“Гендер” ұғымының анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 17:08, реферат

Описание работы

Қазіргі социология ғылымында гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу затына әсері мәселесіне айрықша назар аударады. (мысалы, сайлаушылардың мінез-құлығы, тәрбие, еңбек және т.б.). Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы (әйелдер мер ерлер) айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс/гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.

Содержание работы

Кіріспе 3
1. “Гендер” ұғымының анықтамасы. 4
Гендерлік теңдіктің қалыптасуы 4
2. Гендерлік теңсіздік 8
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

Файлы: 1 файл

Гендерлік социология.doc

— 112.50 Кб (Скачать файл)

2000 жылдың 1 қаңтарынан  бастап Қазақстан Республикасының  “Қазақстан Республикасындағы еңбек  туралы” Заңы қолданысқа енді, ол қолданысқа енгізілгеннен кейінгі туындаған еңбек құқықтық қатынасына қолданылады. Еңбек туралы жаңа Заңның жобалары (жетеу) талқыланып, Республика азаматтарының мүдделерін, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қорғалған: әйелдердің, жастардың мүддесін сақтау шеңберінде жетілдіру мақсатында қайта пысықтауға қайтарылды. Алайда мамандар Еңбек туралы жаңа Заңның жұмыс берушілер тарапынан лоббирлеуге ұшырағанын, оның негізінен, әлеуметтік қажеттіліктер үшін азырақ қаражат шығындауы үшін жаңа қожайынға бағытталғанын айтады.

Қазақ ССР-інің бұрынғы  КЗоТ уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да үмітсіз көнерді деген  пікірімен келіспеуге болмайды. Ол жұмыс істейтін адамға бағытталған  және негізінен, оның әлеуметтік жеңілдіктерін  көрсеткен. Мысалы үшін алсақ, КЗоТ-те ХІІ “Әйелдер еңбегі” деген тарау болған, онда белгілі-бір шамада әйел еңбегінің өзіндік ерекшелігі, күйеуге шыққан әйелдің қосарлы жүктемесі (жұмыста және үйде) және басқалары ескерілген – барлығы 14 бап.

“Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы” жаңа Заңда осы санатқа арналған арнайы тарау жоқ; онда екі бап бар (6-тарау. “Демалыс уақыты”), оның бірінде (66-бап) жүктілігі және босануы, бір жарым жасқа дейін бала күту (3 болған) бойынша кезекті еңбек демалысы жөніндегі ереже бар. Көрсетілген қажеттіліктер бойынша кезекті демалысын, оның ішінде жалақысы сақталмайтын қосымша еңбек демалысын көздейтін осы екі бапта әйелдермен қатар (жақшада) еркектер де: ұл немесе қыз асырап алғанда кезекті еңбек алуға болатыны көрсетілген; бұл күн тұтылғанда байқауға болатын құбылыс секілді көрінеді.

Жария етілген теңдікке қарамастан “Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы” жаңа Заң әйелдердің мүмкіндігін арттырған жоқ, керісінше, жұмыс істейтіндердің қатарында болу енді едәуір қиынырақ болды, өйткені Заңда оларға бағытталған барлық әлеуметтік жеңілдіктерді жұмыс берушілер ұсынуы тиіс болды, мемлекет өзін мұнадй қамқорлықтан босатты. Жеке құрылымдағы жұмыс берушілер орын алған жағдайға көңілі толмайтындарын байқатты, олар бұл жөнінде БАҚ-тың бүкіл арналары арқылы бірден және барынша қатты мәлімдеді, тіпті бұл бойынша мемлекетіміздің басшысына хат дайындады.

Сөйтіп, гендерлік теңсіздік  көпшілік әлеуметтік құрылымда тереңдеп орнықты, қоғамдық пікір жыныстық теңсіздіктің біздің өмірімізде типтік емес, кездейсоқ  құбылыс деп есептей отырып,  үнемі әйелдердің кемсітушілікке ұшырауын барабар бағалай бермейді. Әйелді кемсіту фактісі әйелдердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне жасырын формада гендерлік әлеуметтік шиеленісті туындатта отырып, теріс әсер етеді. Біршама ұзақ тарихи тәжірибе жинақтағанымен адамзаттың өзінің бүкіл әлеуметтік қарама-қайшылықтарын шешуге қол жеткізе алмағандығы байқалады. Аналитиктер қоғамда әлеуметтік қатынастарды құрастырудың  жаңа принциптерін әзірлеу, саяси ойлаудың ауқымды өзгеруі қажет деп атап көрсетті.

Зерттеушілер мұндай өзгеру "феминизация" жолымен  жүруі тиіс деп есептейді (мұнда: қоғам өмірінің әр түрлі саласында  әйелдер ролінің күшеюі). Феминділік идеясын қабылдау адамдар санасында  бірқатар теріс әсер тудырады. Бұл  әйелдерге тән нәрсенің бәрінің енжар, құпия, көлеңкелі, теріс, жанама, сезімтал ретінде қабылдануының тарихи тұрғыда қалыптасуынан болып отыр және сондықтан оның еркектік қоғам үшін қабылдануы оңай емес. Тарих еркектер мен әйелдер арасында айырма жасады. Андроцентризмге негізделген философия "маскулинді" (мұнда: еркектік қасиет - басқыншылық, күрес, тұлғаны басып-жаншу, қатаң сатылы бағыныштылық, деспоттық, күш қолдану әдістері және басқалары) және "феминділік" (мұнда: әйелдік қасиет - көнгіштік, диалог, ынтымақтастық, әлеуметтік бағдарлылық, өзара көмек, әлеуметтік қатынастарды көлбеу құрастыру және басқалары) қасиеттерді дехотомизирледі.

Феминдік қоғам идеясы маскулинді қоғам идеясына балама болады. Ғылыми, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени рухани өмірде баламалылықтың даму негізінде ғана демократиялық және еркін қоғамға қарай жылжуға болады. Адамзат өзінің тарихи даму барысында жүріп өткен жолының қандай да бір жоғары күштің алдын-ала белгілеп қойған жолы еместігін, жалғыз осы ғана болып табылмайтынын сезінеді. Адамның, қоғамның таңдау құқығы бар және көпшілік діни және философиялық ілімдер осыған сүйенеді.

Маскулинді қоғамның субъектісі, ол кім болмасын - еркек  немесе әйел болсын - "феминдендіру" ұғымы үрейлендіреді. Осы адамның  басында бірден мынадай ой туады: "міне, матриархатқа да жеттік". Міне, бүкіл стереотиптің бәрі де, осында, "матриархат" деген ұғымның өзі маскулиндік сананың жемісі.

Матриархат бұл жағдайда әйел жынысының үстемдік құруын білдіреді. Еркектер феминдендіру мүмкіндіктерінен қоғамның түпсіз бос кеңстікке қарай кетіп бара жатқанын көреді, олар тәртіпті тек патриархат жағдайында ғана болады деп есептейді. әйелдер болса, әлеуметтік тұрмыстың жарасымдылығына ыңғай білдіреді және тиімділік ұғымын теңдестіктен, күштердің әділ балансынан, яғни тең құқығынан көреді. Сондықтан әйелге үстемдік құру немесе басып-жаншу деген ұғымдар жат. Олардың әйелдерде пайда болуын патриархалды сананың ұзақ жылғы әсерінің жемісі деуге болады.

 

 

Қорытынды

 

Адамзат феминді қоғамды  құру жолымен жүретін болса, онда ХХІ ғасырда әлеуметтік мемлекет идеясын іске асыра алады.

Әлеуметтік мемлекет - "қамқор" мемлекет, ол бар күші мен мүмкіндіктерін өз баласын қорғауға жұмсайтын анаға ұқсас болады. Әлеуметтік мемлекет адам туралы қамқорлық  принципіне негізделетін гуманды қоғамды  қалыптастырады. Онда адам адам туралы қам жейді, қоғам өмір құндылықтарын бағдар тұтқан, мемлекет әлеуметік қайшылықтарды жуып-шаяды және әлеуметтік интеграцияға қол жеткізеді.

Қазіргі кезде көптеген шешілмеген проблемалардың болғанына  қарамастан, әлемде әйелдердің жағдайы жақсарғанын атап айтқан жөн. Ал бастысы – қоғамдық сана (ең бір алынбас қамал) орныққан стереотиптердің тұтқынында қалуын әлі де жалғастыруда. Дұрыс атап өтілгендей, оған Жер планетасы тұрғындарының басым бөлігі - әйелдер толық қатысқанда ғана тарихтың қызықтырақ болады. Гендерлік қатынастарды құру бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін стратегиялық бағыт болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Введение в теорию  гендера: Учебное пособие. Вып.  І. /Ответ. Ред. Б.Ж. Матаев. Алматы, 1999.

2. Дорин А.В. Экономическая  социология. Минск, 1997.

3. Калабахина И. Социальный  пол и проблемы населения. М., 1995.

4. Клецина И.С. Гендерная  социализация. СПб., 1998.

          5. Коновалов С.А., Топаева М.Т. История  гендерного неравенства: Учебно-методический комплект по курсу “Введение в теорию гендера”. Вып. Ш. Алматы, 1999.

   6. Нуртазина Н.Д. Женщина в традиционным казахским обществе: Учебно-методический комплект по курсу “Введение в теорию гендера”. Вып. ІV. Алматы, 1999.

7. Отчет о положении женщин. Республика Казахстан, 1997. Алматы, 1997.

 





Информация о работе “Гендер” ұғымының анықтамасы