Қазақстандағы әйелдердің жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 13:27, реферат

Описание работы

Мақсат: Қазіргі таңдағы Қазақстандағы әйелдердің жағдайы жайлы мағұлмат беру.
Міндеттер:
Әр түрлі дерек көздерін пайдалана отырып Қазақстандағы әйеледердің жағдайын анықтау.
Әйелдердің жағдайы жайлы мағұлматтарды толығымен қамту.
Қазақстандағы гендерлік жайлы түсінік беру.
Әйелдердің денсаулық аспектілерін, еңбек рыногындағы ролін анықтау.
Қазақстандағы әйелдердің қозғалыстары жайлы мәліметтер жинақтау.

Файлы: 1 файл

Қазақстандағы әйелдердің жағдайы.docx

— 46.74 Кб (Скачать файл)

Қазақстанда статистика бойынша 9 мыңға жуық комерциялық емес ұйымдар бар, олардың ішінде 250-і әйелдерге тиесілі. Жиырма жыл ішінде барлық азаматтық секторлар сияқты еліміздегі әйелдер қозғалысы кезекті даму кезеңінің пусіп жетілген түрінде және стагнация, құлдырау, құлпыра гүлдену, даму, өмірге келу баспалдақтарынан өтті. Бүгінде Қазақстанда жүздеген әйелдер ҮЕҰ ауыспайтын көшбасшылардың ядросы бар гендерлік мәселелер алаңында кәсіби жұмыс атқарыды.

Әйелдер ҮЕҰ  он жылдан астам уақыт ішінде 2009 жылы тұрмыстағы зорлық және әйелдер ен ерлердің тең құқылы және мүмкіндіктері тең осы екі маңызды заңдарының қабылдануына қол жеткізіп, белсенді қатысты.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін отбасындағы  зорлықтың алдын алу, гендерлік теңдіктің дамуы, қоғамдағы мәдениеттің дамуы, зорлықсыз қарым – қатынас құндылықтары негізіне құрылған ҮЕҰ аталмыш ұйыммен мемлекет құрылымымен серіктестік байланысты орнатады.

Науқан жалпы  мақсаттардың жүзеге асуында серіктестік,  тәжірибе және ақпарат алмасуды, жобаларды  бірігіп өткізуін, қорлардың дамуы  мен ұлғаюы ретінде қарастырады. Орын алған проблемаларды шешуде ынтымақтастық және өзара жауапкершілік  сезіммен қарайтын әлеуметтік серіктестер  көптеген жобаларды тиімді түрде  жүзеге асырады.

Өзара әрекет етудің басқа тұрақты формасы Қазақсатн Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық қызметке (кәмелетке толмаған балалар ісі және олардың құқығын қорғауда; адам саудасының алдын кесуде кіргізілу мен шығарылуы) ҮЕҰ өкілдерін тарату болып табылады.

Нәзік жандылар ұйымдары әйелдердің және гендерлік  жобалардың жүзеге асуына жауап беретін  көптеген халықаралық қорлар мен  шетелдік ұйымдардың кәсібилігін, көңіл орталығын және қиарлық еңбектерін қатты бағалайды.

Әйелдердің  ҮЕҰ, Әйелдердің істері бойынша Ұлттық комиссия, ҚР Парламенті «Қанатты әйелдер» және «Томирис» гендерлік мейнстриминг жобасы аясында әйелдер жәрмеңкесі өткізіліп, Швецияда ҮЕҰ белсенділерінің  СИДА Швед агентігінің тренингтері  мен парламент шақырылуына ұзақ жылдан бері қолдау білдіріп келеді. Қазақстандағы гендерлік зерттеулердің қалыптасуы «Гендер және даму» Аймақтық кеңсесі тарапынан Ташкентте Шахранбу Таджбахшты оқу пәні ретінде қарауға қолдау көрсетті. «Әйелдер құқығы жөнінде ақпараттық таралуы» БДИПЧ/ОБСЕ жобасы бойынша Биргиг Кайнц, Соня Циммерман және Лесли Абелалардың мұрындық болуының арқасында әйелдер ұйымның негізінде пайда болды. ҮЕҰ-ның баршасы да ХИВОС голланд институтынан Марсель ван дер Хейденнің жұмысын жақсы біледі. [5., 18-20б]

 

2.2 Әйелдер  қозғалысының күші мен әлсіздігі

 

2008 жылғы  тренингтердің бірінде әйелдер  қозғалысынң күшті және әлсіз  жақатрын белсенділер анықтаған  болатын. Күштілер арсында жігерлі  болу, ауызбіршілік, топтардың әр  түрліліг, ақпаратану, жұмыса объективті  болу азаматтық секторды мойындауы,  иекмділігі, ашықтығы, альянсқа кіру  дайындығы, қажеттілігі, көшбасшылыққа  тұрақтылық, кәсібидаму, идеяға адалдық, халықаралық әйелдер қозғалысының қолдауы, мемлекеттік органдардың беделі сияқты қасиеттері аталды.

ҮЕҰ әйелдер  қызметінің әлсіз жақтарына мынадай  қасиеттерін қарастырады: болашаққа  сенімсіз қарау, әр түрлі мақсатты бар, сирек байланысты болуы, әрекетсіздік, мемлекеттік және донарлық қолдаудың  жоқтығы, қоғамдастықтың сылбрлығы, кері байланыстң жоқтығы. Саяси сенімсіздігі, кадрлардың жаңаланбауы, саяси шақырылымның жоқтығы, қаржылық ұрақсыздық, халықаралық деңгейде ұсыныстардың жетімсіздігі, ұяңдық, бәсекелестік қарсыластықты рандатушы, донарлар үшін күрес.

Соңғы жылдары  мемлекеттің гендерлік теңдіктің қозғалысы саясатына қарамастан, қоғамда гендерлік теңдік және жариялық институттары саясаттың тиімділігімен салыстырмалы түрде белгіленген пессемизмнің әбден шырмалап қалғаны байқалады. Гендерлік қарым – қатнас  ұйымдарының әдісімен салыстырып қарағанда, әдет – ғұрптың әдіс – тәсілдерін (патриархаттық) қатал ұстануы, полигамияның қайта оралуы және әйелдерді үй жағында шығармай ұстауы жиі көрініс тауып жатады.

Гендерлік теңдікті ресмимойындауы мемлекеттің жариялылық саясатының принципі ретінде халықаралық қоғамдастықтың және әйелдердің ҮЕҰ қысымымен қол жеткізуі Қазақстандықтардың күнделікті өміріне ерлер мен әйелдер теңдігі идеясының қабылдануы шынайлықты білдірмейді.

Оданда басқа, мемлекеттік емес ұйымдардың дамуының ең әлсіз тұстары қазіргі уақытта азаматтық сектордаң, әсіресе, ауылды жерлерде юіркелкі болмай отыр. ҮЕҰ негізінен алып қарағанда, өз жұмыстарын Алматыда, Астанады және облыс орталықтарында өткізеді. Деәтұрғанмен, азаматтық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламалардығ қолдауымен тең құқылы серіктестердің бірлескен жұмыстарында өткір әлеуметтік проблемалардың шешілуіне мемлекеттік емес ұйымдардың назарына аударту аясында әрекеттер жасалынып, ауылдағы әйелдер қозғалысының дамуы жандана түседі. [5., 20-22б]

 

Қортынды

 

Әр түрлі  мағұлматтарды пайдалана отырып Қазақстандағы әйелдер жағдайы  жайлы мәліметтер жинақтадық. Қазақстанда  әйелдерге жағдай жасалып гендерлік  саясат дамуынан басақада әйелдерге  қатысты жағдайлар қалыптасқан. Ол дегеніміз әйелдерге қатысты  қоғамдағы зорлық – зомбылық, әйелдердің денсаулық жағдайы және т.б.   Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – әлеуметтік және экономикалық дамуға нұқсан келтіретін негізгі қауіп-қатерлердің  бірі. Отбасындағы зорлық – зомбылық 71,4% құрайды.

Әйелдер арасында онкологиялық аурулардың деңгейі жоғары. Қатерлі ісік кеселдерінің ішінде сүт  безінің ісігі бірінші орын алады, ал ауру әйелдердің саны өсе түсуде. Егер 2004 жылы сүт безінің жаңа пайда  болған қатерлі ісігімен ауыру 100 мың  әйелге шаққанда 32,9 оқиғаны құраса, ал 2006 жылы бұл көрсеткіш 39,1 тең болды. Жүктілік пен босанудың басқа  асқынуларының арасынан өлім оқиғаларының үштен екісі қан аздықты, туберкулезді, жүрек, бауыр және бүйрек, т.б. ауруларды  қоса ЭГА еншісіне келеді. Тек 16% әйелдерде  ғана ЭГА – жүкті болғанға дейін, 52,8%-да жүкті кезінде анықталса, ал 31,2% оқиғаларда диагноз мәйітті ашып қараған кезде қойылды .

Әйелдердің  жағдайы тек денсаулықпен ғана шектелмейді. Әйелдер арасында жұмысыздық деңгейі де біршама жоғарғы көосеткіш көрсетуде. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Мыңжылдықтың даму мақсаттарына қолдау көрсету: Қазақстандағы Мемлекеттік басқару жүйесінің гендерлік аспектілері – 2006ж. – 15б
  2. Мыңжылдықтың даму мақсаттарына қолдау көрсету: Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – 2006ж. – 14б
  3. Мыңжылдықтың даму мақсаттарына қолдау көрсету: Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының гендерлік аспектілері – 2006ж. – 15б
  4. Мыңжылдықтың даму мақсаттарына қолдау көрсету: Қазақстандағы еңбек рыногының гендерлік аспектілері – 2006жж. – 16б
  5. Бұрханов К.Н. Қазақстандағы әйелдер қозғалысы әлеуметтік жаңғырудың көрінісі. - Алматы: «Қазақ энцеклопедиясы». – 2011жж - 296б

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы әйелдердің жағдайы