Әлеуметтану негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 09:10, реферат

Описание работы

Басқару-ұйым қызметінің оның жоспарына сәйкес келіп, қойылған мақсаттарына жету үшін арналған процесс. Жоспарсыз, қойылған мақсатсыз басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Өйткені, жоспар мен мақсат ұйым қызметкерлерінің ұйымға қажет жүріс-тұрыс бағытын белгілеп, ұйым дұрыс қызмет ету үшін ұйымның барлық мүшелерінің басшылыққа алуы тиіс ережелер мен процедурларды анықтайды.Друкер (Drucker, 1964) «бақылау» және «басқару» терминдерінің айырмашылығын былай түсіндіреді. Бұл ұғымдардың негізгі идеясын мейлінше ықшам түрде көрсететін болсақ, онда бақылау — өлшеу мен ақпарат, ал, басқару – ең әуелі әрекет.

Содержание работы

Кіріспе ....................................................................................................................... 2
Негізгі бөлім
Басқару социологиясы ....................................................................................... 3
Басқару тәсілдері ............................................................................................ 3-5
Басқарушылық шешімдер .............................................................................. 5-6
Өзін-өзі ұйымдастыру .................................................................................. 6-10
Саяси билік ................................................................................................. 10-15
Қорытынды ............................................................................................................. 16

Файлы: 1 файл

социология.docx

— 49.82 Кб (Скачать файл)

Басқаша айтқанда, басқарудың әлеуметтік объектілеріндегі үлкен  өзгерістер қазіргі өндірістік менеджменттің  сипаты мен түрін өзгерту қажеттілігіне  әкеп соғады. Ал бұл процесс өте  күрделі және ерекшеліктері әлі  толық зерттелмеген. Өндірістік менеджмент ұлттық экономиканы ұйымдастыру  қағидаларын өзгерту және қоғамда  нарықтық реформа жүргізу кезінде  ерекше рөльге ие болады.

Өндіріс құрылымын, экономикалық байланыс сипатын өзгерту, макроэкономикалық  дисфункциялар және жалпы қаржылық дисбаланс, жекеменшік революциясы  және тұтыну жүйелері кәсіпорын дамуындағы белгісіздік және дезорганизация сипатын  тудырады. Мемлекеттік кепілдік жүйесінің  жойылуы және өзара міндеттерді  орындау ортақ экономикалық кеңістіктің  бөлшектенуіне әкеледі. Мұндай жағдайда әр аймақ, әр өндіруші өзінің жеке антикризистік  басқармалық стратегияларын қолдануы қажет.

Осылайша, әлеуметтік-экономикалық жүйенің түбірлі трансформациясы  нарықтық реформалардың арнайы ғылыми-басқармалық  қамтамасыз етілуін және терең теориялық  өнделуді қажет етеді:

-   реформалау процесінің басқарылу мәселелерін және

реформалардың әлеуметтік бағасының  оптималдандырылуы;

- басқарудың «маркетингтік» қасиетінің пайда болу мәселелері, яғни, мәдениеттің өзгеруі және менеджменттің технологиялық тәсілдері;

- өндіріс сапасына радикалды  ықпал ету мақсатымен басқарушылық  жаңалықтарды енгізу;

Қазіргі өндірістің дамуының елеулі ерекшеліктері бүкіл басқару  философиясының және менеджменттің  тәжірибелік қайта бағытталуынының  өзгеруіне әкеп соқты. Бұл процестерді  талдай отырып, Ю.Г.Волков және И.В.Мостовая өндірісті ұйымдастырудың төрт басты  жаңа ерекшеліктерін анықтайды:

1) күрделі технологиялық,  экономикалық, тұтынушылық және  әлеуметтік-коньюнктуралық өзгерістерге  жауап түріндегі қазіргі менеджментті  ақпараттандыру;

2) корпоративтік қағидаларды  және клиенталдылықты енгізу  негізінде өндірістік басқару  жүйелерін әлеуметтендіру; 

3) эвристика, жаңа енген  психологияның, прогностиканың дамуын  есептей отырып менеджментті  инновациялау; 

4) антикризистік реттеу  стратегияларын қолдану, технократикалық  басқару ойынан социократикалық  ойлауға көшу, ортаны құраушы  мәдениеттілік есебінен өндірісті  басқаруды экологизациялау.

Бүгінде көптеген кәсіпорындарда қоғаммен байланыстың арнаулы бөлімдері  пайда болуда, себебі, жеке фирмалардың  өндірістік және маркетингтік саясаты  олардың қызметінің жетістігі өнімдеріне және өндіріске деген қоғамдық пікірдің сипатына байланысты. Басқаша айтқанда, қазіргі менеджмент дамуының мәні әлеуметтанушыны, әлеуметтік философты қызықтырмай  қоймайды: әкімшілікті реттеу және басшылық ракурстағы емес нағыз адамды басқару үрдісіне айналып бара жатыр. Және де ол қызметтестікті іске асырудың құндылығы, қажеттелігі және мүмкіндіктері, топтың сәйкестігі позициясы жағынан  маңызды болуы керек.

Осыған орай, мамандар қазіргі  өндірісті басқару формаларын ұйымдастыру  мәселелеріне байланысты мәселелерді  зерттеуге көп көңіл бөледі.

Бірақ басқару технологияларын  зерттеу және әлеуметтік әрекеттестіктің  жаңа түрімен қаланған инновация  енгізу қағидаларының ұйымдастырылуы айырықша өзектілікке ие.

Негізгі ұлттық ресурсы түрінде  адам капиталын әлеуметтік басқарудың сапасы қазіргі өндірістің табысты  нарықтық өзгерістеріне және қарқынды бәсекелестікке әкелудің басты факторы  болуы мүмкін.

Өндірістік саладағы инновациялық менеджменттің басты қағидалары:

1) валеологиялық (превентивті,  антикризисті, әлеуметтік-экологиялық);

2) коммуникативті (ақпараттық, мәдениеттік, әлуметтік-реактивті);

3) синергетикалық (инновациялық, эвристикалық, барлаушылық, ықтималдылық);

4) социократикалық (адамның  орталықтандырылуы, клиенталды, ынтымақтастық).

Бүгінде инновациялық өндірістік менеджмент әдеттегі басқару мен  бюрократикалық басқару түріндегі қарама-қайшы әрекеттестік түрінде іске асады. Ол "басқару” моделінен "үйлестіру” моделіне және "технократикалық” ойлау стилінен жаңа "социократикалық” басқару стиліне көшумен сипатталады.

Басқарушылық инновациясының қажеттілігі нарыққа көшу жағдайларындағы  әлеуметтік үйымдастырудың өзгеруінің тоқыраушылық процесінде өндірістің мәні ерекше: еңбек ұжымының ішінде маманданған  кадрлар топтарының статусы төмендейді, жұмыс күші басты өндірістен өндірістік емес салаға көшеді, квалификацияланған еңбектің үлесі азаяды, жасырын жұмыссыздық  дамиды. Бұның бәрін тривиалді  әлеуметтік басқару стратегияларын іске асыру арқылы жоюға болады.

Қазіргі еңбектегі және өндірістегі  өзгеріс сапалық сипатта болып  келеді. Олар тіпті жеке кәсіпорында  да байқалады және әлемдегі экономикалық күштің орналастырылуында да бейнесін табады.

Менеджменттің жаңа философиясының іске асуы, ең алдымен өндірістік демократияның  жетілуі және дамуы, менеджерлер  мен жұмысшылардың қызметтестігінің қарқындылық жүйесін құру және басқарудың децентризациясын білдіреді. Себебі, еңбек  қазіргі адамдар үшін өмір сүру жолынан  өзін-өзі дамытудан өзін-өзі бекітуге айналуда. 

Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай  және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, саяси мүдделер, саяси әрекеттер  мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Осы  және өзге де ұғымдар қиын ұғымдардың қатарына жатады, сондықтан олардан  логикалық тізбек құру мүмкін емес, өйткені олар өздері бейнелейтін  шынайы саяси құбылыстар сияқты өзара  көп жақты байланыстардан тұрады.

Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі жақтарын сипаттау барысында  саясат әлеуметтануының маңызды  ұғымдарының мазмұнын ашу орынды.

Саясат әлеуметтануы- әлеуметтану  ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі  ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында  басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып  саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б ғылым ретіндегі белгілері  қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықтан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік- саяси қатынастар- саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.

Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси  қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық сласындағы саяси  қызмет пен саясатқа талдау жасауға  баса назар аударады.

Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы», «саяси ұғымы» ұғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бұлардың ара жігі бүгінгі  дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та «саясат әлеуметтануы»  ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы сөз  болады. Батыс Европада, керісінше, «саясаттану» терминін сирек қолданып, «саясат әлеуметтануы» ұғымына  басымырақ маңыз береді.

Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен, қарастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу  пәні тұрғысынан алғанда, саясаттану негізін  саясат саласын, саясаттың бір  түрін – «саяси саясатты», яғни мемлекеттік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика әлеуметтік, саяси және рухани салаларымен байланыста зерттейді.  Бұл ғылым саясатты әлеуметтік құрылымдарға және формальды емес әлеуметтік жүйелерге қоғамдық пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестердің бүкіл кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және социомәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастырады.

Саясат әлеуметтануының  пәніне  — саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен құрылымның өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік –саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәннін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшіліктерін айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көптүрлігін ескере отырып, әлекметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдүниежүзілік, жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.

Осымен байланысты заңдардың  екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси  өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған  әлеуметтік- саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері  саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси  өмірдің әртүрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара  іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әртүрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.

Даму заңы – бұл әлеуметтік  өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстардың себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық саяси қозғалыс, т.с.с.

Осы заңдарға сәйкес саяси  әлеуметтанудың категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1.Саяси  өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет,билік жүйесі,партиялар,бейресми бірлестіктер,популизм,ереуілдер,т.с.с.;2.Даму категориялары. Мысалы,билік үшін күрес,реформа,жариялылық,көппікірлік,саясаттандырылған тұлға және т.б.

 

2.5.Саяси билік

 

Саясат ұғымы саяси  құбылыстар мен процестерді толық  көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің  бәрі де жинақталып «саясат» ұғымынан көрініс табады.

Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен  ұлттық қауымдастықтар сондай-ақ саяси  билікке қатысты мемлекеттер  арасындағы қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс  ретінде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде  қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан  саяси процестердің элементтері  топтасады, дамиды және бірін-ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацияны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты  әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты  саяси өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси  қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың  байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады.

Саяси билікті жеңіп алу  немесе оны жүзеге асыруда кез  келген әлеуметтік субъектілер саясаттың  субъектісі бола алады, сол субъектілер  ішінде өзара қатынастарға түсетін  таптар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп айтуға болады. Өзара саяси  қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас  халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың  субъектілері болып табылады.

Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі -  саяси билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өз саяси еріктерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы көрінеді. Мұны партиялық элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен олардың төңірегіндегілердің, сондай –ақ жеке партия көсемдерінің өз ерітерін бүкіл партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқық пен әскерге сүйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар өздерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделеріне қатысты кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін нығайта отырып, олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын да нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды.

Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси  партиялар мен қозғалыстардың, саяси  билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси  қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның басқа субъектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субъектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолданылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге субъектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олардың саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъекті көбіне қайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе қауымдастығы, кейде бүкіл халық атынан өкілеттілік ете болады. Қалай дегенмен де, олардың саяси қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін болады. Саясатты миллиондардың ісі дейтіні де сондықтан. Саясат пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың, т.б мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.

Субъектілердің саяси  қызметі олардың саяси қатынастары  арқылы  жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.

Информация о работе Әлеуметтану негіздері