси әлеуметтік құрлысы, шаруашылығы

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп қонып жүрді.Сақтардың мал шаруашылығын негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ім-шсе сүті сусын қымыз.Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Иппократ скифтер- дің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды… бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін». Оңтүстік Қазақстан жеріндегі (Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы) сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде (Сырдария) суармалы егін шаруашылығы дамыған.Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.

Информация о работе Шпаргалка по "Истории"