Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 17:08, реферат
Қазіргі социология ғылымында гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу затына әсері мәселесіне айрықша назар аударады. (мысалы, сайлаушылардың мінез-құлығы, тәрбие, еңбек және т.б.). Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы (әйелдер мер ерлер) айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс/гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.
Кіріспе 3
1. “Гендер” ұғымының анықтамасы. 4
Гендерлік теңдіктің қалыптасуы 4
2. Гендерлік теңсіздік 8
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17
МАЗМҰНЫ
Қазіргі социология ғылымында гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу затына әсері мәселесіне айрықша назар аударады. (мысалы, сайлаушылардың мінез-құлығы, тәрбие, еңбек және т.б.). Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы (әйелдер мер ерлер) айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс/гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.
Бұл мәселе Қазақстанның тәжірибесі тұрғысынан да үнемі зерттелуді. Шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, халықаралық қорлардың ұйымдастыруымен елімізде де осы мәселеге арналған семинарлар мен конференциялар өткізілуде. Сондықтан да біз осы жұмысқа гендер мәселесінің әлеуметтану ғылымында қарастырылу жай-күйін, оның түп мәнін талдау нысанына айналдыруды жөн көрдік.
Сондай-ақ соңғы кезде кейбір зерттеулерде исламның әйелдердің құқығын шектейді деген сыңаржақ көзқарас та үстемдік етіп келеді. Осы пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын да нақты мысалдар негізінде зерттеп көруге тырыстық.
Ағылшын тілінен аударғанда гендер “тек” деген мағынаны (ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда “гендер” термині қай топқа, тапқа, санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бір нысан (не затпен) мен бұрыннан белгілі (тап, топ) басқа заттың қатынасын білдіреді.
Яғни гендер тап ішіндегі бір нысанға не индивидке сол тап ішіндегі ұстанымды, сондай-ақ қалыптасқан таптарға қатысты ұстанымын белгілейді және бекітеді. Гендер дегеніміз - әлеуметтік қатынас (биологиялық жыныс емес); немесе әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі көзқарасы.
Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі сипаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлау, нормалар мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді. Соған сәйкес, гендер - әлеуметтендіру өнімі, сонымен бірге жыныс (sex) – даму нәтижесі. Жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымы ретінде бұл термин әйелдер (феминистік) зерттеулерде қолданыла бастады. Гендер тұжырымдамасының негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға бағытталмайды, ал өз жынысының “төбесі мен қабырғасы” шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға бағытталған.
Атап айтқанда, “жыныстың стратегиялық жүйесін” біздің кім әйел ме немесе еркек пе, қыз ба немесе ұл ма болуымызды – гендер нұсқап көрсетеді. Адамдар әйел немесе еркек жынысында туғаннан кейін, әйелдерге пассивтік, ал еркектерге активтік рольдарға бөлінген қиын жүйеге кез болады. Сонымен иерархиейлық қатынас негізінде активтің (еркек) мәні әрқашан пассивтен (әйел) жоғары тұрады (С.Де Бовуар). Еркектің әлемі – бар әлем, әйелдің әлемі – үй деген мағынада көрсетілгендей, социумде патриархаттық парадигма қалыптасқан (парадигма грек. сөзі - мысал, үлгі, модель). Әйел мен еркектің әлеуметтік қажеттілік (полезные) рольдері өздеріне сәйкес тағайындалып қойған (гендерлік ролдары).
Гендерлік роль – қызметтің, статустың, құқықтың дифференциациясы және олардық жыныстық айырмашылықтарына байланысты индивидтердің міндеттері. Гендерлік ролдер - әлеуметтік ролдардың түрлері, олар қалыпты, нақты әлеуметтік экспектацияларда және іс-әрекеттерінде көрінеді. Гендерлік ролдер нақты қалып жүйемен байланысты.
Зерттеушілер, гендер – қатысушысы әйелдер мен еркектер болып табылатын тұрақты даму үстінде болатын қарым-қатынас жүйесі деп тұжырым жасайды. Сонымен олардың іс-әрекеттері қоғамдағы мәдени, психология, педагогика, этнодіни қағидаларының әсерімен қалыптасады.
Әрбір қоғамда әр түрлі жынысты балалардан неше түрлі іс-әрекетті көруге болады және олармен әр түрлі қарым-қатынас жасайды. Жыныстықтың дамуы әрқашан салт-дәстүрге, мөлшерге және қоғамдық мәдениетке байланысты болған. Қоғам жыныстық моральды, секстік жол-жораны нормаға салады. Секстік ауытқуларды да норма сияқты есептейді.
Балаларда өздерінің жыныстық айырмашылығын психологиялық тұрғыдан анықтай бастауы екі жасынан басталып, үш жасқа аяқ басқанда бекиді. Алғашқы рет ұқсас жыныстардың өзгермейтін кристаллизациясы екі және жеті жастар шамасында болады.
Психоаналитиктердің зерттеуінше бастап кезде ұл бала да, қыз бала да өздерін аналарына ұқсастырады екен. Өсе келе қыз балалар анасына деген жақындығын жоғалтпайды да, ал ұл балалар әкесіне немесе еркектер ішіндегі күштілерге жақындай түсседі екен. Гендерлік ұқсастықтың қалыптасуына баланың тәртібіне сай сыйлық тарту немесе жағымсыз қылықтарына қарай жазалаулар да әсер етеді екен.
Егерде ұл бала апасының баласы сияқты көрсетсе, ал қыз бала тентек болса ата-анасы тынышсызданады. Бір мезеттерде ұл баланың дербестігін кінәласа, ал қыз баланың біреуге тәуелді болғанын жақтайды. (Смелзер Н.) Отбасы тәрбиешісі болса, құрбылары тән социализциасының негізгі агентті болып табылады. Орта жастағы бала қоршаған ортамен араласу арқылы тәннің айырмашылығы және оның ролі жайлы деректер жинап, өзінің тәсілдерімен салыстырады. Еркек ұқсастығы “еркек қандай болу керек” гендерлік миф арқылы қалыптасады. Мұндай жағдайда пайда болған ұқсастық диффуздық, осал және бірмезетте өте ригидтық болып келеді.
Социумдық талаптардың қатаңдығы қоғамдық тәрбиелеу жүйесіне (балалар бақшасы, мектеп) ауысуға орай күшейе түседі, бұл 8-12 жас аралығында “әйелдер әлемінен” “бойын аулаққа салуын” және қатарластырының “еркектер одағына” жақындауын ынталандырады. Соңғысы еркектік роль үлгісінің бастауы және маскулиндік (еркектік) қасиетін іске асыру аясы болады.
Гендерлік рольдің дамуында
БАҚ, әсіресе, бала күні-түні көретін
теледидар қалыптастыратын
60 жылдардың соңында американдықтар әйгілі болған “сексизм” терминін енгізді. Нәсілшілдік ұғымына ұқсас тәсілмен жасалған ол тұлғаның жыныстық белнгісі бойынша қаналу жүйесі мен тәжірибесін білдіреді. Сексизм - әйелдердің әлеуметтік теңсіздігін әйел табиғатының туа бітті әлсіздігі ретінде ақтайтын, яғни әйелді мәдени, ғылыми және әлеуметтік шығармашылыққа қатысуға қабілетсіз деп танитын ұстаным жүйесі. Жасырын лингвинистикалық сексизм формасы тілдік кеңістікте мәдени субъекті ретінде әйелдерде болмауынан байқалады. Мысалы, 1992 жылы Мәскеуде шыққан (Просвещение) бірінші сыныпқа арналған оқу кітабында әйелдің өмірлік кеңістігі 35 проценттен аспайды; сипаттамалық үзінділердегі 88 персонаждың тек бір оқиғасында ғана әйел негізгі тұлға болады, ал қалған 10 оқиғада әйел эпизодтық персонаж ғана болып табылады.
Социологиялық зерттеулер психологияда белгілі болған “Кун тестінің” “Мен кіммін?” деген сұрағына қыздар мен балалардың (10 жастан 16 жасқа дейінгі) жауаптары іс жүзінде бір-бірінен тым алшақ болып келетінін көрсетті. Барлық үш жастағы қыздар “айналасындағыларға ұнауды қалайтыны”, әсіресе еркек жынысты достарына ұнайтыны (63 процент), “ата-анасына ұнағысы келетіні” небәрі 36,9 процент екендігі анықталды. Жауаптарға талдау нәтижесі қабілеттілік және интеллект секілді қасиеттер олар үшін, ең алдымен, маңайындағылармен жақсы қарым-қатынас орнату, ақыр соңында оларға барынша көбірек ұнағысы үшін ерекшелену құралы екендігін көрсетті. Балалар үшін – оларды социумның қалай қабылдайтыны және олар онда маңызды орын иелене алуы өмірлік маңызы бар мәселе болды (92,3 процент).
Орта мектеп бітірушілеріне медициналық жоғары оқу орнының екі бітірушісі Аня деген қыз бен Сергей деген жігіттің тағдырын “болжау” ұсынылды. Олардың екеуі де – оқу озаттары, екеуі де өздерінің болашақ жұмыстарын сүйеді. Алайда, респонденттердің болжамдары бойынша, олардың тағдырлары әр түрлі болып қалыптасады.
Аня тағдырының негізінен
ықтимал нұсқалары былайша
- ол кәдімгі қарапайым дәрігер болады (53);
- тұрмысқа шығып, бала табады (82);
- мамандығы бойынша мансап қуады (29);
- кәсібін ақшасы көбіректеу кәсіпке ауыстырады (5,8);
- шетелге кетеді, күйеуге
шығып, мамандығы бойынша
- тұрмысқа сәтті шығу
арқылы материалдық жағынан
- кәсіптік тағдыры дұрыс болады (23,5);
- ол “отбасы жағдайына
байланысты” жұмыс істеуін
Мектеп оқушыларының Сергейдің өмірлік жолы жайында болжаған нұсқалары (мұндайда қыздар мен ұлдардың жауаптары іс жүзінде бір-бірінен алшақ болған жоқ) басқаша болды. Ешкім де “ол кәдімгі қарапайым дәрігер болады” деп жазбады, 60 процентке дерлігі ол “өз мамандығы бойынша жақсы мансапқа жетеді” деп болжады, 70 проценті оның отбасын құратынына, бірақ мансапқа жетіп алған соң құратынына сенімділік танытты; 30 процент дерлігі оның “дәулетті адам болатынын” атап көрсетті және ешкім де ол “кәсіби табысқа жетпейді” немес “жұмыссыз қалады” деп жазған жоқ. Сонымен, Сергей, мектеп оқушыларының пікірі бойынша, табысқа жетеді деп “есептеліп қойды”, ал Аняның тағдыры, мансабы, табысы мұнда баынша “күрделі”.
Осындай зерттеулердің осмы немесе басқа да талдаулары 1969 жылдың өзінде американ социологы Мартин Хорнер жасаған тұжырымды растайды. Ол қазіргі әйел “табыстан үрейленетіндей” тәрбиеленген, бұл олардың ішіндегі әлеуметтік танымалдылықты қалайтын және жетуге тырысатын ең қабілеттілерінің өзіне кедергі жасайтынын, олардың мансапқа ұмтылуына, тіпті осындай әрекет жасауына кедергі жасайтынын айтқан болатын.
Неліктен ғұламалар
әйелдерге қарағанда
Сонымен бірге, әйелдердің интеллекті негізінен вербальді (сөз арқылы) мықты дамиды, еркектікі – кеңістіктік ойлауда жақсы дамиды.Сондықтан да осы көзқарастың жақтаушылары, суретшілерге, сәулетшілерге, математиктерге, қолбасшыларға қарағанда, яғни бұлар негізінен еркекетердің ісі, белгілі ақындардың, жазушылардың, саясатшылардың қыздар арасынан шығу ықтималдылығы жоғары деп тұжырым жасайды.
Зерттеушінің стратегиялық міндеті жекелеген тұлғаның әлеуметтену деңгейін егжей-тегжейлі анықтау емес, қазіргі күндегі ақыл-ойдың жағдайын, яғни гендерлік сезімді, жастардың толғаныстары мен идеалдарын, ал солар арқылы жалпы қоғамдағы гендерлік идеологияның жұмыс істеуін анықтау болып табылады.
Гендерлік бірегейлікті игеру өмірлік жағдайларды пайымдауы, соңғысының маңайындағыларды бағалауы – сыйлауы, сынауы арқылы жүреді. Сонымен бірге гендерлік бірегейлік пен гендерлік идеалдың сәйкессіздігі сирек болады, олар транссексуалдылық пен гомосексуалдылық құбылыстарында байқалады.
Гендерлік теңсіздік бұл, ең алдымен, әлеуметтік теңсіздік. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік негізінен тоқырау – қоғамдық таптардың сатылық ретке келтірілген рангпен бөлінуі (мысалы, мынадай критерийлер бойынша: байлығы, билігі, мәртебесі және басқалары) ретінде ұғынылады.
Теңсіздік адамзат қоғамының түбегейлі сипаттамасы болып табылады. Теңдік пен теңсіздік идеясы түп-тамыры ежелгі мифтер мен ертедегі дінй ілімдерге барып тіреледі. Қоғамдық ой жасаған социум идеалы едәуір дәрежеде уақыттан тыс, түйінді сипатқа ие болды: ол іштей қарама-қайшылыққа душар болып, ақыр соңында, күйреуге ұшырады. ХХ ғасырдың соңында П. Сорокиннің өз заманында жасаған қоғамның таптарға бөлінбей өз мүшелерінің нақты теңдікте болуы – миф, адамзат қоғамында ешқашан да ақиқатқа айналмайды деген ғылыми болжамы расталды.
П. Сорокин “Адам, өркениет, қоғам”
деген еңбегінде теңсіздік
Көтеген қоғамдар биологиялфық айырмашылық
нәтижесінде қашып құтылуға болмайтын
жыныстар арасында әлеуметтік айырманы
белгіледі. Гендерлік теңсіздік
проблемасының тарихын