Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:16, реферат
Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.
Елбасының демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көтерді. Азаматтық қоғамымыздың кемелділігі де осынай сындарлы бастаманы қаншалықты ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі таңдағы іс - әрекеттер дәлелді айқындап беріп отыр.
Кіріспе...................................................................................................3-4
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-7
1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................7-15
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-26
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................23-26
Қорытынды.........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................28
1.2.1. кесте.
Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі әлеуметтік жіктері
Әлеуметтік жіктер |
Критерий |
Кедей тұрмыстылар |
Табыстары күнкөріс минимумынан төмен (КМ) |
Төмен тұрмыстылар |
Табыстары күнкөріс минимумынан жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну бюджетінен төмен (2КМ) |
Орташа тұрмыстылар |
Табыстары ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірак жоғары молшылық бюджетінен төмен (7 КМ), тұтынудың қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз етеді. |
Жоғары тұрмыстылар (дәулеттілер) |
Табыстары жоғары молшылық бюджетінен көп, тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз етеді. |
Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды шоғырландыру мен саралау коэффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) ең көп және ең аз қам-тамасыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік жасайды, ол ең жоғары және ең төмен тұрмысты халықтың 10% (20%) ақшалай табыстарының жалпы белгілерінің арақатынасын керсетеді (1.2.2. кесте). Джини индексі (табыстарды шоғырландыру коэффициенті) қоғамдағы (адамдар мен үй шаруашылықтары арасында) ақшалай табыстардың (тұтыну) жалпы қорын бөлудегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызады. Саралау коэффициенттерінен айырмасы, бұл көрсеткіш халықтың ең көп және ең аз қамтамасыз етілген топтарының ақшалай табыстарын салыстыру жолымен емес, ал ақшалай табыстардың жиынтық көлемінде халық арасындағы жеке топтардың меншігінде бар табыстардың үлесті салмақтары негізінде есептейді. Табыстардың жалпы көлемі неғұрлым біркелкі бөлінген сайын, соғұрлым Джини индексі аз болады (0-ге жақын). Және керісінше, Джини индексінің шамасы неғұрлым көп болса (1-ге жақын), соғұрлым ұлттық табыстардың аз үлесі халықтың кедей жіктеріне жиналады.
Бұдан бөлек, халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу қабілеті табыстарының керсеткішін енгізеді. Осы индикатор халықтың күнкөріс минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының арақатынасы ретінде есептеледі (Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта есеппен жан басына шаққандағы табыстар есептеуге қолданылады), ол осы табыстарға сатып алуға болатын күнкөріс мини-мумына кіретін тауарлар мен қызмет керсетулер жиынтығының санын анықтауға мүмкіндік жасайды. Адамдар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіші елдегі экономикалық теңсіздіктің сипаттамасы болып табылады.
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары
2.1 Қазақстанда кедейгіліктің бүгінгі күнгі ахуалы
Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.
Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі ретінде “жаңа кедейлер” деп аталатындардың пайда болғанын айтуға болады. Бұған реформаларға дейінгі кезеңде болған әдеттегі кедейлерден бастап жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет салаларында жұмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес өкілдері, зейнет жасына тақаған адамдар, мектеп, жоғары оқу орындарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өңірлерінде тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында қалып отыр.
“Жаңа кедейшілік” ауқымы ауылдық жерлерде тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл халқының табысы қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (ҚР Статистика агенттігі 2004 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері бойынша) 24,8 %-ды, ал қалалық отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды. Қазіргі жағдайда өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардың үлесі жоғары өңірлер арасында Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды (бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3%, Қызылорда – 26,5%, Оңтүстік Қазақстан – 23,0%. Аталған облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,1%.
Халықтың табыс деңгейі бойынша теңсіздігі еңбекке ақы төлеудегі айырмашылық пен басқа да табыс көздерінің болуынан ғана емес, отбасында қанша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтіндер санына, балалардың болуына қарай да қалыптасады. Асырау жүктемесі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отбасылық бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты жоғары табысты өңірлерде отбасындағы жандардың орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінің төмен болуына ықпал етеді және оңтүстік өңірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.
Кедейлектен топты азайту - рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің енбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасы мүшелерінің саны, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялык, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты - осы айырмашылыктарды азайтып, 2 коғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау.
Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі деп - табысы күнкөріс минимумына теңгерілетін кедейшілік шегінен төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесін айтамыз. Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік деңгейі, 2005жыл (пайызбен)
Ел |
Абсолютті кедейшілік деңгейі |
Ел |
Абсолютті кедейшілік деңгейі |
Германия |
10,5 |
АҚШ |
13,1 |
Ресей |
25,3* |
Қырғызстан |
84,0 |
Ұлыбритания |
18,7 |
Қазақстан |
17,2 |
Дерек көзі: «2005 жылдағы адам дамуы туралы" Мыңжылдық Декларациясында тұжырымдалған даму саласындағы мақсаттар: адамзаттың жоқшылықтан құтылуы туралы мемлекетаралық шарт" Біріккен Ұлттар Ұйымының даму (БҰҰДБ) бағдарламасы дайындаған, баяндамасы, 2005 жыл, Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қаңтар, 2004 жыл. Ресей Федерациясының статистикалық комитеті, 2004.
Қазақстанда халықтың 17,2 пайызы физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын денгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмай отыр.
Кедейлік - күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық терең тамырлары бар.
Қолайлы макроэкономикалық жағдай білімге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қорғауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әсер етеді және осы қадамдар ұлттық әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы маңызды іс-әрекеттерге айналуы тиіс.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шақкандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек от басына қажет қызметтер жиынтығының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.
2004 жылы әлеуметтік қорғауға арналған шығындар 2003 жылмен салыстырғанда 23,2 пайыздан 21,5 пайызға төмендеп отыр.
Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты - кедейшілік деңгейін төмендету.
Кедейшілік ұғымына және оны сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тауарларды тұтыну деңгейін қарастырады.
Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын "абсолютті кедейшілік" деп атайды, ал "салыстырмалы кедейшілік" кезінде қоғамда ең көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдарды жаткызады .
2003-2007 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарының құрамы
Кесте2
(млн.тенге)
Аты |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
Әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың жалпы бюджет шығысындағы үлесі |
34,0 |
28,4 |
24,6 |
24,1 |
22,5 |
Әлеуметтік қорғауға арналған шығындардын ЖІӨ үлесі |
7,9 |
6,6 |
5,7 |
5,3 |
5,3 |
Бюджеттік шығыстар, барлығы |
468423 |
602023 |
759610 |
834162 |
1062611 |
Бюджеттік шығыстардың ЖІӨ үлесі |
23,2 |
23,2 |
23,4 |
22,1 |
23,6 |
ЖІӨ көлемі |
2016400 |
2599900 |
3250600 |
3776300 |
4495000 |
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасапдұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.
1998 жылы Қазақстанда алғаш рет халықтың кедейшілік индексі есептелді. Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар индексін БҰҰ ДБ ұсынған.
Ол 4 көрсеткішті қамтиды;: - күнкөріс минимумынан төмен тұтыну деңгейіндегі халықтың үлесі;
- 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесі;
- біліммен қамтылмаған 16 жастағы жастардың үлесі;
- жұмыссыз халықтың үлесі.
Кестеде көріп отырғанымыздай, азық-түлік себетінің ең жоғарғы көлемі Маңғыстау облысында 4517 теңге көлемінде байқалып отыр, ең төменгі көлемі 2673 тенге Оңтүстік Қазақстан облысында орын алып отыр.
1998 жылдан 2002 жылға дейінгі уақыт кезеңінде осы индекс 31 пайыздан 22,4 пайызға дейін төмендеп отыр, демек, елімізде жалпы кедейшілік жағдайының жақсарғанын көрсетіп отыр. Қазақстандықтардың 31,1 пайызының өмір ұзақтығы 60 жастан аспаған; 16 жастағы жастардың 3,1 пайызының білім алуға мүмкіндіктері жоқ, ал экономикалық белсенді халықтың 9,3 пайызы жұмыссыз болып отыр.
Кесте 3
2006 жылғы аймактық бөліктегі кедейшілік көрсеткіштері
Облыстар |
Табыстары бар халыктын үлесі { пайыз) |
Азық-түлік себетінін күны, тенге |
Күнкөріс минимун ының көлемІ, теңге |
Кедейшілік тереңдігі пайыз |
Кедейші лік өткірлігі пайыз | |
| Күнкөріс минимунынан төмен |
Азық-түлік себетінің күнынан төмен |
| |||
Қазақстан Республикасы |
24,2 |
8,9 |
3333 |
4761 |
6,1 |
2,2 |
Маңғыстау |
39,8 |
20,4 |
4517 |
6453 |
11,37 |
4,08 |
Алматы |
36,3 |
17,0 |
3235 |
4622 |
10,1 |
3,8 і |
Жамбыл |
35,8 |
12.9 |
2769 |
3956 |
8,82 |
3.14 |
Атырау |
34,1 |
17,7 |
4231 |
6045 |
30,95 |
4,66 |
Қызылорда |
32,3 |
7,8 |
2939 |
4198 |
6,78 |
2,09 |
Батыс Қазакстан |
28,0 |
7,6 |
3413 |
4876 |
6,44 |
2,22 |
Онтүстік Қазақстаы |
27,5 |
7,3 |
2673 |
3819 |
5,73 |
1,79 |
Ақтөбе |
22,6 |
11,6 |
3485 |
4979 |
6,78 |
2,78 |
Қостанай |
22,3 |
12,9 |
3160 |
4515 |
7,77 |
3,64 |
Павлодар |
21.6 |
8,3 |
3353 |
4790 |
5,1 |
1,76 |
Шығыс Қазакстан |
20,0 |
6,3 |
3247 |
4638 |
5,1 |
1,91 |
Қарағанды |
19,3 |
6,5 |
3456 |
4937 |
4,59 |
1,56 |
Ақмола |
18,6 |
3,2 |
3410 |
4872 |
3,3 |
1,04 |
Солтүстік Қазақстан |
14,3 |
4,1 |
3312 |
4732 |
3,01 |
0,94 |
Алматы каласы |
4,1 |
0,7 |
3648 |
5212 |
0,62 |
0,17 |
Астана каласы |
2,2 |
- |
3344 |
4777 |
0,25 |
0,05 |
Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары