Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 07:24, методичка

Описание работы

Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.

Содержание работы

1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.
3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Файлы: 1 файл

әлеуметтану.doc

— 806.50 Кб (Скачать файл)

Ең алдымен, ойдан шығармайтын  нәрсе, ол дінді функционалдық тұрғыдан түсіну, жеткіліксіз түрде негізделген  алғышарт негізінде құрылады: функционализм, мықты қоғамдық ынтымықтастық пен тұрақтылық тек рухани-мәдени факторлар, идеялар, құндылықтар, мағыналар, символдар жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін дегенге сүйенеді. Дін бұл тұжырымдамада жан-жақты фактор ретінде қызмет етеді. Өйткені қоғам алдын ала діни шектеулерсіз басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір мәдени-рухани тұтастық ретінде түсіндіріледі. Функционализм әділетсіз - біржақты болып қалады. Ол мысалы, адамға табиғатынан тән және тарихи дамыған қажеттіліктер, белгілі бір мүдделерді қанағаттандыру және оны келістіру негізінде, яғни сол әлеуметтік-мәдени жүйенің механизмі арқылы қоғамның нығайып бірігуі мен тұрақтылығы мүмкіндігін елемейді. Шынайы жағдайда жоқ дегенде интеграцияның рухани-мәдени факторлары және қоғамдық тәртіпті негіздеу, әлеуметтік жүйені сақтау деңгейінде әрекет еткен күш көрсету мен мәжбүрлеу сияқты факторлар назардан тыс қалады. Бұған тағы эмпирикалық мәліметтер қоғамдық-моралдық жағдайына діннің әсері бүгінгі күнде айтарлықтай әлсіз және бұрын да қоғамның “моралдық архитектурасын” монопольды түрде қамтамасыз ете алғаны күмәнді екенін куәландыратынан қосқан абзал. Шамасы қоғамның бірігуін бірқатар факторлар қамтамасыз етеді (немесе қамтамасыз етуге ықыласты). Бұл тарихи өзгермелі жағдай. Мысалы, социологтар, қазіргі дамыған демократиялық қоғамда интеграцияның белгілі бір деңгейін көп мөлшерде заңдар қамтамасыз ететінін, жалпылама құндылықтардың (адам құқығын) таратушы рөлін көп мөлшерде құқықтық институттар өз қолына алуда екенін айтуда. Бұл қоғамның секуляризациялануының бір көрінісі.

Тағы бір проблема, дін қоғамдық интеграцияның факторы  ретінде ғана болмай, сонымен қатар  кері интеграция, яғни кері интеграциялау  қызметін атқаруымен байланысты болып  отыр. Жалпы формасында дін тіпті  кері қызметті болуы мүмкін екенін айтуға болады, мысалы экономика саласында, еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, техникаларын енгізуге кедергі бола отыра, қоғамның экономикалық тоқырауын күшейтуі мүмкін. Яғни, діннің қандай түрі болмасын атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды да, жағымсыз да мәнге ие болуы мүмкін.

Дін, интеграция мен тұрақтылық әкелуші емес, қиратушы, жанжал әкелуші  фактор ретінде әрекет етуі мүмкін екендігін айғақтайтын фактілер жанжалдар теориясы шеңберінде қарастырылды. Проблеманы таптық күрес аспектісі  арқылы шешкен К.Маркстің пікірінше дін тарихи қажеттілік, оны таптық күрес арқылы төңкерістік қайта құруды талап етіп отырғанда, ол әлеуметтік интеграцияның факторы ретінде қызмет етуші және билеп төстеуші таптарға қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруына көмектесетіндіктен жағымсыз рөл атқарады дейді. Дін өмір сүруші қоғамдық құрылымды ақтайды, онымен татуластырады. Сыни көзқарасты оятудың орнына, мойындауды миына құяды. Ал бұл нәрсе түбінде қоғамды жанжалға алып келеді.

Функционализмге, яғни қоғам  өзімшілдік мүдделері бар және бүкіл қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін қамтамасыз ететін құндылықтық сенімдері болмайтын топтардан тұрады деген көзқарасқа тікелей қарсы шығады. Қоғам жанжалдармен, күш көрсетумен, түрлі топтар арасындағы билік үшін күрестермен сипатталады. Тұрақтылық тек уақытша тепе-теңдік ретінде ғана мүмкін. Әлеуметтік қатынастардың қалыптасуының шешуші факторы топтардың өзімшілдік мүдделері болып табылады. Діни топтар - бір-біріне араз топтардың мүдделері қарама-қарсы тұратын, соқтығысатын жүйенің бір тетігі. Ортақ сенімдердің болуы олардың әлеуметтік бірігуінің шартты түрде маңызды емес жағдайы ретінде қарастырылуда болса, ал діни айырмашылықтар - тамыры терең жанжалдарды сырттай безендіру ретінде қарастырылады. Бұған мысал ретінде христиан елдеріндегі еврейлерді қудалауды келтіруге болады, оның түбінде экономикалық фактор жатты, Ирландиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы дау-дамай, ортодокстар мен “дін бұзарлар” арасындағы күрес және басқалар. Этникалық және топтық айырмашылықтар діни айырмашылықтармен шиеленісіп кеткен уақытта жанжалдар айрықша өткір сипат алады. Діни жанжалдар сыртқы көрінісінде, этникалық немесе таптық негізде соқтығысуды бүркемелеуі мүмкін. Егер экономикалық мүдделер және этникалық байланыстар қоғамның бірігуіне жол ашатын жағдайларда, діни айырмашылықтар жіктелудің жалғыз ғана символы болады. Басқа діни топ өкілдерінен жауларды көру әдеті көптеген нақтылы жағдайларға байланысты күшейе түсуі немесе әлсірей түсуі мүмкін.

Дін дінаралық жанжалдармен қатар оның сауатты қоғамда өмір сүруімен байланысты жанжалдарды да тудырады. Мысалы, діни құндылықтар жүйесі құрметке сай жалғыз өзі секілді, сауаттылардың құндылықтар жүйесіне қарама-қарсы қойылатын жағдайлар сирек емес. Дін жолын ұстаушылық діни ережелерді сақтау мен заң арасындағы жанжалға алып келуі мүмкін. Мұндай бейнедегі мысалдарды, діни жүріс-тұрыс ортақ ережеге бағынатынын көрсету үшін жанжал теориясының жақтастары ұсынып отыр: кез келген жүріс-тұрыс өзімшілдік мүдделерді басшылыққа алады.

Шындығында, жанжал топішілік  интеграцияның мүдделері көзқарасы тұрғысынан функционалды, діни топ ішіндегі бірлесу көзі болуы мүмкін. Сондықтан кейбір топтар жанжалды сыртқы әлеммен байланыстырады, одан оқшаулану қаншалықты күшті болса, соншалықты ішкі ауызбіршілік мықты болады. “Бөтендерге” деген өшпенділік қауымдастық сезім туғызады, сүйенішті тек “өз адамдарынан” іздеуге шақырады. Сонымен әлеуметтік жанжал және әлеуметтік интеграция бір үлгінің екі жағы ретінде көрінеді және бір-бірімен байланысты тұрғыдан қарастырылуы керек. Мұндай тенденция айрықша айқындығымен, былайша айтқанда ислам аймағында орын алуда, бұл жерде ол экстремизм және қарулы қақтығыс сипатына ие болуда.

Жанжалдар тек діни топтар арасында ғана болмайды, сонымен бірге  олардың ішінде де болады. Топ ішіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыстар көбіне индивидтердің өзімшілдік мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылуының нәтижесі болып табылады және билік, артықшылық, мәртебе үшін күрес барысында жанжалдар туындайды. Мысалы, діни топтардың көпшілігінде (ортодоксальді иудаизмге қатысты, провословие де, католик шіркеуінде, протестанттық конгрегациялардың көпшілігінде, исламда да солай) ер адамға басым рөл беріледі, әйел адам дін қызметкері бола алмайды. Басқа бір қарапайым жанжал ол клир мен миряндар арасында. Ол діни басылар көпшілік қоғамдарда, пұрсатты қоғам топтарының еншісінде болуы сияқты әлеуметтік жағдайларға байланысты.

Қазіргі заманғы қоғамда  діни өмір консерватор-дәстүршілдер мен  модернистер, діни жаңару мен реформалардың жақтастары арасындағы жанжалдармен көрініс береді. Әдетте, олардың арасындағы күрес таза теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.

Дін ішіндегі жанжалдар  көбінесе қоғамдағы өзгерістердің  де көзі болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады. Көне Өсиетте әулиелер, құдай әлеуметтік теңдікті көреді, оны құдай жасап берді ал адамдар оны өз еркімен бұзды деп жария еткен. Әулиелер үлкен әділеттік үшін қоғамды өзгерістерге шақырды және көбінесе төмен, кедей таптардың мүдделерін қорғаушылар ретінде алға шықты. Германиядағы шаруалар соғысында бұқара халықтың жетекішісі реформацияның радикалды қанатының өкілі Томас Мюнцер болды. Ол жер бетіндегі тәртіптерді ортақ мүдделерге сәйкес (билеп төстеушілердің мүддесінде ғана емес) қайта өзгертуге шақырды. Бұл жерде ол құдайдың о баста ойластырғанының орындалуын көрді. Бұл діншілік жанжал (Мюнцер католик шіркеуін және дін қызметкерлерін сынға алады, бірқатар қасаң қағидаларды мойындамады) қалайша нағыз соғысқа әкелетін әлеуметтік жанжалға айналуының мысалы бола алады.

Осыған орай дін социологиясы харизмалық жетекшілердің рөлі жайлы  мәселеге ерекше назар аударады. Вебер  харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың  іргелі қарсы әсерін және өзгерістердің  маңызды бастамасын көрді.

Дін қоғам тұрақтылығының факторы ретінде ғана болмай (бұл жерден функционалисте оның негізгі қызметін жиі көреді), сонымен қатар, әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі болып қызмет етеді. Мысалы, Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін “капитализм рухын” жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор тарихи алға басушылықты дәлелдеді.

 

 

Тақырып 13

Этникалық әлеуметтану 

 

1. Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар.

2. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы

 

Негізгі ұғымдар: этнос, субэтнос, этногенез, метаэтнос, ру, тайпа, халық, ұлт, этника, этносоциология және т.б.

 

Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген ғалымдардың есімдері арнасында қарастырған теориялар мен көзқарастардың дамуымен байланысты .

Этникалылық түсінудегі мазмұнды аспектісінің рөліне қатысты  пікірталастар өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Бүгінгі күннің өзінде анықталмаған, келісілмеген сәттер көп кездеседі. Кейбір ұғымдар түсініксіз немесе қазіргі жағдайды шынайы көрсете алмайды. Пікірталастардың пайда болуы этникалық проблеманы бірінші жоспарға шығарған әлемдегі этносаяси процестермен байланыстырылады. Этносоциологияның категорияларын (этнос, ұлт және этникалылық) тыңғылықты теориялық талдаудан өткізу қажеттілігі туындады. Кең көлемде қолданылуына қарамастан “этникалылық аса жаңа түсінік болып көрінеді”, - дейді Н.Глейзер мен Д.П. Мойнихан. Олар мынадай фактіге назар аударады: бұл терминнің алғашқы түсіндірмесі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде тек 1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды “қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.

Этникалылық - бұл ғылымда  кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен  бірдейліктер бар екенін білдіретін категория. Отандық қоғамтануда  кез келген жағдайларда, әр түрлі  тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде “этнос” термині кеңінен қолданылады. Этнос түсінігі гомогендік, функциялық және статикалық сипаттамалардың бар екенін білдіреді, олар топты, сол сияқты сипаттамалар жиынтығына ие басқа топтардан айырылмайды. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменін анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ олардың этникалық немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастық үшін тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға: топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы; отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты; ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың формалары жатады.

Этникалық қауымдастыққа  М.Вебер берген анықтама әлі күнге  өз мағынасын сақтауда. Оған сәйкес, этникалық қауымдастық - оның мүшелері ортақ шығу тегінде ұқсас физикалық бет-пішінге және әдет-ғұрыпқа немесе екеуіне де немесе отарлануы мен көшіп-қонуы жніндегі ортақ жадына байланысты субъективті сенімге ие топ.

Этникалылықты түсінуде әлеуметтік және мәдени аумақтарда қандай да бір топ бар деген түсінік маңызды рөл атқарады (Ф.Барт). Этникалық қауымдастықтар ең алдымен, мүшелерінің өздері үшін маңызы бар деп санаған (немесе бұл маңыздылық сырттан таңылған) және ол өзіндік сана-сезімнің негізінде жататын сипаттамасымен анықталады. Сонымен, этникалылық - мәдени айырмашылықтарды ұйымдастыру формасы. “Халық” ұғымы этникалық қауымдастық мүшелері бір немесе бірнеше ортақ атауға және мәдениеттің ортақ элементтері мен шығу тегі жайлы ортақ мифке ие және тиісінше ортақ тарихи жады бар, өздерін айрықша географиялық аумақмен байланыстыра алатын және топтық ынтымақтастық сезімін көрсете алатын адамдар тобы деп түсіндіріледі.

Ғылымда және саясатта кең  таралған ұғым “ұлт” болып табылады. Оған әр түрлі тарихи әрі қазіргі заманғы мағыналы мазмұн жатқызылады. Ең кең таралғаны осы терминнің көмегімен бір мемлекет азаматтарының жиынтығын саяси бірлестік ретінде белгілеу болып табылады. Кейде саясатта ұлттар деп кәдімгідей мемлекеттерді атайды (Біріккен Ұлттар Ұйымы ұғымы). Ұлттардың басым көпшілігі әр түрлі тілде сөйлейтін және әр түрлі дінді ұстанатын бірнеше, кейде ондаған және жүздеген этникалық қауымдастықтарды қамтиды (американдық, үнді, канадалық, қытайлық, швейцариялық, т.б.). Әдетте мемлекетте ең көп этникалық қауымдастықтың мәдениеті үстемдікке (ресми) мәртебеге ие болады, ал аз қауымдастықтардың мәдениеті ассимиляция мен кемсітушілікке тап болады. Сонымен қатар, ұлттар, этникалық қауымдастықтар немесе этникалық ұлттар деген түсінік (этнос түрі ретінде) айтарлықтай дәрежеде таралған, тарихи пайда болған және адамдардың ортақ мәдениеті мен өзіндік сана-сезімі бар тұрақты этноәлеуметтік қауымдастығы ретінде түсіндіріледі. КСРО-да этникалық ұлт және ұлттық-мемлекеттік құрылыс деген түсінік басшылыққа алынған болатын. Этникалық қауымдастықтар (халықтар) ұлттар деп аталды, ал іс жүзінде өмір сүрген азаматтық ұлт кеңес халқы деп аталды.

Ұлт ұғымының ғылыми мазмұны, оны талқылауа көптеген ірі ғалымдар мен публицистердің қатысуына қарамастан ұзақ және тиімділігі төмен пікірталастардың тақырыбы болып табылады. (И.Гердер, О.Бауэр, К.Каутский, М.Вебер, К.Маркс, В.И. Ленин, П.Сорокин, Н.А. Бердяев, қазіргі заманғы қоғамтануда Д.Амстронг, Б.Андерсен, Э.А. Баграмов, Ю.В. Бромлей, А.Г. Здравомыслев, Э.Геллнер, Л.Н. Гумилев, У.Коннер, Э.Смит, Э.Хобебаум, М.Хрох, П.Чатарджи). Әлемдік ғылымда жалпылама қолданылатын “ұлт” түсіндірмесі, әсіресе егер сөз оның шекаралары, мүшелері мен статистикалық категориялары турасында болғанда жоқ. Сонда да соңғы уақыттарға дейін қоғамтануда ұлтты нақтылы тұтастық, қауымдастық деп түсіну үстем болып келді және әлі күнге дейін өз позициясын сақтауда. Бұл жағдайда ұлт базалық қажеттіліктері, өзіндік сана-сезімі, ортақ еркі бар бірыңғай және мақсатты бағытталған ұжымдық индивид ретінде қарастырылады. Ұлтты қазіргі заманғы эмоционалдық және саяси заңдылыққа ие болған, бірақ ғылыми анықтамасы болмаған және бола алмайтын семантикалық-метафориялық категория ретінде қарастыруға болады. Өз кезегінде ұлт ұжымдық түрде қуаттауға болатын бейне ретінде, ұлтшылдық саяси аумақ ретінде (доктрина және тәжірибе) нақтылы өмір сүретін тұтастық ретінде мойындаусыз-ақ өмір сүре алады.

Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде