Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 22:12, реферат

Описание работы

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделеді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеументтану дамуында классикалық кезеңнің атқарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстің, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.

Содержание работы

Кіріспе.
Классикалық кезеңінің сипаттамасы.
Э. Дюркгейм «социологизмі».
М. Вебердің «идеалдық тип» тероиясы.
Қортынды.
Әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең.doc

— 118.50 Кб (Скачать файл)

Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң  логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне дейінгілердің негізінен алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудыцң әдісін дайындауды қолға алады. Оның пікірінше  әлеуметтану- әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.

 Тек әлеуметтілік арқылы  зерттеу, басқаша айтқанда, қандай  да бір әлеуметтік құбылысты,  процесті алмайық, олардың бәрі  әлеуметтік ортамен байланыста  өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

Әлеуметтік  нақтылықтың негізгі элементі- әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э.Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті (елестетуді) жапқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моралдік, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық саны мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасайды. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әрбір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатты (яғни, еш қандай дәлелді керек етпейтін жорамалдарды) Э.Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді, онда жаратылыстанудың кейбір әдістері (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжам), эксперимент, т.б.) қолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі (суреті, образы), ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ, олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жас өспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдет-ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным-түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.

Әлеуметтік фактілердің  объективтік өмір сүруінің тағы бір  салдары- ол адамдарға әсер етер отырып, оларды белгілі бір іс-әрекет жасауға  итермелейді. Сөйтіп әрбір адам әлеуметтік мәжбүрлікке душар болады. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершілік ережелерінің бұзылуы, ол қоғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығынан туып отырады. Мұндай жағдайлар басқа да әлеуметтік фактілерде кездесіп отырады.

Э.Дюркгеймнің  тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады.

Э. Дюркгеймнің  әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге  оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық  еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде  ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.

Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі-ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан  салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдік  ережелердің жиынтығы болады. қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері менқызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық-еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет-ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл –қоғамда адам одан біршама тәуелсіз,тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі.

Дегенмен, қазіргі  қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда  оның тұрақтылығын төмен, аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Э.Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриялды қоғамғаөту жолын талдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.

Э.Дюркгейм нақтылы  әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм  постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін  анықтауға тырысады.

Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті  қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақтылай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен Э.Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылылыс католиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қалаларда жоғары.     Э. Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізіңде қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себептерді анықтады. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін (тұрпатын) анықтап берді, олар: эгоистік (өз құлқынын ойлаушылық),  альтуристік (басқа кісі туралы қалтқысыз қамқорлық), экономикалық және фаталистік (тағдырдың қайталанысына сенуге ыңғайлы адам).  Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, оның шешілу жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты екенін атап көрсетті. Бұл теория қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салуда маңызды болды. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілуі жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э.Дюргкеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мотивтерін мойындамады.

Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық  материалдардың негізінде Э.Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын  да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.   

Ежелгі қоғамдар өмірін және этнографиялық материалдарды зерттеу негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше рөлі туралы әлеуметтік тұжырым жасады, оның әлеуметтік бірлікте шешуші рөл атқаратынын атап көрсетті. Оның ойынша, дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді, сондықтан қоғам дінсіз өмір сүре алмайды.

    Э.Дюркгейм  әлеуметтануды теориялық және  әдістемелік жағынан негіздеп, оны  өз алдына ғылым болу мүмкіндігіне  ие етті. Оның әлеуметтануы әлеуметтік  өмірдің қызметіне байланысты  негізінен үш салаға бөлінеді: әлеуметтік морфология, әлеуметтік филиология және жалпы әлеуметтану.

   Әлеуметтік  морфология анатомия сияқты, ол  қоғамның негізін, оның құрылымын,  материалдық формасын зерттейді.  Әлеуметтік филиология қоғамның  өмірлік көріністерін, жеке әлеуметтік  ғылымдарды қамтиды. Олар: дін әлеуметтануы, мораль әлеуметтануы, құқық әлеуметтануы, экономика әлеуметтануы, лингвистикалық әлеуметтану, эстетика  әлеуметтануы. 

 

М. Вебердің «идеалдық  тип» тероиясы.

 

Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде.  Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары қайтадан ой елегінен өткіэіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну тұжырымдамасы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданып отыр.  Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарын ың қалыптасуына түрлі бағыт ұстаған көрнекті ойшылдар ықпал етті. Солардың арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли., Т. Гоббс болды.  Вебер көптеген еңбктер жазды: «Протестанттық этика және капитализм рухы», «шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік- ғылымилық және әлеуметтік- саяси танымның обьективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» туындыларын атап айтуға болады.

  Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.

М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның  санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.

М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына  байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.

Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне  жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.

Идеалды тип  дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.

Макс Вебер  іс-әрекеттің мүмкін болар төрт түрін  көрсетеді. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерациональное действие). Сондықтан бұл іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады. Екінші құндылықты-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни және т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет. Мұның негізіне сөзсіз этикалық, діни немесе белгілі мінез құлықтың кез келген басымды құндылығына сенімділік жатады. Үшінші аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; Төртінші    көптен қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекет.         

    М.  Вебер әлеуметтанулық зерттеулерінде түсіну әдістеріне көп көңіл аударды. Оның пікірінше, әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқын зерттеуден бастауы қажет. Өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді. Сондықтан М.Вебердің әлеуметтануын түсіну әлеуметтануы деп атайды.

М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі.

Осыларға сәйкес әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу  негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.

М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес,сонымен бірге  оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның  мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағыты.

Информация о работе Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең