Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:58, контрольная работа
Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты.
Саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспаптар: сазсырнай, үскірік, тастауық. Бұл жұдырықтай, іші қуыс құты сияқты, үрлейтін және бірнешебармақпен басатын тесігі бар аспап.
Соқпалы аспаптардың ең үлкені, үндісі
— дабыл. Бұл екі жағы да терімен қапталған
кәдімгі барабан сияқты аспап. Онымен
тұтқиылдан қауіп төнгенде, не елді бір
жиынға шақырғанда, дәстүрлі мейрамдарға ел жинағанда, соғыста пайдаланған