Қытай қазақтарының тұрмыс-салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 08:02, реферат

Описание работы

Қазақ киіз үйінің шығу төркініне тоқталғанда қытайлық қазақ ғалымы Ясын Құмарұлы оның арғы сорабы мен көріністік ерекшелігін Қытайдың орта жазық өңірлеріндегі ата-бабаларымыз қоныстанған ежелгі өңірлерден тауып, осыдан 5 мың жыл бұрын жасалғанын тілге тиек етеді. Ал қазақ мәдениетін зерттеуші қытайлық ғалым Су Бихай: «сақтар көшпенді өмірге үйлесу үшін киіз үй тігуді білген, киіз үйлер сыртынан қарағанда дөңгелек пішінде болып, ішін ағаш керегеден 6-10 қанат етіп, жеңіл уықтар шаншып тігетін етті».

Файлы: 1 файл

Қытай қазақтарының тұрмыс.docx

— 38.47 Кб (Скачать файл)

Торқалы той, топырақты  өлім

Қазақ халқының бүкіл өмірі  той-думанмен өтеді. Адам өмірге келгеннен  о дүние құшағына аттанғанға дейінгі  тұтас бір өмірінің тойсыз өтетін сәттері аз болса керек. 
Шілдехана, жарысы қазан, ат қою салты, ат тергеу, сүйінші, ит көйлек, бесікке салу, тыштыма, қырқынан шығу (қарын шаш), тұсау кесу, байғазы, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, баланы оқыту, құдалық, қарғы бау, құдаласу, ұрын бару, жыртыс той, қоржын той, қыз танысу, қыз ұзату тойы, келін түсіру тойы, әмеңгерлік, аужар, беташар, көрімдік, өлі-тірі, отау той секілді дәстүрлердің көбі тоймен өтеді. 
Соның ішінде Шынжаң қазақтарында баланың өмірге келгеннен кейінгі барлық салттары қазақ дәстүріне сай атқарылып келеді. Шілдехана, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу салттары дерлік шағын той түрінде өтеді.  
Қытай қазақтарының балаға ат қою дәстүрі заман ауқымына қарай әр мезгілде әртүрлі болып отырған. 18-19-ғасырларда ислам дінінің ықпалындағы аттар көбірек қабылданса, 20-ғасырға келгенде «хан», «бек» жалғанған аттар көбірек қойылатын еді. Хан, бек қосымшасының жалғануы ерте заманнан келе жатқан дәстүр болса да, қазақ хандықтарынан кейін біршама кең қолданысқан енген. Әсіресе, Қытай, Монғолия қазақтарының қазақ хандығының аумағынан алыстап Қытай хандықтарына бағынышты болған дәуірінде қазақ хандарының ұрпағын төрелікке әкелумен «Хан» қосымшасы тіпті де көп жалғанатын болған. Атап айтқанда «қыйыр қонып шет жайласақ та қазақ хандығына бағыныштымыз» дейтін ішкі арман-тілегінің бейнеленуі еді. Мысалы: сол тұстағы белгілі адамдардың атын айтар болсақ, Қасымхан, Жеңісхан, Сейілхан, Шәріпхан, Есімхан, Дәлелхан, Бөкейхан секілділер. 
Соңғы кездері «сүндетке отырғызу» үлкен той түрінде атқарылып келеді. Қытайдағы жоспарлы туу саясаты бойынша әр отбасында 2-3 баладан артық бала болмайтындықтан олар баланың бесікке шыққан мезгілін үлкен белес санайы. Ал қыз баласы ғана барлар сүндет тойдың орнына «сырға салу» тойын жасап, сүндет той жасаушыларға кеткен қаржысын қайтарып алады. 
Кейінгі кезде Шыңжаң қазақтарында «оқуға аттану тойы», «қоныс тойы» деген тойларда өткізілетін болды. Оқуға аттану тойы-баласы университетке түсетін болғанда немесе шетелге оқуға аттанса жасайтын алысқа аттандыру, ақ жол тілеу тойы, Қоныс тойы-жаңадан үй салып кірерде немесе жаңа отауға арнап үй салып соның босағасын аттарда жасалатын шаңырақ тойы. Қыз бен жігіттің некеленуі төңірегіндегі тойларда белгілі салтанатпен өтеді.

Өлім- жітім салты

Қазақ «Ажалдан қашып құтылмақ жоқ», «Қарыс жерден қаза бар», «Тумақ – сүннәт, өлмек - парыз» деп қарайды. Ажал діни жолмен айтқанда, Алла тағаланың  пенденің маңдайына жазған дәмінің  таусылуы. Күллі адам одан қашып  құтыла алмайды. Ал, өлген адамның  соңғы парызын өтеу, яғни бақиға аттандыру тірілерге сын. 
ҚХР қазақтарында көбінесе ислам шарттары негізге алынып, жергілікті әдет-ғұрып, ырым-жосындар да бірге жүреді. Оымен қоса ежелгі шамандық діннің кейбір жоралғылары да ілесіп келген. Ескерте кетер жәй – Қытай қазақтарының өлім шығару салты өзге елдердегі қандастарымыздағы үрдістермен ұқсас, бәлкім, басқаша шығар. Оны оқырман өзі пайымдар. Жалпылай алғанда бұл жоралғы төмендегідей ретпен жүргізіледі. 
Адам қатты қиналып ауырғанда, ажал қаупі төнгенде оның басында отырған адам немесе өзі «Лайілолла Мұхаммед Расулалла» деп әлденеше рет қайталап, «иман» айтады. Бұл «Бір Алладан басқа жаратушы жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі» деген мағынадағы сөз. Адамның ажалға қарсылығының жоқ екенін айтып, өлімнің иманды болып, ұжымаққа баруы үшін тілеген дұға іспетті. 
Алдымен қайтыс болған марқұмның көзін уқалап, жауып аузын жұмдырады. Ақтық бұлмен иегін төмен түсірмеу үшін төбесінен орай таңады. Қол – аяғын бесікке бөлеген балаша, жазады. 
Марқұмның барлық жақын туыстарына, жанашыр дос-жарандарына «хабар» айтылады. Хабар айтуды жақын туыстарына ат үсті немесе төтелей айта салмайды. Ауыл ақсақалдары бас қоса барып, жұбату сөздерімен жеткізеді.  
Мәйіт үйдің оң жағына жатқызылады. Жатқызылмас бұрын мәйіттің астынан 20 – 30 см. тереңдікте, ені 40 – 50 см. адам бойымен деңгейлес шағын ұра қазылып, таза тақтай төселеді. Оның үстіне ақыреттік бұл (мата) жайылады. Өліктің беті (жүзі) құбылаға қаратылады. Тұсына шымылдық құрылады. Сүйек үстайтын молла немесе ауыл ақсақалы киімін шешіндіріп алады да, үстіне денесімен бірдей таза ақ пұл жабады. Онан кейін «құйындыру» немесе «дене дәретін» алдыру жоралғысы бойынша қолының басынан бастап жуылып, аузын шайқап «дәрет алу» рәсиматын өтейді. Оң иығынан бастап, бүкіл денесі сабынды, таза сумен кемінде үш рет қайталай жуылады. Оған көбінесе 3-4 адам араласады. Бірі басын, екіншісі белін, үшіншісі аяқ жағын жуады. Бір адам құман үстап су құйып тұрады. Мұны әдетте «басына түскен, беліне түскен, аяғына түскен» деп атайды. Қаза болушы әйел адам болғанда жоғарыдағы жоралғы әйелдер жағынан атқарылады. Мұнда да иманы бар, намаз оқитын, таза жүретін, ауылдың салиқалы бәйбішелері таңдалады. 
Әдетте қайтыс болған адамның қазан толмасының үстін, жүрек тұсын, жамбы тектес бағалы ауыр металмен не таспен бастырып қоятын жәйт те болады. Бұл адамның ішінің кеппеуі үшін, бір жағынан ыстық кезде салқындық үшін қажет. «кеудеңді қара тас бассын» дейтін қарғыс осыған қаратылған. 
Кей жерде жоғарыдағы бір «құйындыру» мен жұмысты тәмамдаса, кей жерде шығарарда және де «шығару дәреті» немесе «ақырет дәреті» делініп тағы да жуындырылады. 
Ақырет киімін, яғни кебінді молла немесе жөн-жорылғы білетін ауыл ақсақалының бірі дайындайды. Ер адамның ақырет киімі үш қабат болады. Әуелі таза, ақ пұл жейде ретінде басынан мойын шығара кигізіп, мөлшеріне дейін ұзындықта өлшеніп жасалады. Онан соң сыртынан екі қабат, басынан бір қарыс, аяғынан бір қарыс артылта орайды. Орау барысында бүйі, шаян, тышқан қатарлы ұсақ жәндіктердің зақымдап бүлдірмеуі үшін қалампыр тектес иісті дәрі-дәрмек себіліп, бірге оралады. Әйелдердің ақырет киімі бес қабат болады. Әуелі басына жаулық ретінде бір, алжапқыш ретінде тағы бір қабат тізесіне дейін оралады. Үшінші ішкі көйлек ретінде қызыл асығына түсерліктей бір қабат, сыртынан ерлердікіне ұқсас екі қабат оралады. Орап болған соң, басындағы артылған бір қарыс бөлектен, мәйіттің ортан белінен, аяққы артылған бөлектен үш жерден буады. Бұл пәсім «құйындыру», «киіндіру», «арулау» деп әртүрде айтыла береді. 
Мәйіті жуылып, кебінге оралған соң енді «иман киіз» дайындалады. Әдемілеп басқан, жұқа, таза, ақ киізден адамның бойынан 2 – 3 қарыс артық, екі орауға жетерліктей өлшеніп алынады. Осы ақ киізбен мәйітті қаусыра екі қабат орайды. Сыртынан ақ құрмен орап байлайды. Мәйіттің үстіне, (бетіне) кілем жабады. Мәйіт көбінесе үйде бір түнетіліп шығарылады. Алыстан келетін туыстарын күтіп, 2 – 3 күн еру болатын кезі де болады. 
Мәйітті үйден шығарарда, кейде сыртта тақыл (соңғы иман) оқылады. Діни нанымда қайтыс болған адамның құлағы үш күнге дейін ашық жатады, сөзді естиді, бірақ сөйлей алмайды деп қарайды.  
Мәйітті үйден бірнеше адам алып шығады. (Екі жақ жанынан жағалай көтереді ). Алып шыға сала молла «Ассалатты жаназа» (жаназаға келіңіздер!) деп үш рет айғай салады. Алдын ала хабарланған жамағат жаназаға топтасады. Жаназа мешіт барда мешітке, жоқ жерде үй маңында, таза жерде оқылады. Жаназаға қатарынан тізілушілердің алдында молла тұрады. Мәйт шалқасынан жатқызылып, оң иығы құбылаға қаратылады.  
Жаназа оқу - өлген адамның басына оқитын намаз, өлгенге иман тілеу, тірілердің өліге жаназасын білдіріп, қоштасу қатарлы мазмұндарды қамтиды. Марқұмның тірі күніндегі артық-кем істерінен кешірім сұралады. Біреуден алған қарызы болса сұрап артындағы мұрагерлері мен жақындары жағынан қайтарылып беріледі. Молла: «Марқұм қандай адам еді?» дейді. Жамағат бір ауыздан «жақсы адам еді» деп үн қатысады. 
Қабір шығыс оңтүстіктен батыс солтүстік бағытта қазылады. Қабір көбінесе «тік ақым» және «жан ақым» деген екі түрде болады. Тік ақым тік бұрышталып қазылып, бетін ағаш, цементпен тегіс жабады. Ал, жан ақым болғанда бір жарым метр тереңдікке жете бере бір жақ жанынан адам жатарлық қана орын қазып, қазылмаған екінші жағынан мәйіт жатқан үстіңгі жиегіне көлбете ағаш, цемент тақта жабады. Қабірді көбінесе төрт адам қазады. Мұның өзі сауап іс саналады. Қабіршілер қабірді мәйітті әкелуден бұрын дайындап болады. Ең алғашқы қазылған топырақ бөлек алынып қойып, ол мәйіттің басына жастық ретінде төселеді. Бұл бір жағынан ақыреттык таразыда жақсылығы үшін тастаған тірілердің куәсі саналады. 
Мәйітті қабірге ала жөнелгенде әйелдер көрісу айтып қоштасады. Бұл соңғы қоштасу болып есептеледі. 
Табылған көлік жағдайымен мәйіт қабір басына жеткізіледі. Қабірдің ішіне екі адам түсіп, үстінен берілген мәйітті ептеп түсіреді. Иман киізін алып, ақырет киімімен оң жақ жамбасын жерге тигізіп, жарым шалқалатып, арқасын шығысқа, басын батыс солтүстікке, жүзін құбылаға қаратып қояды. 
Мәйітті жерлеген соң беті жабылып, жиылған жамағат топырақ салады. Көбінде қабір басына барушылар кезек алмасып, барлығы да топырақ салады. Топырақ салынып бола салысымен, молла құран сүрелерін оқиды. Онан соң қабір басындағылар өлім шыққан үйге қайта оралып, марқұмға арнап құран сүрелерін оқысады. 
Жеті күн болғанда жетілік нәзір, қырық күн болғанда қырқы (нәзірі) беріледі. Жыл толғанда ас беріледі.


Информация о работе Қытай қазақтарының тұрмыс-салты