Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 18:44, контрольная работа
Қандай да бір ғылым болмасын, оның ішінде, әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болады. Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен, мұқтаждығынан пайда болғанын, ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр, оның қоғамға тиімді жақтары неде, халықтың материалдық, мәдени, рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр, оның басқа қоғамдық құбылыс-үдерістермен, ғылымдармен байланыс-қатынастары, болашақ даму бағыттары, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай, т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Қандай да бір ғылым болмасын, оның ішінде, әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болады. Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен, мұқтаждығынан пайда болғанын, ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр, оның қоғамға тиімді жақтары неде, халықтың материалдық, мәдени, рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр, оның басқа қоғамдық құбылыс-үдерістермен, ғылымдармен байланыс-қатынастары, болашақ даму бағыттары, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай, т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арнаулы теорияларының бірі -- құқықтың әлеуметтік аспектілері туралы сөз болмақ. Құқықтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан- жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымымен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болды.
Құқықтық
әлеуметтану теориясы оте күрделі. Сондықтан
ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса
алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында
бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ
ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру,
таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Рссей құқықтанушылары (В.В. Лапасва, В.А. Туманов, т.б.) құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадовосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды.
Кейінгі әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық ғылымдарында қолданылады. Әлеуметтік құқықтың юриспруденңия ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытын белгілеп анықтаса, құқық әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымының жеке саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдерінде қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы құқықты негізінде үш мағынада қарайды.
Біріншіден, құқық - бүл міндетгі түрде орындалатын әлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгілі бір қызметті атқаруда адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еңбек етуге, демалуға рұқсат беруді айтады. Үшіншіден, құқық куілік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқығы, т.б.
Біздің әңгімеміз алдыңғы екі категорияны қамтымақ;
Құқық ғылымының да жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтану бөлімі бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекет пен құқықты қондырманың бір түрі ретіңде қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен, әсіресе, экономикалық құрылыммен тығыз байланыстылығын, оған белсенді түрде әсер етіп отыратынын көрсетеді. Әлеуметтану ғылымы жеке қоғамдық және гуманитарлық (оның ішінде құқықтық) ғылымдармен тыгыз байланыс, қатынастарда болып, олардағы құбылыстарды, үдерістерді, көкейтесті мәселелерді, ой-пікірлерді, істің мәні мен мазмұнын әлеуметтану тұрғысынан жан-жақты, терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады.
Ал, жалпы құқық ғылымы осындай әлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни оның теориялық заңдылықтарын, әдісте- мелік нұсқау, бағдарламаларын, құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми әлеуметтік әдістерін әр уақытта қажет етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады.
Жоғарыда көрсетілгендей, осындай жалпы әлеуметтану мен жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, әсіресе, әлеуметтану ғылымының құқық ғылымына кең енуіне (кіруіне) байланысты әлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы -- құқық әлеуметтануы пайда болды.
Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекше бір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым әр уақытта әлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс. Осыған орай құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаратын қызметін (функциясын), оның шығуы мен дамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық) ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға, топтарға, жіктерге, т.б. пайдалылығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларымен, құбылыстармен байланыстарын, ықпалын зерттейді.
Құқық әлеуметтануы әр түрлі қоғамдық қатынастар жүйесінде, яғни құқық пен құқықтық сананың әр уақтта таптық сипатта болатынын, ақыр аяғында құқықтық экономикалық қатынастармен шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тәуелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің көмегімен әлеуметтік қорғауды, бақылауды қамтамасыз етуді жөне қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді.
Құқық әлеуметгануының пәні - құқық. Ол оны үш тұрғыдан талдайды.
Құқық әлеуметтік институт, яғни алуан түрлі ережелердің (нормалардың), бұйрық-жарлықтардың, талап- тілектердің жиынтығы. Бұлар арқылы ол қоғамдагы адамдардың алуан түрлі жіктерінің, топтарының әр саладағы жұмысын, қызметін бақылап, тәртіпке салып, реттеп оты- рады. Бұдан басқа құқық кейбір жекелеген қоғамдық қатынастарды да реттеп, басқарып отырады. Мысал ретіңде азаматтық және мұрагерлік институттардың жұмысын бас- қаруды айтуға болады.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала ретінде талданады.
Ол құқықты, құқықтық сананы және құқықтық шығармашылықты қалыптастыру үдерісі ретінде және құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады. Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны әлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық -- алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық-жарлықтардың, талап- тілектердің жиынтығы.
“Норма” деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер, шама) деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда “ереже” сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады. Ал, бұл жерде “басқарушы” ереже әлі заң мағынасында емес. Ереже үғымы өмірдің барлық салаларында кездеседі. Сөйтіп, еш тек қана құқық ғылымында ғана емес, басқа өмір салаларында да қолданылады. Мысалы, техникалық ереже немесе әдебиет пен өнер ережесі (нормасы), т.б. айтамыз.
Кейде ереже деп, бір зат пен құбылыстың аз мөлшердегі сандық көрінісін немесе оның ережеге сай келетін мүмкіндігін де айта береміз.
Табиғат пен қоғамның даму заңдары әр уақытта объективтік сипатта болады, яғни адамның еркінен, санасынан тыс, тәуелсіз, болып өз бетінше, дербес дамиды. Объективтік даму заңдылықтары адамның іс-әрекеті, қызметі арқылы көрінін, субъективтік сипатга болады. Ал, қоғамдағы алуан түрлі нормалар адамдардың саналы, ерікті іс-қызметінің жемісі болады, олар мазмұн жағынан объективті болғанымен, нормалардың дүниеге келуі, қалыптасуы адамның санасына, еркіне тікелей байланысты, яғни, субъективтік сипатта байқалмақ.
Ғылым заңдары табиғат пен қоғамды алуан түрлі ұғымдарда бейнелей отырып, адамдардың практикалық ережелерін қалыптастырмайды, ал, ережелерді (нормаларды) алатын болсақ, олар адамдардың, олардың алуан түрлі топтарының өмірде, практикалық қызметтерінде белгілі бір негізделген ережеден шықпауын және әр уақытта ережеге сәйкес іс- әрекет етуін қадағалайды.
Нормалардың объективтік заңдылықтар мен ғылым заңдарынан (ережелерден) ерекшелігі:
Нормалар (ережелер) белгілі бір мақсаттың практикалық ережесі болып саналады.
Норма -- тек жай ереже емес, ол жалпы халықтың белгілі бір тәртіп “мөлшерін” белгілейтін үғым. Оның пәр- мені тек қана бір адамға емес, қоғамдағы барлық адамға, олардың алуан түрлі топтарына бірдей жүреді.
Ереженің жалпы маңызы өзінің талап-тілектеріне, бұл талап-тілектердің дұрыстығына мәжбүрлеп сендіреді және ықтиярсыз істету әдісіне (яғни, күштеу, зорлау органдарына) сүйенеді.
Сонымен, ереже адамдардың табиғатпен қатынасында немесе олардың қоғамдық қатынастарына қолданылады.
Осыған орай ережелердің екі үлкен тобы болады:
Адамдардың табиғат қатынастарына байланысты тәртібі болады (мұны көбінесе техникалық нормалар дейді).
Әлеуметтік норма (ереже) адамдардың өзара бір-біріне қарым-қатынастарындағы тәртібін реттейді. Ережелердің бұл екі тобының бір-бірінен айырмашылығы бар. Олар мынандай себептерге байланысты:
а) Бұл ережелерді кім жасады және олар кімнен шығып отыр?
ә) Ережелер мазмұнының айырмашылығы қандай?
б) Оларды орындамау қандай нәтижеге әкеліп соғады?
Әлеуметтік ережеге құқықтық ереже, тәртіп, өкілдік,
т.б кіреді. Әлеуметтік ереже адамдардың белгілі бір ұжымында пайда болады.
Адамдардың табиғатпен қатынасының ережесін жеке адамдар да жасай алады. Табиғи зандылықтарды ашудың негізінде жеке адам онымен қатынасудың белгілі бір тәртіп ережесін қалыптастырады.
Әлеуметтік ережені жасаған адам өз тәртібін ұжымға мойындатқаңда ғана ереже деген атқа ие бола алады, өйткені, бүл ереже тек осы ұжымның мұң-мұқтажына, мүддесіне байланысты жасалады. Әлеуметтік ереженің мазмұны орынды » әрі жөнді, мақсатқа сай субъективтік мінез-құлықты бейнелейді, ал, адамдардың табиғатқа қатынасының ережесі -- бұл объективтік мақсатқа сай тәртіп ережесі болып саналады.
Адамдардың табиғатқа қатынасу ережесін бұзудың арты әр уақытта кесірлі апатқа әкеледі. Сондықтан ғылыми дәлелдерге негізделген табиғат ережелеріне адам өр уақытта сүйеніп отыруы қажет. Әлеуметтік ереже өзін жасаған тапқа жөне топқа өр уақытга жақсы практикалық нәтиже көрсетіп отырады, өйткені бұл әлеуметтік ереже сол таптың немесе топтың мүддесі мен мұң-мұқтажын, талап-тілегін орындау үшін жасалған, керісінше бұл ереже осы тапқа, немесе топқа қарсы тұрған тап пен топқа қайшы келуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік ереженің сақталуы, іске асуы үшін қоғамның белгілі бір дәрежеде ықпалын қажет етеді. *-
Сөйтіп әлеуметтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған және бекітілген әрі адамдардың бір-біріне өзара қатынасының тиісті тәртібі. Бұл тиісті, міңдетті тәртіп қоғам тарапынан жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып, сақталынып отырады.
Құқықтық ереже әлеуметтік ереженің бір түрі. Құкықтық нормаға әлеуметтік норманың барлық белгілері,
қасиеттері кірген. Сондықтан құқықтық ереже әлеуметтік ережені қайталап отырады. Бұл екеуінің арақатынасы бүтін мен жартыға тең.
Сонымен, жоғарыда көрсетілгендей, құқық ережесі дегеніміз, мемлекет шығарған және бекіткен, орындалуы мемлекетгік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдсй мінез-құлық тәртібінің ережелер жиынтығы.
Құқықтық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісі мен танымына, мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі -- мемлекет. Сондықтан құқықтық ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тәртіп бола отырьш, қоғамдағы адамдардан, олардың алуан түрлі таптары мен топтарынан, жіктерінен оны бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды талап етеді. Жалпыға міндетті ережелерге айнала отырып, құқық ережесі әлденеше құбылыс, үдерістермен ыкдалдасып, қайталаньш отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады. Осы қайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса, екішпі жағынан қайталанатын қатынастар қүқық ережелерін жалпыға міндетті ережеге айналдырады.
Құқықтық ережелерді орындамаушылыққа, тәртіп бұзушылыққа қарсы мемлекет тарапынан еріксіз, мәжбүр ету, т.б. шаралары қолданылады.
Сонымен, өзінің түрі жағынан құқық -- бұл ережелер жүйесі, ол мемлекеттің белгілеп орнатуы, көндіруі немесе санкциясы арқылы жүзеге асырылып отырады.
Осы жоғарыдағыларға сәйкес әрбір әлеуметтанушы қоғам өмірінде болатын белгілі бір реттілік, тәртіптілік және байланыстарды ұдайы зерттеп, түсіндіріп отыруы қажет. Сондықтан осы мақсатты көздей отырып, ол қалыптасқан әлеуметтік ережелерін, ал, бұлар арқылы адамның іс-әрекетін реттеп басқарып отырудың маңызың әрдайым еске алып отырады. Әлеуметтанушы мұнымен тоқталмайды, өйткені қалыптасқан ережелер өздігінен, өз бетінше іс-әрекет жасамайды. Бұл ережелерді пайдаланатын және оны түсіндіретін күш -- адам. Осыларды түсінгеннен кейін ғана біз қоғам өмірінде құқықтық ережелердің қандай қызмет атқаратынын, әлеуметтік ұйымның ережелерді қалай қолданып, құқықтық процестерді қалай шектейтінін түсінеміз.
Бұл жерде біз құқықтық әлеуметтанудың кейбір көкейтесті мәселелеріне көңіл бөлгенді жөн көрдік.
Біріншіден, құқықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің (адамдардың), әлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап-тілектерімен жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі.
Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың әлеуметтік топтардың, индивидтердің, т.б. әрқайсысының өзіне тән, ерекше талап-тілегі, мұң-мұқтажы, мүддесі болғандықтан қоғам әр қилы “Әлеуметтік кеңістіктегі” күштердің жиынтығынан тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың әрқайсысы әлеуметтік өмірде әр түрлі орында, ортада, жағдайда болып, әлеуметтік ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте болады. Әдеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі “құқықтық ресурс” деп аталады. Осыған байланысты әлеуметтанушы мынандай мәселеге ерекше назар аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде ңемесе жағдайларда болмасын, кейбір әлеуметтік жағдайы біршама жоғары және көптеген әлеуметтік ресурстармен қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар әрекет, қызмет етіп отырған құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма, қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне қарсы түрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда құқықтан жоғары тұрған адам немесе топ бола ма, т.б.