Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 18:53, реферат
Зерттеушілердің есебінше, Қазақстанда 20 миллионнан астам жер-су атаулары бар. Олардың жартысынан көбі тарихи атауын жоғалтқан. Ономастика саласы мамандарының айтуынша, бүгінде сол жерлердің байырғы тарихи атауларын қайтарып, бір жүйеге келтірудің өзі қиынға соғып отыр. Қазақстанның 40-қа жуық ғалымдары мен тіл мәселесімен айналысатын құрылымдардың басшылары, мемлекеттік ономастика комиссиясының мүшелері осы мәселені ғылыми тұрғыдан жүйелеу, қалпына келтіру жағын қолға алмақ.
Ономастиканың құрамдас бөлігі болып саналатын көше атауларын ретке келтіру де басқарманың назарынан тыс қалған емес. Елбасының тікелей бақылауындағы «электронды үкімет» ақпараттық бағдарламасын енгізіп, толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екені сөзсіз.Осы бағыттағы біздің сала бойынша басты міндеттердің бірі – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін ұйымдастыру. Үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы ғана 308 көше қазіргі заман талабына сай қайта аталды.Басты назардағы мәселенің бірі – көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың ахуалын қадағалау мен реттеу.Көрнекі ақпаратты, барлық жарнамалық өнімдерді тіл заңдылығына сәйкестендіру мақсатындағы жұмыс тиісті нәтижесін беруде. Облыс орталығының көрнекі ақпараттарындағы заңның орындалу барысына тоқсан сайын зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Былтыр 127 сауда орыны мен кәсіпорынның маңдайшалары мен жарнамаларының мәтіндері тексеріліп, орын алған заңбұзушылықтар негізінде сауда орындары мен мекемелердің басшыларына ескерту жасалды. Осының нәтижесінде Көкшетау қаласында 56 жарнама алынып тасталып, 71 жарнама мәтіні қайта жазылды.Тіл басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, қараша айында «Қала келбеті – 2010» бақылау рейдін ұйымдастырдық, оған БАҚ өкілдері және «Нұр Отан» ХДП «Жастар қанаты» тартылды. Қорытындысында 200-ден аса маңдайша жазбалары мен жарнамаға түзету амалдарын жүргіздік.Бұл шара жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мысалы, 2009 жылғы тексеріс барысында 158 сауда орны мен кәсіпорын басшыларына жазбаша ескерту жасалып, бір ай ішінде орын алған заңбұзушылықтар қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының прокуратурасы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің 50 басшысының атына прокурорлық ықпал ету шарасын жасап, оларға заңды түсіндіру кесімі қолданылды.Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының жарнамаларға қатысты атқарған көлемді жұмыстары мен бұл мәселені жіті бақылауда ұстауының нәтижесінде облыс аумағындағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттардың сапасы мен сауаттылығы жылдан-жылға жақсарып келеді. Әлі де атқарылар жұмыс, алынар асу жетерлік.
Жұмыстың мақсаты
ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ АЙНАЛЫСАТЫН БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ
1. Қазақ ономастикасының іргелі
теориялық және қолданбалы
2. Республикадағы ономастикалық жұмыстарды
реттестіруге бағытталған іс-шаралар
әзірлемелерін жасау (ономастикалық тұжырымдама,
жер-су аттары мен кісі аттарының жазылуға
қатысты емле-ережелерін және т.б. нормативтік-заңнамалық
құжаттар жобасын әзірлеу).
3. Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар
мен мекемелердің ономастикалық проблемаларға
қатысты талап-тілектеріне және жеке азаматтардың
аты-жөндерін құжаттауға қатысты өтініш
талаптарына қатысты лингвистикалық құжаттар,
анықтамалар әзірлеу.
Негізгі зерттеу нысандары:
- қазақ ономастикасының ғылыми-теориялық
негіздері;
- қазақ антропонимиясы;
- қазақ топонимиясы;
- қазақ этнонимдік жүйесі;
- қазақ ономастикасының түрлі секторлары
(космонимдер, зоонимдер, прагматонимдер,
урбанонимдер және т.б.);
- мәтін ономастикасы;
- ономатография мәселелері (салалық ономастикалық
сөздіктер, энциклопедиялар, анықтағыштар
жасау)
- қазақ онимдерінің стандарттау, унификациялау
мәселелері.
ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
1971 жылы Қазақ ССР Ғылым
Қазақ ономастикасының осы кезеңдегі
ұлкен жетістігі – ол қолданбалы ономастика,
топонимиканы стандарттау, транскрипциялау
мәселесі біршама ғылыми шешімін тапқандығы.
Қазақ ономастикасын ұлттық тіл білімінің
жеке бір саласы ретінде зерттеудің ғылыми-ұйымдастыру
мәселелері оң шешімін тауып, 1979 жылы жабылып
қалған ономастика бөлімі 1981 жылы Тіл
білімі институтының құрамында қайта
ашылды, меңгерушісі болып профессор Т.Жанұзақов
бекітілді. Содан бері бөлімде ономастиканың
түрлі саласы бойынша Т.Жанұзақовтың бастамасымен
300 мыңнан астам бай картотекалық қор жасалды,
Республикаға ономаст-ғалымдарды дайындауда
да бөлімде көп ізгілікті іс атқарылды.
Осы кезге дейін ономастикалық зерттеулер
толқын тәріздес сипатта келіп, ономастикалық
ізденістер жүйелі, жоспарлы қалыпқа ие
бола бастады. Оған қоса қазақ ономастикасының
негізгі бөлімдерін қамти зерттеген кешенді
сипаттағы тұңғыш еңбек Т.Жанұзақовтың
«Очерк казахской ономастики» атты монографиясы
(1982) ономастикамыздың қалыптасу тарихына
өзіндік үлес қосты.
1981-1994 жылдар аралығында ономастика бөлімінде
кіші ғылыми қызметкерлер Е.Керімбаев,
Д.Жүнісов, Ә.Сапарбекова, А.Мұқатаева,
Қ.Рысберген, Г.Мадиева, Р.Баймағамбетова,
Г.Сағидолдагийн, А.Мектепов, Ш.Рахметов,
Н.Оңғарбай және т.б. жұмыс жасап, ұлттық
ономастиканың деректік қорын әр түрлі
көздерден жинақтап, толықтыруға атсалысты..
Бөлімнің жоспарлы жұмыстарына сай Е.Керімбаевтың
«Атаулар сыры» (1984), «Тюркская ономастика»
(1984), Е.Қойшыбаев. Қазақстанның жер-су
аттары сөздігі» (1985), «Қазақ ономастикасының
мәселелері» (1986), Т.Жанұзақовтың «Қазақ
есімдері» (1988), «Есіміңіз кім?» (1989) атты
кітаптары жарыққа шықты.
1981-1985 жылдары Т.Жанұзақовтың басшылығымен
бөлім мамандары Жезқазған, Қарағанды,
Көкшетау, Павлодар, Торғай, Целиноград
облыстарына арнайы ұйымдастырылған кешенді
экспедицияларда болып, топонимиялық
аса құнды материалдар жинап қайтты, нәтижесінде
40 мыңға жуық жер-су аттары, аңыз-әңгімелер
жазып алынып, өңделіп, ғылыми айналымға
түсті. Экспедиция материалдары «Орталық
Қазақстанның жер-су аттары» (1989) атты
ұжымдық монография түрінде жарық көрді.
80-ші жылдары қазақ ономастикасының ғылыми
танымалдылығы артып, сол кездегі Одақ
көлемінде қалыптасқан түркітану саласындағы
Мәскеу, Ташкент, Баку сынды беделді ғылыми
орталықтардың біріне айналды. А.Байтұрсынов
атындағы Тіл білімі институты, оның ономастика
бөлімі Республиканың облыс орталықтарындағы
жоғары оқу орындарына көптеген жоғары
білікті мамандар дайындады. Тіл білімі
институтында туыс тұркітілдес аймақтардан
Сібір, Кавказ, Орта Азия республикаларынан
көптеген докторлық, кандидаттық диссертациялар
қорғалды. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан,
Башқұртстан, Татарстан, Әзербайжан, Қарашай-Балқария,
Хакасия т.б. республикалар мен аймақтардың
ғалымдары ономастика бөлімінде талқыланып,
Институт жанындағы диссертациялық кеңесте
докторлық, кандидаттық диссертациялар
қорғады.
2000 жылдарға дейін қазақ ономастикасы
бойынша жасалған ғылыми ізденістер мен
қорғалған диссертацияларда негізінен
аймақтық топонимдік зерттеулер басым
болды, оның басты нәтижелерін қорытып
айтар болсақ, олар төмендегідей:
– Қазақстан территориясындағы топонимдік,
микротопонимдік бірліктер толық дерлік
жинақталып, инвентаризацияланды;
- әр аймақтың топонимдік жүйесінің қалыптасуына
ықпал еткен тарихи, географиялық т.б.
экстралингвистикалық факторлар біршама
толық сипатталды;
- қазақ ономаст-ғалымдары 70-80 жылдары
қолданған топонимдердің тақырыптық топтастыру,
ономастикалық атауларды зерттеу әдісі
толықтырылып, ғылыми тұрғыдан дәйектелді;
- қазақ мифотопонимдері, діни мазмұндағы
онимдік бірліктері кешені қазақ ономастикасының
лексикалық репертуарын байыта түсті;
- қазақ тілінің топонимдік бірліктерін
жасаушы номинациялық тип, атау жасауға
ұйытқы болған уәждер негізінен ортақ,
бірегей екендігі айқындалды;
- қазақ жер-су атауларының сөзжасамдық
үлгілері, оларды жасауға қатысатын форманттар
мен жұрнақ, қосымшалар негізінен ортақ,
ұқсас келеді;
- қазақ топонимдерінің фоно-морфологиялық,
грамматикалық құрылымы мен синтаксистік
жасалу жолдары да негізінен ортақ екендігі
анықталды;
- ұлттық ономастиконның бет-бейнесін
қалыптастыруға қатысатын тарихи, этномәдени
және қоршаған табиғи орта ерекшелігі
ұйытқы болатындығы айқындалды;
- қазақ жер-су атауларын жасауға қатысатын
халқымыздың рухани, мәдени дүниетанымдық
жүйесі мен материалдық тұрмыс-тіршілігіне
байланысты ұғымдар кешенінің ортақ, бірегей
екендігі айқындалды;
- ежелгі қала мәдениеті, отырықшылық дәстүрі,
суармалы шаруашылық ертеден қалыптасқан
оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде
осы кәсіптерге қатысты қалыптасқан жер-су
атаулары мен географиялық апеллятивтер
репертуары, терминдік жүйесінде өзгешеліктер
байқалды.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі
қоғамымызда көптеген саяси, мәдени саладағы
оң өзгерістер әкеліп, ұлттық сананың
жаңғыруына, қазақ ономастикасының ұлттық
мүдде негізінде дамуына зор ықпалын тигізді.
Қайта құру кезеңінен бастап, еліміз тәуелсіздікке
ие болған жылдардан бері Республикада
ономастика саласында нормативтік-құқықтық
тұрғыдан Тіл білімі институты тікелей
мұрындық болып, осы кезеңде ономастика
бөлімі, проф. Т.Жанұзақтың тарапынан көптеген
игі іс-шаралар атқарылды.
Т.Жанұзақов Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумына Мемлекеттік ономастика
комиссиясын құрудың қажеттілігін, оның
мақсаты мен міндетін, мемлекеттік мәні
мен маңызын сипаттап хат жазды. Нәтижесінде
1989 жылы 30 қарашада Жоғарғы Кеңес мәжілісінде
Т.Жанұзақов баяндамасы кеңінен талқыланып,
Қазақстан Үкіметі жанынан Мемлекеттік
ономастика комиссиясын құру, оның жұмысын
Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұрсынов
атындағы Тіл білімі Институты атқару
жайлы шешім қабылданды. Қазақ СССР Жоғарғы
Советінің осы шешіміне сәйкес Қазақ ССР
Министрлер Советі 1990 жылдың 20 сәуірінде
Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру
туралы қаулы қабылдады.
Осы қаулыдан соң академик Ә.Қайдаров,
Т.Жанұзақов жазған «Қазақ КСР-індегі
Мемлекеттік және әкімшілік-территориялық
бірліктердің атауларын реттеудің, елді
мекендердің аттарын өзгерту және тарихи,
географиялық атауларын қалпына келтірудің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» 1991 ж. 20 қыркүйегінде «Социалистік
Қазақстан» және «Казахстанская правда»
газеттерінде жарияланды. Бұл Тұжырымдама
Республикамыздағы тарихи атауларды қалпына
келтіру, жаңарту, жаңғырту және әкімшілік-аумақтық
бірліктердің атауларын реттеу, елді мекендердің
аттарын өзгерту мәселесінде ауылдық,
селолық, аудандық, қалалық, облыстық,
Мемлекеттік ономастикалық комиссия жұмысында
басшылыққа алатын бірден-бір басты нұсқау
ретінде міндетті түрде қолданылып келеді.
1991 жылдан бастап еліміз өз алдына мемлекет
болып, тәуелсіздік алған уақыттан бастап
жұртшылық фамилиялары мен әке аттарының
жазылуындағы қазақ тіліне тән емес –ов, -ев, -ова,
-ева, ович, -евич, -овна, -евна сияқты
қосымшаларды алып тастап, олардың орнына
халқымыздың тарихи қалыптасқан дәстүрлеріне
сәйкес үлгілерімен жазу жайлы өтініш-тілектер
айтты. Олар жайлы «Егемен Қазақстан»,
«Ана тілі», «Жас алаш» газеттері беттерінде
қызу дискуссия орын алғаны белгілі.
Еріксіз таңылған –ов пен –ев-тен, -ин мен –н-нан
құтылу, төл фамилиямызды қалыптастыру,
бір ретке келтіру мақсатында академик
Ә.Қайдаров, проф. Т.Жанұзақовтардың «Қазақстан
республикасындағы қазақ азаматтарының
есімдері мен әке аттары және фамилияларын
реттеу туралы Тұжырымдамасы» Мемлекеттік
ономастикалық комиссияның 1994 қарашада
өткен мәжілісінің шешімімен бекітілді.
Бөлім «Қазақстанның географиялық атаулары»
тақырыбын зерттеу нәтижесінде «Қазақстан
географиялық атауларының сөздігі. Жезқазған
облысы» (1990); «Қазақстанның географиялық
атаулары. Ақмола облысы» (1998); «Қазақстан
Республикасының топонимдері. Топонимия
Республики Казахстан» (2001) сынды ұжымдық
сөздіктер топтамасы мен Қ.Рысбергеннің
«Историко-лингвистическое исследование
топонимов Южного Казахстана» (2000) атты
монографиясы жарық көрді.
Қазақстан егемендік алып, қоғамымызда
ұлттық рухани, мәдени жәдігерліктері
мен құндылықтарды жаңғырту процесінің
өріс алуы еліміздің мыңдаған ұмыт болған
атаулары қайтарылды, жер-су атауларымыз
жаңа ұлттық мазмұнға ие бола бастады.
Сондықтан мыңдаған жаңғырған тарихи
атаулардың этимологиясы беріліп, халыққа
жеткізу қажеттілігіне және Қазақстанның
әр түрлі аймақтарындағы жер-су атауларына
қатысты көптеген тың тарихи деректерді
ғылыми айналымға түсіру қажеттілігіне
байланысты облыстық топонимдік сөздіктер
топтамасын әзірлеу ісі қолға алынды.
2000-2002, 2003-2005 жылдар аралығындағы бөлімнің
іргелі зерттеулері екі бағытта жүргізілді:
қазақ жер-су атауларының тарихи-этимологиялық
негіздер мен семантикалық мазмұнындағы
этномәдени факторлар ғылыми-теориялық
тұрғыдан дәйектелді. Аталмыш кезеңде
бөлім мына тақырыптар бойынша жұмыс істеді:
«Қазақстан топонимдерiнiң этимологиясы.
Топонимдiк сөздiктер жасау» (2000-2002), «Қазақстан
топонимдерін тарихи-этимологиялық тұрғыдан
зерттеу. Облыстық топонимдердің этимологиялық
сөздіктерін жасау» (2003-2005). Нәтижесінде
Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан,
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Шығыс Қазақстан облыстарының топонимдік
сөздіктері жасалды. Бұл аралықтағы зерттеулер
нәтижелері ықшамдалып Институт әзірлеген
«Тілтанымдық зерттеулер» атты екі ғылыми
жинақта (2007) жарияланды. 2003 жылдан бастап
Қ.Рысберген бөлім меңгерушісі болып тағайындалды.
«Қазақ ұлттық топонимиясының когнитивтік
негіздерін зерттеу» (2006-2008) іргелі тақырыбы
мен «Ұлттық идеяның қазақ ономастикалық
жүйесіндегі көрінісі» (2007-2009) атты қолданбалы
сипаттағы зерттеулердің бірқатар нәтижелері
2010 жылы бөлімде қорғалған екі докторлық
диссертацияда көрініс тапты: Қ.Рысберген
«Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік
негіздері», С.Иманбердиева «Тарихи ономастикалық
кеңістік (Х-ХІҮ ғ.ғ. түркі жазба ескерткіштері
негізінде)».
Аталмыш екі ғылыми жобаны зерттеу нәтижесінде
ұлттық когнитивтік база – халықтың санасындағы
топонимдік ақпарат пен білімдерді құрылымдаудың,
сақтау мен таратудың әмбебап бірлігі
ретінде танылатындығы көрсетілді. Топонимдік
ақпараттағы түрлі номинациялық аспектілер
мен менталдық түсініктерді когнитивтік
әдіс-тәсілдер арқылы зерттеу топонимдік
концептіні құрылымдау жолдары айқындалды.
Сондай-ақ, ұлттық топонимдік жүйедегі және тарихи
ономастикондағы прецеденттік феноменонимдердің
орны айқындалды. Онимдердің концептуалдық
талдауындағы фреймдік құрылымның ішкі
иерархиялық ерекшеліктері айқындалып,
топонимдік концептісінің алгоритмдік
матрицасы әзірленді. Жалпы концептілер
мен топонимдік концептілердің іргелі
сипаттары, концепт түрлері мен типологиясы
айқындалды. антропонимдерден, фитонимдерден
жасалған топонимдердің лингвомәдени
сипаты көрсетілді А.Иасауидің «Диуани
хикмет», Ж.Баласағұнның «Құтты білік»,
Хорезмидің «Мұхаббат-наме» поэтикалық
шығармаларындағы прецеденттік есімдердің
мазмұны мен мәтіндегі қызметтері анықталды.
Ұлттық топонимиядағы ұлттық сана көрінісі,
қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында
аса өзекті ұлттық идея, ұлттық бірегейлік
проблемаларымен үндеседі.. Өзге мәдениет
пен тілдің әсерінен төлтума аталым үдерісінің
өзгергендігі көрсетілді. Сондай-ақ қазақ
атаулары орыс тілінде транскрипциялау
барысында екі тілдің фонологиялық, этногенетикалық
жүйесінің айырмашылығына байланысты
қатты бұрмалауға ұшырағандығы мысалдармен
дәйектелді. Орысша транслитерацияланған
қазақ тіліндегі атаулар кері ретранслитерациялану
барысында алғашқы мазмұнымен көбіне
алшақтап кеткендігі көрсетілді, яғни
төлтума топонимиконның айтарлықтай бөлігі
дүбараланған, төлтума болмысынан арылғандығы
анықталды.
«Қазақ этносы жалқы есімдерін этномәдени
және тілдік – тарихи парадигмада зерттеу»
(2009-2011) тақырыбы зерттелу үстінде. Қазақ
жалқы есімдер жүйесінде көрініс тапқан
ұлт менталитетінің қалыптасу жолдары
қарастырылуда және қазақ жалқы есімдерінде
кодталған ұлттық сана мен этнотаным ерекшеліктері
саралануда. Түрлі дискурстық формациядағы
– көркем дискурс, саяси-публицистикалық
дискурс және фольклорлық дискурстағы
ономастиконның ұлттық санадағы қызмет
түрлері қарастырылу үстінде. Зерттеу
шеңберінде алғаш рет қолға алынып отырған
көркем концепт ерекшелігі мен көркем
мәтін ономастикалық кеңістігіне қатысты
хронотоп теориясы мен публицистикалық,
фольклорлық мәтін ономастикасының қызметі,
прагматикалық аспепктілері қарастырылып
отыр.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл
start="3"Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006