Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 12:37, реферат

Описание работы

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді.

Содержание работы

Кіріспе 3
Әлеуметтану ғылым ретінде. Объектісі және пәні 5
Әлеуметтану әдісі 10
Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі
орны және ерекшелігі 11
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Файлы: 1 файл

Алеуметтану.docx

— 46.73 Кб (Скачать файл)

Соңғы уақытта кең таралған көзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі  келесі сатыларға бөлінеді:

а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін мен  заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы құрастырады;

ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім негізінде, айрықша  тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің көкейтестігін зерттеуді мақсат қояды;

б) әлеуметтік инженерия – әр түрлі  техникалық құралдарды құрастыру мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі;

Берілген жіктеу әлеуметтік құрылымның үш деңгейін ажыратуға мүмкіндік  береді:

1) қағидалық әлеуметтану

2) қолданбалық әлеуметтану

3) әлеуметтік инженерия

1.5 Әлеуметтану функциялары

Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде  келесі негізгі қызметтерді орындайды:

1) теоретико-танымдық функциясы,  әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен,  әртүрлі әлеуметтік құбылыстар  мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида  қазіргі уақыттың көкейтесті  мәселелеріне ғылыми жауап беріп,  жетілдіруге жол ұсынады;

2) әдістемелік, әлеуметтанудың  концептуальды аппаратын құрастыруға,  жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды  айқындауға мүмкіндік береді;

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен  ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар  қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым  аумағында шешім қабылдауға негіз  болуына байланысты;

4) тәжірибелік функция, тәжірибелік  маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға  мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция, келешекте  әлеуметтік үрдістердің тенденциясы  жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды  құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі  салаларының дамуын жоспарлау  үшін, социологиялық зерттеулерді  қоғам өмірінде қолданудың маңызы  зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек  аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының  өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен  бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын  мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік  жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды  қамтиды.

Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам  жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.

Тарих сияқты, әлеуметтану да екі  негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына  ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас  құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың  субъективті-объективті байланыс эволюциясын  айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі  мүмкін.

Екі ғылымның өзара әрекеті –  саясаттану мен әлеуметтану ғылымының  жаңа ғылым саласын – саяси  әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси  құрылым мен әртүрлі саяси  құрылыстардың ықпалын үнемі  ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде  адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы  тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен  заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер  әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.

Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани жақтарын да қарастырады.

Америка және ағылшын оқулықтарындағы  әлеуметтану пәні

Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір  айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен  Англияда басылып шығарылған әлеуметтану  оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға  келтірейік.

С.Курт, С.Хастингс, Д.Харрис : «Әлеуметтану – бұл адамзаттың өзара әрекет үлгісінің ғылыми зерттеуі”. Кр. Дуб. «Әлеуметтану – бұл адам тәртібі  және осы тәртіпке әсер ететін, адамның  әлеуметтік ортасын ғылыми зерттеуі”.

Ст. Мур, Б. Хендри: «Әлеуметтану –  бұл адам тәртібін зерттейтін әдістер  жөніндегі ғылым ”.

Дж. Херд : «Әлеуметтану – бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі  жол ”.

М. Тейлор, Л. Рин, С. Розенталь, К. Догби: «Әлеуметтану-бұл әлеуметтік топты  және олардың адам тәртібіне әсері  жөнінде оқыту”.

Н.Смелсер: «Әлеуметтану бұл қоғам  мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына  сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады”. Анықтамалардың елеулі бөлігі бұл пәннің «тәртіптік» түсініктемесімен байланысты. Сонымен қатар, кейінгі жылдары  бірқатар авторлар әлеуметтану пәніне қоғам, әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде, ғылым ретінде қыр-сырын  кеңінен ашуға тырысады. Әр анықтама ғылым негізін түсінуге өз айрықша  үлесін қосады..

Әлеуметтвну әдісі. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние – танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес,өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеумттану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау – А.И.), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде  «қоғамдық», «қоғадық қатынастар»  ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен  қатынастарының табиғатын, мазмұны  мен мәнін, олардың қоғамдағы  жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін  меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең  қолданып, осыған, сәйкес  «Әлеуметтік  қатынастар» ұғымы туралы айтқан.

Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық»  ұғымымен алмастырылған. «Азаматтық »  деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.

Батыс елдерінде Маркс  пен Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық»,  «әлеуметтік», «азаматтық»  ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл  жерде біз  «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.

«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі  бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады.

Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі  (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара  қарым – қатынасынан және  қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.

Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі  орны және ерекшелігі. Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым  мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен  тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік  мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл  тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы  қатарға шығып, атқарылатын қызметтің  басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен  үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды  күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп  кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі  бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын  жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда  әлеуметтану әлеуметтік бақылау  функциясын атқарады.

Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен  процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде  біз әлеумметтанудың болжайтын  қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен  апаттардың болашаққа болжам жасап  отыру арқылы ғана алдын алуға  болады. Мысалы, мынандай мәселелерді  болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші  бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін  ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс  пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б.

Әлеуметтану қоғамның қай саласында  болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті  еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын  жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қортытынды

Қорыта айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың  бірігіп  істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы  алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары  бір – бірінен  өзгеше қоғамдық  үдірістерге қатынасынан  көрінеді.

Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы  шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара  іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен  тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.

Категориялардың негізінде  әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б.

Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде  олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.

Информация о работе Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдісі