Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:16, реферат

Описание работы

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.
Елбасының демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көтерді. Азаматтық қоғамымыздың кемелділігі де осынай сындарлы бастаманы қаншалықты ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі таңдағы іс - әрекеттер дәлелді айқындап беріп отыр.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................3-4

1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-7
1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................7-15

2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-26
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................23-26
Қорытынды.........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................28

Файлы: 1 файл

Кедейшілік.doc

— 253.50 Кб (Скачать файл)

*Дерек көзі: Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары, БҰҰДБ басылымдар сериясы, 2006 жыл.

 

1998 және 1999 жылдары халықтың кедейшілік  индексі еркектер мен әйелдер  үшін бөлек есептелді. Саяси және әлеуметтік экономикалық салаларда Қазақстандағы еркектер мен әйелдердін жағдайлары біркелкі емес. Бұл көрсеткіш ауылдық аймақтар мен қалалық қоныстар үшін есептеліп, қала және ауыл кедейшілігінің арасындағы елеулі айырмашылықтарды ашты.

Табыс (кіріс) бойынша кедейшілікті өлшеу мынадай көрсеткіштер арқылы айқындалады: халық ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңдігі, кедейшіліктің өткірлігі.

Кедейшілік деңгейі немесе халық ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі - табысы немесе тауарлар тұтынуы күнкөріс минимунына теңгерілетін елде белгіленген табалдырық белгісінен (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі болып табылады.

Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға  белгілі  бір  ен төмеңгі  деңгейде  қажет  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттык ерекшеліктерді көрсетеді.

Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер мен уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстанда кедейшілік деңгейі немесе халық ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен аныкталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. «Азық-түлік кедейшілігінің» деңгейі есептеледі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін анықтауға болады.

Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалыкты "кедей" екендігін көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне (Қазақстандағы күнкөріс минимумы) сәйкес ен аз қажеттіліктегі табыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшіліктің тереңдігі осылайша кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығын сипаттайды. Кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен кедейшілік шегіне сәйкес келетін табыстардың қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді.

Кедейшіліктің осыншама жоғары деңгейінің себептері сан-түрлі. Еліміздің оңтүстік батысында орналасқан Атырау және Маңғыстау облыстары мұнай және газ өндірудің орталығы болып отыр. Өнеркәсіп өнімдерінін көлемі ауылшаруашылық өндірісінен Атырау облысында 9 есе, Манғыстау облысында 40 есе артық болды. Мұнай және газ өндіруші салаларда жұмыспен қамтылған халықтың ел бойынша ақшалай табыстары біршама көп. Алайда облыс халқының жұмыспен қамтылуының жалпы ұұрылымында осы салаларда жұмыс істейтіндердің үлес салмағы төмен. Оның себебі, мұнай және газ секторларында кезекшілік (вахталық) жұмыс әдісі кең тараған, мұндай әдісте жергілікті халықтың жұмыс істеу мүмкіндігі дұрыс пайдаланылмайды.

Мүгедектерге, көп балалы жанұяларға мемлекет тарапынан көмек беру - нарықты экономика жағдайындағы алғы шарт.

Халықты әлеуметтік қорғауға арналған қаржылардың ішінде мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін айта кеткен жөн.

Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін алушылардың аймақтардағы саны, демографиялық үрдістермен, тарихи және ұлттық дәстүрлермен, отбасының көлемі мен құрамына байланысты болып ерекшелінеді.

2005 жылы осы көмекті алғандардың көпшілігі республиканың оңтүстігінде тұратын адамдар саны болды.

Қазақстандағы ең кедей облыстардың қатарына экономикалық мүмкіндікті пайдалану тиімділігі жоғары аймақтар да (Атырау, Маңғыстау облыстары), сондай-ақ экономикалық деңгейі аз дамыған облыстар да (Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жатады. Экономикалық қатынастарда анағұрлым дамыған аймақтарда кедейшілік деңгейін төмендетудегі негізгі бағыт бүкіл халықтың игілігі үшін мұнай-газ ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздестіру болып табылады, яғни ен алдымен осы облыстардағы кедей тұрмысты халықтың мүдделерін ескеру арқылы ресурстарды қайта бөлу қажет.

Кесте 4 Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Жылдар

 

2003

2004

2005

2006

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны, мын адам

760,3

798,0

792,3

791,7

Әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі, барлығы, мың теңге

3509

3451

3630

4095


*Дерек көзі: Краткий ежегодник Казахстана. Статистический сборник/Под ред.К.С.Абдиева, Алматы,2006.С.28,184

 

Жәрдемқаржылардың (субвенциялар мен бюджеттік алымдардың) көлемдерін анықтау барысында облыстардың экономикалық потенциалымен қоса кедейшілік деңгейін негізге алып анықтау - бюджетаралық қатынастардағы шиеленістерді шешудің бірден бір жолы болып табылар еді.

Әлеуметтік жәрдемақыны алушылар саны 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 31,4 мың адамға өсіп отыр.2007 жылы мемлекет тарапынан 217,2 млрд. тенге әлеуметтік қорғауға арналған шығындарды каржыландыруға жіберіледі деп көзделіп отыр [2]. Аналитиктердің пікірінше, мемлекеттен бөлінетін жәрдемақының тек қана 1/3 бөлігі кедей адамдарға бөлінеді, ал калған 2/3 бөлігі әл-ауқаты қуатты, жәрдемақысыз ақ өмір сүре алатын адамдарға бөлініп отыр. Табыс көлемін бақылау, табыс көздеріне мониторинг ұйымдастыру дұрыс жолға қойылмаған. Біздің ойымызша, халықтың нақты табысы жәрдемақыларды тағайындауда негізгі көрсеткіш болуы керек.

Кедейшілік денгейін төмендетуге жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, әлеуметтік құрылымды дамыту және экологиялық проблемалардын шешімін табу өз септігін тигізеді.Кедейшілік пен экономикалық теңсіздікке сан және сапа жөнінен баға беру мемлекеттің экономикалык және әлеуметтік саясатын бағдарлау үшін үлкен маңызы бар.

Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде құн заңының (баға занының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау қажет. Табыс дифференциациясын (әркелкілігін) түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді (тұтқаларды) қиратумен тең.

Нарық жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуы тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.

Әлеуметтік қорғау жүйесі байланысқан элементтер жиынтығын құрайды да барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағыт" алған.

Ең алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі-қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін мейірбандық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі манызды рөл атқарады.

Әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі қазіргі кезде оларды алушыларға кедейшілік деңгейін азайтуға толық шамада жәрдемдесе алмай отыр. Жалпы, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халық кедейшілігінің алдын-алу мақсаттарын одан әрі жетілдіруді, оның нысаналылығын күшейту мен тиімділігін арттыруды талап етеді. Алдағы уақытта әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін өсуді қосқанда, бірқатар шаралар қабылдау қажет. .Міндетті әлеуметтік сактандыру халықты әлеуметтік қорғаудың нысанына айналуы тиіс. Оған қосымша, әлеуметтік саясатты еңбек жоне әлеуметтік қатынастардағы гендерлік теңсіздікті түбірімен жоюға бағыттау қажет.

Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмекті (ақшалай түрде) кедей тұрмысты от басылар, әсіресе балалар үшін азық-түлік және азық-түліктен бөтен тауарлар беру түрінде тегін заттай жәрдемақылармен ұштастырған жөн.

Қорыта келгенде, елімізде халыұтың тұрмыс деңгейін экономикалық өсудің орнықты он ықпалына қол жеткізу үшін ұлттық табысты пайдаланудың тиянақталған саясатын қолдану қажет.

 

 

Кесте №5

 

Ағымдағы жылғы есепті кезеңде кедейлік деңгейінің төмендеу серпіні зерттелетін үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейінің өмір сүрудің ең төменгі шамасына қарағандағы өсуін көрсетеді

 

2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен  жоқшылықты

      болдырмауға  қарсы іс-шаралар

Қазақстан Республикасыныі І-міндеті: 1990-2015 жылдар аралығындағы кезеңде күнделікті табысы бір доллардан кем адамдардың үлесін екі есе қысқарту.Табыстары (тұтынуда) күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі (Жалпы санының %)

Қазақстан 1 Міндетті орындады

1 Міндетті шешу үшін негіз  ретінде 1996 жыл алынған болатын, өйткені 1990-жж. өтпелі кезеңнің дағдарысын ескергенде, ол бұл көреткіш үшін 1990ж. қолайлылау болып шықты. Ал міндет ұлттық жағдайға сәйкестендіріліп, табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдардың — деп қойылды.

2004 жылы Қазақстан Міндетті орындады. Төрт жыл ішінде (2002-2006) кедейлер саны 45-тен 12%-ға дейін, яғни 4 есе төмендегенін еске салайық.  Бірақ кедейлік ел үшін, әсіресе ауылдық аймақтарда, елеулі проблема күйінде қалып отыр.

Жұмыссыздық пен халықтың табыстардың төмендігі Қазақстандағы кедейліктің себептері болып отыр. Экономикалық өсуге қарамастан, елдегі жалақысы төмен қызметшілердің үлесі бұрынғыша қатып отыр. Өздіктерінен жұмыс тапқандардың саны артса да, бұл табыстарды арттыру проблемасын шеше алмады — мұндай қызметшілердің жалақысы төменгі деңгейде қалып қойды, сонымен бірге мемлекеттік секторда жұмыс істемейтін адамдар әлеуметтік қорғаусыз қалды.

Кедейшілікпен күрес – қасиетті күрес. Кедейлік проблемаларын шешу үшін қоғамның барлық институттарының: мемлекеттік органдардың, кәсіби одақтардың, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде кедей халықтың мүддесін білдіретін бірлестіктердің белсене қатысуы мен бірлесіп іс-қимыл жасауы көзделген.

Осы бағдарламалар қатарынан Кедейлікпен күресу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға тоқтала кетейік.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ еңбек рыногындағы неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету.

Бағдарламаның міндеттері: экономикалық өсу негізінде әлеуметтік салада дәйекті реформа жүргізу арқылы  халықтың тұрмыс деңгейін тұрақтандыру және арттыру, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал жіктерін әлеуметтік бейімдеу, экономикалық оңалту және әлеуметтік қолдау көрсету шаралары негізінде кедейлікпен нақты күрес жүргізу.

 Бағдарламаның жаңалығы: біріншіден, зейнеткерлік жасына толған адамдарға жұмыс істеген-істемегеніне қарамай зейнетақы төлеу. Екіншіден, міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру кіргізілген. Міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіретін әлеуметтік қауіпті жағдайдағы еңбекке жарамсыз болғанда, асыраушыны жоғалтқанда мемлекеттік әлеуметтік фондтан төлемақылар бөлінеді.

Біздің елде өмір сүру минимумы – бұл қажетті минималды ақшалай табыс жан басына шаққандағы көрсеткіші.

Ақырғы алымдары халықтың табыс көзі өсуіне байланысты. Соған байланысты соңғы жылдары халықтың қажеттіліктері өсуде. Халықтың азық-түлікті және басқа да тауарды қамтуда адам басына шаққанда 50%-ге 50% құрайды. Кедей үй шаруашылығында 60%-ке 40% болады екен. Осыған байланысты өмір сүру минимумының көрсеткігін қайта қарастыруда.

Біріншіден, азық-түлік қаржысын ұлғайтқан кезде, яғни 20-дан 43 түрлеріне дейін, бұл азық-түлікпен қамтудағы әртүрлі рационалды нормадағы тағамдардың ұлғаюы. Осыған байланысты 3772 теңгеден 4020 теңгеге ұлғайды. Өмір сүру минимумының ұлғаюына байланысты 2005 жылы 7000 теңгеге дейін өсіп, ал 2006 жылы 7,5 мыңға ұлғайды.

Елбасының жолдауы бойынша 2006 жылы базалық зейнетақы енгізілді. Бұл зейнетақының құрамы өмір сүру минимумының 20%-ын құрайды және 75%-ға өсуі мүмкін. Өткен 2006 жылы базалық зейнетақы жүйесі бойынша минималды төлем 8046 теңге, орташа 11266 теңге, максималды зейнетақы 13036 теңгеге өседі.

Осы бағдарламада аз қамтылған тұрғын халық санына қосылған әрбір дүниеге келген балаға 18 жасқа дейін жәрдемақы төленіп отырады. Ал 2007 жылдан бастап әрбір қазақстандық отбасындағы бала 1 жасқа толғанға дейін ай сайын жәрдемақы төлемдері төленіп отырады.

Көп балалалы отбасылар 2006 жылы 2 есе арнайы мемлекеттік жәрдемақы аналарға төленеді. Бұларға 4 баладан немесе одан да көп 16 жасқа толмаған отбасылар жатады.

Қазақстан Республикасында соңғы 10 жыл бойы нарықтық экономикаға ауысуына байланысты әртүрлі келеңсіз жағдайларға байланысты ел үлкен дағдарысқа ұшырады. 1992 жылы басталған инфляция, жұмыс орнындағы қысқарту, азық-түліктің талонмен санап берілуі, халықтың көбінің жұмыссыздық әсерінен базар жағалауы. Осы барлық мәселелер елді кедейшілікке әкеліп соқты. Ол халықтың демографиялық жағдайына да әсер етті. Балалар үйінде жетім балалар саны, қарттар үйінде қараусыз қарттар саны жоғарылады.

Осы ақырғы 2008 жылдарға қарай ел жағдайы түзеле бастады. Әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмыстар атқарылуда. Ендігі мақсат экономиканың өсуін қуаттау мақсатында еңбек интенсивтілігін көтеру. 

 Мемлекетіміздің тəуелсіздік алуы мен қалыптасуы кезеңінде жүргізілген қарқынды нарықтық өзгерістердің арқасында Қазақстан экономикада ірі əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік тудырған айтарлықтай оң нəтижелерге қол жеткізді. Зейнетақылар мен жəрдемақылдардың мөлшерлері үлғайтылып, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы өсті, бөлінетін қаржылар көбейтілді жəне денсаулық сақтау мен білім салаларында жүйелі өзгерістер жүргізуге бағытталған кешенді шаралар қамтамасыз етілуде, ауылды дамытуға, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске  асыруға  айтарлықтай  көңіл бөлінуде.

Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары