Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:52, реферат
“Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.
1.Мәдениет әлеуметтануы......................................2
2.Мәдени-тарихи типтер.........................................5
3.Қолданылған әдебиеттер.....................................10
Қазіргі Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық-тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілік пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілдікпен ауыстыру және тағы басқалары осы архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір мысал келтірейік. Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ қазіргі ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің тоғысу заманында Бұл мәселе тәрбиелік-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттілік құндылықтарға орнын береді.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде
мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі
қалыптасқан: адам-отбасы-
Мәңгүрттік тип
Бұл типке ұлттық
салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік
рәсімдік мағынасын білмейтін,
күнделікті өмірде ұлттық
Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік бейнені «евнух» (әтек) деп те айтады. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан «евнухтың» классикалық түріне жатады.
Мәңгүрттік тип-дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік-сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте Бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.
Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:
Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы-ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.
Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени ингилизмді (кемсітушілікті) алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, біздің республикалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық.
Мәңгүрттік менталитеттің өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті өмірден де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды бір тармағы-әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп жүйесі. Батыстық мәдени ауысушылықтың белгілі бір жақтары қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Кейбір басылымдар ақша үшін құныға тарататын жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық құндылықтарды сыйламау, және тағы басқалары осы сияқты құбылыстар мәңгүртікке апаратын тура жолға жатады. Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті нарықтық гуманистік әдеп, жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде әңгіме транзиттік (өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеру әр уақытта мәңгүрттік менталитеттен құтқара алмайды.
Кейде мәңгүрттік мәдени типпен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?
Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын тілінен - «шетте болушы» деп аударылады, Р. Парк маргиналдар деп мінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, «өлі ара» мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.
Әдетте маргиналдық ұғымымен
қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық
қатынастағы адамдарды
Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап, бұрынғы нысаналар мен мұраттар көмескіленгенде маргиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан қалаға қоныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес одағы кезінде Бұл процесс қанша дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзиттік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі үйреншікті мәдени ортаны тастап, қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар онша икемделе алмай, маргиналдардың санын көбейтті. Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша, маргиналдардың алдында екі жол тұр:
Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас джунглилердегі адасып жүргеңдердің санын көбейтпеуге ұмтылуы қажет. Бұл жерде мәдени адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы зор. Өйткені басқа мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан басқа мәдениеттермен қарым-қатынасқа түсу тетіктерінен айырылып қалады. Мәдени адаптацияны аккультурациялық процестермен теңестіру дұрыс емес. Резервациялар мен фильтрациялық ұжымдарда, күшпен орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани, азғыңдау өріс жаяды.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен еңгізу (аккультурация) бағдарламасының орнына «мәдениеттер сұхбаты» идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жайт: мәдениеттанушылар «жоғары және төменгі» деген бөлуден мәдениеттердің тең қалыпты принципін қолдауға көшті.
Еуразиялық мәдени тип
Бұл типті негіздеуден бұрын, қазіргі кезде өтімді бір теория С. Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы» ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әртүрлі суперөркениеттердің шекаралық аймағы тұрақсыздық пен жанжалдардың (конфликтердің) ықтимал ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеңістігі бойынша конфуцийлік және православиелік өркениеттердің ортасында орналасқан.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Рахметов Қ.Ж., Болатова
А.Н., Исмағамбетова З.Н. – «
2. Шынтемірова Б.Ғ., Шайхиев
Т.Т., - «Әлеуметтану» (оқу-
3. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов – «Әлеуметтану» Алматы, 2003.
4. Икенов, Жүсіпова – «Әлеуметтану негіздері» - Алматы, 2004.