XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:58, контрольная работа

Описание работы

Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты.

Файлы: 1 файл

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.docx

— 471.88 Кб (Скачать файл)
  1.  
    ^ 1 Мәшһүр - Жүсіп және орыс (еуропа) мәдениеті

 
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен  ХХ ғасырдың басы аса күрделі дәуірді  басынан өткерді. Қайшылығы мол, алда не болары белгісіз бұлдыр қоғамдық формация әлі пісіп-жетілмеген Қазақстан  жағдайындағы толқын Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп  т.б. зиялыларды тудырды. Абай, Шәкәрім, Дулат Мәшһүр-Жүсіп қазақ руханиятының біртұтас галлереясын жасап тұрған адамдар. Бұлардың қоршаған ортаны тану, дүниені ұғыну, сезіну, әлеуметтік- экономикалық жағдайды түсінуі оны  жырлауы тақырыпты тану жағы, көзқарасы  бір, бір позициядағы адамдар  десе болады. Бұлардың қоршаған ортасы, шығармашылығы сол кездегі қоғамдағы  болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл төртеуін қоғамдық формацияда болып  жатқан өзгерістерден тыс тағы да қарастыра алмаймыз. Олар өмір сүрген кезде қоғамдық жағдай қандай болып  еді? Соған біраз шолу жасалық. М-Ж.Көпеев өмір сүрген орта ХIX ғасырдың бірінші  жартысы мен ХХ ғасырдың екінші жартысы  екендігі айтылып өтті. Бұл кезең  қазақ өміріндегі басқа ғасырларға қарағанда қайшылықтарға толы күрделі  дәуір болды. Көп жүріп, көп көргені  бар, оқыған-тоқығаны бар М-Ж.Көпеев өз елінің ауыр тұрмысын басқа жұрттың  тұрмысымен салыстырып, қорытынды жасап  отырған, шығармаларына арқау еткен. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ қоғамының экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында болған елеулі өзгерістер (егіншіліктің, қолөнердің, сауданың дамуы, хандық тәртіптердің жойылуы), ал сонымен қатар отаршылдық езгінің күшейюі қазақ халқының бүкіл қоғамдық тұрмысына, қазақ мәдениетіне елеулі әсерін тигізді. Бұл-төменде аталған ақындар шығармаларының мән-мазмұнынан да көрінді.  
 
Мысалы, Абай: Орыс сияз қылдырса, Болыс елін қармайды (112); Ояз келсе қайтер ең, Айдаһардай ысқырып (124); Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға (133); Болды да партия, Ел іші жарылды, Әуремін мен тыя Дауың мен шарыңды (272);  
 
Шәкәрім: Бұл елдің көргені - өтірік ант, Қазаққа алдау деген болды ғой салт (82); Патшалар сансыз шығын қылады, Дайындап соғыс үшін ғаскерін (111); Жебір ұлық халқына қас қылады, Көңілін шерлі, көздерін жас қылады (156); Чиновник ісін қылмаңыз, Әділет жолын тыңдаңыз (161); Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп, Адалымсып жүретін ұлықтар көп (166);  
 
Мәшһүр-Жүсіп: «Ұшбу өткен қысқа Шақшан елінің қазағы Біртоқым деген Павлодардың хабасханасында өліп, үш күн көмусіз жатты. Далба елінің он екі кісісін қатын - қалашымен қабат улатып, шулатып орысқа қарсы келдің деп, қойдай тізіп, қозыдай көгендеп, Павлодардың хабасханасына апарып салды. Петропавловскі шаһарына шаһар тілі болып атағы шыққан Танты мырза екі жыл жарым бір жаз войскіге айдалып барып, сол жолдан рахметланып ауырып келіп үйінде өлді. Қызылту ескі елінің алты жігіті нақақтан сегіз жылға жер аударылып, өлгені өліп, қалғаны қалып, жалғыз - жарым тірісі қайтып келді. Мың сөзбен бір сөз, біздің қазақтың үштен бірінің жоққа тандық болғаны била күші хакімларда ғаділетшіліктің жоқтығынан, жұртты жеген залымдар ақшаны беріп-беріп ақталып жатып та, ақша бермегендер, «ісім ақ, құдайым жақ»,-деп, «жалаң құдайға сенсең, жаяу қаласың» дегеннің кері келіп, дүниенің о шеті мен бұ шетіне кетіп жатыр» - дейді [6, б. 3]. 
 
Шәкәрім мен М-Ж.Көпеев қазақ ояныңдар, бостандық, орыс отаршылдығы, бодандық, жерді алып жатыр, теңдік сияқты саяси мәні мен мазмұны бар сөздерді жиі қолданған. М.Әуезов айтады: «Абай өлеңдері мен қара сөздерінде біз патшалықтың дәл өзін сынап, қарсылық сөз сөйлегенін кездестіре алмаймыз. Бірақ, сол патшалықтың қазақ елі сияқты бұратана жұртты билеп отырған системасын және губернатор, ояз, болыс, тілмәш, би, старшын, елубасы, атшабар, онан соң жаңағы қазақтан шыққан ұсақ чиновниктер бар, осылардың барлығын барынша әшкерелеп, масқаралап, мінегенін көреміз» [7, б. 11].  
 
Үшеуіне де орыс отаршылдығымен келген сөздер ортақ: хандық өкімет, құлдық, төре, ақ сүйек, аға сұлтан, жалдама, жалшы, кедей, жарлы, қызметші, малай, жатақ, шаруа, жұрт, қара халық, помещик, дворянин, фабрикант, он басы, мужық, старшина, жандарал, сот, старшин, кандидат, болыс, сайлау, поштабай, шабарман, майыр, ұлық, әкім, атқамінер, мөр, медаль, санат, мекеме, ыштат, закон, қазы, судья, ант, айып, дүре, түрме, кісен, дуан, арыз, абақты, тұтқын, арест, Сібірге айдау, тергеу, кәтәләшкі, прошение, расход, базар, книге т.б. Бұл-лексикалар Дулат шығармаларынан да орын алғандығын байқауға болады. Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп бір ғасырды Абаймен бірге аяқтап, екінші ғасырды кеңес ақындарымен бірге бастады. 
 
ХIХ ғасырдың 60-шы жылдарының орта кезінде Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталды. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы елімізде капитализмнің дамуына мүмкіндік берген 1861 жылғы реформаға және одан кейінгі буржуазиялық реформаларға дәл келді. Бұл реформаларды жасауға мәжбүр болған крепосник-помещиктер капиталистік дамудың талаптарына бейімделу жолына түсті. Қоғамдық формациядағы түбегейлі өзгерістер феодалдық-крепосниктік езгіге қарсы, патша өкіметіне қарсы орыстың демократ күштерін тудырды. Осы демократ мәдениеті қазақ мәдениетіне бірте-бірте күшті әсер ете түсті. Расы керек, патша үкіметінің қазақ даласына айдауға жіберген орыс, шет ел төңкерісшілері қазақ жерлеріне келіп қайтқан орыс жазушылары мен ғалымдары қазақ өлкесін зерттеп, қазақ халқын алдыңғы қатарлы мәдениет дүниесіне тартудың қамын істеді. А.Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар немесе Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар» т.б еңбектерді қараңыз. Олар қазақ арасында өздеріне лайық шәкірттер мен достар тауып отырды. П.П. Семен-Тян-Шаньский, А.Н. Бекетов, Ф.М.Достаевский, С.Ф.Дуров, Г.Н.Потанин Шоқан Уәлихановтың жақын достары бола білді. Е.П. Михаэлис, Н.И. Долгополов және басқалары Абайдың достары болды. Ыбырай Алтынсарин да өз заманында орыс ғалымдарының арасынан жақын достар тапты. Қазақтың аса көрнекті ағартушылары, ғалымдары және жазушылары орыстың демократиялық мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерінен тәлім-тәрбие алды. Пушкиннің, Лермонтовтың, Чернышевскийдің, Шевченконың және басқаларының шығармалары қазақ әдебиетінің дамуына игілікті әсерін тигізді, осы әдебиеттер демократиялық дәстүрлердің нығаюына көмектесті. В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов сияқты төңкерісшіл демократтар Россияның езілген халықтарының бостандық жолындағы күресіне тілектестік білдіріп, оны орыс халқының патша өкіметіне қарсы күресімен тығыз байланыстыра қарастырды. Мысалы Н.Г. Чернышевский 1861 жылы «Современник» журналында жарияланған «Ұлттық әдепсіздік» деген мақаласында орыс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шықты. Н.А. Добролюбов «нағыз патриотизм, адамзатты сүюшіліктің жеке көрінісі болғандықтан, жеке халықтарды жек көрумен сыйыспайды»-деп жазды. Украинаның ұлы ақыны Тарас Шевченко 1847 жылы Қазақ жерінде 10 жыл айдауда болды. Оның «Тәңірінің де балтасы бар есігінің артында» деген өлеңінен қазақтардың бостандық деп соққан жүрегінің рухы сезілді. Қазақтың аухатты адамдары капиталистік қоғамдық формацияның ықпалына түсіп, бейімделу жолына түсті. Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат өндіретін рынокқа айналды. Қазақстанда жаңа қалалар мен орыс поселкелері пайда болды. Орыстың қара шекпенділері ағылып келе бастады. Қара шекпенділер Абай, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында да көрініс тапты. Әлеуметтік қозғалыс өзінен-өзі рухани қозғалысқа әкелді. Жергілікті тілмаштарды, орыс тілді мұғалімдерді даярлау қолға алынды. Патша өкіметіне қызмет еткен қазақтың зиялы өкілдерінің балалары да шыны керек орыс тілін жақтап, орыс біліміне иек артты. Ал, патша өкіметінің өкілдері оларға үміт артты. Әлеуметтік-экономикалық отарлау орыс тіліне деген қажеттілікті тудырды. Бұл-үрдіс ұзақ жылдарға созылды. Орыс зиялыларының көптеген өкілдері А.Е.Алекторов, Н.И.Ильминский т.б. патша өкіметінің саясатын жүзеге асыра отырып, тілді зерттеуде, қазақ ауыз әдебиетін жинап, бастыруда көптеген пайдалы нәрселер де істеді.  
 
Қазақстандағы мәдениеттің дамуына баспасөз қатты әсер етті. Патшаның жергілікті әкімшілігінің ресми ұйымы болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомостылармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай газеті», Омбыда «Дала өлкесі», «Ауылшаруашылық листогі» сияқты газеттер өз беттерімен өнеркәсіп, ауылшаруашылығын, өнер мен білім мәселелерін көтерді. Ташкентте, Оралда, Астраханда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер Қазақстан өмірімен азды-көпті байланыста болды. Бұл газеттерде агротехника, мал шаруашылығы жайында, жаңадан ашылған мектептер мен қазақ халқының тілі, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиетіне қатысты мақалалар басылып отырды. Алғашқы қазақ тіліндегі газет Түркістан генерал-губернаторының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылы жарық көрді. Газеттің алғашқы номері «Түркістан уәләятінің газеті» деген атпен «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдың 28 сәуірде шықты. Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан құрылған Дала генерал-губернаторының органы ретінде оның администрациялық орталығы - Омбы қаласында шықты. Газет алғашында Ақмола облыстық ведмостысына жалғама ретінде (орысша «Особое прибавление к Акмолинским областным ведмостям» деген атпен), кейін 1894 жылдан бастап Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының ведмостысына жалғама ретінде «Дала уәләятінің газеті» деген атпен (орысша-«Киргизская степная газета») жұмасына бір рет өз алдына бөлек шығып тұрған. Газет екі бөлімнен (ресми және ресми емес) тұрды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің жергілікті әкімдерінің қазақтарына қатысты бұйрық- жарлықтар жарияланып отырды. Ал ресми емес бөлімінде: ел басқару, егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, мал тұқымын асылдандыру, сауда хабары, мәдениетке ұмтылу (мектеп ашу, дәрігерлік жәрдемді күшейту, әдебиетті, ана тілін дамыту) т.б. болды. Патша өкіметі отарлау саясатын бірте-бірте күшейте берді. Оларды ауылдық мектептер мен медреселер, діни оқулар мұсылманша оқу қанағаттандырмады. Қазақстанның Ресейге қосылуы орыс-қазақ тілді школдар мен училищелер ашуға мұрындық болды. Бұл мектептер қазақ жерінде бұрыннан бар мұсылманша оқу орындарының жабылуына әкеп соқты. Оқу орындарындағы шәкірттер саны да аз болды. Орынбор мектебі 19 жылдың ішінде небәрі 48 сауатты адам- қазақ зиялыларының алғашқы өкілдерін тәрбиелеп шығарды [8, б. 465 - 476]. Р. Сыздықова: Ішкі Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу жылында небары 160 қазақ баласы оқыса, 1889 жылы 573 бала оқыпты. Бүкіл Қазақстанда ХIХ ғасырдың II бөлігінде небары 100 шақты орыс - қазақ школдары болып, оларда 4000-ға жуық бала оқыған (Мәлімет Қаз ССР тарихынан алынған) [9, б. 11]. Бұл мектептердің қазақ халқының сана-сезімдерінің оянуы үшін прогрессивті рөлі зор болды. Қазақ халқының мәдени өмірінде кітап басу ісінің маңызы зор болып, рухани өміріндегі ерекше құбылыс болып есептелді. Қалай дегенмен ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында оқу-білім ісі анағұрлым алға жылжыды. «Между тем до октября 1917 г. На казахском языке было издано свыше 900 названий разнообразной по тематике и содержанию печатной продкуции. Тираж 457 из них достигал 2 192 235 экземпляров» - дейді (Ж.Шалгумбаев. // Известия НАН. РК. Серия филологическая, 1994. № 2. ─ 33 б.). Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп орыс империясының отарлау саясатын: бостандық, жер мәселесі, думаға мұсылман өкілеттілігін сайлау, теңдік, бас қосу, дұшпан, жау, дін бостандығын ашық айта білді. Оның мәнісі мынада, 1905 жылғы Ресейде болған төңкеріліс, қанды оқиға да ақындардың ой-өрісін өсірді. Ақындардың шығармаларында, олардың көзқарастарының қандай екеніне қарамастан, өлкенің шаруашылығы мен мәдениетіндегі жаңа құбылыстар бейнеленіп отырды. Халық жерін тартып алу, қазақ халқының феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы күресі ақындар жырының маңызды тақырыбына айналды. М-Ж.Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі?», «Хал-ахуал», «Олжабай» т.б. мазмұны мен мағынасы жағынан ел мен жердің тағдырына алаңдаудан туған шығармалары болды. Онда хандар мен патша әкімшілік орындарының халық жерін басып алуына Сарыарқа қазақтарының жасаған қарсылығы мен наразылығы кеңінен орын алды. М-Ж.Көпеев: «Баласы дін-мұсылман ұрандасып, Қосыл кісі санына, қос басыңды»-деп ашық айтты (Сарыарқаның кімдікі екендігі?). Ол-патша өкіметінің «манифесіне» сенбеді, қазақтарды да сенбеуге шақырды. «Манифест бар деушілер тұтқын болып, Кесілді еш себепсіз оған жала» - деді М-Ж.Көпеев. Ақын замана тынысын бұрынырақ біліп, сезіп отырған сияқты. М-Ж.Көпеев: «Мың сегіз жүз сол алпыс тоғыздан соң, Қор болып, болмадың ба аяқ асты?» - деп жазғанда 1868 жылғы «Уақытша ереженің» қазақ еліне әкелген қасіретін айтып отыр. Сонда, М-Ж.Көпеев нені білген? Неге? 1868 жылғы «Уақытша ережені» мысалға алған. Соған барлау жасап көрелік. «1868 жылғы «Уақытша ереже» мұсылман дін қызметкерлерінің құқығын тежеді, сұраусыз мешіт салуға, мұсылман медіресесін ашуға, молдалар мен мешіт пайдасына алым-салық салуға тыиым салынды. 1868 жылғы «Уақытша ереже» Қазақстанда христиан дінін таратуға бағытталған бірсыпыра параграфтар болды. Сол сияқты ел басқарудың жаңа системасының орнығуы патша өкіметі үшін жайлы болды. Қазақ жерін тартып алудың тағы бір жалаң саясаты жасалды» [8, б. 418]. Соның салдарынан жергілікті жерлердегі комиссия реформаны жүзеге асыра бастады. Реформа қазақтың бұрыннан қалыптасқан, үйреншікті рулық басқару жүйесін бұзды. Құнарлы жерлер тағы да алынды, жер бөліске түсті. Жердің бей - берекет қайдағы бір келімсектерге берілуі қазақ елінің қарсылығын тудырды, кейбір жерлерде патша үкіметіне қарсы күрес басталды. Міне, осындай қазақ халқының ауыр жағдайлары т.б. оқиғалар қордаланып келіп, көзі ашық саясат жағынан қырағы М-Ж. Көпеевтің 1868 жылғы күрделі оқиғаны сөз етуіне, жазуына түрткі болды. Осы жағынан келгенде М-Ж.Көпеев шынында да заманынан оза туған демократ ағартушы екендігіне көзіміз анық жетеді. Сондықтан да, М-Ж. Көпеев манифесті орыс империясының кезекті құйтырқысы, қазақ елін, жалпы бұратана халықты алдауға арналған арандату екендігін түсіндірді. Сөйтіп, шығарманың негізгі мән-мазмұнына арқау етті. М-Ж.Көпеевтің бұл шығармасы қазақ халқының арасына лезде таралып, өзі де ушығып тұрған жағдайға отқа май құйғандай әсер етті. «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» қазақ халқының ғана емес, күллі мұсылман елінің саяси ұранына айналды. М-Ж. Көпеев ақындардың ішінде алғашқылардың бірі болып, қазақ халқының бостандыққа, теңдікке жетуі үшін, мұсылмандар, бірігіңдер деді. Патша үкіметінің екі жүзді саясаты М-Ж. Көпеевтің шығармасының негізгі идеясын құрады. Сол кездегі патша үкіметінің отаршылдық әрекетін ақын айыптап, батыл сынады. «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» кітабы Қазан қаласында басылған нұсқасы 1905 жылғы оқиғаны саяси тұрғыдан өте сауатты сипаттап, сол кездегі оқиғаны көзбен көргендей қылып жан-жақты суреттей білген. М-Ж.Көпеев «Байланып қорыққандықтан жүрді тілім, Қазағым, қайран жұртым, халқым, елім»-деп, қазақтың тарихынан мәселе қозғап, бүгінгі бодандық халін Ресей империясының жүргізіп отырған саясатын әшкерлейді. Қазақ халқының ауыр жағдайын бүкіл дүние жүзіне паш етеді: «Біздің қазақты үшке бөлсек, екі есесі жоқ есебінде, ал қалайша жоқ десең, жер - су учаске деп алды, войске деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, шабындылы жерден қазақ айрылды, суырша жонға шығып, жан сақтап жүр еді. Егінге лайықты деп, ол жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды. 
 
Жер-судан айрылып қалған соң, 
 
Өз қонысынан ауған соң, 
 
Еркекте ақыл қала ма? 
 
Біреуден сауын сауған соң, 
 
Ұрғашыда ақыл қала ма? 
 
Ақылдан айрылып қалып, шаруа малынан береке қашып, оның үстіне алым-шағым, земіскі, ізбор деген қымбаттап, ел аралаған начальник, шиноликлардың жалдап мінген аттарының майын төлей алмай қаңғып кетіп, Питербор, Мәскеу барсаң, орыстың малайы-қазақ, Бұхар, Ташкент барсаң сарттың малайы-қазақ … Патшаға оқ атып, қылыш суырған бір қазақ жоқ. Орыстікіне, шиноуликке, нашалникке ақша бергендер кісі өлтірсе де, кешуі болып үйде қалып жатыр, ақша бермегендер сүттен ақ болса да, атылып, айдалып кетіп жатыр»-деп жазды [6, б. 6].  
 
Академик Р. Сыздық: «Дулат - Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға біртабан жақын келген, Европа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын» - дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, 2004№ ─ б.585). Дулаттың осындай классикалық поэзия үлгісінің біраз белгілерін Абайдан кейін қабыл алған Шәкәрім мен Жүсіп Көпеев деуге де болады. Дулат және Мәшһүр-Жүсіп Абай, Шәкәрім ресей империясының дәуірлеп тұрған заманында өмір сүрді. Бір жағынан ресей өкіметінің, екінші жағынан жергілікті жердің патша өкіметінің өкілдерінің қыспағын көрген қазақ халқының тағдыры бұл-төртеуін әрине бей-жай қалтыра алмады. Ресей империясының бодандық әрекеті қазақ халқының әлеуметтік - экономикалық, мәдени-рухани жақтарын да қозғады. Бұл саясат қазақ халқының оянуына, алдыңғы мәдениетке ұмтылуына да әсері қатты болды. Бұлардың шығармаларының мән-мазмұны, идеялық қазығы орыс отаршылдығына дейінгі ақын-жырау дәстүріне иек артқанмен заманына қарай басқа бағыт алып, басқа идеяларға толы болды. Осы кезеңдегі халықтың ауыр тұрмысын, рухани мәдениетін жырлау осы-төртеуінің еншісіне де тиді. Сөйте тұра олар-орыс (еуропа) мәдениетінен көп үйренді. М-Ж. Көпеев «Аспан, жер және адам жаратылыс туралы» еңбегінде: Плотон-(Жүсіп қолданысында Аплатон) хакім ақылына сенді: «Өлмеймін!»-деді, кәне, өлмей қалғандығы?! Ендеше сен маған құдай ақыл берген екен, ғылым, білім берген екен деп, ақылыңа, ғылым, біліміңе сенбе! Сенгіш болсаң құдайыңа сен!-деп Аплотонның ақыл туралы кейбір қағидасына өзінің пайымдауын айтады. Құдай жоқ деген сол уақыттағы қағиданың қате тұжырым екендігін, Джордана Бруно, Коперниктердің ой-тұжырымына сүйенеді. Орыс сыншысы Виссариион Белинскийдің туған өлген жылын (1810-1848) көрсетіп, өз тұсында замандастарынан басып озған, арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы деп жазды. Ол айтқан пәлсәпа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар,-дейді, - жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді,-дейді. - Бірақ тіршілік еш уақыт өлмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдеп я әлі күнге орнында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы - қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!»-деп сөйлеу керек»-дейді. В.Белинскиді қазақшаға аударып, оның айтқандарынан философиялық ой түйеді. Оның Лермонтовқа, Гогольге, Гончаровқа берген бағасын, әдебиет сыншысы екендігін дөп басып айтады. В.Белинскийдің «Московский наблюдатель» (1838-1839 жылдары) журналындағы сын мақаларын оқығандағы ақынның өзіне қажетті жерін жазып алып қазақша аударғаны байқалады (З.Қабдолов, С.Қыйрабаев, А.Нұрқатов. Қазақ әдебиеті, 2 бөлім. ОМБ, 1955. ─ б.6-18). «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабындағы орыс революциясы туралы айтқандары революционер демократ В. Белинский шығармаларын оқыған кейін туған ой болуы әбден мүмкін. Дарвиннің: «Талай замандар өткенде, биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш сияқты жәндіктер мен өсімдіктер шығады»-деп «Құран кәрімдегі» адам топырақтан жаратылған деген оймен сабақтастырады. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу көзін анықтайды. Немесе, ақын Жүсіп Көпеев Михаил Баскиннің: «Әлем жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі қап - қатты болып тұрған жеріміз бір кезде даулдап жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты суый бастаған соң, осы қалыпқа келген»-деген сөзін келтіріп, өзінің кейбір шығармаларына арқау еткен. Затаевичтің қазақ әндерін ел аралап жазып алғанын: «Затаевичтің қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені»-деп үлкен баға береді. «Адам мен жұлдыздар арақатынасы» деген еңбегінде Жалинус сөзінің дұрыстығына ден қояды. Жилинус атанған бір данышпан айтқан: «Һауа түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!»-деген ғибрат сөзіне құлақ асады. Мұндай мысалдар, Жүсіп шығармаларында өте көп кездеседі. Біз ақынның орыс (европа) ойшылдарын, зиялыларын, биологтар мен философтарын оқығандығын, еңбектерін оқып қана қоймаған, шығармаларына арқау қылып пайдаланғанын тағы бір мәртебе шегелеп айтқымыз келеді. Мәшһүр Жүсіптің Л.Толстой, А.Пушкин, М.Лермонтовтың шығармаларымен таныс-біліс болғанын, олардан үйренуге шақырғанын әр кезде жазғандарынан білеміз. Осы орайда Қазақ ССР Ғылым акадаемиясының академигі М.Қаратаев мынандай бір қызық факті келтіреді: «Бірінші бағыттағы халықтық ақын-жазушылар Пушкинді Абай дағдысымен ұнатып, шамасынша оқып, қазақ тіліне аударып келді. Кейінгі кезде белгісіз ақындар аударып ел арасында тараған «Евгений Онегиннің» үзінділері табылды. Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларының ішінде белгісіз ақын аударған Пушкиннің кейбір өлеңдері шықты» (М.Қаратаев. Туған әдебиет ойлары. ─ Алматы, 1958. ─ 114 б.). Осыдан ой түйетін болсақ, аударма белгісіз ақындікі емес, М.Көпеевтікі екені сөзсіз. Өйткені Мәшһүрдің өзі де орысша әжептәуір білген ғой. Бұл мәселе әлі де зерттей түсуді қажет етеді» - дейді С.Дәуітов (Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалылары, 1990. ─ 17 б.). Біз де осы ойға толығымен қосыламыз. В.Г.Белинский шығармасын оқыған ақын, А.Пушкин, М.Лермонтов өлеңдерін аудармады, білмеді деп айта алмаймыз. Осы орайда, Мәшһүр-Жүсіптің 1176- шы қолжазбасынан Пушкин туралы, Конфуций, Сократ, Плотон, Сағдиді Еуропа, орыс оқымыстылары да біледі деген сөздерді оқыдық. Демек ақынның орыс (еуропа) әдебиетін білгені айдан анық. Абайдың «Екінші сөзінің» мән-мағынасына Мәшһүр-Жүсіптің қазақтың мұңын, орыс империясының отарлау саясатын әшкере еткені, қазақты жалқау деп сынағаны бір-біріне өте ұқсас екендігі айтылып өтті. Сол сияқты ауылдың атқа мінерлерін сынауы, тұрмыс-салт, әдет ғұрыпқа байланысты, өнер-білімге, ғылымға шақырған өлеңдері, батыстан, шығыстан, орыстың ғылымын, тілін білу керек деген өсиеттері де аз емес.

Музыка  тарихына шолу


Қобыз

Даңғыра

Домбыра

Сыбызғы

Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінгенсылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалыдаңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үншығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптыңкөне түрі болуы мүмкін.

Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардыңбейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель,скрипкалардың арғы атасы.

Музыка, музыканың аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, ән түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI—VIII ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал арқасында қоңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңыраубақсының аспаптары. Олар қоңырау, әр түрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмірсүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады.

Ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан,Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға жатады.

Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғасырдарда), ибн-Синаның (X ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда), Сыпыра жыраудың (XIV ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу әл-Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың (XVIII ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушығалымдар.

[өңдеу]Музыка тарихының кезеңдері


Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі.

Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.

Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау,Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты күйлері жатады.

Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтексияқты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.

[өңдеу]Қазақ музыка өнерінің болмысы


Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері олі жақсы зерттелдеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен аталып жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжан қыз", "Боз іңген", "Сәулем-ай", "Кербез сылқым", "Қос алқа". Ескі билер қатарына "Алқа қотан", "Ұтыс би", "Киіз басу", т.б. жатады.

Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар", т.б. жатады.

Жар-жар — келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.

Беташар — жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәлем бергізу, жас келінге ақыл-нақыл айту өлеңі. Оны бірадам орындайды.

Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын, сонымен қатар тойдың соңында әр дастарқанда отырған тойшылардың тойға арнап айтатын әні.

Сыңсу — қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.

Бесік жыры — бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні үлкен.

Жоқтау — елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы аталған ғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады.

Қазақ музыка өнері өзінің болмысы жағынан біртұтас дүние. Мысалы, сонау VIII ғасырдан келе жатқан Қорқыт ата күйлерінің Сыр бойында, Қаратау бөктерінде,Сарыарқа белдерінде, Ертіс, Еділ бойларында еш өзгеріссіз бірдей орындалуы қазақ музыка дәстүрінің бірлігін көрсететін сияқты. "Ақсақ құлан" күйінің Алтай менАтырау аралығында бірдей орындалуы қазақтың рухани тұтастығын көрсетеді. Ұлан-ғайыр қазақ даласында әншілік, күйшілік өнердің өзіндік аймақтық мектептері де қалыптасқан. Мысалы, қазақтың домбыра күйлері шертпе және төкпе күйлер болып, негізінен, екіге бөлінеді. Шертпе күй Орталық, Шығыс Қазақстанда, Жетісуда,Қаратау аймағында кең тараса, төкпе күй Қазақстанның батыс өлкелерінде, Сырдың төменгі ағысында кең таралған. Шертпе күйдің өзі шығыстағы Байжігіт мектебі, Қаратау шертпелері болып бөлінеді.

Әншілік мектептері


Жамбыл Жабайұлы

Сурет:Azirbaev.jpg

Кенен Әзірбаев

XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы  әншілік өнерін ғалымдар бес мектепке бөліп жүр. Бірінші мектеп — Қазақстанның орталық және солтустік өңірлеріне тән. Бұл мектепке Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Ыбырай, т.б. әуендері жатады. Екінші мектеп — оңтустік және Жетісу өңірі әуендері. Бұл мектепке Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, т.б. жатады. Үшіншісі — Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектеп. Бұл мектеп әндері асау — тайдай тулаған қуатты, екпінді әуездер. Бұл мектептің өкілдеріне Кердері Әубәкір, Мұхит,Махамбет, т.б. жатады. Төртіншісі — Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі. Бесінші — Шығыс Қазақстан, Монғолия, ШығысТүркістан қазақтарының әншілік мектебі. Бұл әншілік мектептер өзара стильдік жағынан бөлінгенмен, ұлттық ортақ нақыш, әуен тұтастығымен бірлікте.

[өңдеу]Музыкалық аспаптар


Сазсырнай

Жетіген

Дабыл

Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті, үрмелі және соқпалы болып үшке бөлінеді. Ішекті аспаптың өзі шертпелі және ысқышты болып екіге бөлінеді. Шертпелі ішекті аспаптарға: домбыра, шертер, жетіген жатады. Ал ысқымен ойнайтын ішекті аспапқа қобыз жатады.

Үрмелі аспаптарға — сыбызғы, қамыссырнай, қоссырнай, мүйіз сырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней жатады. Осы топтың ерекше бір тілді аспабы —шаңқобыз.

Соқпалы аспаптарға — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау жатады.

Домбыра — екі ішекті, 9—14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап. Домбыраның ішегі, пернесі ешкінің, қойдың ішегінен жасалады. Домбыраныңқазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тарағаны екі түрі. Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзынша текше. Томпақ кеуделі домбыра, негізінен, батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп таралған. Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрлі пішіндері де кездеседі. Домбыраның кейде үш ішекті түрі де кездеседі.

Қобыз — екі ішекті, ысқышпен ойнайтын аспап, ішегі аттың қылынан есіп жасалады. Қобыз да өте көне аспап. Қобыз әу баста көбінесе бақсылар пайдаланған аспап болғандықтан, қазақ оны киелі санайды. Қобыз, әдетте, тұтас ағаштан шауып жасалады. Кеудесі жалпақ астауша құсап, мойны ішке қарай иіліп келеді. Қобыздың жалпы тұрқы бірдей болғанымен, тұрпатында кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бақсылардың қобызының басына үкі, неше түрлі салпыншақ темір, ұсақ қоңыраушалар тағылады. Қобыздың кеудесіндегі ойыққа айна орнатылады. Бұл заттардың дәстүрлік және әуендік қызметі бар. Бақсы қобызымен сарнаған кезде қобыздың басын дірілдетіп-сілкіп, салпыншақ темірлерді сылдырлатады, айнаға қарап жынын шақырады. Мұндай бақсы қобыздарын қара қобыз, нарқобыз деп атайды. Бұл — көне, Қобыз қасиетті қобыз дегенді білдіреді.

Бақсы пайдаланатын аспаптардың бірі — асатаяқ. Oл — басы жалпақ, оймышталған таяқ. Жалпақ басына әр түрлі сылдырмақтар, қоңыраушалар орнатылады. Асатаяқты ел кезіп, елді "ақтап" (пәле-жаладан "арылтып") жүретін диуаналар да ұстаған. Бақсылар жиі пайдаланатын аспап — даңғыра. Бұл кәдімгі барабан сияқты. Бірақ шеңбердің бір-ақ жағына әбден кепкен тері қапталады да, ашық жақ қапталдарына әр түрлі салпыншақ темірлер тағылады.

Жетіген аты айтып тұрғандай, жеті ішекті аспап. Ішектерге тиек ретінде және ішектің дыбысын реттеуші тетік ретінде асық пайдаланылады.

Үрмелі аспаптардың ішіндегі ең кең таралғандары: сыбызғы және сырнай. Сыбызғы кепкен қурайдан, жуан қамыстан жасалады. Сыбызғының ортан белінен былай қарай бірнеше жерден теседі. Басынан ерінге салып үрлеп, тесіктерін саусақпен басып ойнайды. Сыбызғы күйлері, әдетте, екі дыбысты(дауысты) болады, бірін сыбызғыға үрлеп отырып шығарса, екінші дыбысты тамақ үнімен қосады. Сырнай бірнеше түрлі болады: қамыс сырнай қамыстан,мүйіз сырнай мүйізден жасалады. Мүйіз сырнайды көбіне жорықта пайдаланған.

Информация о работе XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті