Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 08:02, реферат
Қазақ киіз үйінің шығу төркініне тоқталғанда қытайлық қазақ ғалымы Ясын Құмарұлы оның арғы сорабы мен көріністік ерекшелігін Қытайдың орта жазық өңірлеріндегі ата-бабаларымыз қоныстанған ежелгі өңірлерден тауып, осыдан 5 мың жыл бұрын жасалғанын тілге тиек етеді. Ал қазақ мәдениетін зерттеуші қытайлық ғалым Су Бихай: «сақтар көшпенді өмірге үйлесу үшін киіз үй тігуді білген, киіз үйлер сыртынан қарағанда дөңгелек пішінде болып, ішін ағаш керегеден 6-10 қанат етіп, жеңіл уықтар шаншып тігетін етті».
Қытай қазақтарының тұрмыс-салты
Астана. 24 қыркүйек.
BAQ.KZ – Қытай қазақтарының тұрмыстық
салт-дәстүрі тұтас қазақ
1. Үй- жайы
Қазақ киіз үйінің шығу төркініне
тоқталғанда қытайлық қазақ ғалымы
Ясын Құмарұлы оның арғы сорабы мен
көріністік ерекшелігін Қытайдың орта
жазық өңірлеріндегі ата-
Ал үйсінге ұзатылған Хан патшасының қызы
Ши Жүн ханшаның: «дөңгелек үй, туырлық
там орнына, ет жеп, қымыз ішеді ас суына»
деп ел жұртын сағынған жырынан да үйсіндердің
киіз үйде тұратындығы меңзеледі.
Киіз үй керегесінің санына қарай «алты
қанат», «сегіз қанат», «он екі қанат»
болып көп түрге бөлінеді. Уықтың басын
буып қалқиған қара қосты «абылайша» деп
атайды.
Киіз үй құрылымы жағынан – кереге, уық,
шаңырақтан құралады. Сыртынан туырлық,
шаңыраққа түңлік жабылады. Есігіне жарма
есік (сықырлауық) ұсталады. Киіз үйдің
сыртқы әбзелдері туырлық, үзік, таңғыш,
бас арқан, белдеу, шалма, желбау, басқұр,
туырлық бау, үзік бау, бақан, ши секілді
түрлерге бөлінеді.
Үйдің ішкі жиһаздары мен басқа да керек-жарағынан
абдыра, ағаш төсек, адалбақан, алаша, асадал,
аяққап, бөлшек, дастарқан, жүкаяқ, кебеже,
сандық, қоржын, көрпе-жастық, құстөсек,
сандық қап, сырмақ, текемет, түскиіз секілділерді
атауға болады.
Шынжаң қазақтарының ата мекеніне ірге
тепкенінен қазірге дейінгі тарихында
киіз үй және көшпенді тірлігінен әлі
қол үзіп көрген жоқ. “жаз жайлау, қыс
қыстау” өмірі сол ата бабаларымыздан
қалған ескі дәстүрмен жалғасып келеді.
Қыстаулар немесе отырықты елдің үйлері
сол өңірдің жаратылысына сай тастан,
ағаштан, шымнан қаланатын болған. Осы
үйлермен қатар “шошала” (кей жерде “тошала
үй” делінеді) деп аталатын шошақ төбелі
үйлер болды. Оның құрылысы киіз үйге ұқсас
келеді.
Өткен ғасырдың орталарынан кейін ғана
балшықтан, кірпіштен, күйген кірпіштен,
бетоннан үй тұрғызу жалпыласа бастады.
Қазіргі кезде қытай қазақтары киіз үйдің
өзін ағашсыз жеңіл метелдардан тұрғызатын
болды.
Қытайлардың “отырықты орында мал бағу”
саясаты және жайлауларды саяхат орнына
айландыруына байланысты ондағы қазақтардың
көшпелі тұрмысы да жыл сайын азайып барады.
2. Киім-кешегі
Төрт түлік туралы сөз
болғанда қазақтарда «мінсең ат, саусаң
сусын, кисең киім, жесең тамақ» деген
тәмсіл бар. Демек ата-бабаларымыз
төрт түлікті тіршілігінің арқауы етіп
келгені белгілі.
Малдың терісі мен жүні қазақ халқының
ғасырларға жалғасқан ең негізгі киімі
болды. Сол үшінде: «тоғыз қабат торқадан,
тоқтышақтың терісі артық» деген мәтел
бар.
Қазақ даласының ескі жұрттарынан табылған
баскиім үлгісі «шошақ тымақ» түрінде
кездеседі. Есік обасынан, Шілікті жазығынан
және 1983 жылы Қытайдың Күнес ауданынан
табылған жәдігерлердің ішінде «шошақ
тымақ» айрықша көзге түседі.
Баскиім жағында «қыста ұзын және жалпақ
милығы, мойынды жауып тұратын желкелігі
бар шошақ төбелі тымақ киді. Мұндай баскиім
елтіріден немесе түлкі терісінен тігілді.
Жиегін дөңгелете аң терісі тігілген шошайма
баскиім ерекше болды. Боран болған кезде
баскиімнің сыртынан кең жалбағай киінетін.
Жазда ми қайнатқан ыстықта жұқа ақ киізден
тігілген биік шошақ төбелі қалпақ киді.
Айыр қалпақ деп аталатын қайырмасы бар
және қайырмасы тілік қалпақ кең таралды»...
ұзатылмаған бойжеткен қыздар жас келіншектерден
өзгеше, жиегіне аң терісі тігілген, әсем,
шошақ үкілі бөрік киді. Келін алғашқы
түскен жылы әдетте тойға киген баскиімін
– сәукеле киіп жүрді. Бір жылдан кейін
ол сәукелесін тастап желек киетін болды.
Желекті тұңғыш баласын немесе екінші
баласын туғанға дейін киді. Кимешек –
30-40 жастағы әйелдердің кесте тігілген
бас киімі. Бірнеше баланың анасы болған
орта жастағы әйелдер біршама қарапайым
баскиім – жаулық жауып жүрген. Қазақтың
егде тартқан әйелдері сәукелеге ұқсас
дөңгелек бас киім – күндік киіп жүретін
болған»(97).
Қытай қазақтарында ерлердің қыстық баскиімі
“керей тымақ”, “қызай тымақ”,“қызай
қалпақ” деп бірнеше түрге бөлінеді.
Қыздардың бас киімі: алуан түрлі моншақтармен
безендіріліп, кестеленіп, әрленіп тұратын.
Қыз баланың басына кішкене күнінен үкілі
төбетай (маржандармен безелген, үкі тағылған
тақия), бойжетіп қалған кезінен бастап
маржанды шашақ, үкі тағылған бөрік кигізілетін.
Бөрік әр үйдің ауқатына жарай құндыз,
сусар сияқты қымбатты хайуан терілерімен,
тіпті болмағанда қара мақпалмен қиюланады.
Қыз ұзатылған кезінде алуан түрлі кесте
және моншақтармен безелген шошақ төбелі
сәукеле киеді. Бірақ сәукеле кию салты
19-ғасырдың соңынан кейін негізінен қалды.
Кейіндеп жаңа түскен келіншек желек(көбінше
қызыл торғыннан жасалады) немесе әсем
тоқылған қызыл, ақ бөрте салып жүретін
болды. Жаңа түскен келіншек бір жылға
дейін желегімен жүретіндіктен, қазақтардың
аузында “желегі желбіреп тұр” деген
сөз жалпыласқан. Бір жылдан кейін (немесе
бір балалы болғанға дейін) желек орнына
кестеленген, маржанды, салпыншақты киімешек
шылауыш киеді.
Қазақ әйелдерінің кимешек шылауыштары
жас кезінде, барынша ашық, әсем жібек
жіптермен қанық және жиі кестеленеді.
Алдымен кимешек киіледі де үстінен шекесіне
шылауыш тартылады. Шылауыштың маңдайы,
төбесі
( тіпті етегіне дейін ) кестеленіп, маңдайына
күміс салпыншақ тағылады. Кимешек шылауыштың
жасауында жалпы үлгісі ұқсаса да кейбір
үлкен тайпалардың (үйсін, найман, керей)
әйелдерінің кимешек шылауышында айырма
да болады.
Үйсін әйелдері кимешектерін баспалап
тігеді де, кимешегіне маңдай (шылауыш
орнына) қояды. Ал керей әйелдерінің кимешегінің
жағы кең тігіледі де, құлағы, самайы көрініп
тұрады.
Қызай әйелдерінің кимешегі көбінше кестеленіп
(ішінара кануалап) тігіледі де, жағы басына
лайықтап тігіліп әдетте құлағы көрінбейді.
Қазақ әйелдері жасы ұлғайып кеткенде
кимешек шылауыштарын шалаң кестелеп
киеді. Өлімді-жітімді болған кездерінде,
қызыл алалы кестелі кимешек-шылауыштарын
бір жылға дейін кимей, бастарына қаралық
салады. Ал күйеулері өлген әйелдер кимешек-шылауышты
мүлде кестесіз (тек лайықты дәрежеде
ақ, сары машина жіппен өрнектеп) киеді.
Келіншектердің кимешектерінің алды көрікті,
кестелі болудан сырт, оған маржандап
сөлкебай тағылады. Шылауыштарының маңдайна
тағатын салпыншақтары асыл меруерт маржандардан
немесе күмістен жасалады. Бас киімде
әсемділік әйелдердің көркін асыра түседі.
Қазақ қыздары мен келіншектері алуан
түрлі торғыннан, барқыттан, бал барқыттардан
желбіреуік салып көйлек киеді, көйлектерінің
сыртанан камзол (немесе жеңсіз қысқа
казекейлер) киеді. Камзолдарының кеудесін
кестелеп өрнектейді. Оған қыз балалар
толып жатқан түрлі моншақ (түйме, маржан,
сөлкебай т.б.) қадайды.
Әйелдердің қыстық, жаздық шапандары және
ішіктері өз дәуірінің ең жаңасын, ең асылын
өлшем ететін. Олардың жүн тартқан ұзын
қысқа шапандары, ішіктері тек ең асыл
кездемелермен тысталып, ең асыл терілерден
жасалатын. Бірақ көрінісі жағынан ұқсас
болмаған бай, кедей үй әйелдерінің киімі
сапа жағынан бірінен бірі өзгеше болды.
Әйелдердің дағдылы үнемілік аяқкиімі
бұрын көбінше кебіс мәсі болатын. Ауқатты
үй әйелдерінің аяқкиімі сән-салтанат
үшін тігілген кестелі етік, көк сауырдан
тігіп оюлап күміс құйма қақтырған кебістер
болды. Әйелдер, қыздар бұрын сым орнына
әсемдеп, кестелеп тізе қап киетін. Жазда
астарлап қана, қыста жүн тартылып тігілетін.
Онда ау, ышқыр болмайтын. . .
Заман өзгерісіне қарай қазақ әйелдерінің
қыстық-жаздық киімдерінде үлкен өзгерістер
болды. Ежелгі үлгідегі киімдердің ең
көрікті, ең жақсы түрлері (желбіреуікті
көйлек, үкілі тақия, әсем камзол, бөрте
сал т.б.) ғана сақталып қалды.
Қазақ әйелдері құлақтарына сырға алтыннан,
күмістен, меруерттен, қолдарына алтын,
күміс (немесе жез) білезіктер, саусақтарына
алтынды, күмісті көзіне тас орнатқан
жүзік салады. Қыздар, келіншектер мойындарына
меруерт маржаннан алқа тағады.
Қазақ ерлерінің де өзіне лайық киімі
бар. Баскиімнің ертедегі үлгілері мен
бүгінгі үлгілерінде жақындық болғанның
сыртында, ерлер (ауқатты адамдар) құндыз,
сусар, түлкі терісінен бөрік немесе тымақ
киеді. Түлкінің пұшпағынан, елтіріден
де тігіп киеді. Жаңбырдан, шаң тозаңнан
қорғау үшін тымақ сыртынан киетін қаптаманы
– кұлапара дейді. Онан қалса жалпы қазаққа
ортақ тақия атты баскиім бар. Ол көбінше
қара, жасыл түсті бал барқыттан дөңгеленте
машинамен сырылып жасалады және зерден
жиек- өрнек салынады. Қазір қазақ қолөнершілері
тақияны түрлендіре тігіп, дүкендерде
сататын болды.
Ерлер қыста қой, түйе жүнінен қалың кездемелермен
(шибарқыт, штрке т.б) тыстап кең-мол тігілген
күпі киетін. Қой терісін қолдан илеп,
бояуға салады да, жүнін ішіне қаратып
тон және шалбар тіктіреді. Шалбарларының
балағына, тондарының етек-жеңіне қара
кездемелерден қию қойып, машинамен сырғызып,
әсем түрге кіргізеді.
Ауқатты үйлердің адамдары елтіріден,
қасқыр, түлкі, қабылан терілерінен (ішінара
сусар, құндыз терілерінен) асыл кездемемен
тыстаған қайырма жағалы ішік киеді. Материалына
қарай: тамақ ішік, пұшпақ ішік, орман ішік,
тай тері деген аттары болады. Мұндай ішіктерді
шыдамды шибарқыт секілді кездемемен
тыстап та киеді. Сондай-ақ, жүнін сыртына
қаратып әдемі жарғақ киетіндер де бар
еді. Жаз күндері жауын-шашыннан сақтану
үшін әдемі тоқылған кең сулық шидем болды.
Сырттан киетін жаздық шапандарына жүн
тартылатын. Кездемеден тігілетін сырттан
киетін сымдарын астарлап-жұқалап жүн
тартқызып киеді. Әсіресе жігіттер мен
балалардың сымдары балағы әшекейленіп
тігілетін.
Ерлер жазда жұмсақ, жұқа кездеменден
көйлек, оның сыртынан қысқа жеңді казекей,
алуан үлгіде тігілген шапан киеді. Шапандарының
жағасы, жанқалтасы алуан түрлі болады.
Қазақ ерлерінің аяқ киімі де алуан түрлі.
Көбінше қыстар киілетіні - өкшесі биік,
қоншы тізені қаптайтын шоңқайма етік,
былғарыдан тігілген саптама етік, аңға
киетін қайқы тұмсық жұмсақ етік, жасы
ұлғайған адамдар көбінше жұмсақ былғарыдан
тігілген мәсі немесе шеттік, оның сыртынан
кебіс немесе калош киеді. Кедей кепшіктердің,
жалшылардың қолы жеткені етік кисе, қолы
жетпегендері сиыр терісінен, сиырдың
бас терісінен, пұшпақтан т.б. шақай (шарке,
шабат) тартады.
Саптама етік кию Алтай, Құмыл, Санжы өңіріндегі
қазақтарда қазірге дейін бар. Іле, Тарбағатай
өңірінде қазір көбінше етік-калош (қыста
калошпен киетін киіз етік) кию жалпыласты(98).
Қазіргі кездегі әртүрлі модаларға байланысты
Шынжаң қазақтарының киім-кию үлгісі күн
сайын өзгеріп барады. Соның ішінде қытайдың
киім кию мәдениетінің ықпалы өте зор.
Концерттік кештер, мерекелік басқосулар,
ақындар айтысы секілді көп жиналған орталарда
жиі көрінетін қазақы киімнің күнделікті
пайдалану көлемі күн өткен сайын азайып
бара жатыр.
3. Ішіп-жем және ыдыс-аяғы
Қазақтың малшаруашылық
өмірі олардың ішпек-жемегімен
де тығыз байланысты болды. Қазақты
құраған ежелгі тайпалар заманнан қалған
деректердің бәрі де бұл шындықты
тіпті де айғақтай түседі.
«Үйсіндер мен қаңлылар ет тағамдары ішінде
қой етін, онан қалса жылқы етін көбірек
тұтынды. Қытай мемлекеті құрылғаннан
кейін Текес, Маңғолкүре, Күнес өңіріндегі
қабір қазу барысында «жылқы, сиыр, қой,
ит сүйегі» шықты. Олардың ішінен жылқы,
қой сүйегі жиі ұшырады. Қабірден шыққан
қой сүйегінің «екінің бірінен қанжар
шықты, тіпті қанжар қой сүйегіне шаншылған
күйінде шықты. Бұл сол кездегі адамдардың
өлген адамдарған арнап о дүниеге ас-таған,
керек-жарағын дайындап қойғандығының
образды бейнесі. Сондай-ақ тірілердің
күнделікті тұрмысының шын суреттемесі
екені де табиғи». Сонымен бірге қабірден
тағы ит сүйегінің қаңқасы да шықты. Дәл
осындай көржолдас етілген ит сүйегінің
табылуы сол кездегі малшаруашылығы өндірісінің
ерекшелігін бейнелейді. Өйткені, ит –
малшаруашылық өндірісі жөнінен төтенше
маңызды орында тұрды, мал бар жерде бәрі
ит асырады. Ал ит мал күзетті, итті көржолдас
етіп көму өлушінің о дүниеде де мал өсіру
үшін жан-жақтылы дайындығы.
Қазақ ұлты жылқы етін кәделеп сойып жейді,
ал басқа аз ұлттар жылқы етін өте аз тұтынады.
Қытай мемлекеті құрылғаннан ілгері соғымға
жылқы союға шамасы келетін қазақ отбасыылары
қыста ылғи жылқы сүрісін жеп, қазысын
кәделеп сақтап, онымен сыйлы қонақтарын
сыйлайды. Міне осылардың бәрі үйсін, қаңлы
ұлыстарынан қалған салт екені хақ»(99)
Қазақ халқы сүт өнімдерінен қымыз бен
шұбаттан қалса айран, кілегей, қаймақ,
қатық, қорықтық, құрт, май, ірімшік, уыз,
шалап, іркіт секілді тағамдармен сусындарды
пайдаланады.
Ет тағамдарынан табақ тартудың жолдары
өте көп. Бастыларына – бас табақ, орта
табақ, күйеу табақ, келін табақ, қыз табақ,
қосалқы табақ, сыбаға табақ, сарқыт табақ,
ошақ табақ, ерудік табақ, сый табақ, қойшы
табақ, бала табақ, сыйластық табақ сияқты
түрлерге бөлінеді(100).
Еттен жасалатын - әсіп, бас, борша, жал,
жаубүйрек, жая, жөргем, қазы, қарта, палау,
қимай, шұжық, қуырдақ, құйрық, бауыр, мипалау,
сүр ет, сірне, сырбаз сияқты көптеген
тағам түрлері бар.
Қазақтар сүт, ет тағамдарынан қалса ұн,
тары, күріш, жүгеріні пайдаланып әртүрлі
тағамдар жасай білген. Бастыларынан нан,
жент, бауырсақ, шелпек, көже, құймақ, бесбармақ,
талқан, бидай көже және қуырмаштар бар.
Қазақтың ерте заманғы ыдыс-аяқтары негізінен
ағаштан, қоладын, мыс тан, шойыннан, темірден,
шыныдан жасалатын болған.
Бір тайдың еті толық сиятын ет пісіретіндіктен
оны тайқазан деп атаған. Етті көбінесе
екі құлақты ағаш астаулармен тартатын
болған. Ондай астаулардың екі құлағынан
екі жігіт көтеріп жүретін болған.
Бұдан сырт ағаш желек, саба, күміс піспек,
ағаш тостаған, самаурын немесе жез шәугім
секілділерді пайдаланған. Бүгінгі Қытай
қазақтарындағы бір ерекшелік қазақ тағамдарынының
көбін күнделікті тіршілікте пайдаланумен
бірге «ұлттық асхана», «қазақ асхана»
немесе «қазақ тағамдары рестораны» секілді
ас мәзірін дайындайтын орындарда ежелгі
тағамдардың көбін жасайды. Ондай тағамдарды
өзіміз түгілі өзге ұлт өкілдері де сүйіп
жейді.
4 . Неке салты
Қазақ халқы ежелден текті халық саналады.
Оның басты белгілерінің бірі неке салтынан
көрінеді, араларында жеті атаға толмай
ағайын ара қыз алмайды, әуелі жігіт пен
қыз тұрған «екі ауылдың арасында жеті
өзен болсын» деген шарт та бар, мұның
барлығы ұқсас қандылардың өзара некеленуіне
тиым салудан келіп шыққан. Малшаруашылық
өмірде қалыптасқан: «жақсы айғыр өз жатырына
шаппайды» деген мәтел де соның бір мысалы.
Бұхардың Абылайға: «Ей, Абылай, Абылай
қатын алма қарадан...» деп басталатын
жырының өзі тектілікті сақтауға қаратылған.
Ежелгі хан-патшалардың өзара құдаласуы
да жайден-жай емес.
Құдаласудың өзі «қарын құда», «қарсы
құда», «бесік құда», «әдеттегі құдалық»
деп бірқанша түрлерге бөлініп отырған.
Бұдан қалса қазақта «әмеңгерлік» деген
жол бар.
Қазақтың жалпы неке салты бұл күнде өзгеше
мән алғанымен Қытай қазақтарындағы бұрынғы
дәстүрлердің көп түрі сақталып келеді.
Қытай қазақтарында қыз бен жігіт өзара
сөз байласқаннан кейін ар жағы оны ата-аналарына
немесе аға-жеңгелеріне айтады. Жігіт
жағына иелік ететін ауыл ақсақалы немесе
сөз білетін жанашыр туыстарының бірнешеуі
(кейде жігіт әкесін де ішіне алады) жиналып
қыздың үйіне барады. Қызы арқылы мұны
алдын ала біліп отырған қыз жақ қыз айттыруға
келушілерді ыстық ықыласпен қарсы алады,
ақсарбас сойып қонақ етеді. Қыз айттырып
келушілер жағы сөз бастап: «жас өседі,
жарлы байиды, ұл ержетсе керегең кеңиді,
қыз ержетсе ат байларың болады, балаларымыз
өзара табысып, сөз байласқан екен, сіздерге
құдалыққа келдік» деген бұйымтайын айтады.
Ал қыз жақ: «бала мен бала мақұл болса
бізде не айтар болсын» деп разылық сыңаймен
аттандырады. Әрі «жауабын артынан айтамыз»
деп сөз соңын кейінге қалдырады. Мұның
мәнісі-бірі туыс туғанмен ақылдасу, бірі
қыздан істің анық-қанығын сұрап қайтадан
қадағалауға қаратылған.
Қыз жақтың разылығын алған жігіт жақ
енді оларды «құдалық қонағына» шақырады.
Бұл бір жағынан «құданың от жаққан жерін
көру», бір жағынан «құда болып, құйрық-бауыр
жесіп» келісімге келу мазмұнында жүріледі,
Жігіт жақтың өтініші бойынша құдалық
қонағына кем дегенде 5-6 адам, көп болғанда
15-20 адам барады. Жігіт жақ қыз жақты ақсарбас
айтып сойып үлкен дайындықпен қарсы алады.
Күнімен-түнімен аяғынан тік тұрғызып
күтеді, бұл бір жағынан шағын той сияқты
өтеді, ән шырқалып, би биленеді. Құда-құдағилар,
құдаша-құда балалар өлеңмен айтысып қонағасын
одан ары қыздырады, көп жағдайда бұл күні
қыз жағы жігіт жағына қонып аттанады,
бір қызығы, қарсы алған құдалар жағы келген
қонақтарды ұйықтатпай, таң атқанша күтуге
тырысады, таңертең ұйықтамаған қалпы
аттанып жататын жайттар көп кездеседі.
Қонақтар аттанар алдында құдаларға алдын-ала
дайындалған сый-сияпат ұсынылады, бұл
негізінде бұрынғы дәстүріміздегі «қалың
малдың» өтеуі ретінде жүріледі, бас құда
(қыздың әкесіне ат немесе атаннан тартып
аяғына жұнантай делініп, малдан жетек
жетектетіледі. Шыңжаң қазақтарында 30
жетекке дейін жетектететіндер бар, жетектен
қалса мотоцикл, теледидар, магнитофон,
кілем секілді әр алуан дүниелер ұсынылады,
қыздың үйіне арнап арнайы ақша және «ақтық»
салады. «Ақтық» өлгендер парызы есептеледі.
Қазақтардың «бай мен байдың арасына жорға
жүреді, кедей мен кедей арасына дорба
жүреді» деуі осындайда айтылса керек.
Себебі әлгіндей «құдалық қонағында»
қанша нәрсе беруі жігіт жақтың ауқаты
шешеді, кейде қыз жақтың қатаң талабынан
кедей жігіттің үй-іші келін аламыз деп
қарызға белшесінен бататын жағдайлар
кездеседі.
«Құдалық қонағынан» кейінгі өтелетін
салттың бірі «үкі тағу» немесе «сырға
салу» деп аталады. Бұл жігіттің шешесі
немесе жеңгелерінің қыздың ауылына алғашқы
сапары есептеледі. Мұндайда жайдан-жай
бара алмайды. Ат немесе құнан жетектеп,
қызға арнап алтын сырға алып барады. Мұның
мәнісі бір жағынан «қыз бұдан кейін біздікі,оған
бөгде ешкім тиіспесін» деп жігіт анасының
қыздың баскиіміне үкі қадап, құлағына
сырға салу ырымына қаратылған.
Үкі тағып, сырға салынғаннан кейін екі
жақ тойдың қамына кіріседі. Мұнда көбінесе
қыз жақтың тойға соятын малы мен басқа
да шығындарын жігіт жақ дайындайды.
Той дайындығы біткен соң алдымен қыз
жағы «қыз ұзату тойын» жасайды. Жігіт
жақ өздері дайындаған отау жүгін машинаға
тиеп той жасаудан бір күн бұрын немесе
той жасалып жатқан кезде бір топ болып
тойға келеді. Күйеу бала қызды алып қайтуға
осы көппен бірге келеді. қыз ауылындағы
келіншектер жүктің алдына шығып арқан
кереді. Онан соң жүк шешеді. Мұның бәрі
де кәдемен атқарылады.
Қыз жақтың тойы аяқталған соң, енді тойға
келуші жігіт жақ (көбінесе жеңгелері)
келінді алып қайту қамына кіріседі де
қыздың басына жаулық салады. Қыз босағамен,
ата-анасымен, аға-бауыр, әпеке-сіңлімен
қоштасып «сыңсыма» және «көріс» айтады.
Көрісіп болған соң қыздың жеңгелері мен
жезделері қызды қолтығынан сүйеп аттандырады.
Өз босағасынан сыртқа шығып бара жатқан
қыз артына қайырылып қарамауы керек.
Ол жаман ырым есептеледі. «Келін келеді»
деген күні немесе соның ертеңі жігіт
жақ тойды бастайды. Той басталар кезге
үлгіріп келуі керек. Келін босаға аттар
алдында «беташар» айтылады. Той басқарушы,
пысық жігіт беташар жырымен келіннің
бетін ашады. Жігіт шешесі алдынан шығып,
бетінен сүйеді, «бақытты болсын» айтады.
Келінге шашу шашады. Кейбір жерлерде
босаға аттаған келін алдымен ошаққа май
салады.
«Беташардың» айтылуы тойдың басталуы
есептеледі, қызды ұзатушы топ ішінде
қыз шешесі де болады. Қызды ұзата келгендер
де құр қол келмейді, жігіт жақ құдаларға
арнап «кит» аталатын сый-сияпат ала келеді
қызымызға деп мінер ат, сауын сиыр сыйлайтын
салт та бар.
Ауылды жерлерде той үлкен салтанатпен
өтеді. Шамасы келгендер ат шаптырып, бәйгеден
келген жүйріктерге жүлде таратады. Балуан
түсіріп, қыз қуар, теңге ілу, көкпар тарту
ойындарын жасайды.
Той айяқталғанның ертесіндегі таңғы
шәйді жаңа келін құйады. Екі жақтың үлкендері
ақ батасын арнайды, қызды әкеліп тастаушы
шешесіне сүт ақысы деп бір ат немесе сиыр
жетелетеді. Екі жақ «күйеу жүз жылдық,
құда мың жылдық» деп берекемен тарқасады.
Әр жердің салт-дәстүрлеріне сай жоғарыдағы
некелесу салтының өзге де үлгілері кездеседі.
Күн сайын жаңаланып жатқан мәдени өмірімізге
сай екі жақ бірігіп тек кафе, ресторандарда
ортақ той өткізу жағдайы да көбейіп келеді.
Отбасылық өмір
Отбасылық өмірде қытай қазақтарында
қазақтың ежелгі салт-санасы мен дәстүрлері
біршама молырақ сақталған, үй ішінде
ер мен әйел бірін-бірі ерекше сыйлауы
керек. Әсіресе, үлкендер әйелдердің бойында
«мұсылман әйеліне тән» қасиеттердің
болуын шарт етеді. Отбасының берекесі
әйел болғандықтан «ерді ер ететін
де, жер ететін де әйел» деп қарайды.
Әйел еркектің бетінен алмауы керек,
жалаңбас жүрмеуі керек, денесін
толық жауып жүретін көйлек киіп
жүруі шарт деп қаралады. Ал арақ
ішіп, темекі тарту мұсылман әйелдеріне
мүлдем жат құбылыс саналады.
Әйелдер үлкендердің алдынан кесе өтпейді,
әуелі келіндер үйге кіргенде алдымен
кірсе, шыққанда алдымен шығатын салт
болған. 1980 жылдар шамасы Қытайдың Көктоғай
ауданында тұрып жатқан белгілі ақын,
өнер қайраткері Қалибек Манапұлы әйгілі
ғұлама, ақын Ақытқажы Үлімжіұлының сүретін
салып, оны Ақыттың ұлы Қазездің үйіне
апарып, төр алына іледі, сыртқы күйбеңде
жүріп үйге кірген Қазез шалдың бәйбішесі
(Ақыттың келіні) үйге кіріп келіп, суретті
көріп көзіне жас алып, тәжім етеді, әрі:
«жарықтықтың алдында алдымызбен кіріп,
артымызбен шығушы едік» деп үйден шегініп
шығып кетеді.
Қытай қазақтарында әкемен бала арасындағы
қарым-қатынаста бір-шама жақсы сақталған,
бала болған адам әке-шешесінің бетінен
алмауы керек. Оны үнемі сыйлап жүруі қажет.
Ал әке-шешесі оларды ат жалын тартып мінгенше
(бүгінгі күннің есебімен 18 жасқа дейін)
бағып-қағуы қажет. Ал одан асқан соң ол
азамат болғандықтан өз күнін өзі көреді,
еңбек етіп, нан табуы тиіс деп қаралады.
Қытай ұлтының еңбеккерлігінен үйренген
ондағы қазақтар балаларын жастайынан
еңбекке баулуды парыз санайды. Ауылды
жерлерде мал бағу, егін салу, сауда-саттық
тектес алуан жұмыстарда балалар үлкендерге
жәрдемші болады, ұлдар әкесіне ілесіп,
қыздар шешесіне еліктеп еңбек етуді ата
жолы санайды. Сол үшін де халқымыз «ата
көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
деген аталы сөз қалдырған. Осымен қатар
бізде: «әке тұрып ұл сөйлегеннен без,
шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген
мәтел бар. Бұлар ұл әкесінің ақылын тыңдап
еңбекқор болып өссе, қыз ананың ақ сүтін
ақтап инабатты болып өссін деген ақ тілектен
туған тамаша қасиеттер.
Қытайдағы қыз-жігіттер әке-шешесінің
алдында албаты сөйлеуді, арақ ішіп, темекі
тартуды өздеріне үлкен мін санайды. Інісі
ағасын, сіңілісі әпекесін тыңдағанды
жөн санайды.
Соңғы жылдары Қытай ұлттарында сақталған
беттен алатын безбүйректік, «әйелдер
еркекпен теңбіз» дейтін коммунистік
азғырулар салдарынан қазақ салтына немқұрайлы
қарайтын жаман әдеттер пайда болды, әсіресе,
неге болса да тез еліктей жөнелетін қыз-келіншектер
жағы қазақы таза ғұрып пен мұсылмандықтан
шеттеп, өзге ұлттың озық жағынан гөрі
тозық жағын қабылдауға бой ұра бастады,
бұл олар үшін аса қауіпті індет.
Әдет-ғұрыптары
Қазақ ұлты, мейлі кім
болсын, қонақтарын «құдайдай күтіп»,
мал сойып қызу қарсы алады. Абыройлы
қонақтар келгенде ауыл болып жиналып,
«көк қасқа тай», «ақсарбас қой»
сойып күтеді. Малы жоқтары барын
аямайды, өздері жемей сақтаған қымбатты
тағамдарын меймандарының алдына қояды.
Ал жатарда: «қонақты қондырма, қондырғансоң
тоңдырма»,-деп ең жақсы көрпе-тондарын
соларға жабады, аттарын отқа қояды.
Бұларға жамбас ақы тілемейді. Кетерінде
хош айтып, қолтығынан алып аттандырып
салады. Тіпті, қазақтардың тары-талқан
жеп отыратын тақыр кедейлері
де қонақтарын ренжітіп көрген емес. Бұл
ғадеттер әлі де бар. Қазақтың дәстүрлі
де, даңқты осы ұлттық салты жөнінде
шетелдік бір саяхатшының: «егер
экватор сызығын бойлап ылғи қазақ
ауылдары қонып отырған болса, мен
жер шарын бір тиын ақша жұмсамай
айналып шыққан болар едім»-деген
сөзі өте дәл айтылғаң.
Жер бетіндегі қазақтар ішінде «кең қолтық
керей» атанып осы қонақжайлықты күні
бүгінге дейін сақтап отырғандар Қытайдың
Алтай аймағы мен Монғолияның Баян-Өлгий,
Қобда аймақтарынан көбірек кездеседі,
мүбәдә жолыңыз түсіп сондай үйдің біріне
түсе қалсаңыз, олар сіздің кім екеніңізді
сұрап жатпай-ақ ақсарбас ала жүгіреді.
Үйіне қонақ түскеніне мәз болса, қонақты
ыразы етіп аттандырып салғанына екі мәз
болады.
Қазақтар тамақтың алды-артында қол жуып
бата жасайды. Тамақтану үстінде көп сөйлемейді,
ренжімейді. Қақырынып-түкірінбейді, құлақ-мұрынын
шұқымайды.
Ырымы жасалып кесілген басты үй иесіне,
құлағын баласына ұсынады. Табақ келіндерге
қайтарылады. Келіндер сәлем етіп қабылдайды.
Әңгіме- кеңес тамақ артынан шертіледі.
Түнде сақал-мұртын, шаш-тырнақ алмайды.
Шаш-тырнақтарын күн ашық күні, ас- тамақ,
ішіп-жем, ыдыс-аяқ, орын-көрпеден аулақ
жерде алып, өртеп жібереді немесе көміп
тастайды.
Көп санды қазақтар жұма күні кір жумайды,
сейсенбі күні жолаушы шықпайды.
Қазақ әйелдері алғашқы жаңбыр жауып,
күн күркіреген күні: «сүт көп, көмір аз»,-
деп белдеу айлана бір шөміш сүт шашып
шығады. Мұнысы табиғаттан құлшылық тілегені
болса керек. Сыпыртқымен бала ұрмайды,
оның «әр талында бірден шайтан тұрады»,-
деп есептеп, сібірткімен бала ұрғандарды
өте жек көрген. Бұл ғадет олардың аурулардан
сақтанып, тазалықты қастерлейтіндігін,
әсіресе, балалар денсаулығына өте көңіл
бөлетіндігін көрсетеді.
Қазақ малшылары таң сәріден тұрып, тамақтанып
малын өрістетіп, кешке дейін мал соңында
болады. Кеште мал сауып, малдарын қоралайды.
Мұны «ел орынға отырған уақыт» деп атайды.
Кешкі ас-суларын ішкен соң, қора (қотан
депте атайды) шетіне қарақшы тігіп күзет
қойып барып ұйқыға жатады. Шопандар жаз
мезгілі түстерде қойды қорада жусатады.
Ал, күздің қысқарған күз мезгіліндегі
түстерде қойды қораға әкелмейді. Мұндайда
олардың түскі қорегі – «қорықтық» болады.
«Қорықтық» дегеніміз-үлкен ағаш саптаяққа
(қойшылар мұны қанжығаға байлап жүреді)
екі-үш кесек, қатты қыздырылған ақ тасты
салып пысырған қой-ешкі сүті.
Түндерде дала және киіз үй ішінде жағылған
оттарды сөндіріп, немесе көміп барып
жатады. Мал күзетіндегілер кештерде «Бастанғы»
жасап ән айтып, «Алтыбақан» теуіп сауық
құрған күндері болмаса, бет алды от жақпайды.
Сөйтіп олар тек өз қоралары ғана емес,
айнала төңіректің өрт апатының кетіп
қалмауынан ежелден сақсынып отырған.
Шынжаң қазақтары адамдар ара бауырмалдық,
ар-ұят дегендерді де басты орынға қояды.
Күн көріс нашар жанұяларға аудан, ауыл,
туыс-туған болып көмектесіп, оның «торқалы
той мен топырақты өлімін» бірге көтеріседі.
Қытай қазақтарының ішінен «қайыршы, тілемші»
атауын естімейсіз. әрі көрмейсіз. Адамдар
ара шындықты айту өте жоғары орында тұрады.
Өтірік айту, ұрлық істеу – кешірілмес
күнә саналады. Біреу уағдасына жете алмаса
басқалар оған «ұят болады» десе, бұл үлкен
мін саналады. «Ұят» атты бір ауыз сөз-ақ
талай жанды көрге сүйрейді.
Қазақ жаралмыштан ауыл үйге ылаң салатын
барлық қылмыскерлерді жек көріп оларға
қарғыс жаудырып келген. Осылардың ішінде,
әсіресе өз күшіне сүйеніп жан бақпайтын,
адал қауымның қан-терін сүліктей соратын-
ұрлықшы қиянатшы, өтірікші, зинақор, арсыз-намыссыз,
содыр-сойқандарды тіпті де жек көрген.
Оларда адамгершілік, махаббат, достық,
талап-талант атаулы болмайды деп есептеген.
Қазақ ауылдары әлмисақтан қазірге дейін
көрші қонған елге «Ерулік» көшетін елге
«қонақасы» берсе, ал, шаршап-шалдығып
көшіп келе жатқан елге арнаулы адамдар
жол сусынын ұсынып келген. Қазақтың ежелден
келе жатқан береке-бірлігінің бейнесі
сияқты бұл ғадет қазірден жалғасып келеді(101).
Шынжаң қазақтарының көшпелі тұрмысының
әлі аяқталмауына байланысты ежелгі әдет-ғұрыптарымыздың
көбі қаз-қалпында сақталуда. Кейде Алматы
қаласындағы қазақтың мемлекетінің Орталық
мұражайын аралап жүріп, қазақтың малшаруашылығына
байланысты әр түрлі жәдігерлерінің Шынжаңда
әлі күнге қолданылып жүргенін байқаймыз,
содан Шыңжаңды «қазақ этнографиясының
тірі музейі» дегіміз келеді.
Десе де, жер бетіндегі соңғы қазақ керуенінің
де доғарылар күні таяу екенін ойлағанда
өшкіндеп бара жатқан бабалар ізіне батқан
күнге қарағандай мұңая көз тігеміз.