Тарих

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 14:04, доклад

Описание работы

Жаңа экономикалық саясаттың жүзеге асырылу нәтижесінде ауыл шаруашылығында елеулі өзгерістер болды,малы жоқ шаруалар саны күрт азайды,орташалар қатары өсті.
Республика саласының басты саласы – мал шаруашалығы шапшаң дамыды.1926жылы мал саны 1913жылғы 29,9млн. деңгейінен асып түсті.Жаппай ұжымдастыру қарсаңында 1929жылы малдың жалпы саны 40,5млн.басқа жеткен еді.

Файлы: 1 файл

тарих реферат.docx

— 28.44 Кб (Скачать файл)

Жаңа экономикалық  саясаттың жүзеге асырылу нәтижесінде ауыл шаруашылығында елеулі өзгерістер болды,малы жоқ шаруалар саны күрт азайды,орташалар қатары өсті.

Республика  саласының басты саласы – мал  шаруашалығы шапшаң дамыды.1926жылы мал  саны 1913жылғы 29,9млн.  деңгейінен асып түсті.Жаппай ұжымдастыру қарсаңында 1929жылы малдың жалпы саны 40,5млн.басқа  жеткен еді.

Халық шаруашылығының осы бір ауқымды да өмірлік  мәні бар зор саласы – ауыл шаруашылығы  қарқынмен өркендеген өнеркәсіп  пен саудадағы социолистік сектордан  тым артта қалып қойды.20-жылдардың  екінші жартысында жүргізілген –  кедейлерді жерге орналастыру арқылы оларды байлар мен кулактардың езгісінен  құтқару көзделген науқан,шабындық пен егістік жерлерді қайтадан бөлу,ауыл мен деревняның барлық еңбекшілерінің шаруашылығын көтеру жөніндегі шаралар әлі де болса өз нәтижесін бере қойған жоқ еді.

Басшы қызметкерлердің,атап айтқанда,Өлкелік партия комитетінің  бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың табиғаты мен мәнін  бақылаудағы теріс көзқарасы  жағдайды одан әрі ушықтыра түсті.Голощекин  Қазақстанға келісімен қазақ  ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың  бірқатар ерекшеліктерін дұрыс бағаламады,республика партия және кеңес органдарының 1925жылға  дейінгі атқарған оңды жұмыстарының барлығын жоққа шығарды.Мысалы,республикада кооперативтік құрылыс жөнінде  үлкен жұмыс жүргізілген,1925жылдың басына дейін қазақ және қоныс  аударған орыс шаруалары шаруашылықтарының 27,1проценті кооперацияның түрлі  нысандарымен қамтылған болатын.Бұлардан басқа осы кезде 1074тұтыну кооперативі бар еді.Олардың 312-сі көшпелі ауылдарда орналасқан.

Голощекин өзін алысты болжайтын көреген әрі  іскер ұйымдастырушы ретінде көрсетпек болды,ал Сталин істің мән-жайына көзін жеткізбей,жергілікті кадрлардың пікіріне құлақ аспады.Голощекиннің Қазан революциясы қазақ аулындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарға тиіспей «ауылдың жанынан құйындай өте шыққан»деген сандырағын қабылдай салды.Ауылды кеңестендіру,егістік пен шабындықты қайта бөлуді және басқа да шараларды ол өлкедегі революциялық қайта құрудың тек бастамасы  ғана деп санады.

Сөйтіп,елдің  коммунистік көшбастаушылары қазақ  қоғамының дәстүрлі құрылымын эволюциялық  жолмен емес,күштеп күштеп құратын  саясат жүргізуге кірісті.Голощекиннің қатысуымен 1927жылғы қарашада өткен бесінші  жалпықазақстандықпартия конференциясында көшпелі мал өсірушілердіжаппай жерге орналасатыру жөнінде қарар қабылданды.Малшы көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру  үшін қолданылған ұрда-жоқ саясаты елдің шырқын бұзды.Тек қана бірнеше (Қызылорда,Семей,Ақтөбе,Сырдария,Шалқар және басқа)округтер мен аудандарда жарты милионнан астам көшпелі қазақтар (3миллионнан астам адам)күштеп отырықшылықтандырды.Бірақ оларға мал жайылымы,су көздері жетіспеді,қора-жай салуға мұршасы келмеді,оның үстіне отырықшы өмір салты ұнамады.Оларлдың кейбіреулері наразылығын білдіре бастады,бір қатары ескі қоныстарына қайталан көшті,сөйтіп жүріп малдарын шығынға ұшыратты.

1928жылғы 27тамызда  Голощекиннің қысымымен Қазақ  АКСР ОАК И ХКК «Байлардың  шаруашылықтарын тәркілеу туралы»декрет  қабылдады.Тәркіленуге жататын ірі  феодал-байлар қатарына көшпелі  аудандарға  400-ден астам малы  бар,жартыла көшпелі аудандарда 300-ден астам,ал қалған аудандарда  малы 150-ден асатын да ілікті.Солармен  бірге бұрынғы сұлтандар ,болыстар  т.б малы тәркіленіп,жер аударылуға  тиіс болды.696-дан аса ірі феодал-бай  жер аударылды,олардың 145мың малы  тартынып алынды.Тәркіленге мал-мүлік  былай таратылды:80мыңы кедей мен  батырақтарға,30мыңға жуығы ұжымшарларға берілді.Байлардың мал-мүлкі жалпы алғанда,817ұжымшар мен 24191жеке шаруашылықтың қарауына өтті.Малдың 90процентке жуығын мүлде малы жоқ және шаруашылығында 4-ке дейін ғана малы бар барлар алды.Мал мен құрал-сайманға ие болған орташалар тобы қатарына көтерілді.

(Қазақстан  тарихы,Көкіш Рысбайұлы 188-190бет)

Жақында ғана «республикаға тағайындалған»,алтыншы  Бүкілқазақ партия конференциясында (1926жылы)сөз  сөйлеген БК(б)П  Қазөлком хатшысы  Ф.И.Голощекин шешенсіп: «Шабындық  жерді қайта бөліс дегеніміз  не?Кіші Қазан төңкерісі  деген  осы!»деп ақыл айтты.

Реформаның  осал жақтары бірден-ақ байқалды.Олар ұйымдық-техникалық жағынан гөрі,мәндік қырлары жағынан көбірек көрінді.Айтылғандарға  қарағанда,реформаны жүргізу барысында,шаруашылық құрылымдары жұмыс істеп тұрған жағдайда, жерді қарапайым қайта бөлудің осы желі бойынша қанат жайған қайшылықтарды әзірге өздігінен жоя алмағаны ескрілмеді.Жерді кәдеге жарату мүмкіндігінсіз алу ,оның ішінде жікке бөліну процесстерін жұмсарту бағытында да онша пайда түсірмеді.

Голощекиннің  де ойлағанындай болып шықпады,реформаның нақты барысында болжамның ақиқаттан  бұлай мықтап алшақтап кететіні күтпеген жағдай еді. «Біз тап баса алмадық..,-деді ол,- әрқайсысында 10мыңнан аса мал  бар Шормановты,Ақбаевты алалық.Біз  олардан жерді тартып алдық,мен  енді олар бұдан әрі не істейді  деп ойладым. Олар босқа қарап отырмайды ғой.Бұл арада басқа бір нәрсе бар жолдастар.Біздің олардан жерді тартып алғанымыз жақсы болды,бірақ біз бәрін бірдей байқай алмаппыз,байдың құтылып кететін тағы бір долы бар болып шықты,жолдастар,міне,осы жолды табалық та оны одан тартып алалық».

(Қазақстан  тарихы 4ші том,Қ.С.Алдажұманов,Ж.Б.Әбілғожин  Алматы «Атамұра»2010;213бет,217бет )

Ф.Голощекин  алғаш «Кіші Қазан»төңкерісін бір ғана әлеуметтік-саяси науқанмен ,яғни шабындық жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлумен аяқтай аламын деген  пікірде болды.Большевиктер жерге орналастыру жөніндегі бұл шара ,әсіресе ауылдағы байға өте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық пайдалануды жояды деп есептеді.

Алайда Ф.Голощекин  бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты жүргізген  бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасыз ете алмады.Оның,себебі,бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате тұжырымдарға негізделген еді.Біріншіден,қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық және жайылымдық жерлерді жәй бөліске салу еш нәтиже бермеді.Екіншіден,шабындық  және жайылымдық жерді бөлудің өзі дәстүрлі егін шаруашылығы жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды,яғни шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты жүргізілді.Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында,керісінше ,жерді малдың санына қарай  иемденді, яғни көшпелілер үшін жайылымға сұраныс мал басының санына және оның құрамына байланысты болды.Үшіншіден,жартылай көшпелі аудандардағы жер бөлінісі нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді.Себебі,ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес,тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезде ауылшаруашылық құрал саймандарына ,егетін тұқым және т.б заттарға өте зәру болды.

(Қазақстан  тарихы,Алматы -2011:Қ.С.Қаражан 243-244бет)

1928жылы 5тамызда  Қазақстандағы ұжымдастыру бағытын  жүргізу өзекті болғандықтан,науқанды  ұйымдастыру және басқару комиссиясы  құрылады.РКФСР-дің басқа аудандарына  қарағанда ,Қазақстандағы ұжымдастыру  саясатының негізгі ерекшеліктері болды.Біріншіден, республикада ұжымдастыру саясаты жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығына ауыр соққы болған «отырықшыландыру»саясатымен қатар жүргізілді.

Екіншіден,Ф.Голощекин  «Кіші Қазан»бағытын жүргізуді  және оған сәйкес ауылдағы таптық қарама-қайшылықты ушықтыруды қажет деп санады.1929жылы БК(б)П сәуір пленумында ұжымдастыру  бағытын жүргізудегі шұғыл өзгерістерде ,науқанды жүргізудің барлық қиындықтары  шаруаларға бағытталды.Осы бағытты  жүргізуге кедергі келтіретін белсенді қарсыластар ретінде «бай-кулак»элементтері  мен бұрын таратылып кеткен «Алаш»және эсер партияларының өкілдері жарияланды.

(«Қазақстандағы  ашаршалық халық қасіреті және  тарих тағылымы»халықаралық ғылыми  конференциясы материалдарының  жинағы 42бет)

 

Қоғамның  прогрессивті дамуына алғышарттар  жасаған жаңа экономикалық саясат жасанды  түрде тежеліп,оның орнына ұзақ та азапты  жылдарға созылған большевиктердің  күштеу саясаты орнықты 1927 жылдан бастап ұжымдастыру басталды.

Қазақстанда ұжымдастыру саясатын жүргізу барысында  ірі қателіктердің жіберілуі 1931-1933жж.Қазақстан  қасіретіне әкеліп соқты.Бұл қандай қателіктер?

1)Мал шарушылығының  экстенсивті дамып отырғанын,материалдық-техникалық  базаның қарапайымдылығын,бұрын  шарулар кооперациясы дәстүрі   болмағанын,дала халқының көшпелі  және жартылай көшпелі тұрмыс  салтын ескере отырып,партияның  Орталық  Комитеті Қазақстанда  коллективтендіру науқанын негізінен  алғанда1932жылдың көктеміне қарай  аяқтауды белгіледі.Партия құжатында  айтылған тұжырымның дұрыстығы  күмән тудырмаса керек,алайда  оның орындалу барысы түбірінен  бұрмаланды.Қазақстанда колхоздастыру қозғалысы  жедел қарқынмен жүргізіліп тым қысқа мерзімде күштеп отырықшыландыру жүзеге асырылды.

2)Өлкеде ұжымдастыруды  жүргізуде еріктілік принципі  бұзылды.Сайлау құқығынан айыру,тұрған  ауданынан жер аудару мен қорқыту  немесе тәрбиелеу мақсатында  алдын-ала қамауға алу сияқты  күштеу тәсілдері әдеттегі және  кең тараған шараларға айналды.1929жылдың  өзінде ғана республикада 56498 шаруа  жауапкершілікке тартылып,олардың  34мыңнан астамы сотталды.

3)Ұжымдастыру  кезінде ең бастысы өлкенің,ұлттың  өзіндік ерекшелігі ескерілмеді,онымен  санаспады. 1925жылы Қазақстан партия  өлкелік  комитетінің 1-хатшысы  болып келген,өлкенің жер жағдайын  білмейтін Ф.И.Голощекин  үшін  көшпендінің 30-40ұсақ малының,4-5 ірі  қарасының болуы шектен тыс  байлық болып есептелді.Оның пайымдауынша,Ұлы Қазан социолистік революциясы шаралары өлкеде дәйекті түрде жүзеге асырылмаған «дала тұнған ұсақ буржуазия»,ендеше Кіші Қазан революциясын жүргізу қажет деп табылды.Оның «Кіші Қазан»идеясы  тікелей ұжымдастыру кезінде ту етіп көтеріліп,адам айтқысыз ауыр зардаптарға ұшыратты.Атам заманнан бергі көшпенді тұрмыс-салтына негізделген қазақтың бар байлығы малы еді.Басқа  қозғалмайтын  мүлкі жоқ,күн көрістің көзі болып табылатын малы-байлық деп есептеліп,қате тұжырымға негіз болды.Ең қасіреттісі – мал басы толықтай шығынға ұшырады,1929жылы Қазақстанда 40,5млн.мал басы болса,1933жылғы 1 қаңтарда небәрі 4,5млн. ғана мал қалған еді.

4)Қазақ АКСР  ОАК мен ХКК-нің «Байлардың  шаруашылықтарын тәркілеу туралы»1928жылдың 27тамызындағы Декретін орындау  барысында жіберілген қателік  аса ауыр зардаптарға соқтырды.Жергілікті  органдарға берілген жарлықтарда  жойылатын кулактар шаруашылығының  үлесі жалпы шаруашылықардың  санына шаққанда 3-5пайыздан аспауға  тиіс екендігі көрсетілген болатын.Әміршіл-әкімшіл  жүйенің салдарынан жойылатын  кулактар саны барлық жерде  әрдайым ең жоғары көрсеткіш  шегіне дейін жеткізіледі,сөйтіп  қанаушы элементтермен бірге  ауқаттылардың,орташалардың шаруашылықтары  тәркіленді.Толық емес деректер  бойынша ,1931ж. 5500жанұя тұтқынға  алынып,жер аударылған.

5)Халықтың сауатсыздығы белгілі бір дәрежеде келеңсіз рөл атқарды,яғни мал-жанның ортақтығы туралы қауесет әңгімелер халықтың арасында дүрбелең туғызып,шет жерлерге үдере көшуге ,малдарын саналы түрде жоюға әкеліп соқтырды.Санақ жүргізілген 1926жылдың дерегі бойынша Кеңес Одағындағы татарлардың сауатттылығы 67 пайыз,орыстардың 57пайызы,украиндардың 50пайызы,қазақтардың 10пайызы болған деп айтылады.Қазақтардың араб графикасын,ал 1928жылдың 20желтоқсанындағы  Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысы бойынша латын алфавитін пайдалануы  Қазақ КО Жоғарғы Кеңесінің 1940жылдың 10қарашасындағы заңына сәйкес қазақ тілінің орыс графикасына негізделген  жаңа алфавитке көшірілуі халықтың рухани дамуына өзіндік  кері ықпал еткені  сөзсіз. Оның бер жағында,10пайыздық сауаттылық еуропаша білім алғандардың үлес салмағымен өлшеніп отырса керек.Жалпы бүкіл елде,соның ішінде Қазақстанда , сауаттылық  үшін науқан мәселесі бірнеше бесжылдықтарға созылғаны белгілі.

6)Қазақстан  коллективтендіру үрдісінде төтенше  сипат беруде және оның  трагедиялық  жағдайда әкеліп соғуына сол  кездегі өлке басшыларының  жіберген   қателіктері болды.

Қазақ халқының ұлттық трагедиясына  жол берген мемелекет басшылары қатарынан төмендегі азаматтар табылды

 

 

(Қазақстан тарихы Төлентаева К.Ә25-28бет )

Егін науқаны  мен нан дайындауды ұйымдастырудың барлық келеңсіз тұстары бойынша  И.Сталиннің өзі БК(б)П өлкелік  хатшыларына шифрограмма жіберді.1932жылы ақпанда И.Сталин Қазақ өлкекомының  Біріншіхатшысы Ф.И.Голощекинге былай  жазды: «Сіздің өлкеңіз тұқым  жинаудан көштің соңында қалды.Барлық жерде адамдар әрекет етуде, тұқымды  табысты жинап жатыр,ал Сізде  қандай да бір дәрменсіздік.ОК тұқым жинау бойынша жедел шаралар қабылдауды,өзгеріс ұйымдастыру мен қабылданған  шаралар туралы хабарлауды талап етеді».

Ф.И.Голощекин  И.В.Сталинмен тартысуға тырысты,1932жылдың мамырында ол жазады: «26мамырдағы  ОК-тің 1млн. пұт нан дайындау шешімін  ауыл мен селодағы азық-түлік тапшылығы  жағдайында орындау мүмкін емес.6мың  т. диірмен  алымын дайындау үшін күресуге болады деп есептеймін».Алайда,Сталин Қазақстан үшін белгіленген 1млн. пұт  астық өндіруді қалайды.Мұндай жағдай басқа  да астықты аудандарда қалыптасты.

    Астық дайындау науқаны барысында олардың ерекше сипаты байқалды:колхоздар жеке шаруаға қарағанда нанды әлдеқайда жақсы берді.Мемлекет жеке шаруалардың кемшіліктерінен колхоздардың «қосымша алынған жоспарымен»жабуды үйренді –бұл «дұрыс» саясаттың нәтижесі малдың жаппай қырылуы мен жем-шөптің тапшылығы,сондай-ақ шаруаларда егіндік тұқымның болмауы еді.Ақырында науқанға 1931-1932жж.КСРО-ның астықты аудандарынан мемлекеттің қажеті үшін барлығы алынды.Салық борышкерлерінде барлық мүлік,оның ішінде азық-түлік қоры да жазылды.

Информация о работе Тарих