Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:38, реферат
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз социологы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты.
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз социологы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпы теориялық және әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыратып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану,әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. — әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарастырылады. Әлеуметтік зерттеуге сай белгілер: әлеуметтік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» - грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады. Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады. Қоғамдағы күнделікті болып жатқан жағдайларды әлеуметтік зерттеу арқылы шешуге болатынын ескеруіміз қажет. Әлеуметтік зерттеу жүргізу, оның әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдай білу өзекті мәселелердің бірі саналады.
Қолданылған әдебиеттерге аннотация:
1) Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Оқу құралы.-Алматы.: Нұр-Принт, 2011 – 238 бет - социологиялық зерттеудің ұғымы мен түрлер, зерттеу бағдарламасы қарастырылады.
2) Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Лекциялар курсы.- Алматы.: Білім, 2005-160 бет - мұнда социологиялық зерттеудің түрлері мен әдіс-тәсілдері, зерттеу нәтижелерін өңдеу жолдары қарастырылған.
3)Социология. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.-Алматы.: Философия және саясаттану институты, 2002-232б – мұнда қолданбалы социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері, алғашқы социологиялық ақпарат жинау әдістері қарастырылады.
4)Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы.- Алматы.: Экономика, 2007-608 б. – бұл оқулықта жалпы қоғамдағы әлеуметтанудың маңызы мен қоғам мүшелері, отбасы мәселелерін қарастырады.
5) Р.Әбсаттарова.,М.Дәкенов.,«
Зерттеу мақсаты:социологиялық зерттеудің іріктеу әдісін талдау.
Зерттеу міндеттері:
Зерттеу болжамы: егер социологиялық зерттеуде іріктеу әдісін дұрыс қолданса, онда зерттеу көрсеткішінің нәтижесі дұрыс болады.
1.СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері
Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпы теориялық және әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыратып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану,әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарастырылады. Әлеуметтік зерттеуге сай белгілер: әлеуметтік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс, әдістеме міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» — грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады. Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.
1.2 Социологиялық зерттеу құрылымы мен бағдарламасы
Социологиялық зерттеу - методологиялық,
методикалық және ұйымдастырмалы –
техникалық процедуралардың логикалық
жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен
ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу
құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет
алу және оны әлеуметтік басқару
тәжірибесінде қолдану.
Барлау зерттеу –
Суреттеу зерттеу. Мақсаты
мен міндеті бойынша, ол зерттеу
құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері
жөнінде біршама тұтас түсінік
беретін эмпирикалық
Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийді талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады. Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады. Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің объекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді. Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері, зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және бастапқы социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі.Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі. Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.Объективті қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын, зерттеу түрін айқындайды. Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу аралас болып табылады: ол тек тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ ғылыми мәселелерді шешеді. Мәселелік әлеуметтік жағдай ғылыми мәселеде нақты бейнеленеді, онда ол қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда іске асырудың жолдарын мен амалдарын білмеуден тұрады.Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылыммен ұштастыру жатады. Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек. Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек.Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді. Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қандай деген ізденісінен тұрады.Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады. Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша, жаңа зерттеу дайындауға көмек көрсете алады. Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.Тар мағынада социологиялық зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады. Зерттеу объектісін суреттеу барысында келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық, саяси және т.б.), уақытша шекаралары (зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді).Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға байланысты белгіленеді. (жұмыс күні, жұмыс сменасы).Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен жақтарынан тұрады.Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы. Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийіне айналады. Социологиялық талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар қолданады.Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы).Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өндірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді. Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады.Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек. Гипотеза - бұл ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады. Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады. Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беру керек: 1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негізі болатын, жалпы социологиялық қағида принциптеріне сай келу керек;2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі мүмкін.Гипотезалардың дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.Бейнелеу - бұл зерттеу объектінің құрылымдық және функционалдық байланыстары жөнінде ұсыныстар. Олар әлеуметтік объектінің классификациялық сипаттамаларына жатқызыла алады.Түсіндірмелі гипотезалар - зерттеу объектісінің себеп байланыстары жөнінде ұсыныстарды белгілейді.Гипотезалар негізгі және қосымша. [3.,17] Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп - тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық,саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель, тест, т.б.Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.
2. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Социологиялық зерттеудегі іріктеу әдісі
Іріктеп алу - ақпарат жинап, оның іріктеп алынған бір ғана бөлігін талдаудан жұрттың неғұрлым ірі топтары жөнінде болжам жасау. Халық санағы - әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді бақылаудың қымбатқа түсетін түрі. Олар жиі емес әдетте он жылда бір рет өткізіледі. Іріктеп алу елдің бүкіл тұрғындарын немесе оның жеке топтарын әлдеқайда арзан және жиірек зерттеуге мүмкіндік береді, мұның үстіне ресурстар жиналатын ақпараттың терендігі мен сапасын жақсартуға бағытталады, ал халық санатында алынатын ақпарат үстірт болады. Іріктеп алу басқа да әдістерді, мысалы, өндіруші өнеркәсіпте сапаны бақылау ретінде жүргізіледі. Әлеуметтану ілімінде оны реттеп алу мен қорытынды статистика методологиясының негізі ретінде пайдалану эмпиристік зерттеудің экономикалық тиімділігін орасан жақсартуға септігін тигізді.Ықтимал іріктеу парықталатын универсумның әрбір өкілі оны іріктеп алудың белгілі бір немесе тіркелген мүмкіндігіне ие болуын талап етеді, Бұл әртүрлі мөлшерде іріктеп алудан дұрыс байлам жасау тәуекелін санмен өлшеу үшін қажет. Егер жұрттың бір тобынан екі өкілдің бірі еркін тандап алынатын болса, осылай іріктелген өкілдердің жартысы тұтас топтың өкілі бола алмау тәуекел, елу адамнан бір өкіл іріктеп алынғандығынан әлдеқайда кем болатыны интуиция бойынша айқын секілді көрінеді. Екінің бірінен іріктелгендер үлесінің неғұрлым жоғары болуы, бірдің үлесіне қарағанда неғұрлым сенімді ақпарат беруге тиіс секілді көрінеді. Бірақ іріктеп алудың іс жүзіндегі мөлшері осынау іріктеу қаншалықты өкілдікті екенін анықтауда әлдеқайда маңызды. Шамамен 2500 адамды іріктеп алу тұтас алғанда, ол 100000 адамнан немесе бір миллион адамнан алынғанына қарамастан, сенімділік жағынан да, өкіл болуы жағынан да бірдей болып шығады. іс жүзінде 2000 - 2500 адамды іріктеп алу бүкіл ел ауқымында іріктеп зерттеу жүргізгенде, әсіресе сипаттамалардың тар шеңбері парықталғанда ең жиі кездесетін өлшем. Іріктеп алуды жүргізу жоспарлары толып жатыр. Еркін реттеу немесе қарапайым еркін іріктеу - бұл әрбір адамға алынуға тең мүмкіндік болатын іріктеу, мұнан кейін нәтижесіңде алынған ақпаратқа ықтималдық статистика әдістері қолданыла алады.Мұның жиі кездесетін бір нұсқасы стратификациялаған еркін іріктеу: жұрттың парықталатын тобы әуелгі шағын топтарға немесе жіктерге бөліп, еркін іріктеу сол жіктердің ішінде жүргізіледі. Мысалы, еркін іріктеу саяси өкілдердің еркектер тобына да, әйелдер тобына да қолданыла алады, бірақ саны көп еркектер тобынан жиырманың бірі әйелдер тобының саны салыстырмалы түрде аз болғандықтан, екінің бірі іріктеп алынуы мүмкін. Тағы бір жиі кездесетін нұсқа аз сатылы немесе көп сатылы (Бұл кейде комплексі деп аталады) іріктеу. Мысалы, еркін іріктеу әуелі зерттеу үшін жергілікті салалардың шектеулі санын іріктеп алу үшін, содан кейін оның екінші сатысы еркін іріктелген сала ішінен адамдарды немесе үй шаруашылықтарын, не компанияларды іріктеп алу үшін қолданады қажет болғанда екінші саты үшке тіпті одан да көпке дейін ұлғайтыла алады, бірақ ақтық іріктеу талдауды қуаттау үшін жеткілікті мол болуы керек. Іріктеуді жасаудың осынау жоспарларының бәріңде түпкілікті іріктеу процесінде еркін таңдау қолданылады, ол үшін сайлаушылар тізімінен, үй шаруашылықтары мекен-жайынан, компаниялар атауларынан немесе ақтық іріктеуді құрайтын басқа өкілдерден тізім жасалады. Олардың бәрі топтардан іріктеудің процедураларына қайшы келетін ешқандай алмастыруға жол берілмей, зерттеуге енгізілуге тиіс. Осы себептен еркін іріктеу бойынша зерттеуге қатысатын сұраушылар тиісті сұралмаңдардың зерттеуге катысудың қажеттіне көзін жеткізу үшін көп күш-жігер жұмсауы керек іріктелген барлық өкілдермен сұхбат жүргізудегі сәтсіздік мәліметтерде толық алынбауына байланысты, кемшіліктерге соқтыруы мүмкін. Қарапайым еркін іріктеу кезіндегіге қарағанда, іріктеуде комплексті жоспарларын жасау кезіндегі қателіқтерді статистикалық жағынан анықтау анағұрлым қиын. Іріктеу пайызы мен іріктелгеңдер мөлшері белгілі болған бойда, ықтималдық теориясы толып жатқан статистикалық байламдарға ене береді, ол байламдарды іріктеп алынғаңдардың бақылау Универсум сипаттары жөнінде шығаруға болады іріктелген орта мәндердің бөлінуіндегі стандарт ауытқу іріктеліп алынған мәлімет сенімділігін бағалау үшін есептеле алады. [1.,112] Іріктелген жиынтық – бұл тікелей зерттелетін объектінің азды-көпті шектеулі бөлшектерінің жиынтығы, ол белгілі ереже бойынша таңдап алынады да, жалпы жиынтықтың шағын үлгісін білдіреді. Теңеу ретінде ойыншық машинаның үлкен машинаға ұқсастырып жасалған үлгісін алсақ жеткілікті. Алайда, қоғамның шағын әлеуметтік үлгісін жасау көп күрделі. Ең маңыздысы, іріктелген жиынтыққа бас жиынтықтың құрылымын, ерекшеліктері, арақатынастарын, өзара байланыстарын және тағы басқа әлеуметтік мәнді белгілерінің өкілеттілігін, бірдейлігін қатал бейнелей алу. Іріктеудің екі үлгісі кең қолданылады: ықтималдықты және мақсаттылықты. Олардың әрқайсысының бірнеше түрлері бар. [6.,344б]
2.2 Социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілдері
Соңғы жылдары статистиканың дамуы зерттеулерді ұйымдастыруға деген көзқарасты айтарлықтай өзгертіп жіберді: талдау міндеттері тек тәжірибелік негізде ғана емес, сипаттамалық сұрыптау кезінде де шешілетін болды. Егер сұрыптауды бас жиынтықтың зерттеу құралы ретінде қарастыратын болсақ, онда оған қойылатын басты талап – сұрыптап зерттеудің нәтижесін бас жиынтыққа қолдану мүмкіндігі айқын болады. Сұрыптап зерттеудің нәтижелерін бас жиынтыққа қолдану сұрыптаудың екі мақсатына сәйкес екі бағыттан тұратын статистикалық қорытындының қатаң индуктивтік әдісі көмегімен жүзеге асады: 1) сипаттамалық зерттеуде қолданылатын статистикалық бағалау; 2) талдамалық мақсатқа қолданылатын болжамды статистикалық тұрғыдан тексеру. Бұлайша жинақтап қорыту мүмкіндігі математикалық статистиканың теориялық тұжырымдарына негізделеді, ал ол өз кезегінде бас жиынтық тың кез келген нысанын іріктеп алуға және ықтималдар теориясын қолдануға сүйенеді: 1) бас жиынтықтың біртектілігі; 2) оның барлық құрамдас бөліктерінің зерттеу үшін бірдей деңгейде ашықтығы; 3) бас жиынтықтың құрамдас бөліктерінің толық тізімі; 4) осы тізімге кездейсоқ іріктеу әдіс-тәсілдері қолданылатын болады. Жай кездейсоқ іріктеуді дұрыс ұйымдастырғанда бас жиынтықтың барлық құрамдас бөліктерін сұрыптауға ілінуге бірдей мүмкіндіктері болып, оны статистикалық тұрғыдан негіздеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Бірақ тәжірибеде үлкен бас жиынтықтардан жай кездейсоқ сұрыптап алудың өзі, көбінесе, тым күрделі, аса қымбат болып, кейде, тіпті, мүмкін болмай жатады. Сұрыптау теориясы, ең алдымен, социологиялық зерттеулердегі бас жиынтықтардың, көбінесе, әртекті, құрылымы күрделі, не жорамал сипатта болып, өзінің құрамын әр кезде өзгертіп отыруы мүмкін екендігін ескереді. Сондықтан сұрыптау жұмысын бастамастан бұрын бақылау бірліктері деп аталатын бас жиынтық құрамдас бөліктерінің толық тізімін қамтамасыз ету қажет. Идеалды жағдайда сұрыпталған негізгі жиынтық бас жиынтыққа сәйкес, ал тәжірибеде, көбінесе, кішілеу келеді. Бас жиынтықты сұрыптау қосымша мәліметтерге сүйене отырып, теориялық жағынан негізделеді. Күрделі құрылымды бас жиынтықтарға көп сатылы сұрыптау жиі қолданылады. Бұл үшін бас жиынтық бас жиынтық соңғы қажетті жиынтыққа жеткенше бөлшектенеді. Нәтижесінде құрамдас бөліктері (сұрыптау бірліктері) жаңадан бөлініп алынған жиынтық болып табылатын жаңа, нақтылы әрі ақырғы бас жиынтық пайда болады. Олардың бір бөлігі зерттеуді одан әрі, жалғастыру үшін сұрыптап алынады. Осындай амал тікелей зерттеуге қол жеткізетін жиынтық алынғанша бірнеше рет қайталанып, оның әр сатысында сұрыптау мен өкілдетілген сақтаудың түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін. Көп сатылы сұрыптауда әр сатыдағы сұрыптаудың негізінде бөлініп алынған құрылымдық бірліктер тізімі болады. Соңғы сатыдағы сұрыптау бірліктері бақылау бірліктерімен, яғни бас жиынтықтың сұрыптауға және тікелей зерттеуге жататын нысандарымен сәйкес келеді. Сұрыптап алудың әдістері ықтимал және мақсатты болып бөлінеді. Ықтимал әдістерге жай сұрыптаудан басқа стратификацияланған және әдістерге жай сұрыптаудан басқа стратификацияланған және ұялық кездейсоқ сұрыптау, сондай-ақ квазикездейсоқ сұрыптау әдістері, жүйелі сұрыптау мен рандомиялық әдіс-тәсілдер жатады. Мақсатты әдістерге квоталық және «оңай» сұрыптаулар, негізгі аймақ, «қар кесегі» типтік өкілдерін сұрыптау, сондай-ақ эксперименталды сипат сұрыптауы кіреді. Жүйелі сұрыптауда сұрыптау тізім бойынша белгі бір «қаламмен» жүріп отырады. Бұл әдіс кездейсоқ сұрыптауға қарағанда ыңғайлы болады. Егер тізімде ешқандай циклді заңдылықтар болмаса, бұл әдіс-тәсіл кездейсоқ сұрыптаудағыдай, ал мөлшері тәртіпке келген тізімдерде нәтижелер дәлірек болады. Сұрыптаудың негізгі статистикалық емес әдісіне квоталық сұрыптау жатады. Бұл әдіс бас жиынтықтың негізгі әлеуметтік-демографиялық, немесе зерттеу үшін маңызы бар басқа да белгілері бойынша бөлінуі белгілі, бірақ олардың тізімін алу мүмкіндігі жоқ, немесе кездейсоқ сұрыптау жүргізуге уақыт пен қаржы тапшылығы болған жағдайда қолданылады. Мұндай жағдайда әңгіме жүргізушілерге өз таңдаулары бойынша сұрыпталып алынған белгілі сипаттағы адамдармен сауалнама жүргізу тапсырылады. Негізгі аймақ әдісі сұрыптау жүргізудің мәні жоқ, шағын бас жиынтықтарда қолданылады. Мұндай жағдайда өкілеттілікті негіздеу статистикаға қатыссыз сипатта жиынтықтың зерттелінген және зерттелінбеген бөліктерін салыстыру арқылы жүзеге асады. Сұрыптау зерттеудің нәтижелері барлық уақытта да анық емес. Бұл жағдай бас жиынтықтың бір бөлігі ғана зерттелінгендіктен және өлшеу процесінде қатемен жүргізілгендігінен де болады. Дегенмен де, жоспарлау мен сұрыптауды жүзеге асыру барысында тұрпайы қателіктер болмаған жағдайда мұндай қателерді бақылауға алуға болады, яғни олар зерттеуші мүмкін деп санаған мөлшер көлемінде ғана шектеледі. Осыған байланысты сұрыптау қателірі туралы да ақпарат болуы керек. Сұрыптаудың қателері деп кейбір көрсеткіштер үшін сұрыптау мен бас жиынтық арасындағы орта арифметикалық мағына айырмашылығы түсініледі. Әдетте сұрыптаудың қателерін жүйелі және кездейсоқ деп екіге бөледі. Жүйелі қате нысанына орта мағынасының орта бас жиынтыққа қатысты кейбір ауытқуы, сұрыптау ауқымының азаймай көбейе түсуі түрінде кездеседі. Жүйелі қателер әдетте сұрыптаудың жобалауға сондай-ақ респонденттер іскерлігінің әртүрлі дәрежеде болуы мен олардың зерттеу жұмыстарына қатысуға дайындықтарына қатысты болады. Жүйелі қателерді анықтау, оның үстіне оларды өлшеу әдетте қиынға соғады. Бұл үшін арнайы методологиялық зерттеулер жүргізіліп, сұрыптауға тест жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдер қолданылады. Кейде бұлар уақыттың өтуімен бірге белгілі бола бастағанда, немесе зерттеу деректеріне талдау жасау барысында ашылған деректерді мұқият тексерудің нәтижесінде анықталуы мүмкін. Кездейсоқ қателер бас жиынтықтан сұрыптап алу әдіс-тәсілдерінің ықтимал сипатына және жүйелі сипатта болмайтын өлшеудің қателіктеріне байланысты болады. Мұндай қателер жөнделмейді, бірақ та олар статистиканың заңдарына бағынатындықтан да оларды бақылауға алуға болады. Қателердің аса бір маңызды қасиеттерінің бірі - сұрыптау ауқымы ұлғайған сайын олардың азая беретіндігі. Сұрыптау ауқымын арттыру арқылы оларды азайтып, зерттеу нәтижелері дәлдігінің деңгейін қамтамасыз етуге болады.[4.,190 б].Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәні бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады. Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың микромоделі болып белгілену керек. Сұрыптау жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау қасиеттері негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу керек. Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады.Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын элементтер сұрыптау бірлігі деп аталады.Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, бір түбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау бірлігімен іске асырылады.2) жүйелік сұрыптау;3) ұялы;4) стратификациялық;5) көп сатылы;6) квоталық.