Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:38, реферат
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз социологы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты.
Қорытынды
Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпы теориялық және әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыратып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарастырылады. Әлеуметтік зерттеуге сай белгілер: әлеуметтік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс әдістемеміндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді.Іріктеп алу - ақпарат жинап, оның іріктеп алынған бір ғана бөлігін талдаудан жұрттың неғұрлым ірі топтары жөнінде болжам жасау. Халық санағы - әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді бақылаудың қымбатқа түсетін түрі. Олар жиі емес әдетте он жылда бір рет өткізіледі. Іріктеп алу елдің бүкіл тұрғындарын немесе оның жеке топтарын әлдеқайда арзан және жиірек зерттеуге мүмкіндік береді, мұның үстіне ресурстар жиналатын ақпараттың терендігі мен сапасын жақсартуға бағытталады, ал халық санатында алынатын ақпарат үстірт болады. Іріктеп алу басқа да әдістерді, мысалы, өндіруші өнеркәсіпте сапаны бақылау ретінде жүргізіледі. Әлеуметтану ілімінде оны реттеп алу мен қорытынды статистика методологиясының негізі ретінде пайдалану эмпиристік зерттеудің экономикалық тиімділігін орасан жақсартуға септігін тигізді.Бұл әртүрлі мөлшерде іріктеп алудан дұрыс байлам жасау тәуекелін санмен өлшеу үшін қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Оқу құралы.-Алматы.: Нұр-Принт, 2011 – 238 бет
2. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Лекциялар курсы.- Алматы.: Білім, 2005-160 бет
3.Социология. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық Алматы қ. Философия және саясаттану институты, 2002-232б.
4.Қарабаев Ш.Қ Әлеуметтану негіздері.Оқу құралы.-Алматы.: Экономика, 2007-608б
5. Р.Әбсаттарова.,М.Дәкенов.,«
6.Биекенов К.,Садырова М.Әлеуметтанудың
түсіндірме сөздігі.-Алматы:Сөздік-