Орта ғасырдағы қазақстан қалалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым – қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі – Исфиджаб ( қазіргі сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл – Макдиси берген. « Исфиджаб ірі қала, – деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Мединада төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, ір қақпаның жанында рабады бар ». Исфиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб пен Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

Файлы: 1 файл

мәдениеттану.docx

— 58.15 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Берілген курстық жобада орта ғасырдағы Қазақстан қалалары жайлы сөз етіледі. Ең алдымен орта ғасырдағы Қазақстан қалаларына қысқаша тоқталайық.

VI – XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан  өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым  – қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі – Исфиджаб ( қазіргі сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл – Макдиси берген.  « Исфиджаб ірі қала, – деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Мединада төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, ір қақпаның жанында рабады бар ». Исфиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб пен Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

VI – XII ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару – жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстандағы Сырдарияның  орта бойына орналасқан ірі қалалардың бірі – Отырар. Араб – парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған.

Отырар аймағында болған бірнеше қоныстар мен қалалардың бірі – Кедер ІХ – Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х – ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.

Қазақстанға белгілі орта ғасырлық қалалардың бірі – Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. VII ғасырда Тараз « Ұлы Жібек жолындағы » ірі мекенге айналды. 

Х – ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша – бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпіштен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою – өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жерінің орта ғасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші – Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай қираған күмбез ХХ ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері бұзылып кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени орталығы болған. Оның төңірегіндегі  Талас, Асса сияқты өзендердің бойында  Төменгі Барысхан , Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн қалалары мен қоныстары бір – біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай–ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі–оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бұл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.

ХІ ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы шауғар округінің орталығы саналған мұнда ХІІ ғасырдың аяғында Ахмет  Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі қала – Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол ХІІ ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ – ата жұрты бар.

X-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар – Қарашоқы, Қарнақ, Асанас, Баршанкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы – шахристаннан рабадқа ауысқан.

Қазақстан жеріндегі халықтардың  экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба дерекетемелер  Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының  Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз  сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI-X ғасырлардағы халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. «Жібек жолы» Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкент, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. [1, 81-84 бет]

   Орта ғасырлардағы Қазақстанның Х-ХІІ ғасырларда шырқау шегіне жеткен қалалық мәдениеттің өркендеуін монғол-татар жаулаушылығы быт-шыт қылды. Жаулаушылық салдарынан қалалар мен дала көшпелілері арасындағы дәстүрлі байланыстар да үзілді.

Тек ХІІІ ғасырдың орта кезінде  қала тіршілігі қайта жандана  бастады, алайда бұрынғыдан анағұрлым  аз мөлшерде болды. Қалалар қайта  салынып, аудандардың экономикалық байланыстары жолға қойылды, қалалар  халықаралық сауда және елшілік  қатынастарын қалпына келтірді.

ХІІІ ғасырдың ортасында  Оңтүстік Қазақстандық қалалардың өмір сүргендігіне Отырарда теңге сарайының  жұмыс істей бастағандығы дәлел  бола алады. Әуелі алтын динарлар, сосын күміс жалатылған дирхемдер, сондай-ақ мыс теңгелер соғыла бастады. Отырар Қазақстан мен Орта Азияда осы кезде ақшаның дәстүрлі үш түрін де шығарып тұрған жалғыз қала болды. Отырардың күміс жалатылған дирхемдері жергілікті ақша айналымында ғана емес, халықаралық саудаға да қызмет етті. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Отырармен қатар Кенжид пен Жент қалалары да ақша шығара бастады.

ХІІІ ғасырдың сапарнамаларында Отырар, Зернук, Сайрам, Йасы, Сығанақ, Барукент, Саудакент, Құмкент, Созақ  қалалары аталады. Халықаралық керуен жолында, мысалы Орал өзені бойында  пайда болған Сарайшық сияқты жаңа қалалар салынып, дамытылып жатты. Сарайшық ХІІІ ғасырдың екінші жартысында салынды. Ол Шығыс пен Батыстың, Шығыс  Түркістан, Қазақстан мен Орта Азиядан  Еділ бойына, Қырым мен Еуропаға баратын басты сауда жолының  бойында орналасқан.

ХІІІ ғ. аяғы – XIV ғ. басында Отырар қамал – қабырғаларымен қоршалды. Осы кезде тұрғын үй құрылысына өзгерістер енгізілді: сәкі енді бүкіл тұрғын үй көлемінде орнатылды, ошақтың жаңа түрі – түтін шығатын мойыны бар тандыр пеш пайда болды. Ол өте қолайлы ошақ түріне айналды. Үйдің төбесінің салмағы ортасындағы діңгек ағашқа немесе қабырғаларына түсіріліп жабылды. Үйлерде дән сақтайтын қыш ыдыстары бар кілеттер жасалды.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қалаларда басты көшелер сақталғанымен, қала махаллаларының жобасы түгелдей өзгеріске ұшырады. Отырар махаллалары  XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың алғашқы жартысында өзінің алғашқы шекарасынан асқан жоқ.

Жетісудағы қалалық мәдениет жағдайы монғолдар басқыншылығының  алғашқы жылдары айтарлықтай  нашарлай қойған жоқ. Іле аңғарындағы  Қаялық, Ілебалық, Талас және Шу өңіріндегі қалаларда өмір ағысы бірқалыпты, өзгеріссіз өтіп жатты. Алайда ХІІІ ғасырдың ортасына қарай егіншілік және қалалық тұрмыс салты жаппай құлдырай бастады. Жетісудағы қалалық мәдениеттің жойылуына әсер еткен әр түрлі себептер бір-бірімен байланысып, бірігіп кеткені соншалық, оған тіпті отырықшылықтың ежелгі дәстүрлері де, билеушілердің қалаларды сақтап қалуға деген ұмтылысы да, тіпті осы жерлерлен өтетін сауда жолдары да оған қарсы тұра алмады.

Жетісудағы отырықшылық  монғол шапқыншылығынан кейін-ақ құлдырай бастаған. Қалалар ХІІІ ғасырдың ортасында әлі де сауда және қолөнер орталығы ретінде сырттай қарағанда еш өзгеріссіз тұрғандай көрінгенімен, оны асыраушы егіншілік мәдениет жойылып бара жатқан еді. Осыдан кейін қалалар да опат болды.

Талас аңғарында он шақты  қалалар мен елді мекендер өмір сүре берді. Олардың көпшілігі қорғасын-күміс кеніштерінің өндіру қарқыны арта түскен Шелжа маңындағы өзен бойларында орналасқан қалалар еді.

Іле аңғарындағы археологиялық  зерттеулер Алмалы, Талғар, Шілік, Дүнгене, Антонов, Сүмбе, Көктұма қалалары ХІІІ ғасырдың аяғына қарай мүлде үйіндіге айналғандығын дәлелдейді.   XIV – XV ғасырлар деректерінде Ілебалық өңірінде «ешқандай қала, құрылыс жоқтығы, тұрғындары тек қана көшпелілер» екендігі айтылады.[4, 130-133 бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Отырар – қалалық  мәдениеттің ескерткіші

 

Кейінгі ортағасырлық Қазақстан  қалалары бұған дейінгі қалалар  үлгісінде салынды. Қабырғалармен  қоршалған қаланың орталық бөлігі хисар деп аталды – бұл халық жиі қоныстанған бекіністі бөлігінде әкімшілік үйлер, әскери тұрақтар, күмбезді мешіт, бас базарлар мен қолөнер шеберханалары, тұрғын үйлер орналасқан. Хисардың айналасы кала шеті, ауылдық жер болып есептеледі де ондағы өмір салты хисардан, былайша айтқанда қалалық өмірден мүлде басқаша болды.

Қаланың көшелер торы күрделі  болып келеді. Отырарда, мысалы, қаланың  оңтүстік және солтүстік қақпаларын жалғастыратын орталық көшеден  басқа, көлденең бағытта өтетін алты түзу көшесі болған. Шеткі көше қаланы қабырғаның сыртынан бүкіл ұзына  бойына белдеудей орап жатыр. Оның бойында  қала сыртына шығатын қақпалар болған.

Отырардың жобасы әрқайсысы  6-12 үйлерден тұратын махаллаларға бөлінген. Махалланың орташа ауданы 1500 шаршы метрден аспайды, ал махалладағы орташа үй саны -11. Махалла ішіндегі көшелердің ені 2 м-ге дейін, орталық көшеден басталып, махалладағы барлық тұрғын үйлерді бір-бірімен қосып тұрады. Олар әдетте тас төселмеген, беткі қабаты нашар нығыздалған болып келеді. Кейбір үйлердің алдынан жолға дейін кірпіш төселген. Көшелер кейбір жерде кеңейіп, мал қамауға арналған « қалталар» жасалған. Кейде махаллаішілік көше кең аулаға айналып, ішінен шаруашылық мақсатқа арналған шұңқырлар табылады, мұндай аула бүкіл махалла тұрғындарының малын қамауға орын болса керек.

Әр махаллада 2-3 көп бөлмелі үлкен үйлер, 1-2-ден үш бөлмелі, екі бөлмелі, қалғандары бірдей көлемді шағын үйлер кездеседі. Бұған қарағанда жеке «байлар» мен «кедейлер» махаллалары болмаған, байлар мен кедейлер әр махаллада аралас тұрған. Атақты және бай отбасылар үшін бұл қолайлы болған, өйткені олар қызметшіні алыстан іздемей, көршілерін пайдаланған.

Археологтар Отырардан тек  бір ғана махалланы «қышшылар  махалласын» бөліп көрсетеді. Оның тұрғындарының мамандығы – қыш  ыдыс жасау дәстүр бойынша атадан балаға қалып отырған. Ал басқа махаллаларда айналысатын ісі бойынша орналасу салты байқалмайды.[4, 133-136 беттер]

Отырар алқабы ескерткіштеріне  жататын Көк-Мардан қаласы Арыс өзенінің сол жағалауындағы шағын аумақтағы орналасқан ең ірі дөңестердің немесе төбелердің бірі. Әртүрлі өлшемдегі ондаған дөнестер бұрынғы заманда осы жерде тіршілік еткен ата-бабаларымыздың ізіндей үнсіз жатыр. Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейтмантөбе, Ахайтөбе, Шөлтөбе... Бұның бәрі бір кездері арнасы суға толған, бүгінде кеуіп қалған Арыстың ежелгі бір сағасына географиялық жағынан байланысты.[2,51-52 беттер]

Көк-Марданның барлық құрылысы тікбұрышты шикі кірпіштен қаланған. Қабырғалары іргетассыз өрілген: олардың негізі бірден жердің топырағына қойылған. Іш жағынан бірнеше мәрте саз балшықпен сыланған. Төбесі тегіс, ол тірек бағаналарына ұстатылған ағаш бөренелермен жабылған. Әдетте мұнда бағаналар саны төртеу, оны үйдің еденінде сақталған ағаш бағаналарының тікбұрышты ұялары дәлелдейді. Төбеге бөрененің үстіңгі жағына қалың етіп қамыс салынған,бет жағы күл араластырылған саз балшықпен сыланған. [2,56 бет]

Көк-Мардан мекенінің ескерткіштерін археологтар отырар-қаратау мәдениетінің ескрткішіне жатқызады, бұл мәдениет жетіасар және қауыншымен қатар, Сырдарияның төменгі ағысы мен Ташкент алқабындағы көне қалалардың мәдениетіне тән келеді, қытайдың жазба деректеріне сәйкес бұл Қаңлы мемлекеттік бірлестігіне сәйкестендіріледі.[2, 67 бет]

Пұшық – Марданның орталық бөлігінде негізі 70*100 м болатын, шығыс жақ беті тіке жар және батыс жағы жайпақ екі қабаттан тұратын биіктігі 12 м болатын дөң бар. Дөңнің төрт бұрышты сұлбасы солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған. Оның жан – жағынан ежелгі Арыспен жалғастырылатын ор қазылған. Өзінің топографиялық белгілері бойынша бұл дөң Оңтүстік Қазақстанда «алаңы бар төбе» деген атаумен кеңінен мәлім ескерткіштер түріне жатады.

Орталық Пұшық – Марданды, батыс жағын айтпағанда, жан-жағынан тұрғынжай құрылыстарын жауып жатқан төрт метрлік тегіс дөңдер орналасқан, бұл рабадтың қалдықтары болып табылады. Сол дөңнің айналасында ор бар, ол көзге ойпаттанып білінеді, онда жыңғыл және басқа шөптер өсіп кеткен. [2, 57 бет]

Кемел Ақышевтің басшылығымен жүргізілген қазбалар Отырардың  әр кезеңге тән қабаттарын анықтап  берді. Отырардағы тіршіліктің соңғы  кезеңі археологиялық зерттеулерде І және ІІ құрылыс қабаттары деп  белгіленген үстіңгі қабаттарға сай келеді. ІІ құрылыс қабатына жататын тұрғын үйлердің бір жобамен  жасалғандай ұқсастығы, екі көрші  үйдің ортақ қабырғасында бір  пеш кенінің болуы осы қабат  үйлердің бір мезгілде тұрғызылғанын  көрсетеді және осы қабатқа бүкіл  қалалық өрттің бір уақытта болып, бір мезгілде бұзылу іздері тән. Осы  қабатта көптеген үйлерді қамтыған өрт іздері байқалады. Қабаттағы  өрт жалпы қалалық сипатта  болған.

Осы ІІ құрылыс қабатынан  үш күміс және төрт мыс көмбе табылған. 1- күміс көмбе І қазба орнында табылып, оның уақыт жағынан ең кейінгі теңгесі 1645 жылы соғылған. 2-күміс көмбе ІІ қазба орнында табылған және оның уақыт жағынан ең соңғы теңгесі 1649 жылы соғылған. 3-күміс көмбе ІІІ қазба орнында табылған және оның уақыт жағынан ең соңғы теңгесі 1640-1642 ж.ж. жатады. 1-мыс көмбе VI қазба орнында табылған және оның уақыт жағынан ең соңғы теңгелері 1655-1663 ж.ж. соғылған. Қалған мыс көмбелердің дәл уақытын көрсететін теңгелер жоқ. Алайда олардың құрамы бір-біріне жақын. Күміс теңгелердің бір-біріне жақындығы күмән туғызбайды. [6, 13 бет]

Информация о работе Орта ғасырдағы қазақстан қалалары