2005 жылдың 1
қаңтарына Қазақстанның халқы
15 074 800 адам болды, олардың ішінде
әйелдер – 7 817 900 адам немесе
ел халқының 51,9%1. Жынысы бойынша
бөлу барлық жас санаттарында
әр түрлі. Балалар мен жастардың
арасында (0-ден 24 жасқа дейін)
ер балалар мен жас жігіттер
саны басым. Одан үлкенірек
жас топтарында әйелдерге тән
басымдық үрдісі байқалады: халықтың
жас тобы неғұрлым ересек болған сайын,
соғұрлым оларда әйелдер саны көп.
Соңғы жылдарда
қабылданып жатқан шараларға қарамастан,
бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығы
нашарлай түсуде, бұл болашақ ұрпақтардың
денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Әйелдердің денсаулық индексі небәрі
30%-ды, ал кейбір, әсіресе экологиялық
қолайсыз өңірлерде (Шығыс Қазақстан,
Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында) – 20% және одан да төмен
пайызды құрайды. Дәрігерлік қарау
кезінде 12-20% жасөспірім қыздар мен 40-60%
бала туатын жастағы әйелдерден гинекологиялық
аурулар анықталады. 89% әйелдерде жүктілік
барысындағы асқыну белгіленді. Кешеуілдеген
токсикоз, несеп жыныс жүйесінің аурулары,
күре тамырдың асқынуы сияқты жүктілік
кезіндегі кеселдердің асқыну деңгейі
жоғары және күрт көбейе түсуде. Тек 1999
жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде босанған
әйелдердің арасында кешеуілдеген токсикоздан
зардап шеккендердің үлесі 16,5-тен 17,3%-ға
дейін, несеп-жыныс жүйесінің ауруларынан
– 16,6-дан 23,2%-ға дейін, күре тамырлардың
зақымдануынан – 3,8-ден 4,7%-ға дейін өсті.
Бақылау
үшін жүкті әйелдерді ерте
кезден медициналық есепке алу
сияқты жүктіліктің асқынуын
төмендетуге бағытталған маңызды
профилактикалық шара әрқашан
сақтала бермейді. Мәселен, 2004 жылы
жүктілік мерзімі 12 аптаға дейінгі
әйелдердің 70,1% ғана тіркеуге тұрды. Контрацептивтерді
пайдаланатын әйелдердің үлесі аз және
төмен қарқынмен өсуде. 2004 жылы бала туатын
жастағы әйелдердің 38,5% ғана контрацептивтерді
пайдаланды (1999 жылы олар 33,5% болды). Сан
жағынан біршама кемуіне қарамастан, бала
тууды реттеудің негізгі әдісі бұрынғысынша
аборт болып отыр. Аборттар гинекологиялық
аурулардың, бедеуліктің жиілігін ұлғайтады,
шала тууға себеп болып, ана мен нәрестенің
аурушаңдығы мен өлім-жітіміне ұшыратады.
2004 жылы ел
бойынша бала туатын жастағы
1000 әйелге шаққанда орта есеппен
30,4 аборттан келді. Аборттар коэффициенті12
Ақмола облысында өте жоғары,
олардың саны босанулар санынан
асып түсті және 100 тірі тууға
113,1 абортты құрады, немесе бала
туатын жастағы 1000 әйелге шаққанда
53,3 болды. Аборттардың жоғары
пайызы сондай-ақ Қарағанды, Солтүстік
Қазақстан және Шығыс Қазақстан
облыстарында белгіленді.
Әйелдер арасында
онкологиялық аурулардың деңгейі жоғары.
Қатерлі ісік кеселдерінің ішінде сүт
безінің ісігі бірінші орын алады,
ал ауру әйелдердің саны өсе түсуде.
Егер 1998 жылы сүт безінің жаңа пайда
болған қатерлі ісігімен ауыру 100 мың
әйелге шаққанда 32,9 оқиғаны құраса,
ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 39,1 тең болды.
Сүт безінің қатерлі ісігімен
ауырудың ең жоғары деңгейі 2004 жылы Қарағанды
облысының еншісіне келді (сүтбезінің
қатерлі ісігімен ауырғандардың
жалпы санының 14,7%-ы). Одан кейінгі
орындарда Шығыс Қазақстан облысы
(14%) және Алматы қаласы (11,3%)14. Бедеулік
проблемасы – мүлде айрықша проблема.
Республикалық ана мен бала денсаулығын
қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының
деректері бойынша, Қазақстанда 10-12% отбасының
бойына бала бітіру мүмкіндіктері жоқ.
Әйелдер бедеулігінің ең жиі кездесетін
себептеріне басынан өткізген қабынба
аурулар (68,4%) мен эндокриндік факторлар
(40%-ға дейін) жатады.
Елдегі аналар
өлімінің қазіргі деңгейі Еуропалық
одақ елдерінде, АҚШ пен Жапонияда
өткен ғасырдың 70-ші жылдарының орта
шенінде белгіленген көрсеткіштерге
сәйкес келеді, және бұрынғы социалистік
блоктағы көптеген елдердің осыған ұқсас
көрсеткішінен анағұрлым асып түседі:
Украинадан – 2,0-2,6 есе, Ресейден – 1,2-1,5
есе, Қырғызстаннан (тіпті 2001 жылға
дейін) – 1,1-1,6 есе16 . Антенаталдық қызметтермен
(94%) және босанатын әйелдерге білікті
жәрдем көрсетумен жаппай дерлік қамтуға
(98%) қарамастан, аналар өлімінің коэффициенті17
әлі де жоғары. Егер 1990 жылы ол тірі
туған 100 мың нәрестеге шаққанда
55-ті құраса, ал 2004 жылы 36,9 болды Қала
тұрғындарының арасында осы көрсеткіштің
мәні сол кезең аралығында 50,5-тен
41-ге дейін, ал ауыл тұрғындарының арасында
59,2-ден 47,5-ке дейін төмендеді . 1999 жылдан
2003 жылға дейінгі аралықта аналар
өлімінің үштен екісі (72,3%) ұрпақты
болу мүмкіндігі ең жоғары жастағы
– 19дан 34 жасқа дейінгі әйелдер
болып отыр, сонымен бірге барлық
жас топтарында ауыл әйелдерінің
саны басым. 40 жастағы және одан асқандардың
жас тобында ауыл әйелдерінің
арасындағы өлім оқиғалары қаладағыларға
қарағанда 1,5 есе жиі байқалады. Аналар
өлімінің негізгі саны ( 66%) босанғаннан
кейінгі кезеңге келеді, әрі ауыл
әйелдерінің осы көрсеткіші қаладағылармен
салыстырғанда 1,2 есе жоғары . Жалпы
ел бойынша аналар өлімі оқиғаларының
саны ауылда тұратын әйелдердің арасында
51,6%-ды құрады.
Аналар өлімі
облыстар бойынша айтарлықтай сараланған.
2004 жылы ең жоғары көрсеткіштер – Астана
қаласында, Маңғыстау және Атырау облыстарында,
ал ең төменгі көрсеткіштер - Ақмола
және Солтүстік Қазақстан облыстарында
тіркелді. Аналар өлімінің негізгі
себебі акушерлік қан кетулер
болып табылады (26,9%), содан кейінгі
орындарда – экстрагениталды
аурулардан (ЭГА), аборттан (22,1%), эклампсиядан
(17,3%), сепсистен (8,7%) және жатырдан тыс
жүктіліктен (1%) болған жүктіліктің
басқа да асқынулары (24,1%).
Соңғы бес
жылда қан кетулер Алматы, Жамбыл,
Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан
облыстарындағы аналар өлімінің негізгі
себебі болып отыр – қан кетулердің
60,2%-ы осы өңірлерге келеді. Өлім
емханалық жағдайлар (93,4%) мен стационарда
(85,6%) медициналық көмектің уақтылы
көрсетілмеуінен және оның сапасының
төмендігінен болды.
Жүктілік
пен босанудың басқа асқынуларының
арасынан өлім оқиғаларының үштен
екісі қан аздықты, туберкулезді,
жүрек, бауыр және бүйрек, т.б.
ауруларды қоса ЭГА еншісіне
келеді. Тек 16% әйелдерде ғана
ЭГА – жүкті болғанға дейін,
52,8%-да жүкті кезінде анықталса,
ал 31,2% оқиғаларда диагноз мәйітті
ашып қараған кезде қойылды
.
Соңғы бес
жылдың ішінде Ақмола, Шығыс Қазақстан,
Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан
облыстарында және Алматы мен Астана
қалаларында аналар өлімінің негізгі
себебі аборт болды.
Азаюға қарай
ойысқан жалпы үрдіске қарамастан,
аналар өлімі әлі де жоғары деңгейде
қалып отыр.
Қалалық және
ауылдық жерлерде аборттардан болатын
өлім себептерінің құрылымы әркелкі. Қалаларда
негізінен қылмыстық аборттан, жүктілікті
әлеуметтік көрсеткіштер бойынша тоқтату
және жасанды медициналық аборт
жасау кезінде болатын өлім басым.
Ауылда өздігінен болған аборттардан
және медициналық көрсеткіштер бойынша
жүктілікті тоқтатудан болатын өлімнің
деңгейі біршама жоғары.
Бала
туатын жастағы (15-49 жас) әйелдердің
40%-ға жуығы әркелкі дәрежедегі
теміртапшылықты қан аздықтан
зардап шегеді. Әйелдер денсаулығының
нашарлау индикаторларының бірі
жүкті әйелдер арасында қан
аздықпен ауырудың өсуі болып
табылады. Мәселен, 1991 жылы бақылауда
болған әйелдердің төрттен бірі
ғана (25,5%) қан аздықтан зардап
шексе, ал 2004 жылы қан аздықпен
ауырған жүкті әйелдердің үлесі
58,8%-ды құрады. Осы аурудың ең
жоғары деңгейі Оңтүстік Қазақстан
облысында: мұнда қан аздықтан
85,6% жүкті әйел зардап шегеді.
Қан аздықпен
ауырудың негізгі себебі – құрамында
нәрлі заттары мен микроэлементтері
бар тамақты аз және жеткіліксіз
пайдалану. Жүкті әйелдер арасындағы
қан аздықпен ауырудың жоғары деңгейі
босану кезіндегі және босанғаннан
кейінгі асқынуларға, сондайақ акушерлік
қан кетулердің салдарынан болатын
аналар өлімінің жоғары деңгейіне себепші
болады. 3 –суретте жүкті әйелдердің
қан аздықпен ауруының статистикалық
көрсеткіші берілген. [3., 1-13]
1.4 Еңбек
рыногының аспектілері
Қазақстан экономикасы
серпінді дамушы елдердің қатарына жатады.
Алдын ала деректер бойынша, экономикалық
реформалардың, қолайлы инвестициялық
ахуал мен энергетикалық сектордағы
жетістіктердің арқасында ЖІӨ-нің
жыл сайынғы өсуі 2002-2005 жылдары 9%-ды
құрады. Мемлекет саясатының әлеуметтік
және экономикалық бағыттылығының оңтайлы
ұштасуы үшін жағдайлар жасалды.
Республикада атаулы да, сондай-ақ нақты
жалақы да тұрақты өсіп келеді, жұмыссыздықтың
деңгейі төмендеуде, әлеуметтік аударымдардың
мөлшерлері жоғарылауда.
Сонымен бірге
қалыптасқан ахуал бірқатар келеңсіз
үрдістермен сипатталады. Осы уақытқа
дейін түрлі әлеуметтік топтар табысының
саралануында жоғары деңгей сақталуда;
халықтың әлі де едәуір бөлігінің, әсіресе
ауылдық жердегі тұрғындардың табыстары
ең төменгі күнкөріс деңгейінен де
төмен (2004 жылы Қазақстан бойынша 16,1%,
қалалар мен ауылдық жерлерде,
тиісінше – 9,2% және 24,8%). Еңбек рыногындағы
тұрақсыздық жағдай сақталуда, 2004 жылы
«өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп аталатындардың
үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы
санының 37,8%-ын құрады.
Әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды олардың гендерлік
аспектілерін есепке алмай шешу мүмкін
емес. Елге деңгейлес және сатылас
сегрегацияның жоғары деңгейі тән
болып отыр, ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың
деңгейі ерлермен салыстырғанда
әйелдердің арасында 1,7 есе жоғары.
Әйелдердің орташа айлық жалақысы –
ерлер жалақысының 61,9%-ын; әйелдердің
орташа айлық зейнетақысы ерлер
зейнетақысының 83,1%-ын құрайды.
Қазақстандағы
еңбекке қабілетті жастағы әйелдердің
экономикалық белсенділік деңгейі
біршама тұрақты болып табылады.
2003 жылы бұл көрсеткіш 65%-ды құрады,
бұл ерлердің тиісті көрсеткішінен
10,6%-ға төмен. Осы үрдіс негізінен
2004 жылы да сақталды. Республикадағы әйелдердің
экономикалық белсенділігінің жоғары
деңгейіне (әлемдік стандарттарға
сәйкес) өз бетінше жұмыспен қамтылған
халықтың арасында әйелдер үлесінің
айтарлықтай дәрежеде жоғарылығы есебінен
қол жетіп отыр, әсіресе ауылда,
мұнда 59,2% әйелдер және 51,5% ерлер
өз бетінше жұмыспен қамтылса2, ал қалаларда
әйелдер 25,3%-ды және ерлер 22,8%-ды құрайды.
Жалпы республика бойынша жұмыспен
қамтылған әйелдердің 39,8% және ерлердің
35,9% өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етті.
Өз бетінше
жұмыспен қамтылу негізінен бейресми
сектордағы жұмыспен, демек, еңбек заңнамасын
сақтамауға, әлеуметтік қауіптер орнаған
жағдайда қорғанудың болмауына, сондай-ақ
қызметкерлердің кәсіби, біліктілік
машықтары мен олардың білімдерінің
құнсыздануына ұштасады.
Әйелдердің
экономикалық тұрғыдан белсенділік
деңгейіндегі өңірлік саралану Қазақстандағы
облыстар экономикасының салалық құрылымындағы
айырмашылықтармен сабақтасады. 2004
жылы әйелдердің экономикалық тұрғыдан
белсенділігінің ең төменгі деңгейі
– Шығыс Қазақстан облысында
(58,4%), ең жоғары деңгейі Қостанай облысында
(71%) тіркелді.
Елдегі еңбек
рыногына сатылас сегрегацияның
жоғары деңгейі тән. Ерлермен салыстырғанда
анағұрлым жоғары білім деңгейіне
қарамастан, барлық деңгейлердегі билік
және басқару органдары басшыларының,
ұйым басшыларын (жоғары деңгей) қоса,
небәрі 3,5%-ын ғана құраса, ал төменгі
лауазымдық деңгейдегі қызметшілердің
арасында 76,7%-ын еншілейді. Жұмыспен қамтылған
әйелдердің анағұрлым жоғары білімімен
бірге сатылас сегрегацияның
жоғары деңгейі елдегі еңбек ресурстарының
білімділіккәсіптік әлеуетін тиімсіз
пайдалануын, сондай-ақ жұмысқа қабылдау
және қызметте жоғарылату кезінде қоғамда
әйелдерге қатысты дәстүрлі гендерлік
таптаурындардың кең таралуын айғақтайды.
Еңбек рыногында
әйелдердің экономикалық белсенділігі
мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін
тежейтін негізгі факторлардың бірі
– балаларды мектепке дейінгі
тәрбиелеу жүйесінің, әсіресе ауылда,
нашар дамуы мен оларға қол жеткізу
мүмкіндігінің төмендігі. Соның салдарынан
балаларды күту мен тәрбиелеуге қатысты
міндеттерді әйелдер өндірістік қызметтен
қол үзіп орындауға мәжбүр, бұл көбіне
олардың өздерінің жұмыс орындарын жоғалтуына
әкеліп соғады. Соңғы жылдары елдегі жұмыссыздық
деңгейінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады,
бірақ әйелдер жұмыссыздығының деңгейі
ерлермен салыстырғанда жоғары қалпында
қалып отыр. Мәселен, әйелдер арасындағы
жұмыссыздықтың деңгейі 2004 жылы 9,8%-ды,
ерлер арасында 7%-ды құрады.
Жұмыссыздық
проблемасы әсіресе жастар арасында
(15-24 жас) өткір көрінеді. Жұмыссыздардың
жалпы санындағы жастардың үлесі
айтарлықтай жоғары қалпында қалып
отыр, оның ішінде бойжеткен қыздардың
арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі
жас жігіттердің арасындағы жұмыссыздықпен
салыстырғанда жоғары (2004 жылы тиісінше
15,7 және 13,1%). Әйелдер арасындағы ұзаққа
созылған жұмыссыздықтың қысқаруы ерлер
арасындағы жұмыссыздыққа қарағанда
анағұрлым баяу. 2004 жылы бір жыл бойы және
одан көп уақыт жұмыс іздеумен айналысқан
жұмыссыздар арасында әйелдер ерлермен
салыстырғанда екі есеге жуық көп болды
(тиісінше 63,5 және 36,5%). Ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың
деңгейі ерлерде – 3,8%, әйелдерде 6,4% болды.
Жұмыссыз
әйелдер жұмыссыз ерлерге қарағанда
әлдеқайда білімді. Мәселен, 2004 жылы
жоғары және арнаулы орта білімді
жұмыссыздардың арасында әйелдер басым
көпшілікті құрады (тиісінше 60,1% және 64,2%).
Табысы жоғары деңгейдегі өңірлерде
ерлер мен әйелдер жұмыссыздығының
арасында үлкен айырмашылық байқалады.
2004 жылы Астана қаласында әйелдер
арасындағы жұмыссыздық деңгейі
– 13,4%-ды, ерлер арасында 3,2%-ды құрады.
Маңғыстау облысында осы көрсеткіштер
тиісінше – 13,2% және 7%; Ақтөбе облысында
- 12,9% және 6% болды. Оның себебін ауыр
дене еңбегін қажет ететін өндірістерде,
вахталық жұмыстарда ерлердің жұмыс
күшіне сұраныстың жоғары болуы сияқты
факторлармен түсіндіруге болады. Астана
қаласында жұмыссыздар арасында
әйелдердің айтарлықтай басым болуы
ерлер еңбегіне құрылыста, көлікте,
коммуникациялар мен сервисте жоғары
сұраныстың болуымен түсіндіріледі .
2004 жылы әйелдер
мен ерлердің орташа айлық
жалақысы тиісінше 21 445 және 34 648 теңге
болды. Экономикалық қызметтің
үш түрінде (денсаулық сақтау,
білім беру және саудада) орташа
айлық жалақы, 2004 жылы 28 329 теңгені
құраған республикалық ортаңша жалақының
деңгейінен де төмен, мұнда әйелдер барлық
жалдамалы қызметкерлердің 60%-дан астамын
құрайды. [4.,1-12]
2 Қазақстандағы
әйелдер қозғалысы
2.1 Әйелдер
қозғалысының дамуы
1990 жылдары
Қазақстан егемендігін алу және
кең кең ауқымды қоғамдық –
саяси өзгерістердің белең алуы
мемлекетімізде қоғамның саяси белсенділігі
дамуыа себебші болды. Қоғамдық үдерістерді
басқаруда халықтың қатысуы, жаңа конституционалдық
форманың құрылуы саяси плюрализм деңгейі
мен ауқымының кеңеюіне әкеліп соқты.
Аөаматтық қоғам – ең алдымен нарық қатынастарында
бәсекеге қабілетті жариялық құқықтық
жағдайында өмір сүріп отырған еркін және
жауапты азаматтардың қарым – қатынасы.