Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 22:12, реферат
Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделеді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеументтану дамуында классикалық кезеңнің атқарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстің, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.
Кіріспе.
Классикалық кезеңінің сипаттамасы.
Э. Дюркгейм «социологизмі».
М. Вебердің «идеалдық тип» тероиясы.
Қортынды.
Әдебиеттер тізімі.
Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең .
Жоспары :
Кіріспе.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделеді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеументтану дамуында классикалық кезеңнің атқарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстің, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әркет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әдеттілік, өмірдің мәнісі, әлеметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдар өз еңбегін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген оны ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оны дамуына ықпал еткен Огюст Конт шықты.
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте.
Әлеуметтанудың дамуына маңызды үлес қосқан Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.
Міне осындай ғалымдар классикалық кезеңнің мәнін ашты, заңдарын, тұжырымдамаларын қалыптастырды.
Негізгі бөлім.
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең.
Адамзат тарихында өркениеттің бастауы саналған Антикалық және Ортағасыр, Жаңа заман мен Ағартушылар дәуірлеріндегі әлеуметтік ой-тұжырымдар әлеуметтану ғылымының дамуындағы классикалық кезеңді дайындады. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылыми пән ретінде әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өзінің бөлек зерттеу объектісі мен әдістері бар өз алдына дербес ғылым ретінде бөлініп шықты. Бірақ әуелгі кезде әлеуметтану қоғамның барлық қырын зерттейтін ғылым ретінде саналды. ХІХ ғасырдың аяғында ғана қоғамды ғылыми зерттеуде оның экономикалық, демографиялық, құқықтық және басқа аспектілерімен қатар әлеуметтік қырына ерекше көңіл бөліне бастады.
Әлеуметтанудың
классикалық кезеңінің ірі
Огюст Конт өзінің ұстазы Сен-
О.
Конттың пікірінше, жалпы
О.Конт әлеуметтануды жай ғылымдардың қатарына жатқызбады, оны барлық ғылымдардың шыңы, қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру мен өзгертудің аса қуатты құралы деп есептеді. Ол әлеуметтануды шартты түрде әлеуметтік статика және динамика деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі "тыныштық қалпындағы", екіншісінікі "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік биологиядан алынған. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - әлеуметтік организмнің үдерісін, оның дамуын қарастыратын әлеуметтік физиология.
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс тәсілдерді ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді деп есептеді. Оның еңбектерінде "бақылау" сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада ("жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау, тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып саналды.
Конттың ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын, «қоғамның түрлі жүйелерінің шынайы сабақтастығын" анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық салыстыру бірнеше әдіс тәсілдерден тұрады. Біріншісі - адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғүрлым қарапайым және әмбебап зандарын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Екіншісі - жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс қазіргі халықтар арасындағы неғүрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, "адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе-теңдігін" негіздейді. Конт салыстырудың үшінші түрін "адамзаттың әр түрлі жүйелік жай-күйін тарихи салыстыру" немесе "тарихи әдіс" деп атаған. Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әр түрлі жай-күйіне дәйекті баға беруінде жатыр.
Зерттеудің
үшінші "объективті" әдісі - тәжірибе.
Конт әлеуметтануда,
Әлеуметтанудың отаны Франция болғанымен, мұнда ол ары қарай дами алмады. О. Конттың «позитивтік» әлеуметтануы одан әрі әлеуметтану ғылымының негізін салушылардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі Герберт Спенсердің (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды. Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды.
Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Сол себепті ол өзінің барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына осыны негізге алу арқылы қоғамның эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру, үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді.
Студенттердің эволюциялық үдерісті тереңірек түсінуі үшін бұл ұғымның мағынасын аша кеткен жөн. Эволюция (лат.evolutio - өрістеу) – кең мағынада қоғамдағы, табиғаттағы және органикалық дүниедегі болып жатқан санды өзгерістен сапалық өзгеріске ауысуды білдіретін ұғым. Әлеуметтануда
эволюция идеясы белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі мерзімде біртіндеп бір қалыптан екінші бір қалыпқа айналуын білдіреді.
Қоғам мен биологиялық организм арасындағы мұндай ұқсастық бұрын да ғылымға белгілі болды. Алайда, мұны алғаш рет жүйеге келтіруі Г.Спенсердің әлеуметтану теориясының дамуына қосқан басты үлесі болды. Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың 6 түрін атап, оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты.
Спенсер әлеуметтануының негізгі ерекшеліктері мыналар: біріншіден, зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалану; екіншіден, қоғамды организм ретінде түсіндіру; үшіншіден, қоғамдық өмірдің эволюциялық заңдылығы идеясы.
Әлеуметтану
ғылымының қалыптасуы мен
К.Маркстің әлеуметтану теориясындағы көптеген бағалы ой-пікірлері мен тұжырымдарын былай жинақтауға болады: біріншіден, қоғамның объективтік-материалистік теориясы жасалды, оның дамуы "формация", яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырылды; екіншіден, қоғамның даму заңдары түсіндірілгенде, әр уақытта экономика (яғни, өңдіріс тәсілі, оның ішінде өндіргіш күштер, оларға сәйкес өндірістік қатынастар) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп саналды; үшіншіден, алғаш әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясы жасалды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланысты екенін атап көрсетілді.
Әлемдік
әлеуметтану дамуының классикал
Әлеуметтік морфология анатомия сияқты, ол қоғамның негізін, оның құрылымын, материалдық формасын зерттейді. Әлеуметтік филиология қоғамның өмірлік көріністерін, жеке әлеуметтік ғылымдарды қамтиды. Олар: дін әлеуметтануы, мораль әлеуметтануы, құқық әлеуметтануы, экономика әлеуметтануы, лингвистикалық әлеуметтану, эстетика әлеуметтануы.
Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің (1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп санасады.
Э. Дюркгейм «социологизмі».
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың арасында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Өзіне-өзі қол салу» жатады. Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. «Социализмнің» басты принципімен ерекшелігі –оның әлеуметтілікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мән- құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттушіліктің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминация адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмприкалық өмірдің екі жағына айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар мен құнды бағдарлар ұғымдарын енгізуге байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінеді: егер де сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйценбей, қоғамның адамгершілік беделіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормалар дак соғұрлым тиімді болады.
Информация о работе Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең