Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 18:44, контрольная работа
Қандай да бір ғылым болмасын, оның ішінде, әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болады. Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен, мұқтаждығынан пайда болғанын, ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр, оның қоғамға тиімді жақтары неде, халықтың материалдық, мәдени, рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр, оның басқа қоғамдық құбылыс-үдерістермен, ғылымдармен байланыс-қатынастары, болашақ даму бағыттары, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай, т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза құқық (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды.
Шетелдік құқықтық әлеуметтануда қүқықтық қатынастардың бейнесі құқық туралы кітап (кодекс) және “өмірдегі құқық” қағидаларында нақты тұжырымдалған. Бірінші болып мұндай қағиданы өзінің “Тірі құқық” атты еңбегінде Е. Эрлих, ал ондағы алдыңғы қатарлы ой-пікірлерді америкада кең таратқан Р. Паунд болды. Осы нақтылы құқық пен жалпы және құқықтық қатынастардағы айырмашылықтарды көрсетуде М. Вебердің іс-әрекетті бір қалыпқа, ретке келтіретін “эмпирикалық” және “нормативтік” тұжырымдамасының маңызы зор.
I ҚҰҚЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
Бұл тұрғыда құқық жалпы әлеуметтік бүтіндіктің бір бөлігі ретінде қаралады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап-тілектің негізінде пайда болып, өмірге келді. Сондықтан ол қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сөйтіп қоғамның басқа да әлеуметтік институттарымен (мысалы, мәдениет, білім, саясат, экономика, т.б.) бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады.
Құқықтың институционалдық сипаты оның басқа жақтарынан да көрінеді. Мысалы, құқықтың іс-әрекеті, қызметі мемлекеттік институттардың іс-әрекеті, қызметі арқылы қамтамасыз етіледі. Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін мәжбүрлеу шаралары қолданылады, ал, құқықты бұзса, санкция белгіленеді. Дегенмен, әлеуметтанушылар әлеуметтік ұйымдар тұрғысынан құқықтық ережелердің алға қойған мақсатты орындауда, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытта күдікпен қарайды.
Әлеуметгану түрғысынан қарағанда қүқық елеуметгік үдеріс ретінде қаралуы тшс. Ал, оны осындай үдеріс ретінде түсіну -- ол құқықтық ерсжелердің атқаратын қызметін (нақтылап айтсақ, бұл құқықтық ережелер өмірге қалай енгізіледі, олар өмірде қалай қолданылады және қалай түсіндіріледі, шаблоңдық пайдалану арқылы қоғамның институционалдық құрылымына қалай кіреді, т.б.) түсіну деген сөз.
Әлеуметтануда
құқық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс,
оның ішінде әлеуметтік институт ретіңде
қаралады. Бұл жерде құқық қоғамның объективтік-әлеуметтік-
Бүл қағида өлеуметтануда құқықты зерттеуге де қодданылады. Әлбетте, құқық-әлеуметтік факті, ол объективті түрғыда қоғамдық өмірдің негізгі параметрлерін (яғни, көрсеткіш жақтарын) анықтайды, бірақ, құқықтың күші адамның жеке-дара қасиеті арқылы оның зандылық ережелер тәртібін мойындаумен анықталады.
Қорьгга
айтқанда, құқық әлеуметтік институт болып,
қоғамдағы алуан түрлі қатынастарды реттейді.
Қоғамдағы тәртіпті, әлеуметгік бірлікті,
тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ, ӘДІСІ, Қ ҰРЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ (ФУНКЦИЯСЫ)
Қандай да бір ғылымның пәні зерттелетін нақты объектіні жан-жақты, терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы болып саналады. Осыған сәйкес зерттеуіші бір құбылысты, үдерісті немесе затты арнайы зерттегеңде нақтылы объектіден (яғни, оны сезінуден, түйсінуден, елестетуден) бастап, ол объекті туралы ой-пікір, ұғым туғызады. Бұл нақты объектіні жан-жақты, терең бейнелеу болады. Осы ой-пікір, ұғымдардың негізінде объектінің даму заңдылықтары анықталады. Қандай да бір заңдылық объекгіге тән тұрақты, негізгі, мәнді, қайталанатын қасиеттерді, байланыстарды, қатынастарды терең бейнелеп көрсетеді, сөйтіп объектінің занды дамуын, объектінің өзгеру және қозғалып өмір сүруін анықтайды.
Жоғарыда айтылған ғылымның объектісі және пәні туралы ұғым құқықтық әлеуметтануға да тікелей қатысты. Жалпы алғанда, құкық құқықтық және құқықтық емес әлеуметтік ғылымдардың объектісі болып есептеледі. Бұлар- дың ішінде: қүқық теориясы, салалық қүқықтық ғылым- дар, құқық философиясы, құқықтық әлеуметтану, т.б. бар.
Нақтылы мағынада әрбір ғылымның құқықты зерттеуде өз ерекшелігі болады. Құқық саласының барлық өмір салаларымен байланысын құқықтық философия зерттейді, әлеуметтік өмірмен, қоғаммен құқықтың тығыз қарым-қатынасын, байланысын құқықтық әлеуметтану зерттейді. Құқық теориясы -- бұл қорытындыланған теориялық ғылым. Құқықтық әлеуметтанудың саласы В.Н. Кудравцев пен В.П. Казимерчуктің “Современная социология права” атты кітабында дұрыс тұжырымын тапқан. Бұл авторлар құқықтық әлеуметтану саласы -- құқықтың әлеуметтік құбылыс ретінде қоғаммен байланысын, құқықтың атқаратын қызметін құқықтық ережелердің қоғамның әлеуметтік ұйымының барлық деңгейінде, қоғамда, әлеуметтік топтарда, мекемелерде, жеке адамдарда жалпы әлеуметтік тәртіпке айналу процестерін зерттейді деп атап көрсетеді. Мұнда, ең бастысы, құқықтық әлеуметтану құқық пен әлеуметтілікті жеке-жеке зерттемейді, ол тек қана осылардың, яғни, құқық пен әлеуметіліктің бір-бірімен байланысын, бір-біріне қатынасын, әсерін зерттейді.
Сонымен, жалпы кең мағынада алғанда құқықтық әлеуметганудың объектісі - ол құқық (құқықтық болмыс); ал, тар мағынасыңда алғанда құқықтың объектісі - бұл құқықтағы әлеуметтілік, құқықтың қоғаммен (сопиумен) өзара іс-әрекеті, қызметі, байланысы.
Жалпы құқықтық әлеуметтанудың екі негізгі объектісі болады: құқық әлеуметтік институт ретінде және индивидтердің (адамдардың) маңызды құқықтық жағдайлардағы әлеуметтік іс-әрекеті. Құқықтық әлеуметтанудың пәні құқықтың әлеуметтік іс-әрекетінің, қимылының өзгеруі, заңдылықтары арқылы дамиды.
Егер құқықтық ереже қоғаммен және оның салаларымен органикалық (бөлінбес) байланыста, қатынаста болмаса, онда құқықтық әлеуметтану болмас еді.
Сонымен бірге әлеуметтік құбылыстар мен процестер құқықтық ережелермен бірге қаралмаса, ондай кезде де құқықтық әлеуметтану болмас еді. Құқықтық ережелердің үш түрлі сипаты болады. Олар: 1) құқықтық 2) әлеуметтік және 3) психологиялық сипаттар.
Жалпы алғанда құқықтық теория ғылымында осы уақытқа дейін құқықтық ережелер арқылы қоғамдағы алуан түрлі құбылыстардын реттеудің, тәртіпке келтірудің құқықтық негізі туралы толық анықтама жоқ. Бұл жөнінде құқық мамандарының (юристердің) арасында ой-пікір таластары әлі жүріп жатыр.
Біздің пікірімізше, әлеуметгану түрғысынан алғаңда құқық ережелерінің іс-қимылының, әрекетінің құқықтық тетігі өзінің көлемі жағынан ол “құқықтық жүйе”, “құқықтық қоңдырма” ұғымдарымен тең. Бұл ұғымдар құқықтық құбылыстар мен іс-әрекеттердің, барлық жүйесін қамтиды.
Құқық әлеуметтануының маңызды компоненттері әлеуметтік зерттеу болып табылады, ол құқықтанудың фактологиялық базасын қамтамасыз етеді, оның практикамен байланысын күшейтеді.
Құқық саласындағы әлеуметтік зергтеулердің мақсаты құқық пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтың әлеуметтік функцияларын және заң нормаларының барлық деңгейде: қоғам деңгейіңде, әр түрлі әлеуметгік таптар деңгейінде, үжымдар, топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез-құлыққа трансформаңиялануын анықтау болып табылады.
Қүқық әлеуметтануы зерттейтін мәселелер тобы:
құқықтың әлеуметтік негіздері және құқық шығарушылықтың тиімділігі;
құқықтың әлеуметтік функциясы және құқық нормалары қызметінің тиімділігі;
әлеуметтік топтардың құқықтық санасының жай-күйі, қоғамдық пікір мен құқық, құқықты білу және заңның мәртебесі (құрметі);
моральдық және заңдық нормалардың өзара қатынасы, құқық және құқықтық субмәдениет;
құқық саясатының мәселелері, заң органдары қызметінің әлеуметтануы;
құқық тәртібінің жай-күйі және құқық бұзушылықтың әлеуметтік себептері, олардың алдын алу, жазалау мен қоғамдық ықпал жасау шараларының тиімділігі.
Бұдан біз кез-келген құқықтық іс-әрекеттің, мінез- құлықтың әлеуметтік астары бар екенін көріп отырмыз. Құқық ережелері мен заңдарын қоғам мүшелері өздерінің күнделікті өмірлерінде, қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Басқаша айтсақ, құқық-әлеуметтік бақылаудың түрі, құралы. Құқық қоғам өмірінің бар саласына белсенді түрде араласады. Олай болса құқық қоғам өмірінің экономикалық, саяси, рухани, моральдық, т.б. салаларымен тығыз байланыста болады. Бұл құқықтық іс-әрекеттің әлеуметтік ортасын қүрайды. Сондықтан қүқық әлеуметтануының басты міндеті -- осы ортаны жан-жақты, терең зерттеу, оның құрылымының әрбір элементін, іс-әрекетінің себептерін, олардың құқықпен алуан түрлі байланыс, қатынастарын анықтау болып табылады.
Құқықтық
іс-қимылдың, әрекеттің психологиялық
астары бар. Бұл адамдардың, алуан түрлі
топтардың міңез- құлқына ықпал ететін
себеп, делелдер арқылы түсіндіріледі.
Ал, себеп, дәлелдерге адамдардың, топтардың іс-әрекеттердің қоздыру, өршіту, желіктіру, т.б. жатады. Бұларға қосымша назар, көңіл аудару, ынта-ықылас, мұқтаждық, қажеттік, талап-тілек, әуестік, құштарлық, асқақ арман, мұраттар, мақсат, т.б. жатады.
Құқық ғылымы құқықтық әлеуметтанудың жалпы теориялық жәнс методологиялық заңдылықтармен, қағидаларымсн, әдістерімен қарулануьш қажет етеді. Өзінің нактылы социологиалык зертгеулерінде құқықтық әлеуметтанудың әдістерін кеңінен қолданып отырады.
Мұнда әр түрлі абстрактылы, логикалық тәсілдерді және әлеуметтанудың өзіне тән әдістерін (бақылау, сауалнама, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тест, т.б.) қолдану арқылы зерттеулер жүргізіледі. Әлеуметганудағы жалпы теориялық білімді түрлі теорияларға, ой-пікірлерге жан-жақты талдау жасау арқылы меңгеруге болады, ңақтылы ғылыми мағлұматтар, ой-пікірлер, фактілер, хабарлар, т.б нақтылы зертгеулер арқылы алынады. Құқықтық әлеуметтануда нақтылы зерттеулер арқылы алынған жаңа ой-пікірлер, мағлұматтар, фактілер қайта қорытыльш, жоғары мемлекеттік басқару органдарына қажетті ұсыныстар, кеңестер беріп отырады. Сөйтіп басқару мекемелерінің жұмыс стилін, ұйымдастыру, реттеу, басқару мәселелерін біріжама жақсартуға, қайта құруға әсерін тигізіп отырады.
Осыларға сәйкес құқықтық әлеуметтанудың құрылымы шығады. Құрылым теориялық және нақтылы зерттеу арқылы алынған әлеуметтік-білім және ғылыми мағлұматтардың реттелген жиынтығынан құралады. Құрылым таным объектісінің алуан түрлілігіне де байланысты болады. Мысалы, құқықтың құрылымына қарай ол азаматтық құқық әлеуметтануы, қьлмыстық құқық, конституциялық құқық, т.б. болып бөлінеді. Алуан түрлі таным объектісіне байланысты заң шығару әлеуметтануы құқықтық сана, құқықтық тәртіп, қылмыстық сот және тәртіп сақтау органдары әлеуметтанулары болып келеді.
Құқыктық зерттеулерде зерттелетін құбылыстарды көлемі жағынан макро және микро деңгейлерге; зерттеудің
сипатына қарай -- теориялық және эмперикалық әлеуметтануға; мақсатына және атқаратын міндетіне қарай негізгі жөне қолданбалы түрге бөледі.
Осыларға орай құқықтық әлеуметтанудың атқаратын қызметін қарастырамыз.
Құқықтық әлеуметтану негізінен танымдық және практикалық қызметтерді атқарады.
Құқықтың танымдық қызметіне зерттелетін объекті туралы жаңа білім алу жатады. Ал, жаңа білім өткен теорияларды онан әрі дамытады және жаңа теориялар жиын- тығын құрайды. Бұл жерде құқықтық әлеуметтану бұрынғы ескі геориялар жиынтығына сын көзбен қарайды. Мұны француз ғалымы Ж. Карбанье құқықтық әлеуметтанудың сын және сынау қызметі деп атады.
Жалпы әлеуметтану сияқты құқықтық әлеуметтану да практикалық қызмет атқарады. Егер ол мұндай қызмет атқармаса, онда оның тұжырымдары нақтылы өмірден қол үзеді де, догмаға айналып, дағдарысқа ұшырайды. Практикалық қызметінде, әсіресе, құқықтық әлеуметтанудың мүмкіншіліктерін заң шығару үдерісінде кеңінен қолданады. Ол қоғамдағы кейбір қатынастарды заң арқылы реттеуге, жөндеуге көмектеседі, заң шығару процестерін қалыптастыруға, құқықтық зандардың іс-әрекеттерінің тиімділігін зерттейді. Ол сот жұмысындағы ашық жарияланған және жасырын түрдегі адамдардың мүдде, талап-тілектерін, сот үдерісіндегі сыртқы қысым күштерін және олардың әлеуметтік салдарын зерттейді. Одан әрі сотқа қатысушылардың соттың қаулы-қарарларын қалай қабылдайтынын, жалпы сот шешкен көкейкесті мәселелерге қоғам қалай қарайтынын, мұндағы маман зангерлердің және сотқа қатынасушылардың әр түрлі жағдайларға байланысты мінез-құлықтарын, істі жүргізу, дұрыс шешім қабылдауларын, т.б зерттейді.
Қоғамдық ой-пікір әлеумет зерттеушілердің басты назарын аударады. Құқықтық әлеуметтануда қоғамдағы адамдар тобының құқықтық санасының дәрежесі мен деңгейі, бұрынғы қолданыстағы немесе жаңадан қабылданған құқықтық заңдарға, актілерге, заң жолымен реттелетін көкейкесті мәселелерге қатынасы, сот және құқықтық органдарының ой-пікірі, көзқарасы, жұмыс әдісі, т.б. зерттеледі.
Құқықтық әлеуметтанудың танымдық, практикалық қызметтерінен басқа да функциялары бар, олар: реттеу, басқару, болжау, т.б.
Сонымен, қазіргі нарықтық жағдайда құқықтық ереже мен заңға, көкейкесті мәселелерге әлеуметтану тұрғысынан қарау және құқықтық құбылыстарға, процестерге кешенді, жүйелі әдістерді қолдану қажет.
Бұл үшін өмір мен тәжірибеде әлеуметтанушылар мен заңгерлер өздерінің іс-қызметтерінде қоғам мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек.
Жауапкершілігі мол осы қызметте жүргендер не тындырды, қандай мәселелер шешілді немесе шешілмей отыр, оның себеп, салдары, шешу жолы неде екенін анықтау, орын алып отырған кемшіліктерді болдырмау немесе оларды біршама жұмсарту, тиімді шешу жолдары мен бағыттарын " қарастыру қажет. Бұл тұрғыда көптеген ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер заң шығаруда белсенді әрі жауапты қызмет істеп жүр: олар заң жобаларын әзірлейді, жеке заң шығарушылар құқық органдарына барып кәсіби кеңес береді, әдістемелік лекция және әңгіме өткізеді. Заң шығару жөнінде жаңа тиімді ұсыныс, кеңестер, талап-тілектер, т.б. айтады. Заң шығару үдерісінің негізгі мәселесі - қазіргі және болашақта шығарылатын заң актілерінің теориялық тұжырымдамасын жасау болып табылады.