Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 05:22, реферат
Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады.Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалык байланыстар орнатуға мүдделілік танытты.
Кіріспе
XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары
Негізгі бөлім
Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы
Патшалық Ресейдің далалық аймақты отарлауға көшуі:
әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы
Жоспар
Кіріспе
XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары
Негізгі бөлім
Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы
Патшалық Ресейдің далалық аймақты отарлауға көшуі:
әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы
Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы
«Ciбip қырғыздары туралы Жарғы» мен «Орынбор қырғыздары туралы
Жарғы» - Орта және Kiшi жүзде хандық биліктің жойылуы
1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар
1886,1891 жылдардағы ережелер
Қорытынды
Ciбip және Сырдария әскери желілерінің түйіcyi.
Ресейдің қазақ жерін жаулап алуының аяқталуы
XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары
Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады.Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалык байланыстар орнатуға мүдделілік танытты.
Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандықтары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бipaқ олар Ciбip татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік қазак хандығына жете алмады.
IV Иван Грозный ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың
30 мамырында Тобылға бекініс салуға жэне Қазақстан мен Орта Азия халықтарымен «салықсыз» сауда жасауқа рұксат грамотасын береді .Бұл сауда байланыстарының жандануына ceптігін тигізді.
1594 жэне 1595 жылдары Мәскеуге
Тәуекел хан Құл-Мухаммед
Ресейдін Батыс Ciбipre басып кipyi мен оны өзінің кұрамына енгізудің бастамасы 1581 жылы Ci6ip хандыгыньщ астанасы Искерді алган Ермак жорықтарымен байланысты болды. Сібірдегі Көшім хандығының талқандалуы орыс мемлекетінің Ci6ipгe және онымен шектес аудандарға жылжуына ьңғайлы аймақ құру бағытындағы алғашкы қадам жасауына жағдай жасады. Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде қазақ жерімен шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл белінді. Бекініс қамалдар маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады. Батыс Ciбip аумағындағы алғашкы орыс қаласы қазақ хандығының шекарасына жақын Epтicтің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы eдi. Кейін Түмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара бекіністepi (1594 ж.) пайда болды. 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск бекінісін салды. XVII ғасырдың басында қазақ хандығының батыстағы шекаралық аймақтарында орыс қоныстары орын тепті. 1620 жылы Жайық бекінісі, 1640 жылы Гурьев бекінici бой көтерді. XVIII ғасырдың басы Ресей үшін I Петрдің реформаларымен, Швециямен Балтық теңізі үшін, Туркиямен Қара теңіз үшін жүргізген соғыстармен және Ciбipдi жаулап алу, Шығыс елдерімен байланыс орнату сиякты тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. I Петрдің сыртқы саясатында Ресейді шығыс елдерімен жалғастырушы қазақ жерлеріне ерекше көңіл белінді. Үндістан мен Қытайға шығар жол іздеген I Петр тұсында қазақ жеріне орнығуға бағытында белсенді әрекеттер жасалды. Бұл бағытта Ciбip губернаторы князь М.Гагарин Ресей үкіметіне Ертістен Жаркентке дейін күшейтілген бекіністерстер жүйесін кұру жобасын ұсынды. Оның жобасында бұл жерлер алтынның қорын өте бай екені атап көрсетіледі 1715 жылы Тобылдан EpTic бойымен үш мың адамнан тұратын подполковник И. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберіліп, олар Жәміш және Омск (1716) бекіністерін салады. 1717 жылы қамал құрылыстарын жалғастыру үшін Жәміш көлінен Ертістің бойымен жоғары қарай П. Северский мен В. Чередов отрядтары жіберілген. П. Северский Железинск бекінісін, ал В. Чередов Колбасинск бекінісін салдырды. Сондай-ақ 1718 жылы В.Чередов Ертістің оң жағалауынан кейін Семипалатинск атауын алған қамалға арнап орын дайындайды. Ямышевск пен Семипалатинск бекіністері1717-1718 жылдары подполковник П. Ступин экспедициясы кезінде айтарлықтай күшейтіледі. Одан кейін жіберілген майор И.Лихаревтің экспедициясы Усть-Каменогорск және Коряков бекіністерін (1720 ж.) тұрғызды. Бұл әскери-қорғаныс бекеттері жоғары Epтic желісін құрады.
Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады.1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.Қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановнаға* тапсырады.Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді.Бұл уақытқа дейін Ресей империясының құра-мына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын.Әбілхайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпен қабылданады.
1731 жылы 19 ақпанда Анна
Иоановна «Әбілқайыр ханды
Біріншіден, жоғары мәртебелі императорымызға адал қызмет етуге және бізге башқұрттар қызмет еткені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.
Екіншіден, Ресейдің қол
астындағы халықтардан
Үшіншіден, егер сендерге, қайсақтарға басқа біреулер басқыншылық жа-саса, Ресей императоры тарапынан қорғаласыздар және сіздер Ресейдің қол астындағы ел болып табыласыздар.
Төртіншіден, башқұрттар мен Ресейдің құрамындағы басқа да халықтар сіздердің тұтқындарыңызды босатады, ал сіздер ресейлік тұтқындарды бо-сатуға, башқұрттармен және қалмақтармен бейбіт жағдайда тұруға уәде етесіңдер»
Әбілқайыр хан мен басқа да ел билеушілерінен тиісті ант қабылдау ұшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А. Тевкелев бастаған елші-лер жіберіледі. (Оның татар есімінің баламалары Мамет, Мамет мырза, Кут-лумбет мырза, Құтлу-Мұхаммет.)
Қазақ билеушілерін Ресейге
бодан болу женінде ант беруге
көндіру үшін А.Тевкелевке маңызды
саяси өкілеттер беріледі.
Оған «Қырғыз-қазақ ордасына, оларды Ресей қол астына алу үшін жіберілген шығыс тілдерінің аудармашысы М. Тевкелевке Мемлекеттік Сырт-қы істер коллегиясының нұсқауын» табыс етіледі.Бұл «Нұсқау» бойынша ол күнделік-журнал жазып отырған.Ондағы жазбалар сол кездегі тарихи оқиғалар жайында құнды деректер бере алады. «Нұсқаудың» бір бөлімінде: «Хан мен ақсақалдар және басқа қырғыз-қайсақтар адалдық туралы антты Құранмен берсін, оны бекіту үшін қол қойып Тевкелевке берсін... егер олар одан бас тартса, онда Тевкелев оларды көндіру керек», - деп жазылған
Анна Иоановна Әбілқайыр ханға арнайы сыйлық жіберген: қылыш, құндыз ішік, қара түлкі терісінен жасалған екі тымақ т.б. Сыйлықтарды хан ант қабыл-даған соң ғана беруге нұсқау берілген. 1731 жылы 5 қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Майтөбе дегөн жердеп Әбілқайыр ханның ордасына ке-леді. Елшілерді Әбілқайырдың үлкен ұлы Нұралының басшылығымен үлкен құрметпен қарсы алады.
Елшіні қабылдау рәсімі кезінде қазақ билеушілері арасында Ресей бодан-дығын қабылдау мәселесінде бірпік пен бірауыздылықтың жоқтығы білініп қалады. А. Тевкелев, қазақ сұлтандары мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыс мемлекетіне бағынуға үзілді-кесілді қарсы екендерін түсінеді. Олардың хан-ның ықпалына көнбейтінін де сезеді.Бұл жағдайды шиеленістіре түскен еді.А.Тевкелевтің көмекшісі, Ресейге адал қызметі үшін тархан атағы берілген башқұрт Таймас Шаимовқа Табын руынан шыққан Бөкенбай батыр, оның күйеу баласы Есет батыр және оларға туыстық байланысы бар Құдайменді мырза Ресей бодандығын қабылдау туралы антты қолдауды ұйымдастыруға келісім береді.Онымен қоса А. Тевкелев «тәуелсіздікті жақтаушылардың бірнешеуін сатып алды». Нәтижесінде 1731 жылы 10 қаэанда Ресей бодандығын қабылдау және оған адал болу женінде антты бірінші болып Әбілқай-ыр хан, онан соң Бөкенбай батыр, онан кейін Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандар мен батырлар болды. Осылайша Кіші жүздің Ресей империясы-ның қол астына өтуінің алғашқы қадамдары басталған еді. 1732 жылы 24 қарашада А. Тевкелев кері қайтады.
Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі қазақ халқының тағдырындағы өте қиын кезеңде дипломатиялық жолмен басталып, XIX ғасырдың 50-60- жыл-дарында әскери күш қолдану арқылы аяқталды.
XVIII ғасырдың 30-жылдарында
жоңғарлардың қазақ жеріне
Қазақ мемлекеттілігін сақтап,
оны нығайтуда қазақ ханы Абылай
(1711-1781) көрегенді әрі шебер
«Қазақ тарихының Герадоты» атанған А.И.Левшин өзінің «Қырғыз қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегін-де Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде нақтылы деректер кел-тіре отырып, талдау жасаған.Онда Абылай «қазақтардың барлық билеуші-лерінен айлакерлігімен және тәжірибеліпмен, ақыл парасатымен, оған қарайтын халықтың көптігімен беделді, Қытайдың боғдыханымен де, Ресей императорымен де қатынасы арқылы бүкіл ордада даңқты болды.
Ол күштілігіне сенімділігімен, ақылдылығымен және өте сақ мінезімен айналасына асқан шеберлікпен өзін қолдаушыларды топтастыра білді, жау-ларына күшін де көрсетті, ал қалыптасқан жағдайларға қарай кейде орыс бодандығын, қытай бодандығын мойындап, бірақ шын мәнінде тәуелсіз би-леуші болды»
Абылай бүкіл қазақ халқының, үш жүздің ханы болды. Бұл жөнінде Шәкәрім былай деп жазады: «...үш жүзден тоқсан жақсылар ертіп барып, өздері қаси-етті көретұғын арғын, шақшақ нәсілінен Жәнібек деген кісіден бата алып, Әбілмансұрды үлкен хан қойыпты, ...Абылайдың хан болғаны 1735 жылдың маңайы болар
Абылай ханды қазақ
жоңғар соғысындағы қазақ халқының
жеңісін қамта-масыз еткен
1733-1734 жылдары ¥лы жүздің
билеуші ақсүйектері де орыс
бодандығын қабылдау туралы
Патшалық Ресейдің далалық аймақты отарлауға көшуі: әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы
Жаңа қосылған жерлерді бекіту обер лейтенанты И.К.Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды.Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды.Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмәштық қызметтен полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.
1737жылы И. Кириллов
қайтыс болғаннан кейін
Патша екіметі жергілікті халықтың ең шұрайлы жерлері мен жайылымда-рын казактарға алып беріп, олардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ.Сонымен бірге жергілікті халықтардың жеріне басқыншылық жасату арқылы оларды бір-біріне дұшпан етіп қойған еді.
Информация о работе XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары