Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 07:24, методичка
Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.
1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.
3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
d) саботаж (тапсырманың ұжым бойынша орындалмауы);
e) ұжымдық аштық жариялау;
f) демонстрация және митинг;
g) бүлікшілік (құрал жабдықтарды, ғимараттарды бұзу, өртеу және деликвентті сипаттағы басқа қылықтар);
h) ереуіл.
Әдетте әлеуметтік жанжал төрт сатыға бөлінеді:
1) алдынғы жанжалды;
2) жанжалды;
3) жанжалды шешу сатысы;
4) жанжалдан кейінгі жағдай.
Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек.
Екінші кезең, әдетте жанжалдасушы жақтарды қозғалысқа, сонымен қатар, олардың қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерін жете түсінуге әкелетін күтпеген оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл кезеңде жанжал жасырыннан ашық түріне айналады және жанжалдық жүріс-тұрыстың әр түрлі формасында көрінеді.
Жанжалдық жүріс-тұрыс -
бұл қарама-қарсы жақтардың
Дәл осындай жүріс-тұрыс жанжалдың дамуының екінші, негізгі кезеңін сипаттайды. Бұл кезеңде тек жанжалдасушы жақтардың мақсаттарын жете түсіну ғана қажетті емес, сонымен бірге бірінші сатының өзінде-ақ басталатын күреске психологиялық нұсқауды қалыптастыруды жалғастыру қажет.
Екінші сатыдағы жанжал өте күрделі формаларды қабылдайды, екі жақ жағымды өзара қатынас орнату бойынша бұрынғы барлық келісімдерді бұзуға тырысады. Екі жақтың өшпенділігі психологиялық түрде дұшпанын іздеуге бекітіледі. Сонымен, жанжалдық әрекет ұрыс-керісті жылдам ушықтырады, ал ол өз кезегінде адамның ауытқу жүріс-тұрысын ынталандырады. Оның белгісі - оппоненттер позициясына, олар тарапынан қорқынышты бейтараптығына шабуыл. Осымен қоса, бұл сатыда бір уақытта әлеуметтік топтардағы өзгеріс есебінен құндылықтарды қайта бағалау болып жатады. Сонымен, жағдайға байланысты оппоненттердің тиімді өзара әрекеттесу жолын таңдау сатысы - үшінші саты шабуыл жасайды.
Бұл сатыда жанжалды шешу кезінде екі жақтың келісім жолымен татуласуы болады. Мұндай татуласу егер екі жақ жанжалды жалғастырғаннан гөрі бейбітшілікке жету әлдеқайда тиімдірек деген сенімге келгенде мүмкін.
Тәжірибе көрсеткендей, болған жанжалда, оған қатысушылар арасындағы коммуникативті байланыс бұзылса, онда тиімді шешуге жету ортадағы дәлдалсыз мүмкін емес. Делдалдар жанжалды ынтымақтастыққа, ал “соғыстың күйін” - “азаматтық бейбітшілікке” айналдыру керек.
Өмірде әр түрлі делдалдар болады. Делдалдар “аралық сот” тәрізді болуы мүмкін, олар тәуелсіз, өйткені ол үшін ең бастысы - заң. Келісімдердің осы типі үшін оның қатысушыларына еркін отыратын төрт бұрышты үстөл тән.
Делдалдың екінші түрі “ойнаушы бапкер” сияқты көрінеді. Ол үшін дөңгелек үстөл тән. Жанжалға қатусушылардың талапты қалай шешетіні үлкен психологиялық мән береді. Сонымен психологиялық шеттеу жеңіп шығады. Әрине, делдалдардың басқа типтері де бар.
Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады.
1. Бірінші саты - дайындық,
жанжалға “диагноз” қою керек
болғанда, оның типін, күрделілік
дейгейін анықтау керек,
2. Екінші саты - келісімдердің өзі. Ол ұзақ болуы мүмкін.
Міндеттер келесіден тұрады:
1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де;
2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау;
3) Басым проблемаға назар аудару;
4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру;
5) Қатысушылардың әрқайсысы
өзінің пікірін айта алуы үшін
және қорытынды құжаттарды
3. Үшінші сатыда делдалға
қатысушының жанжалды
1) қатысушылар келісіммен
қанағаттанғандарын айтып
2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек;
3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет;
4) қарсыластық ынтымақтастыққа
айналу үшін қабылданған
Жанжалды шешу процесін
олардың қатысушыларының
“Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады. Мұндай жағдайда жанжалды шешудің жиі жалғасы болмайды.
“Қаршыға” стратегиясы қарсыласын міндетті түрде жеңуге ұйғарады. “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді.
“Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі - келісім процесінің өзі. Сондықтан көну жеңіліс ретінде емес, проблеманың шешімі ретінде қабылданады.
Жанжалдарды реттеуде үлкен мәнге оның салдары, қорытынды сатысы ие. Бірақ оған әрине қарама-қайшылықтарды тұтастай жою күші және кез келген күресті тоқтату іске кірісуі тиіс.
Жанжалдың салдары әр түрлі объективті және субъективті факторларға, әсіресе жанжалды реттеуде айырмашылықтарды жеңу әдісіне тәуелді. Оқиға жағымды дамыған кезде, шығармашылық еңбек пен демалысқа дәлденуге мүмкіндік беретін, бұрынғы жанжалдасқан жақтарға сыйлы қатынас қалыптасады.
Тақырып 11
Мәдениет әлеуметтануы
1. Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет.
2. Жастар субмәдениеті.
3. Субмәдениеттілік факторлары.
Негізгі ұғымдары: мәдениет, субъмәдениет, контрмәдениет, этноцентризм, космополитивизм, рухани мәдениет, материалдық мәдениет, релятивизм, құндылықтар, жастар мәдениеті және т.б.
“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады.
Социологиялық зерттеудің объектілері болып қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру формалары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары деп айтылады. Бұл тұрғыда социология кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелерінің қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі формаларын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму динамикасын зерттейді.
Мәдениет социологиясы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізігілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.
Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.
Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Социологияда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді қоғамдық процестерді игеру, ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді.
Социологияда рухани мәдениеттегі әр түрлі элеметтердің жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінеді. Алғашқы және маңызды элемент танымды, белгі-символдық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда қалыптасқан, тілде айқындалған білім. Тіл - адам тәжірибесін шоғырланудың, сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі болып табылады. Белгілер мен символдар қатынас жасау барысында басқа ілімдердің өкілдері ретінде көрінеді, олар туралы ақпарттар жеткізу мен өзгерту, алу мен сақтау үшін қолданылады. Белгілер мен символдар әрқашан нақтылы мәнге ие болады. Адамдар белгілер мен символдардың мәнін түсінуді білім беру процесінде игереді. Дәл осылар оларға айтылған мен жазылғанның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі құндылықтық-танымдық жүйе болып табылады. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы. Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында қалыптасады. Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды жатқызуға болады:
1. Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы, өмірдің мақсаты мен мәні туралы ойлар);
2. Әмбебап: а) виталды (өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықытық тәртіп, т.б.); ә) қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); б) өзара тұлғалық қатынас (адалдық, риясыздық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);
3. Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу; ә) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке ұмтылу).
Социологияда құндылықтар, ең алдымен адамның жүріс-тұрысы мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады. Құндылықтың нақ осы қызметі оларды социологиялық зерттеудің арнайы пәніне айналдырады.
Құндылықты қатынастар өзінің жеке өмір сүруін әлеуметтік норма көрінісінен табады. Социологияда норма дегенде тек жалпы ереже ғана емес, сонымен бірге бұқаралық көрініс процестерінің шынайы өмір сүретін типі түсіндіріледі. Адамның жүріс-тұрысына сәйкес әлеуметтік норма ретіндегі қазіргі қоғамның көптеген өкілдеріне тән, әдеттегі әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін осындай жүріс-тұрыс көрініс береді және қабылданады немесе жиі-жиі кездеседі деуге болады. Жалпы қабылданған норманы көрсететін шынайы жүріс-тұрыстың объективті және субъективті аспектілері болады. Объективті мағынада норма қоғамдық қызығушылықтар мен қажеттіліктерге, мазмұны мен формасы сәйкес келетін сыртқы қылықтарымен айқындалады. Субъективтіде нормативтік мінез-құлықтың идеологиялық және психологиялық аспектісі қоғамдық және жеке дара санада ұсынылған деп айқындалады. Әлеуметтік норма өздерінің қылықтарының қоғамдық мәні мен әлеуметтік құндылықтарын азды-көпті түсінген адам ретінде түсіндіріледі. Бұл үлгі жүріс-тұрыс дәледеуінде маңызды рөл атқарады .
Мәдениеттің синтетикалық формасы ырым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сияқты жүріс-тұрыс үлгілері болып табылады. Ырым бұл өзіне осы немесе басқа әлеуметтік идеяларды, ойларды, нормалар мен құндылықтарды іске асыратын және қандай да бір ұжымдық сезімді тудыратын ұйымдық іс-әрекеттің символдық-таптаурын жиынтығы. Ырымның күші оның адамдарға деген эмоционалдық-психологиялық әрекетінде жатыр. Ырымда құндылықтар мен мұраттардың осы және басқа нормаларын игеру емес, сонымен бірге ырымдық әсерге қатынасқандармен бірге әсерленушілігі болып жатады.