Мәдениет әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:52, реферат

Описание работы

“Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Содержание работы

1.Мәдениет әлеуметтануы......................................2
2.Мәдени-тарихи типтер.........................................5
3.Қолданылған әдебиеттер.....................................10

Файлы: 1 файл

Мәдениет әлеуметтану.docx

— 43.29 Кб (Скачать файл)

                    

                Жоспар:

 

1.Мәдениет әлеуметтануы......................................2

 

2.Мәдени-тарихи типтер.........................................5

 

3.Қолданылған әдебиеттер.....................................10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Мәдениеттегі  әлеуметтану тұрғыдан  түсіну, оның қоғамдағы маңызы  мен мазмұны.

Бұл тақырыпты әңгіме еткенде әр уақытта мына мәселелерге ереше  көңіл бөлген жөн. Бүкіл таптық антогонистік қоғам тарихында таптар біріне бірі қарсы тұрудың нәтижесінде қарапайым  еңбекші, езілуші халық мәдениеттен  біршама қашық болды. осының салдарынан:

1. Еңбекші бұқараның мәдениет  іс-жүзінде жетістіктерін пайдалануға  мүмкіншілігі болмады.

2. Еңбекші халықтың іс жүзінде  мәдени процестергетікелей араласуға  шамасы, мүмкіншілігі аз болды  жәнеүстем тап өкілдері бұл  құндылықтан оларды шетқақапайлап  отырды.

Осыған орай алдағы уақытта жалпы  мәдениетті дамытуда екі ірі әлеуметтік міндеттер тұрды:

1. Жалпы адамзат тарихында жасалған  күллі мәдени құндылықтарды халықтың  игілігіне айналдыру;

  1. Қоғамның әрбір адамын, оның жынысына,ұлтына, нәсіліне қарамай мәдени процестерге тікелей қатынастыру, олардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін барлық қолдан келетін әлеуметтік жағдайларды жасау қажет. Мұның өзі әрбір адамды жан-жақты дамытудың, өз кәсібімен қоса компьютерді жетік, әрі шет тілдерін де терең меңгерген, адамгершілік қасиеттері жоғары адамды қалыптастырудың негізгі шарты болады.

“Мәдениет” деген ұғым латын  тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім  алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан  түрлерін адамның  қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Мәдениет қоғам дамуының негізгі  қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды,мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты.

Мәдениет негізінде екі үлкен  түрде болады: Материалдық және рухани.

1. Материалдық  - бұл өндірістегі  құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.;

2. Рухани- бұл ғылым,өнер, әдебиет,;

Адамдар күнделікті өмірде мәдине құбылыстардың  әр түрлі түсінеді.

Біреулер мәдениетті қоғамдағы  құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе,екіншілері- қоғамдағы адамдардың білім мен  тәрбие алу процестерінде пайда  болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде  қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның  саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениетті адамның туралы әңгіме қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның  шығармашылық қабілетімен, оның  білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен ұштастырады.

Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы  бір жақты қаралып бұрмаланған. Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның  әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының  нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар  мен мұраттарды, яғни алуан түрлі  құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға  жаппай  тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім  мен тәрбинің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның  мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін  неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым  мен қоғамды ғылыми басқаруға, мдемократияны  дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың  тікелей немесе жанама тигізетін  әсері туралы да ештеңе айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның  әлеуметтану процесін құрайтыны  естен шығарылған. Қазіргі уақытта  мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынандай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.

  1. Мәдениет- адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының,еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы.
  2. Адамдардың  шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.
  3. К. Маркс айтқандай, мәденит адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.

Сонымен, мәдениет дегеніміз, жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуиы  болып табылады.

Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде  субъектінің қоғамға, табиғатқа  қатынасының  деңгейін білдіретін категория.

Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті, т.б. түрінде көрініп  отырады.

Мәдениет-тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда-мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз куш. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы  мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:

1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның  табиғатты өзгерту, қайта құру  процесімен байланысты; 2) рухани  мәдениет. Бұл адамның дүниесін  және оның әлеуметтік өмірін  өзгертумен  байланысты болады. Осы  жерде айта кететін бір мәселе  бар.

Біздің әлеуметтік дүние танымызда  руханилық, адамгершілік және құнды  қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік  және әдемілік негізіндерінде адамның  бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарама-қатынастар мен байланыстар  өте күрделі  болғандықтан, адамның  руханилығын бір жақты ғана қарауға  болмайды. Керісінше, руханият адамның  ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с. аражігін ажырата  білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің жүргізілетін әлеуметтану  зерттеулерінде сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады, ал , адамгершілік қасинттерді  алдынғы орынға қоятын санада өздерінің  ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілдік, қаржылық бағалық, құндылықтар  болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар:мейірбандық, қайырылымдық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-тұлға болып өзгерді.

Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам тұлғасының рухани өміріне бір жақты  әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өміріне бір жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өмірінің дамуына  екі үлкен бағыт (тенденция) бар  екенін аңғартады: Біріншісі, жалпы  адамзаттық  құндылықтардың таптық құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын көрсетеді және жалпы адамзат  құндылықтары адамның іс-қызметімен тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытында  да бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта  іске асырылуда. Екінші бағыт, ел-жұрттың белгілі бір бөлігіне ғана тән. Бұл бөлік бұрынғы идеологияық құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып қалды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе керісінше, ойға келиейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған орай осындай жағымсыз, теріс құндылықтарды терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды әдет-ғұрыптарын жаңғартып дамытуға, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға емес, ымыраластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды насихат құралына айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы, «басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.

Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы–мәдените әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқартын қызметінің  заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың мәдени қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың,мекмелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен  бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым, этникалық, және көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелердің (театр, кино, мұражай, кітапхананалар) дамуын болжап, жоспарлайды.

Мәдениет әлеуметтануды қарыштап дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты. Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан  ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан  басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-рухани процесс, әр түрлі мәдениеттерің  бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал. Мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің  әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне баса көңіл аударады. Бұл  мәселелрді мәдениет теориясы зерттемейді.

Ғылыми әлеуметтану мәдениеті  аталмыш саланы бір бүтін қоғамдық жүйе ретінде  талдап зерттегенде, оның шығуы, пайда болып дамуын, анықталуын әр уақытта қоғамдық өндірістік тәсілмен байланыстырады.

Қазақ мәдениетінің тарихи типтері:

Архаикалық тип

Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік тағы басқа). Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары тағы басқа) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана  «біз және біз емес» деген ажыратушылық оппозицияға.Қазақ мәдениетінің тарихи типтері:

Архаизм

Алайда, этномәдени ментальдықтың  әсіре бейнеленген типтері бар. Олардың бірі - архаизм. Архаизм-мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде «дәстүршілдік»,«ортодокстық»,«фундаменталиста»,«партикулярлық» сияқты белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан алғанда, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаста болады. Архаистік бағдар туралы бірнеше деректер келтірейік.

Бұл мәселені А. Тойнби  жан-жақты қарастырған. Оның пікірі бойынша, архаистік мәдени бағдар мінез-құлық бітімдерінде, өнерде, тілде, дінде, экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Алмания тарихындағы тевтонизм, таза қанды арийлік идеялары мен фашистік-корпоративтік мемлекет құру тәжірибесі, Израильдегі өлі тіл ивритті тірілту әрекеті, Үндістандағы санскритті қалпына келтіру талпыныстары, Рим императоры Августың христиандықты көне тайпалық діндермен алмастыруға тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылады.

Фундаменталистік дүниетаным тіршіліктің  негізгі принциптеріне сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша табиғи сұрыптаудың нәтижесіңде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе дегенарцияға ұшырайды. Ал кибернетик Росс Эшби жабық және кесімді ұйымдастырылған жүйелерде энтропия артып, коллапстық қалып туады дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар деушілердің де табылуы мүмкін. Алайда мәдениет бүкіл әлемдік заңдылықтардан тыс болатын «мәңгі двигатель» емес.

Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпелі кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.

Информация о работе Мәдениет әлеуметтануы