Түркеш қағанаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 19:41, курсовая работа

Описание работы

Түркеш қағанаты - ерте орта ғасырда, ежелгі Үйсін мемлекеті жерінде құрылып, ғасырға жуық салтанат құрған әскери - феодалдық мемлекет. Оның негізін қалап, шаңырағын көтерген Батыс Түрік қағанатына қарасты Бес Арыс ел Дулудыш /Дулаттың/ белді тайпасы түркештер болды. Ол шежіре деректерінде «Сары үйсін» деп те аталып - жазылған.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).doc

— 124.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

        Түркеш қағанаты - ерте орта ғасырда, ежелгі Үйсін мемлекеті жерінде құрылып, ғасырға жуық салтанат құрған әскери - феодалдық мемлекет. Оның негізін қалап, шаңырағын көтерген Батыс Түрік қағанатына қарасты Бес Арыс ел Дулудыш /Дулаттың/ белді тайпасы түркештер болды. Ол шежіре деректерінде «Сары үйсін» деп те аталып - жазылған. 
Дулулар (Дулаттар) біздің заманымыздан бұрынғы II ғасырдан бері Іле аңғарында өмір сүргендігі қытай жылнамаларында көп жазылған. Батыс - Түрік қағандығы дәуірінде, түркештер «он оқ будунға» қарасты Бес Дулат құрамында Іле өзені мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі ұлан далада көшіп - қонып жүрген тайпалардың біріне жатады. 
          ҮІІ ғасырдың басында Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін түркештердің көсемі Үшлік бытыраған елінің басын қосып, Тарих сахнасына Түркеш қағанатының шаңырағын көтерді. Түркеш қағандығы құрылысымен тұс-тұстан анталаған жаулармен арпалыса жүріп, тарихта өз өркениетінің ізін қалдырды.

Қытай жылнамаларында, Түркештер құрған мемлекетті «Түркеш қағанаты» /Ту ши шы хан го / ал, ел билеуші патшасы «қаған» / кехан/ түрінде жазылып келді. Орыс және батыс тарихшылары да оны «түркеш қағанаты» немесе «түркеш хандығы» деп жазды.

Түркештер туралы алғашқы сөзді 1903 жылы француз тарихшысы Шаванне «Батыс Түрік жөніндегі материалдар» атты кітабында айтқан болатын. Шаванне бұл еңбегін негізінен қытай жазба деректеріне және батыстық зерттеу еңбектеріне сүйеніп жазды. Ал, В.Бартольд «Орта Азиядағы түрік халықтарының тарихына арналған 12 лекция» және «Жетісу тарихының очерктері» қатарлы еңбектерінде ішінара болса да түркештер туралы қалам тартқандардың бірі болды деуге болады. Егер хронологиялық ретке жүгінсек, Н.Я.Бичуриннің «Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена» деген еңбегінде Түркеш қағандары мен оның үлкен - кіші ордаларының орналасу жағдайлары жөнінде өз ой - топшылауларын айтқаны байқалады.

           Түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".

             Батыс Түркі қағандығы құлағаннан кейін түркештер тез арада күшейіп, тарих сахнасына шығуға талпынды. Түркештердің көсемі өз ұлыстарын  біріктіріп, басқару жүйесін қалыптастырды. Өзіне қарасты елді әрқайсысына 7000-нан тұрғыны бар 20  әкімшілік аймаққа бөлді. Бүкіл ел оң қанат, сол қанат болып екі  үлкен ұлысқа бөлінді. Түркеш қағандығының ұлы астанасы Суяб қаласында, кіші астанасы Іле өзені жағасындағы Күңгіт болды.  Тань патшалығының көне деректеріне қарағанда ол кезде түркештердің қоныстанған жері «Шығыс-солтүстікте Шығыс Түркі қағандығымен қанаттас, Батыс-оңтүстікте Соғдылармен, ал Шығыс-оңтүстікте Шитиң аймағымен шекаралас болды.»

«Түркеш қағанатының  әлеуметтік-саяси жағдайына» келсек, Түркеш қағанатының құрылуы мен даму тарихы пайымдалды. VII ғасырдың соңы мен  VIII ғасырдың басындағы Орта Азиядағы саяси жағдайы аса күрделі болды. Бұл дәуірде түркештердің төрт тарапында аса қуатты әрі агрессиялық араны барынша ашылған Таң империясы, Тобандар және Араб халифаты тұс-тұстан анталап, бәрі де түркештерді бағындырып алуға, тым болмаса өздеріне одақтас күш ретінде пайдалануға ұмтылды.

   Бұл мәселелерге  Түркеш қағанатының қалыптасуы  мен дамуы және баратын жолдарының  белгіленуін кезеңге бөліп қарастырамыз.

   1. 692-706 жылдар аралығы.  Бұл аралықта түркештер өзіне қолайлы геосаяси жағдайды ұтымды пайдаланып тәуелсіз Түркеш мемлекетінің негізін қалады, ішкі-сыртқы жаулардың шапқыншылығы мен бүлдіру әрекетін тойтарып елдігін сақтап қалды.

  2. 706-711 жылдар аралығы. Бұл  кезеңде Түркештер Батыс түрік қағанаты дәуіріндегі

ұлан-байтақ ел мен жерге билігін  орнатты. Ел билеудің дәстүрлі үлкен-кіші қағандық жүйесін қалпына келтірді. Бағынышты ел мен жерді басқарып иелік етуге елтебер мен тұтықтар тағайындап, әскери бөлімдер орналастырды. Сөйтіп, Түркеш қағанаты салтанат құрды.

3. 711-715 жылдар аралығында. Әкелі-балалы Өжелі мен Сақал  негізін қалаған Түркеш қағанаты  Таң патшалығының арандатуына  елігіп, Шығыс Түрік қағанатына  қарсы соғысқа килігіп, тұтас  әскерінен, қағанынан айырылып  елдігін жойды.

4. 715-757 жылдар аралығы. Бұл аралықта Түркеш қағанаты қайта қалпына келіп, өз дамуының шырқау шыңына жетті де Орталық Азиядағы қуатты мемлекетке айналды.

5. 758-766 жылдар аралығы. Бұл жылдарда  Түркеш қағанаты әлсіреп, бұрынғы  күш-қуатынан жойылуға бет алды.

ТҮРКЕШ ҚАҒАНАТЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ

           Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінін әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он жебе» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек «женілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен армия ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жаткан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады.

           Бұл күш Баға-тархан (моге-даған) деген атағы бар Үшлік (Учжилэ) бастаған түргештер болды. Бытыранқылық және Хусэло қағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Хусэло жеңілместен бұрын-ақ Үшлік өз жерлерінде әрқайсысы 7 мың адамнан 20 түтіктік құрды. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айтылғанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Түрфан) жәнеТинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан». Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері (басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне (қара түргештер, бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлықты (Сулу) отырғызды.

           «Ду Хуаньның Батысқа саяхат естеліктерінде» Суяб қаласы туралы айтылған. Суйаб мемлекеті (Сюй-е мемлекеті – Суяб қаласы айтылып отыр. Сюань Цзан бұл қаланың атын Су-е шуйчен Су-е өзені қаласы деп жазған. Автор  өз еңбегінде бұл қала туралы: «Қала аумағы 6-7 ли,  онда әр елден саудагерлер аралас қоныстанған» деген дерек келтіреді. Аньсиден  батыс солтүстікке қарай мың лиден астам жерде Бодалин астам жерде Бодалин тауы (Бодалин тауы -  кезінде шамасы Тянь-Шань тау сілемдері жоталарының бірін ғана білдірсе керек. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл тауларды Чжан Силан мырзаның Беделі тауы  деген пікірін құптауға болады. Бұл пікірді ұсынушылардың бірі француз ғалымы Edouard Chavannes болды) деп аталатын  асқар тау бар, осы таудың түстік жағы Ұлы Тан патшалығының солтүстік жақ шекарасымен шектесіп жатады, ал таудың  терістік жағы Түркеш жерінің түстік жақ шекарасы болып келеді. Оңтүстік жақтағы Цунлин жоталарына дейінгі жол екі мың лиден асады.  Таудың күнгей бетінен бастау алған өзен-дариялар  дерліктей Чжунго (Қытай – Ж.О.)  жерін басып өтіп Шығыс теңізге барып құяды. Тау теріскейінен  бастау алған өзендер мен дариялар Ғулардың жерін басып ағып Солтүстік теңізге барып құяды (Солтүстік теңіз (қытайша Бэйхай).Қытайдың көне ресми тарихи жазба деректемелерінде Бэйхай деп көбінесе Байқал  немесе Балқаш меңзеледі,  ал бұл жерде Бэйхай деп Арал теңізін атап отыр.). Бұл жерден солтүстік жаққа қарай тағы бірнеше күн жүргеннен кейін жол Қарлы теңізді басып өтеді (Мұндай қарлы теңіздің қай жерде болғаны белгісіз). Бұл  теңіз асқар таулардың  арсында, ол жерде көктем,  жаз айларында дәйім қар  жауып тұратындықтан «Қарлы теңіз» деп  аталып кеткен деседі.  Жалғыз аяқ,  тар соқпақ  жолдың  сол маңнаң өтетін  тұстарында  су орып кеткен терең әңгектер көп кездеседі, оқыста әңгектерге құлап кетер болсаң,  сүйегің де табылмайды.  Бодалин тауынан терістікке қарай мың лиден аса жерде  Суй-е чуань өзені бар (Бұл туралы  толық мәлімет  қалдырғандардың бірі  Сюань Цзан бұл өзеннің атын Су-е өзені деп жазады. «Синьтаншуда» өзеннің атын Си-е деп жазған. Жалпы осы атаулардың бәру Суйаб сөзінің баламасы бола алады.  Ерте кездегі  Суйабтың, яғни қазіргі Шудың «Чуй» деп аталғаны анық.), өзеннің жоғары жағында «Ыстық теңіз»  атты көл бар. Ол жерде ауа райы ең суық кезде де көл суының қатпайтын қасиетіне қарай отырып, көлді «Ыстық теңіз»  деп атап кеткен көрінеді. Одан әрі қарай жүргенде Суй-е қаласына  жетуге болады.  Таньбаоның жетінші жылы (748 жылы) Бешбалық цзедушсы (губернаторы) Ван Жэнцзян қалаға сұрапыл шабуыл жасайды. Осы жолғы алапат соғыста қала қорғаны мен қала құрылысы түгелге жуық қиратылып, қаладағы тұрғын үйлердің қатары сиреп қалады. Осыншама ғимараттың ішінде тек кезінде Цзяохэ Құнчұйға (Зерттеушілер Алтын өзен ханшайымы деп  атаған дұрыс деген пікірді ұсынады. Бір кездері Тан династиясы бұрынғы  көк түріктердің хан тұқымынан тараған Ашына Хуайдаоға берген мансаптары мен марапат атақтарының алдына  ылғи да  алтын дегенді білдіретін «Цзинь» иероглифін  жазуды дағдыға айналдырғаны шындық еді. Сөйтіп, олар Ашына Хуайдаоның қонысы  болған Суйаб өзенін Цзиньхэ (алтын өзен) деп атаса, оның қызын Цзиньхэ гунчжу, яғни алтын өзен ханшайымы деп атаған еді. 704-737  жж. Аралығында Батыс Түрік қағанатының билік басында болған Он Оқбұдұн ханы Ашина Хуайдаоның бұл қызы туралы «Танхуэйяоның» қалдырған мәліметтері бойынша: «Цзяохэ (Құнчүй) – Он Оқ қағаны Ашина Хуайдаоның туған қызы.)  арнап тұрғызылған Даюань храмы ғана аман-сау қалады. Бұл өңірде будда храмдарының  болғанын  соңғы кездері осы маңда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының табыстары да дәлелдеп берді. Байпақовтың айтуынша, Ақбешім мен Суябта зерттелген будда ғибадатханалары VII ғасырдың соңы мен VIII ғасырдың басында салынған. Бұл өзеннің батыс жағы Шаш мемлекетінің жерімен тұтасады. Өзеннің жалпы ұзындығы мың ли қашықтыққа дейін созылып жатады. Өзен бойын жағалай бөгде ұлыстар мен түріктердің өзге тайпалары қоныстанған. Олардың өз алдарына неше түменнен қолдары болады, өзеннің екі жағалауында қалалар мен кенттер жиі кездесіп отырады. Осынау ұлыстар мен тайпалардың арасында әр түрлі қақтығыстар да жиі-жиі қайталанып тұрады.  Сондықтан жайшылықта жер өңдеуші диқандар қауымының өзі қару-жарақ асынып жүреді. Өздері қарақшылық пен ұрлық-зорлыққа бейімдеу келеді. Қарулы қақтығыстарда қолды болған тұтқындарды өздеріне  құл-күң ретінде пайдалана береді. Аталмыш өзеннің батыс жақ бөлігінде Талас (Тараз) атты қала бар. Ол қала Шаш еліндегі  үлкен қалалардың бірі саналады. Таньбао жылдарында Гао  Сяньчжидің Соғыста жеңілген жері осы жер еді.  Бұл жерден күнбатыс жақтағы Батыс теңізге дейін созылып жатқан  аймақтарда  наурыз айынан қыркүйекке дейінгі мезгілде жауын-шашын тым аз болып, жаз бойына ауа құрғақ болатындықтан,  егістік жерлер түгелімен қар суымен суарылады. Онда арпа, бидай, күріш, көк бұршақ, соя бұршақ сияқты дақылдардың түр-түрі егіледі.  Олар жүзім шарабы,  күріш шарабы, айран, қымыз сияқты сусындарды әзірлейді.

           Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің болғанын көрсетеді. «Жаңа Тань тарихында» былай делінген: «Шығындар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады». Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). . Ол Жетісудан Бөрішадты куып шығып, Ташкенттен бастап, Түрфан мен Бесбалыққа дейінгі кеңбайтақ аймақта өз билігін орнатады. Қағанат ордасы Суяб қаласында орналасты. Үш-Елік елді әрқайсысы 7 мың әскер шығара алатын 20 түтіктікке бөлді. 8 ғасыр бас кезінде арабтардың Орталық Азияға жорықтары басталады. Оларға Түркеш қағанаты табанды карсылық көрсетгі. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 710-712 жылы Бухара мен Самарқандты, 714 жылы Шаш (Ташкент) пен Фарабты жаулап алды.

        Орталық Азиядағы арабтар шапқыншылығына Түркештердің Сақал (706—711) мен Сұлу (Сулық) сынды (715—738) қағандары күрес жүргізді. Сақал қаған түсында мемлекеттің сыртқы жағдайы аса қиын еді: оған батыста соғдылармен бірге арабтарға, оңтүстікте Тан әулетімен, ал шығыста Шығыс түрік қағанаты қауіп төндіріп тұрды.

          Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды.

          705 жылы арабтар шауып кету тактикасынан бас тартып, Амударияның шығыс жағындағы Мәуереннахр облыстарын басып алуға кірісті. Хорасанның уәлиі-орынбасары Кутейба ибн Муслим Балхты жаулап алып, 706 жылы Бұхараға таяу жердегі Пайкентке қарай беттеді. Түркештер дереу соғдыларға көмекке келді. Түркештер мен соғдылардың бірлескен қолы араб әскеріне  ойсырата соққы берді. Кутейба ибн Муслим әккілік  жолымен одақтастарды алдап, оларды бір-біріне айдап салып, өзі қоршаудан құтылып кетеді.

           Үш-Еліктен кейін оның ізбасары – Согәнің ( Түркеш қағаны жазбаларында – Шоге,  ал қытай деректерінде – Согә)  кезінде оған қарсы жергілікті ру аристократтары көтеріліс жасап, қарсылық білдіре бастайды. Осыған қарамастан, Согә күресті түркі аристократтарына емес, қытайлықтарға қарсы бастайды.

           708 жылғы Күшеге (қала аты) қарсы даярланған жорықты бір кезде Үш-Елік іске асыруды ойлаған еді. Оның мақсаты – Тань империясын Жетісуға шабуыл жасаудан мүлде үміт үздіріп, қытайлық басшыларын бағындырып алу еді. Ашық даладағы ұрыс барысында қытайлар бас көтере алмастай талқандалып, Аньси басшысы (Күше басшысы) Ню Шицзян қаза тапты. Онымен бірге көптеген әскери қолбасшылары опат болды. Күше гарнизонының қалдықтары өз қорғаныстарында жан таласады. Сөйтіп түркештердің оңтүстік жағында біраз уақыт тыныштық орнады.

          Орхон жазуымен (716-жылы) жазылған «Тұниуқұқ мәңгі тасындағы»  сөздерге қарағанда:  осы  кезде Тан патшалығы түркеш  қағандығының қол астындағы он оқ халқымен бірлесіп шығыс түрік қағандығына қарсы жорыққа аттануға дайындалған. Бұл хабарды түркеш жақтан бір адам барып түріктерге мәлімдеп қойыпты, бұл ескерткіште: «Түркеш қағанына хабаршы келді, сөзі мынадай: шығыстан қағанға (шығыс қағандығына) әскер аттандырмақ болды... түркеш қағаны жиналды, он оқ халқы қалмай жиналды, табғач (Тан патшасының) әскері бар еді. Үш хабаршы кісі келді, сөзі бір: қаған әскері аттанды, он оқ әскері қалмай аттанды, Парсы жазығында бірігеміз десті деді.», деп жазылған. Тан патшалығының жылнамаларында бұл жөнінде нақтылы дерек кездеспейді, бірақ түркеш қағаны Сағаның інісі Жену өз үлесіне тиген жерді азсынып, ағасы Сағамен қарсыласып, шығыс түрік қағандығына  қашып барғаны айтылады. Ал Согә (Саға)  қытайларды жақтап, інісіне қарсы соғысу үшін олардан көмек сұрады.  Қытай деректері бойынша Шығыс Түркі қағаны Мочжо (Қапаған) Согә (Саға) мен Чжэнді (Жену) қатарынан   тұтқынға алды да, екеуін  де өлтіруге  бұйрық берді. Әрі оларға айтқаны: «Сендер бірге туған ағайындысыңдар, екеуің келісіп іс-қимыл жасай алмадыңдар, сендердің маған шын берілгендіктеріңе сене аламын ба? » - деп, өлтірді.

           Согәнің орнына Түркештің шеп тайпасының көсемі Сұлуды жалпы түркеш елінің қағаны  деп жариялады. Сұлу қайырымды, ел басқаруда ақыл-айласы мол адам еді. Әр жолғы соғыста түскен олжаны  қолбасшыларымен әділ бөлісіп отырды. Сұлу қаған кезінде Түркеш билеушілерінің Тань патшалығымен барыс-келіс қарым-қатынасының едәуір жиі болғандығы жайында Қытай жылнамаларында деректер біраз баршылық.

          Мемлекет билігі үшін қара Түркештер мен сары Түркештер өзара қырқысып отырды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болошу орманы бойындағы (Жоңғария) соғыста Түркештерге күйрете соққы береді. Шығыс түрік әскері батысқа беттеп бара жатып, Сырдария бойына жетеді. Сол кездегі араб уәлиіне қарсы самарқандықгар және Орта Азия түріктерінің қағаны бас көтереді. Бірақ Кутейба дер мерзімінде келіп, араб гарнизонын талкандаудан сақтап калады. 712—713 жылы түріктер мен соғдылардың, шаштықтар мен ферғаналықтардың бірлескен қолы арабтармен күреске шығады. Бұған жауап ретінде Кутейба Ферғана мен Шашқа әскер аттандырады. Мауераннахр арабтар қол астына өтеді. Хорезмдік ғалым Әбу Райхан әл-Беруни (973—1048) "Өткен буындардың ескерткіштері" атты кітабында: "Кутейба ибн Муслим: әр түрлі тәсілмен бұрынғының бәрін таратты, жойды. Хорезмдіктердің жазу-сызуларын, кітаптарын, бумаларын өртеді, дін қызметкерлерін, аңыз-әңтімелерін білетін адамдарын, ғалымдарын түгел құртты. Хорезмдіктердің исламға дейінгі тарихы түгел көрге көмілді, оны казір ешкім білмейді" - деп жазады. Сөйтіп, Мауераннахрда жаңа мәдениет, яғни ислам мәдениеті тарала бастады. Аталмыш өңірмен іргелес аймақтарға да бұл мәдениет біртіндеп таралады. Түркештердің Орта Азия халықгарымен одағы арабтардың Мауераннахрдағы билігіне қандай кауіп төндіретінін жақсы түсінген Кутейба 714 жылы Исфиджабқа жорық жасайды.

Информация о работе Түркеш қағанаты