Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықтау;
2. Сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгілеу.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1-тарау. Лексика және оның қатысымда қолданылуының ғылыми-теориялық негіздері.
1.1. Тіл және сөйлеу, сөз қолдану мәдениеті........................................................5
1.2. Лексикалық норма және оның қолданылу аясы..........................................25
2-тарау. Сөз қолдану мәдениеті.
2.1. Сөздің қолданылу ерекшеліктері.................................................................33
2.2. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестердің сөйлеудегі (жазудағы қолданысы)............................................................................................................41
2.3. Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану............46
2.4. Сөздердің сөз тіркесі мен сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері, грамматикалық норма..........................................................................................49
2.5. Жазба жұмыстарда болатын қателер және олардың жіктелуі..................77
Қорытынды...........................................................................................................86
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі..................................................................90

Файлы: 1 файл

сөйлеу әрекетіндегі лексикалық нормалары.doc

— 586.50 Кб (Скачать файл)

           Екіншіден, дәл сөйлеуге қажетті шарттардың  бірі – мағыналас сөздерді, олардың  деректі, дерексіз ұғымды білдіретін түрлерін талғап, таңдап қолдана білуге баулу.

           Үшіншіден, сөз- белгілі бір зат пен құбылыс  атауы. Сөзді білгенмен оның қандай  затты, құбылысты белгілейтінін  білмеген немесе шала-шарпы ғана  білген оқушы дәлдіктен көз  жазып қалады. Кейде осы аталғандар керсінше зат пен құбылыстың дәл атауын қалай аталуын білмеу, не оған мән бермеу сөз дәлдігінен жаңылуға себеп болады. Мысалы, бота деудің орнына түйенің баласы, немесе қырықтықшы деудің орнына қой қырқушы, сақпаншы деудің орнына қой төлдетуші деп сөлекет қолданып тұрады [23,58].

           Тілде  толып жатқан өзара мәндес, мағыналас  сөздер бар. Бұл қасиет сөздерді  реті келген орайды, белгілі бір  мақсатқа сәйкес талғап, саралап  дәл жұмсауға мүмкіндік береді.

           Алайда  мағыналас сөздер бір-біріне қаншама жақын, мәндес болғанымен, олардың бойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа да тәуелді. Сондықтан тіл мәдениетіндегі дәлдік тіл стильдеріне де байланысты болады.

           Сөз  дәлдігі - әдеби тіл стильдерінің (көркем әдебиет, публицистика, ғылыми, ресми стиль) бәріне бірдей сапа болып табылады. Дегенмен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда, бұлардың ішінде зерттеушілердің алдымен ауызша ғылыми стилі, іс-қағаздар стилі.

           Сөз  дәлдігі сөйлеу тіліне де қатысты. Мысалы, емтиханнан бес алды – емтиханнан үздік баға алды; емтиханнан құлап қалды – емтихан тапсыра алмады. Сөйлеу тілінде алғашқы сыңары қолдана береді, ал ресми стильде екінші сыңары қолданады.

           Тілде  толып жатқан варианттар, мағыналас сөздер бар. Әдеби тілдің функциональдық стильдерінде кейбірінде (сөйлеу тілі, көркем әдебиет) олар белгілі бір мақсатқа байланысты жарыса қолданылып та жатады. Ресми стильде синоним мен вариант сөздердің қолданылуы шектеулі болады. Мысалы, заман, кезең, дәуір тәрізді сөздер синоним ретінде ауызекі стиль мен көркем әдебиет стилінде қолданыла береді. Ал ресми стильде әрқайсысының нақты қолданысы, терминологиялық ұғымы бар. Мысалы: қазіргі заман тарихы, өтпелі кезең, дәуірдің қозғаушы күші.

           Тіл  мәдениетінің ең бір түйінді мәселесі – сөздің әсерлілігі. Тілді әсерлі етудің алуан түрлі амал-тәсілдері бар. Тіл әсерлілігін сөз, сөйлем, қайырым, тарау, бөлім, тіпті тұтас шығарманың өзіне де қатысты. Әсерлі сөйлеу мен жазудың тілге тікелей байланысты шарттары бар.

           Біріншіден, орфоэпиялық норманы сақтау, дауыс, интонация, үн әуезділік арқылы ойды тыңдаушы мен оқушыға әсерлі жеткізу мүмкіндігі. Мысалы, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің өзіндік интонациясын, диалогтағы кейбір жеке сөздер, қаратпа, қыстырма сөздерді т.б., дұрыс айту нормалары бар қасиетті жасауға көмекші болады.

           Екіншіден, ойды әсерлі жеткізудің әдістері  сөйлем құрауға да байланысты. Мысалы, сөйлемдегі сөздердің орнын  ауыстыру, бірыңғай мүшелерді пайдалану, ұйқас т.б. пайдалану да әсерлілікті күшейту әдістеріне жатады.

           Үшіншіден, тілдегі бейнелегіш тәсілдер  мен көркемдегіш тілдік құралдар  түгелдей осы тілдің әсерлілігіне  қызмет етеді.

           Тіл  мәдениетіне қажетті аса маңызды  сапалардың бірі – сөз тазалығы. Тіл тазалығына қатысты алуан түрлі мәселелер бар:

           1) Тілімізде  бөгде сөздің қалай болса, солай  араластырып қолданыла бермеуі. Мысалы: остановкада тұр, звонит етті т.б.                           

           2) Басқа  тілден екінші тілге сөз алу, жаңа ұғымның пайда болуы тәрізді заңды құбылыстардың шылауында ілесіп жүрген жөнсіз калькалар тіл тазалығына нұқсан келтіреді. Мысалы: түбек дегенді жарты арал, саулық қой дегенді аналық қой немесе аналық бас т.б.          

           3) Жергілікті  говор, диалект сөздерді таңдамай, сараламай қолдану. Мысалы: бойлай (үнемі), ылғи (өне бойы), бәткерде қалу (әшкереледі), дейін, шейін (шекейін) т.б.

           4) Ойға  басы артық, қыстырма сөздерді  жиі қолдану. Мысалы: әлгі, я, мәселен, яғни, сосын т.б.

           Тіл  қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы ғана қалыптасып, тіл арқылы ғана жарыққа шығады. Тіл – адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды. Осы себептермен де сөйлеу мәдениетіне жетілу, тілді дұрыс та тиімді және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде-ақ басталған[24,216].

           Адамдар  өздерінің өмірлік серігі, бүкіл  тіршілігінің құралы, рухани өмірінің айнасы – тіліне, оның тағдырына бейтарап қарамаған, оны қызғыштай қорып мәпелеген. Қоғамның мәдени дәрежесін көтеру бағытындағы әрбір қадам, алдымен, тіл мәдениетін, жазу, сөйлеу өнерін дұрыс жолға қою, оны үздіксіз жетілдіре беру талабынан басталып отырған. Байырғы замандарда пайда болған алғашқы грамматикалық топшылауларды «өнер табысы», «грамматикалық өнер» деп атау, грамматиканы сөйлеу, жазу өнеріне үйрететін риторика, стилистика деп аталатын ғылымдардың пайда болуы айтылғандарды дәлелдесе керек.

           Тіл  тазалығына, сөйлеу шеберлігіне  қазақ халқы да ерекше мән  берген. Ғылым –білім дегендерден  алыс жүрген замандардың өзінде  де тіл өнерін өнердің өнері, «Өнер алды- қызыл тіл» деп  бағалаған.

           Тіл  ұстартқан халқымыз тіл өнерін мәпелей отыра, сол қадірлісінің қадірін түсіретін, оған жауапсыз қарайтын, сөз мәнісін білмейтін топастыққа да жирене қарап, олар атына ащы да өткір сындар айтқан [25,63]. «Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен», «шіріген ауыздан іріген сөз шығарған» деген сияқты мақал-мәтелге айналып, мірдің оғындай өткір де ащы мысқылдарды тілді бұзушыларға, сөз жүйесін білмейтіндерге қарсы айтқан.

           Халқымыздың  баяғы заманнан бері қарай  келе жатқан осы жақсы дәстүрі  біздің заманымызда ұмытылмағаны  былай тұрсын, қайта ғылыми негізде дамытылып жүр. Мерзімді баспасөздер беттерінен белгілі болғанындай, алпысыншы жылдар ішінде тіл мәдениеті, баспасөздер сауаттылығы мәселелерін жетілдіре беру ісіне ерекше қарқын беріледі. Бұл салада ұшығып бара жатқан біраз жағымсыз жайттар батыл сынға алынады. Пікір алысулар барысында айқындалған олқылықтарды болдырмаудың, сөйлеу тілі мен баспасөздің мәдениеттілігін арттыру шараларын белгілеу мақсатымен баспа ұйымдары арнайы республикалық кеңес өткізді. Содан бергі өткен уақыт ішінде конференция белгілеген шараларды жүзеге асыру бағытында елеулі істер жасалды, баспа орындарының ұқыптылығы артты, басылымдардың орфографиялық сауаттылығы жақсарды, туған тіліміздің тазалығына, қалыптасқан нормасына кеселін тигізетін тіл бұзарлыққа қарсы бағытталған күрес күшейді. Бірақ алуан түрлі мамандықтар өкілдерінің радио, теледидар арқылы күнбе-күн ауызекі айтып жататын хабарларынан сөйлеу мәнеріміздің, интонациямыз, акцентуациялық құбылыстарымыз, кідірістеріміз тіліміздің артикуляциялық базасына, дағдысына, дәстүріне сай қолдана бермейді. Пікірді ауызекі айтып беру мен жазба түрде беру арасындағы жағдай өзгешелігінен де болар, тіл бұзарлық тілдік материалдардың бей-берекетін кетіріп, талғаусыз қолдана салу жазба тілге қарағанда сөйлеу тілінде әлдеқайда мол және алуан түрде кездеседі. Солардың бірнешеуін атап өтейік.

           Қай  халық тілінде болса да сөздердің  бір-бірімен тіркесуінде орныққан  заңдылық болады. Ол заңдылық, біріншіден, сөздердің тіркесімпаздылық қабілетіне, екіншіден, сөздер байланысындағы салаластық немесе сабақтастық қатынасқа негізделеді. Байланыстың соңғысы жетектелуші (бағынушы) сөз, жетектеуші (бағындырушы) сөзден құралады. Өмірдегі сияқты тілде де жетектелуші жетектеушіге ілеседі. Тілде қалыптасқан осы заңдылықтың орынсыз бұзылып, біз бардық онда, қол қойған журналға, оқыдық бұл материалды деп айтуды тілге енген жаңалық, оның сымбаттылығын арттыратын, оны дамыта түсетінін білдірмейді. Ауызекі тілде аяқ басқан сайын кездесіп отыратын тіл бұзарлықтың ең бір өрескел түрі – қазақша-орысша сөздерді орынсыз араластырып, қойырпақ жасап сөйлеу. Мысалы, телевизия хабарына қатысқан кейбір жолдастардың сөздерінде айтылған подсобное хозяйство салдық, маршрут такси жолаушылары, компортабельді, спортивный мероприятияға көп көңіл бөлеміз деген сөйлемдер кездеседі. Радио, телевизия арқылы күнбе-күн беріліп жататын хабрлардың молдығын ескерсек, сол хабарларға қатысушылар сөздерінде кетіп жататын жоғарыда келтірілгендей тіл бұзарлықтың, әдеби тілімізді шұбарлар, оның сиқын кетіретін көріксіз жайттардың қандай мөлшерде екенін  шамалау қиын болмаса керек[25,72]. Ал ол оқушы тіліне әсер етеді.

           Тіл  шұбарлаушылық туған тіліміз  ішіне екінші бір тілдің сөздерін  орынсыз енгізуде, қабылданған терминдарді  бұзуда ғана болып жүрген жоқ, сонымен бірге әлденеше ұрпақтың күшімен жасалып, сан ғасырлар бойында жетіліп, қалыптасқан сөйлеу мәнеріміздің, интонациялық, акцентуациялық құбылыстардың, екпін түрлерінің бұзылып, басқа тілдің сөйлеу мәнерімен айтыла бастауын да сөйлеудегі тіл бұзарлыққа жатқызсақ керек. Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдарда жекелеген азаматтар сөздерінен мұндай жайттар да жиі кездесіп жүр. Әрине, бұл сол азаматтардың мәдениеттілігінің, білімділігінің көрсеткіші бола алмаса керек, сондай-ақ ол кейбіреулердің айтатынындай, тілдер жақындасуының да үлгісі емес, тіл тазалығын, тіл мәдениеттілігін бұзатын іс.

           Сөйлеу  мәдениетінің жоғары болуы –  халық мәдениетінің жоғары болуы, рухани өміріміздің өсуі. Сондықтан  радио, телевизия, оқу орындары мен  кино, театр, үгіт-насихат орындары елге таратылатын хабарлардың идеялық мазмұнымен қатар соны жарыққа шығаратын тілдің не нормаға сай, бейнелі не тартымды болуына ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл ұйымдар, мекемелер, өздерін тек белгілі бір хабар таратушы деп санамай, сонымен бірге тіл көркемдігін, тіл шеберлігін, тілді қолданудың жақсы үлгісін таратушыларымыз деп санаулары керек[26,113]. Мұны рухани өміріміз дамуының бүгінгі күнгі маңызды талаптарының бірі, өскелең ұрпақтың тіл мәдениетіне жауапты болуы қажет. Сондықтан оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіру ана тіліміздің нормасындағы тілдің жатықтығы, мәнерлілігі, әсерлілігі, тазалығы сияқты тіл сапаларын игеріп, қатенің не үшін қате екендігін үйрету бағытында жүргізіледі.

           Бұл  пікірлерге қарағанда, тіл мәдениеті  екі бағытпен қарастырылады. Соның бірі – жазба тіл мәдениеті. Ауызекі сөйлеу тілі де, жазба әдеби тілі де бір-бірімен тығыз байланысты. Екеуі де жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып дамиды. Белгілі тілдік нормаға (дәтүрге) сай жүйеленеді.

           Тілдік  норма – бір тілде сөйлейтін ұлт (халық) толық қабылдаған, барлығы білетін, түсінетін тілдің материалдық және мағыналық жағынан даму барысында жүйеленіп қалыптасуы, осының заң-ереже жиынтығы.

           Т.Қордабаев: «Лингвистикада дыбысты тіл екі  салаға бөлініп қаралады. Бірінші саласы – тілдің материалдық жағы, екіншісі- мағыналық, функциялық жағы.

           Тілдің  материалдық жағына ондағы дыбыстрдың, сөздердің, грамматикалық формалар  мен үлгілердің жиынтығы жатады. Бұлар тілдің материалдық жүйесін  қарайды.

           Ал тілдің функциялық жағына оның материалдық жүйесінің адамдар арасында атқаратын қатынас құралдық қызметі жатады», - дейді [11,17].

           Тілдік  норманың жүйесін толық сақтайтын  жазба тіл. Соның ішінде жазба  әдеби тіл.

           Ал  жазба әдеби тіл туралы С.Исаев: «Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін хлықтың бәріне не көпшілігіне ортақ, түсінікті, қоғамдық қызметі әр алуан жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған түрі», - дейді [27,51].

           Тұжырымдағанда, әдеби тіл – қалыптасқан жүйелі  нормаға негізделген, жалпы халықтық  тілдің жетілген, ең жоғары сапалы түрі.

           Ал, жазба тіл өзіндік ерекшелігіне  қарай бірнеше стильдік тармақтарға  жіктеледі. Әр әдеби тіл стильдерінің  қалыптасқан тілдік нормалары  бар. Сондықтан оқушылардың тіл  мәдениетін қалыптастыру үшін  осы әдеби тіл стильдеріндегі  мәтіндердің құрылымдық және тілдік ерекшеліктері игертіледі.

           Тұжырымдай  келгенде, оқушылардың тіл мәдениетін  дамыта оқыту жұмысы мына төмендегі  жүйеде жүргізіледі:

1. Тіл – ұлттық белгі, халықтық  мұра, дүниетаным құралы.                              

2. Қарым-қатынас және сөз мәдениеті.

3.Әдеби тіл нормалары: лексикалық  норма, грамматикалық норма, стилистикалық  норма, орфоэпиялық норма, орфографиялық  норма. 

4. Ауызша сөйлеу мәдениеті. 

5. Жазбаша сөйлеу мәдениеті.

 

 

                       1.2. Лексикалық норма және оның қолданылу аясы.

 

           Академик  Л.В.Щерба өзінің «лексикографияның  жалпы теориясын жасау тәжірибесі»  атты бағдарламалық мақаласында  сөздіктердің негізгі типтерін  анықтауды мақсат етеді. Ғалым  академиялық типтегі сөздікті  анықтамалық сөздікке қарсы қоя отырып, түсіндірме сөздік аталып жүрген бір тілді сөздіктерді екі топқа бөледі [28,89].

           Ғалымның  пікірі бойынша, түсіндірме сөздіктер  әдетте белгілі бір әдеби тілге  қатысты не сол әдеби тілдің  қалыптасуына, нормалануына қызмет  ету мақсатымен («Француз академиясының сөздігі») немесе сол әдеби тілдің белгілі бір себептермен түсініксіз болып отырған элементтерін айқындау мақсатымен, демек, бұл жолы да әдеби тілді қалыптастыру, оны байыту, ең бастысы – оның байлығын жақсы меңгеру мақсатымен жасалады. Ғалым академиялық және анықтамалық сөздік терминдерінің шартты түрде алынып отырғандығын ескертеді, яғни ғылыми терминнің шарттылығын мойындайды.

           Академиялық  сөздікті адамның өзі бұрыннан  білетін сөзінің қолданылу ерекшеліктерін айқындау, біле түсу мақсатымен құрылатын кітап ретінде, ал анықтамалық сөздікті тек қана сөздің мағынасын анықтау мақсатымен қаралатын кітап ретінде қарастырады.

Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы