Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 15:13, лекция
Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың айтуы бойынша қоғамды танып-білу үшін ең алдымен отбасыға көңіл бөлу керек дейді. Отбасы О.Конттың пікірінше қоғамды құрушы негізгі элемент болып табылады және ол әлеуметтік өмірдің мектебі. Отбасы социологиясы жанұяны әлеуметтік институт ретінде қарайтын социологиялық бағыт болып табылады. Отбасы секілді әлеуметтік институтты тарихи дамудың қозғаушы күшіне жатқызуға болады.
1. Отбасы және неке ұғымдары.
2. Отбасының негізгі типтері.
3. Отбасының атқаратын функциялары мен құрылымы..
Лекция №9
Т
ақырыбы: Отбасы әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Отбасы және неке ұғымдары.
2. Отбасының негізгі типтері.
3. Отбасының атқаратын функциялары мен
құрылымы..
1. Социология ғылымының негізін салушы
О.Конттың айтуы бойынша қоғамды танып-білу
үшін ең алдымен отбасыға көңіл бөлу керек
дейді. Отбасы О.Конттың пікірінше қоғамды
құрушы негізгі элемент болып табылады
және ол әлеуметтік өмірдің мектебі. Отбасы
социологиясы жанұяны әлеуметтік институт
ретінде қарайтын социологиялық бағыт
болып табылады. Отбасы секілді әлеуметтік
институтты тарихи дамудың қозғаушы күшіне
жатқызуға болады.
Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің
алуан түрлі формалары біртұтас болып
ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс
болып табылады. Сондықтан да отбасына
әлеуметтік тұрғыдан ғылми зерттеу жүргізу
оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы
, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан
оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп.
Ол ғылымдардың әрқайсысы отбасына өз
анықтамасын беруге тырысады. Социология
ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз-тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік топ-оның
жалпы белгілері –бөтен адаммен жыныстық
байланыс орнату, туысқандық қатынамстар
жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке
дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып
дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті
іске асыру.
Қысқасы отбасы еркек пен әйелдің табиғи
жыныстық және басқа қажеттерін өтеп,
ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре
дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы
бойынша , ол отбасындағы қатынастар, оның
құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын
әлеуметтік топ балып табылады.
Неке дегеніміз-отбасының заң жүзіндегі
негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу
еріктілігі негізінде құралатын одағы,
адамның әлеуметтік табиғи , сонымен қатар
адамгершілік-эстетикалық қатынас.
Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді,
бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына
бағынуы тиіс. Қазақстан Республикасының
Ата заңында : “Заңда белгіленген жасқа
толған еркектер мен әйелдердің некелесіп,
отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың
ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне
негізделеді”-деп көрсетілген.
Некеге тұру біздің елімізде (ЗАГС) тіркеуден
өтеді. Ертеректе неке суын ішу мешіт арқылы
да іске асырылған. Қазір әлемнің көптеген
елдерінде шіркеуде тіркеледі. ЗАГС арқылы
жүргізу қазіргі азаматтық заңдардан
туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда
негізгі құжат сол болады, балаға материалдық
кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу де
сот арқылы шешіледі.
Некеге тұру жасы біздің Конституциямызда
18 деп көрсетілген, Украина мен Өзбекстанда
17 жас.
Қалай болғанда да некенің заң жүзінде
немесе дін ұйымдары арқылы тіркелуі жұбайлардың
міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін
арттырады.
Некелік құқықты енгізу, жұбайлар арасындағы
бұл қатынастардың пайда болуы-тарихи
заңдылық қана емес, ол тарихи прогрессивтік
уақиға, адамгершілік, эстетикалық қатынасты
байытатын тарихи құбылыс.
Некеге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін
арттыратынын жоғарыда айттық. Соған байланысты
өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық
негізі-экономика, өндіріс, ал өндіріс
адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін
ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек.
Демек, некелесіп отбасын құру адамзат
ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып
табылады.
Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес
отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи
өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи
дамуының ғылыми-материалистік теориясын
жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым
Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін
пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік
Американдық үндістер-ирокездердің Сенека
тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын,
атап айтқанда, олардың туысқандық және
отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің
нәтижесін пайдаланды.
Морганның зерттеулерінде негізделген
жорамалдар бойынша , адамзат қоғамы тарихының
бастапқа кезегінде адамдар арасындағы
жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер
мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса
берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен
болған. Морганның және басқалардың зерттеушілердің
дәлелдеуіне қарағанда , отбасылық қатынас
промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен
кейін бір қандастар отбасы –синдиасмикалық
отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен
өткен.
Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді.,
ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір
ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат
етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы
, яғни аға-інілілер мен апа-сіңілілілер
туысқандығына қарамастан бір отбасы
құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын
туыстар арасындағы жыныстық қосылу) топ
болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға
жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай
отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды
екі адамның балаларының үйлену фактілері
кездеседі.(өзбектер,араптар т.б)
Бұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцп
экзогамдық принциппен, яғни ру аралық
некелесу формасымен ауысады. Бұл формада
бір рудың қыздары басқа рудың бір топ
туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл
бір әйел мен бір еркектің тұратын отбасыға
көшудің алғашқы қадамы болып табылады.
Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық
отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық
отбасы болды-ол жабайылықтан варварлыққа
өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия
(көпнекелік қатынас) тек еркектердің
ғана правосына тиді. Отбасының бұл формасында
баланың шын биологиялық әкесі белгілі
болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның
ыдырап, жеке меншіктің , қосымша өнімнің
шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір
некелік отбасы) тууына жағдай жасайды.
Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға
негізделгендіктен отбасының басшысы
еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің
ғана еркімен болатын болды.
Қазіргі заманғы
отбасының негізгі типтері.
Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ.
Отбасылық қатынастардың формалары түрліше
болуының себебі белгілі бір қоғамның
даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық
қатынастардың сипатымен анықталады.
Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар:
тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс
топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы.
Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы)
өткен замандарда үндіевропалық халықтардың
бәрінде болған, ал кейбір халықтарда
қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа
жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан
аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының
басшысы біреу-ол отбасының атасы болып
табылады.
Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды
немесе патриархальды отбасы
болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі.
Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай
отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда
тұратын тода деген халықта кездеседі.
Моногамды патриархальды отбасында оның
басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып
саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына
байланысты болған отбасылық қатынас.
Жеке отбасы –бүгінгі
таңда дүниеде ең кең тараған отбасының
түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ
қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген
топ.
3. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі
арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда,
отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей
байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы
ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның
негізгі элементтерінің бірі бола отырып,
көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Отбасының бірінші
міндеті –ұрпақ жалғастыру қызметі.
Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін
де, жеке адам үшін де маңызды қызметі
болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы
болу тілегі , қоғамның қай кезеңінде болмасын,
оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға
сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай.
Мысалы патриархальды отбасы –шаруашылық
экономикалық қажеттіліктен туған. Қоғам
әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа
ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің
экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын
жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен
көп не аз баласы болуына итермелейді.
Мыс, Қытай отбасында бір бала ғана болу
саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның
зиянды жағы-отбасында бір баланың болуы
ұрпақ жалғасуына, халқтың өсуіне кері
әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу
азаяды да, елдің еңбек ресурстарының
негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар
азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан
асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан
артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің
жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға
мәжбүр етті.
Отбасының екінші маңызды қызметі-
материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық
мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі
уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі
халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп
кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің
экономикалық тәуелділігі артты., әсірісе
көп балалы отбасында.
Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық
қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқаруы
қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын
жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып
тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын
жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне
жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер
ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан
шаруашылық-тұрмыстық қызметті бірігіп
атқару өмір талабына айналды.
Отбасының қызметтерінің бірі-тәрбиелеушілік
қызметі; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді
деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның
негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана
емес, сонымен бірге оған әлеуметтік –мәдени
ортаның құндылығын қабылдаттыру , үлкен
ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу,
бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін
қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы
азамат етіп өсіру әке-шешенің маңызды
міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей
байланысты оның тағы бір қызметі бар.
Оны дамытушы міндет деп атауға болады.
Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін
неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда
ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті
мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен
бастап олардың қабілетін байқап, оған
сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет.
Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының
бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін
айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа
қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің
көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан
сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін
үшінші орын алады.
Отбасының қүұрамы деп олардың мүшелерінің
өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан
басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік,
бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден
жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары
мен жұбайлары және әйелдің не болмаса
ерінің бірге тұратын туыстары , немере-шөберелерден
тұрады.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес
отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық;
2. Традициялық немесе авторитарлық.
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы
болады: 1. Көп балалы; 2. Орташа (екі балалы)
3. Бірбалалы; 4. Баласыз отбасылар.
Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты
да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты
сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу
әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы
болады. Материалдық жағдайына қарай,
табысына қарай да отбасы жоғары, орта,төмен
болып бөлінеді.
Лекция №10
Т
ақырыбы: Дін әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде.
2. Дін социологиясының зерттеу объектісі
мен пәні, діннің мәні..
3. Дін социологиясының атқаратын қызметтері.
1. Дін дегеніміз не ? Ол қашан, неге пайда
болды? Дін деген сөздің өзі латынның”
байланыстыру”, “қосу” деген етістігінен
алынған. Яғни дін адамды бір сенімге біріктіреді.
Дін ілімі және оған жақын объективті
идеалистік пайымдаулар діни феноменді
мәңгілікпен, құдайдың өзі берген мәңгілік
нәрсе деген тезистер негізінде түсіндірді.
Екеуі де дінді дүниедегі тылсым күштен
шығарды. Оны теология “құдай” деп атаса,
ал идеалистік философия “абсолюттік
ой” деп атады.
Дін ілімінің объективті-идеалистік концепциясымен
қатар діннің субъективті –идеалистік
концепциясы бар. Бұл концепцияның авторы
америкалық У.Джеймс (1842-1910) дінді адамдардың
субъективті ішкі күйзелісінен кенеттен
туындайтын жеке сананың қалыптасуы ретінде
қарастырды.
Діннің әлеуметтік негізі –дінді туғызып,
үнемі оған дем беріп отыратын өмірдің
объективтік жағдайлары. Бұл жағдайдың
бірі адамның табиғатқа, ал екіншілері
адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты
болады. Адамдардың табиғатқа қатынасы
олардыағы еңбек құрал-жабдықтары негізінде
жанама түрде қалыптасады. Бұлар неғұрлым
нашар дамыса, табиғат алдында дәрменсіз
келеді. Сөйтіп табиғат күштері оларға
көбірек үстемдік етеді. Ф.Энгельс алғашқы
қауымдық кезеңдегі діннің әлеуметтік
қайнар көзі ол кезеңнің “ экономикалық
негізі”.
Дін социологиясы –социология пәнінің
бір бөлігі болып табылады. Дін социологиясы
ХІХ ғ. ІІ жартысында Европада, дәлірек
айтқанда , Франция мен Германияда пайда
болды. Дін бұл елдердің қоғамдық өмірінде
сол кезде де үлкен орын ала бастады: діни
мекемелер мен діни ұйымдар және дін басшылары
өздерінің насихат жұмыстарын белсенді
түрде жүргізді. Дінге деген қоғамдық
ынтасы оянды. Сонымен бірге тарихи-әлеуметтік
ғылымдар саласында да ғылыми зерттеу
жұмыстары өсті. Дін социологиясын социология
ғылымының саласы ретінде қалыптастырған
ғалымдар қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер,
К.Маркс, Т.Парсонс болды. Э.Дюркгейм 1858-1917
ж.ж. аралығында өмір сүрген француз ғалымы,
көрнекті социолог. Оның басты шығармасы:”Діни
өмірдің алғашқы түрлері Австралиядағы
тотемдік жүйе” деп аталады. Ол еңбектегі
автордың негізгі пікірлері-дін өздігінен
пайда болады және ол адамдардың алғашқы
қауымдастықтарын топтастыру қажеттілігнен
туады.
М.Вебер 1864-1920 ж.ж. аралығында өмір сүрген
неміс ғалымы, талантты социолог. Оның
басты шығармасы: “Протестант және капитализм
рухы” деп аталады. Өзінің осы еңбегінде
ол діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары
мен іс-әрекетіне ой элементтерін, парасат
енгізу, осылайша олардың өмірлеріне биік
мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол діннің
шығу тектерін шаруашылық қажеттіліктеріне
байланысты қарады.
К.Маркс (1818-1883ж.ж.)-марксизм ілімінің негізін
қалаушы, аса көрнекті философ және публицист.
Оның дін социологиясы саласындағы шығармасының
ең бастысы –“Гегельдің құқық философиясына
сыны туралы” атты еңбегі. Онда К.Маркс
дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайына
байланысты пайда болды және ол жағдайлар
жөнделген кезде дін өзінен-өзі жойылады
деп қорытынды жасады.
Т.Парсонс (1902-1979ж.ж.) американ социологы,
профессор. Оның басты шығармасы: “ Социологияның
жалпы теориясының мәселелері” деп аталады.
Осындай социолог ғалымдар, философ-ойшылдардың
еңбектерінің негізінде діни социология
ғылымы дүниеге келді.
Дін деген қоғамдық сананың ертеде
пайда болған формасы. Қоғамдық сана
қоғамдық болмысты бейнелейтінін және
қоғамдық болмыстың түрліше жақтары
мен қырларын бейнелейтін қоғамдық
сананың формалары көп болады. Діни
сананың пайда болған уақыттарына келсек,
ол “адамгершілік сана” және “көркемдік
сана” түрлерінен кейін , бірақ “саяси”,
“құқықтық” санадан бұрын өмірге келді.
Діни сананың қоғамдық болмысты бейнелеу
тәсіліне келсек, онда ол айналадағы шындықпен
қатар одан да жоғары тұратын шындық-бір
тылсым күштер бар деп қияли бейнелеуінде.
Діннің мәні-қоғамның, болмыстың, адам
өмірінің, суреттеп айтқанда “төрт бұрышы
түгел болмауына” байланысты, өйткені
адам жас кезінде арман тілегі көп болады,
бірақ оны орындауға тәжірибесі жетпейді,
бірақ олардың орындалуы көңіл толтырмайды,
ал кәрілік кезінде өмір көрген түстей
болса керек. Ал енді адамдар өмірдегі
мұндай ірі-ірі белес сатыларды былай
қойсақ, онда олардың орындалуы көңіл
толтырмайды. Сонымен өмір болмысының
жетімсіздігі –адамдардың мүмкіндігінше
бақытты өмірге талпыну мақсаты, оларды
көмектесе алатын бір құдіретті күшті
іздеуге алып келеді. Халықтың санасында
ол құдіретті күш , ол абсолют, еңалдымен
ылғи да бар болуы керек, яғни ол мәңгілік
болуы керек. Өйткені ол қай заманның адамдары
болмасын , оны іздемесе де, ол өзі табылуы
керек: өткен адамдар болсын, қазіргі адамдар
болсын , болашақ адамдары болсын , бәрі
солай түсінуі керек. Ол абсолют екіншіден
бәрін естуші , бәрін көруші, білуші болу
керек. Өйткені кім қай жерде мінәжат жасап,
тілек айтса, оған ол жетуі керек. Ол абсолют
үшіншіден ұлы құдірет иесі болуы керек.
Адамзаттың барлық болмысын жетілдіре
алатын ондай абсолют бұл дүниелде болуы
мүмкін емес. Ол бұл дүниеден тысқары және
жоғары тұратын тек құдай ғана болуы мүмкін.
“Құдай” ұғымы барлық діндердің , соның
ішінде әлемдік діндер-Будда дінінің,
Христиан және Ислам діндерінің ең басты
ұғымы болып табылады. Сонымен , діннің
мәні бір құдіретті күшті , абсолютті табиғаттан
тысқары тұратын құдай деп түсініп, сол
құдайға құлшылық жасау болып табылады.
3. Діннің адам өміріндегі атқаратын қызметтері
сан алуан, көп қырлы, және көп қабатты
болып келеді. Діннің қызметтері негізінен
6 салаға, 6 бағытқа бөлінеді. Дін қызметінің
бірінші бағыты дүниеге көзқарастық
қызметі. Дүниеге көзқарас адамдардың,
олардың қауымдастықтарының құдай туралы,
дүние туралы жүйеге келтірілген білімдердің
жиынтығы. Дін-құдай дүниені де, адамдарды
да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет,
яғни абсолют күш деп түсіндіреді. Дүние
мен адам және олардың өмірлері тек сол
абсолюттен туындайды және сол абсолютке
тәуелді болады. Осылайша дін дүниенің
діни келбетін, діни бейнесін, діни суретін
жасайды. Сол бейне , сол сурет негізінде
адамдардың сыртқы дүниеге көзқарастары
қалыптасады.
Дін қызметінің екінші бағыты-бағалаушылық қызметі
болып табылады. Дін қызметінің осы саласы
адамның түсініктерін, ұғымдарын, ойларын
және мінез-құлықтарын құндылықтар жүйесіне
сәйкестендіріп, және қадағалап отырады.
Олардың түсініктерінің мазмұны мен мінез-құлықтарының
сипаттары осы құндылықтарға сай келсе,
онда олар “жақсы” деп бағаланып, алсай
келмесе, онда олар “жаман” деп бағаланады.
Дін қызметінің үшінші бағыты –реттеушілік қызметтері.
Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты,
адамдардың бір-бірінің қатынастарын,
адамдардың қауымдастықтарға қатынастарын,
адмдардың құдайға, мемлекетке қатынастарын,
яғни адамның туғаннан бастап, өлгенге
дейінгі барлық қарым-қатынастарын реттеп
отырады. Ол реттеудің негізіне діни қауымдастықтарың
құндылық туралы түсініктері жатады. Сол
діни түсініктер адамның барлық қатынастарын
реттеп отыратын ережелерден, нормалардан,
принциптерден тұрады. Сол ережелер мен
нормалар орындалса “дұрыс” болады деп,
ал орындалмаса “бұрыс” болады деп есептеп
отырады.
Дін қызметінің 4 бағыты -өнерпаздық қызметі.
Қандай дәуірде, қоғамда болмасын, адам
өмірінің төрт құбыласы түгел бола бермейді.
Адамдардың әрқайсысының өмірде міндетті
түрді шешілмеген мәселелері болады. Ол
мәселелер біреулерде кедейліктен құтылмау,
екіншісінде ғашығына қолы жетпеу, үшіншісінде
–ел билеушілік дәрежеге жете алмау ,
төртіншісінде ауру-сырқаудан қорлық
көруі, енді біреулерде не мәселені шешуді
қолға алса да, ылғи да сәтсіздікке ұшырауы.
т.с.с. Сол мәселелерді адам баласы болған
соң шешуге тырысады. Сол тырысушылық
табиғаттан тысқары тұратын тылсым күш-құдайдың
көмегімен шешуге ұмтылыс туғызады.
Дін қызметінің тағы бір бағыты –топтастыру қызметенен
тұрады. Дін, дін иелері діни нанымдағы
адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде
топтастырып, ұйымдастырып жатады. Ол
мақсаттар негізінен этностардың өзін-өзі
сақтау, басқа этностармен араласып жоқ
болып кетпеу сияқты қажеттіліктерінен
және сол үшін өздерінің жеке мемлекеттерін
құрып, оны қорғау сияқты қажеттіліктерінен
туындайды.
Лекция №11
Т
ақырыбы: Дін әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Діннің шығу себептері мен тарихи түбірлері.
2. Діннің құрылымы,діннің қоғамдағы орны
мен ролі.
1. Дін тарихи құбылыс. Адамзат тарихында
дін болмаған дәуірлер болған. Діннің
пайда болуы мен қалыптасуының өз себептері,
өз жолдар болған. Оның біріншісі-дін адамдардың
көңіл-күйіне байланысты шыққандығы. Адамдардың
көңіл –күйлері қатып-сеиіп қалған феномен
емес. Адамның көңіл күйлері кездескен
жағдайларға байланысты бірде қуанып,
бірде күйініп, бірде қапаланып, бірде
толқып тұрады. Адамдарға көңілді орнықты
қылып отыратын, оны бір қолда уыстап ұстайтын
табиғаттан тыс бір тылсым күштен , абсолюттен,
құдайдан табады. Сөйтіп адамдардың көңіл-күйлеріне
тірек іздеулері, медеу іздеулері, оны
абсолютті бір тылсым күштерден табулары-діннің
пайда болуының бірінші себебі,бірінші
жолы.
Діннің пайда болуының екінші жолы-адамдардың
қоршаған табиғаттың –күннің күркіреуі,
найзағай жарқылы, судың тасуы, жердің
сілкінуі, өрт, жұт сияқты дүлей күштерінің
алдындағы дәрменсіздігі болып табылады.
Діннің пайда болуы мен кең тарауының
үшінші себебі-адамдардың бұрынғы тапсыз
қауымдастық өміріндегі қарапайым айырмашылықтардың
қарама-қарсы таптардан тұратын қоғамға
өтуіне байланысты мүліктік, әлеуметтк,
саяси салалары бар айырмашылықтарға
айналады. Үстем таптың өкілдері өздерінің
меншік иесі екендігін олардың істеріне
ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-руханилық
сипаттар тән екенін және басқару ісі
дарығанын табиғаттан тысқары тұратын
бір тылсым күштердің рақымшылығымен
түсіндіруге тырысады. Бұрынғы қауымдастықтар,яғниқарапайым
халықтар , қазіргі езілуші таптар өкілдері
ол тылсым күштер алдында дәрменсіздік
танытып, үстем тап өкілдері орнатқан
қоғамның бірлігін, тұтастығын қамтамасыз
ететін қоғамдық тәртіпті сақтауға мәжбүр
болады. Сол қоғамдық тәртіпті сақтаудың
күшті құралдарының бірі ретінде әлемдік
діндер шығады. Діннің пайда болуының
әлеуметтік-таптық белгілері осындай,
Діннің қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы,
қоғамның тұтастығын сақтаудағы күшін
ел басындағылар, мемлекет басқарушылар
жақсы түсінген. Сонымен, діннің пайда
болуы кездейсоқ емес, олар адамзат тарихының
дамуындағы заңды құбылыстар болып табылады.
Ол заңдылықтар қоғамның ілгерілеп, кемелдену
барысындағы үлкен-үлкен қажеттіліктерден
туып отырған.
Енді қоғамның әртүрлі салаларында пайда
болған , қалыптасқан қажеттіліктерді
қысқаша тұжырымдайық.
Бірінші реттегі
қажеттіліктер-адамның психологиялық
өміріндегі тұрақсыздықтарға тіректер
іздеу, сол тіректерді ақыр аяғында табиғаттан
тысқары тұратын абсолюттен табуында
болып табылады.
Екінші реттегі қажеттіліктер-адамдардың
танымға, білімге құштарлық талпыныстарында
ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін
аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік
иесі болып табылады деп қарап, олар туралы
жалған түсініктер жасаулары болып табылады.
Үшінші реттегі қажеттіліктер-таптық
қоғамдар орнауына байланысты ел билеуші
үстем тап өкілдерінің қоғамдық өмірдің
тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсатында
көктің әмірі осындай деп, діни түсініктерді
қолдап, олардың кең таралуы.
Сонымен діни социология ғылымы діннің
шығуы психологиялық, гнесеологиялық-танымдық,
және әлеуметтіктаптық себептерден болатындығын
көрсетеді.
2. Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі
болып табылады. Діннің жүйелік құрылымы
өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтерден
тұрады.
1. Діни санадан; 2.Діни мінәжаттан; 3. Діни
ұйымдардан.
Діни санадіннің негізгі элементтерінің
бірі. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі
формаларының бірі. Діни сана екі деңгейден
тұрады.
Бірінші деңгейі-діни идеология. Діни
идеология дегеніміз-белгілі бір тәртіпке,
жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы.
Діни идеология діни ғұламалардың , діни
қайраткерлердің жасаған идеясының жүйесі.
Екінші деңгейі-діни психология. Діни
психология дегеніміз. Белгілі бір дінге
байланысты адамдардың сезімдерінің,
көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының
жиынтығы.
Діни құрылымның келесі элементі “діни
мінәжат” болып табылады. Діни мінәжат
діндер өмірінде , дінді ұстанушылар өмірінде
, дінді ұстанушылар өмірінде және қоғам
өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат
дегеніміз-белгілі бір объектіге ықпал
етуге бағытталған адамдардың жалбарыну
сөздері мен практикалық дене қимылдарының
жиынтығы. Діни ғибадаттың түрлері көп
болады. Мысалы, әлем діндерінің бірі-ислам
дінінде намаз оқумен қатар, ораза тұту,
құрбандық шалу, дін ғұрыптарын ұстану,
діни салттарды орындау сияқты ғибадат
етудің көптеген түрлері бар.
Дін құрылымының үшінші негізгі элементі
діни ұйымдар. Діни ұйымдарға ең алдымен
шіркеулер, мешіттер, храмдар жатады. Сонымен
қатар діни оқу мекемелері, діни мүліктер,
діни қозғалыстар жатады. Шіркеулер, мешіттер
діндердің біршама дербестігі бар институттары,
мекемелері. Шіркеу мен мешіттер белгілі
бір дінді ұстанатын адамдардың мінажаттарын
ұйымдастыруға көмектеседі.
Секталар-монотеистік діндердің лауазым
иелерінің діни түсініктері және діни
саясаттармен келіспеушілік негізінде
пайда болған адамдардың діни бірлестіктері.
Ислам дінінде ертеде шыққан секталардың
бірі-“суфизм” деп аталған. “Суфи” деген
араб тілінде “ақ жүннен шекпен кигендер”
деген сөзінен шыққан. Суфистердің айтуы
бойынша бұл дүни өзінің өзгермелілігіне
және тұрақсыздығына байланысты шын дүние
емес, шын дүниенің елесі болып табылады.
Ал шын дүние дегеніміз-өзінің тұрақтылығы
және мәңгілігіне байланысты тек құдай
ғана болады.
Дінді қоғамнан бөліп қарастыруға болмайды,
ол қоғам өмірімен біте қайнасып жатқан
іргелі құбылыс болып табылады. Дін құрылымының
негізгі элементтерінің әрқайсысының
дерлік адам өмірінде және қоғам өмірінде
үлкен роль атқарады. Оның әрқайсысының
өзіндік болмысына сәйкес әрқайсысының
өзіндік болмысына сәйкес белгілі бағытта
қызмет атқаратыны сөзсіз. Мысалы, діни
сана адамдардың жан дүниесін баурап алғаннан
кейін, міндетті олардың қимыл іс-әрекеттеріне
әсер етіп, ол қимыл, іс-әрекетті сипаттап
отыратыны белгілі.
Діннің қоғамдағы ролін ғылыми тұрғыдан
түсіну үшін діннің шындықты бұрмалап,
қияли етіп көрсететінін есте ұстауымыз
керек. Дін қоғам өмірінде үнемі адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеп
отыруға ұмтылып келеді. Ислам дінін мысалға
алайық. Ол мұсылман өмірінің аса маңызды
кезеңдерін егжей-тегжейіне дейін ғана
емес, өлгенге дейінгі аралықтағы кейбір
қас-қағым сәттерін белгілеп береді. Мұсылман
салт кодексінде Аллаға сеніп қана қоймай,
оған құлшылық еткен және тіршілігінде
өз бетінше әрекет етуден бас тартқан
адам ғана ең иманды адам болып табылады.
Діннің әлеуметтік ролі, сол діннің нақты
тарихи жағдайларда орындайтын қызметтерінің
жиынтығы болып табылады.
Лекция№12
Тақырып: Құқық социологиясы.
Жоспар:
1.Құқық социологиясы ұғымы және ерте түркі
дәуіріндегі әлеуметтік құқықтық ойлар.
2.Әл-Фараби және оның шығармаларындағы
әлеуметтік – құқықтық ойлар.
3. XIX-XX ғ. Қазақстандағы әлеуметтік құқықтық
ойлар.
1. Құқық социологиясы жалпы социологияның
бір саласы, ал құқық нормалардан, ережелерден,
қағидалардан құралады. Құқықтың көмегімен
адамдардың іс-әрекеттері, мінез-құлықтарын,
жеке адамдармен мемлекеттің құқық қатынастарын
ретке келтірілді және қоғамдағы озғырлықпен
күрес, құқық және бостандық өлшемдері
іске асырылады. Құқық саяси қатынастардың
ортасы, бірақ социология адамдардың құқық
нормаларымен оның инстуттарын анықтайтын
сана мен (мінез)іс-әрекеттің ерекше бөлімін
зерттейді. Құқық ұғымының көптеген айырмалары
бар. Олардың кей біреулеріне тоқталатын
болсақ, Гегель мемлекеті- «жердегі құдай»дейді.
Сондықтан құқықтық іс-әрекеттер бағасы
мемлекеттің шүбәсіз беделінен басталады
дейді. Белгі орыс заңгері және социологы
Новгородцев құқық мемлекет пен жеке тұлғаның
үндестігінің жетістіктеріне негізделеді
дейді.
Социология құқық нормаларының орындалуын
қабылдануын, және бекітілуін емес, оларды
адамдардың меңгеруін, (түсінісуі)ұғынуын,
оларды қабылдау немесе қабылдамауын,
оларға қарсылық тудыруға ұмтылуын т.б.
қарастырады. Құқық социологиясының мақсаттарының
бірі-қоғамдық өмірмен құқық саласындағы
тығыз байланысты, құқықтық әлеуметтік
қызметтерінің мәнін, мағынасын, заң нормаларының
барлық деңгейлерде, жалпы алғанда әлеуметтік
топтардың және жеке адамдардың, қарым-қатынастарын,мінез-құлық
нормаларын зерттеу болып табылады. Социологияның
тұрғыдан адамдардың, мемлекеттік және
қоғамдық организмдердің қарым-қатынастарын,
тәртібін, іс-әрекеттерін реттеп отыратын
мемлекет тағайындалған, немесе бекітіп
рұқсат еткен жалпыға міндетті - әлеуметтік
нормалар жүйесі.
Ерте түркі мемлекетінде VI-VIII ғасырларда
тасқа қашалып жазылған. “Орхон-Енесей”
жазба ескерткіштерінің дүние-жүзілік
өркениет тарихында алатын орны ерекше.
Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің
ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да
асыл мұрасы болып табылады. “Күлтегін”,
«Білге қаған» және «Тоныкөк» шығармаларында
сол бір тарихи кезеңнің саяси тыныс, түркі
халықтары өміріндегі аласапыран оқығалар,
ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік,
намыс туралы түсінігі, наным – сенімі,
ұлыс аралық қарым-қатынастар, жеңістерімен
қателіктері баяндалды.
«Күлтегін» жазба ескерткіштерінде түркі
мемлекетін, орнықтырған алғашқы қағандар
ақылды да, күшті болып суреттеледі. Ақылды
қағандар басқарған елдің шенеуліктері
де, халқы да ақылды болып келеді, халықтың
әдет- ғұрыптар мен заңдар мүлтіксіз орындалады,
бұзық ниеттегі адамдар болмайды. Билеуші
нашар болса, бұрынғы әдет-ғұрыптық жоралғылар
сақталмаса, ауыз –біршілік болмаса мемлекеттің
шаңырағы шайқалады, қолдан билік кетеді,
халқы құл болады.
Сатқындық пен опаксыздықты, өзара жауласушылықты
Көк Тәңірісі де қолдамайды. Ерте түркі
өркениетінің саяси-әлеуметтік саладағы
құнды табыстарына олардың қоғамның жаңа
әлеуметтік саяси құрылымын қалыптастыруын
жатқызуға болады. Жоғары биліктегі қағанның
ең басты міндеті де «ел жұртының қамын
ойлау, халқын асырау, елді қорғау, күші
мен ісін мемлекет мүддесіне жұмсау» болған.
Елтеріс қаған мен Тоныкөктің басты мақсаты-
түркі халқының басын қайта біріктіріп,
оны қуатты да күшті елге айналдыру. Тәуелсіздік
бәрінен де қымбат. Халықтың ынтымағы
мен бүтіндігін ойлаған олар «бірн рет
қана тойынуды» мақсат еткендермен аяусыз
күрес жүргізеді.
Мемлекет билеушісі елдің даңқы мен атағы
үшін, халқы мұңсыз, бейбіт өмір сүруі
үшін қызмет етуі тиіс. Қағандық өкімет
пен билікті нығайту, халықтың қағанға
мойын ұсынып, сөзсіз бағынуы-олардың
тәуелсіздігі мен бейбіт тұрмысының, берекелі
тіршілігі мен игілікті ісінің шарты екендігін
ұмытпау үшін қағанның өсиеттері кейінгі
ұрпақтарға қалдырылды.
Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар,
тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына
қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет
процесі басталды. Ғұндардың өзі заттар
мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан
қарады. Мейлінше күшті күтім тілемейтін,
алыс жорықтарға төзімді асыл тұқымды
жылқыларды өсіргені дұрыс көрді. Тайпа
көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай
отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым
күштілігі, айлалы бағаланды.
Қазақтың ата-тегінің еңбек әрекетімен,
яғни мың шақырым, одан да ұзаққа созылған
көш жолдарының белгілі күн мен айға байланысты
басып өтілуін белгілеумен кеңестік ұғымының
дамуы басталды.
Ислам діні Қазақ жеріне ене бастаған
дәуірлерде түркі тайпалары рулық-патриархаттық
дәстүрді сақтай отырып, феодалдық қарым-қатынас
жолына көшіп әрі өзара тартыс пен қырқыстары
өрши түсіп, этногенездік тектер (қазақ,
қырғыз, қарақалпақ,башқұрт,ноғай,өзбек
т.б.)пайда болу процестері туындап жатты.
Ислам дінінің енуі осы дәуірде өмір сүрген
түркі тайпалары арасындағы феодалдық
қарым-қатынастың өркендеп өсуіне жол
ашты, тайпалар арнасындағы өзара достықты
күшейтіп, сенімдерін нығайтты.
2. Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн
Излағ ибн Тархан Әл-Фараби 870 жылы Сыр
бойындағы Арыс өзені сырға барып құятын
өңірдегі Фараб қаласында дүниеге келді.Туған
жері қазақтаң қаласы Отырарды арабтар
Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып
ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фараптан шыққан
Әбунасыр аталып кеткен. Бұл қаланың орны
қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан
облысының территориясында.
Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің
қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар
қаласы IX ғасырда тарихи қатырастармен
сауда жолдарының торабындағы аса ірі
мәдениет орталығы болған. Отырарға орта
ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын
біз тарихтан жақсы білеміз. Географиялық
көрініс түрліше бұл өмір суармалы егіншілікпен
айналысуға да қолайлы болған. Ғалымдардың
айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса
құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары,
қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары
жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап
отырған екен.
Қайырымды қаланың орнығуында Әл-Фараби
мұсылман құқығының принциптерін талап
етпейді, оны ақыл парасттың дамуы мен
қайырымдылықтаң нығаюымен байланыстырады.
Әл-Фараби саясат туралы ілімді мұсылман
құқығымен , догматикасымен салыстыру
арқылы олардың құдайлық бастауы туралы
ұқсастығын емес, бұл ілімдердің адам
іс-әрекетімен мінез-құлқындығын әртүрлі
жақтарға тигізетін әсерінің мәнін атап
көрсетеді. Әл-Фарабидің саясат туралы
айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта
Азия елдерінде әлеуметтік-құқықтық ілімнің
одан кейінгі дамуына өз ықпалына тигізе
алды. Оның әлеуметтік-құқықтық идеялары
орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының
еңбектерінде көрініс тапты.
Сонымен, Әл-Фарабидің әлеуметтік –құқықтық
көз қарастарынан бүгінгі қоғамның көріністеріне
пайдалы тиесілі үндестік табамыз. Оның
өз заманында айтқан құнды пікірлерінің
қазіргі егеменді Қазақстанымызға қаншалықты
маңызы барлығына көз жеткізіп отырамыз.
3. Қазақ әдет-ғұрып заң нормалары сағымға
айналған сан ғасырларды қамтып, бірте-бірте
жетіле, қалыптаса түсті. Қоғам ішіндегі
дау-жанжалдар, тәртіпсіздіктер мен әртүрлі
әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бірте-бірте
күллі қазақ тайпалары мойындайтын әдеттік
заң нормаларына айналып, реттеле берді.
Түбегейлі ережелерді қабылдауда халыцқ
кеңесі, шақырылған. Оған әрбір тайпалар
мен рудалардың өкілдері қатысқан. Бұл
әдет-ғұрып заң нормаларын “төрелік ”,
“ата-баба жолы”, “ереже”, “жөн-жосық”,
“заң”, “жарғы”, т.б. деп атаған. Сондай
ірі заңдардың бірі «Оғыз ханның заңдары
»яғни “Түркістан ақсақалдарыының шешімдері”.
Міне, осы «ақсақалдар ережесі » қазір
Түркиядағы Сүлеймания кітапхана қорында
сақтаулы тұр.
Бұл заң шешімнің негізгі мәні: тұрмыстық
жағдайға лайықтап көшіп қону жолдары,
бір-біріне қысылғанда көмек көсету, көсемін
сайлау, мұрагерлік заңы , туыс-туыстарына
үйленбеу, тәртіпсіздіктің алдын алу әрі
болдырмау , ұрлық-қарлықты тыю., т.б. Аталған
заңдарда «қанға-қан, жанға-жан»дәстүрі
қатаң сақталған. Ру таңбасы сол тайпаның
нышүаны ретінде жалауларына, мал ұрандарына
салынды, Әрбір ру-тайпалардың өзіне хас
ұрандары блоды. Осы тайпалардың нәсілдік
тегі, тілі, мінез-құлқы, басынан кешірген
уақиғалары бірдей болып, тайпалық айырмашылықтары
бірте-бірте жоғалып, ортақ халықтық қасиеттері
пайда болған.
Қазақ халқының өз алдына жеке халық болып
қалыптасуы ұзақ дәуірлерді басынан кешірнді.
Түркі тектес халықтар арасынан тайпалардың
өзара этникалық тұрғыдан бірігуі нәтижесінде
халық болып қалыптасқанында дау жоқ.
Әуелі алты алашқа бөлінген жұрт келе-келе
Үш жүзеге, сонан соң қазақ халқына айналды.
Тайпалық айырмашылықтар жойылып, халықтық
қасиеттер молая бастаған дәуірде ислам
діні және оның шариат заңдары енді. Қазақстанға
ислам діні күштеп енгізілмеген. Екі сенім
тез тіл табысты. Соның нәтижесінде ислам
мен қазақ сенімдері бірігіп, бірін-бірі
толықтырып, кемелдене түсті. Алайда қазақтардың
өзіне тән ерекшеліктері жоғалмады. Ислам
қазақ тайпаларына үш кезеңде енді.
Өз алдына тәуелсіз мемлекет болған қазақтардың
егемендігі ұзақ болмай, әртүрлі себеп-салдармен
Ресейге бодан болғаны баршаға мәлім.
Ресей Қазақстанды өз қол астына қаратқаннан
кейін қазақ халқының құқығына орыс заңдарын
енгізіп, Әкімшілік өзгерістер жасады.
Қазақ әдет –ғұрып заңдарына көз салсақ(
“Қасым ханың қасқа жолы ”, “Есім ханның
ескі жолы”, Тәуке ханның «Жеті жарғысы»,
т.б. ), оның бәрінде де жасаған қылмысына
сай қылмыскер жазасын тарту, ал қылмыс
неғұрлым ауыр болса, «қанға –қан, жанға
-жан» принциптерімен жазалау, ал онан
гөрі жеңілдеу болса, қанға-қан, жанға
–жан принципі орнына құн яғни мүліктік
компазиция талап ете алған. Құнды бүкіл
руластары болып төлеген. Басқа қылмыстары
үшін тоғыздардан тұратын айыптар салған.
Ең ауыр қылмыс болып кісі өлтіру, зінәқорлық,
біреудің отбасы бүлік салу, діннен безу,
ата-анасын ұру, өкіметке қарсы көтеріліс
жасау, т.б. табылады.
«Он бесінде отау иесі» болғандықтан қазақ
әдет-ғұрып заңы бойынша ерлер15 жасынан,әйелдер16
жасынан істеген қылмысына жауап берген.
Жазалау екі түрлі: басымен тартатын жаза,
малымен тартатын жаза болып екіге бөлінген.
Басымен тартатын жазаға: өлім жазасы,
масқаралау, сабау, т.б., ал малымен тартатын
жазаға: айып, құн, ат-тон айып, тоғыз айып
, т.б. жатады.
Лекция №13
Тақырып: Азаматтық
құқық және социология.
Жоспар:
Қазақстан мемлекті адам құқығы мен
бостандығын оның қай елдің азаматы
екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік
береді әрі қорғайды.
Адамқұқығы оның міндетімен байланысады.,
Сондықтан олардың жүзеге асырылуы нақтылы
жағдайларға қатысты; адамға берілген
құқық оның мүмкін болған мінез-құлық
түрі мен өлшемімен сипат алады. Адам бостандықтары
ешқандай жағдайларға байланысты болмайды,
ол оның еркінің нәтижесі. Адам құқықтығы
азаматтардың құқықтарымен тепе-тең емес.
Республика азаматтарының құқықтарымен
бостандықтары Қазақстан мемлекетті мойындайтынәрі
кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі
мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін
білдіреді. Адам құқықтары мен бостандықтары
және азамат құқықтарымен бостандықтары
өзара байланысты, бірақ бір –біріне дәл
келмейді. Біріншісі, бастауыш және жан-жақты
категория , ал екіншісі, қоғам мен мемлекеттің
даму деңгейін көрсетеді.
Алайда, кез келген жағдайларда құқықтармен
бостандықтар деген атау-Қазақстан Республикасы
Конституциясының басты категориясына
жатады., адамды қазақстандық қоғамның
ең қымбат қазынасы ретінде бекітуге бағытталған.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары
серпінді түрде кеңейе түсуіде . Өркениетті
мемлекеттердегі адам мен азаматтардың
қазіргі құқықтары мен бостандықтары
толықт көлемде Республика конститутциясында
бекітілген.
Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір мемлекеттің
өзіне тән құқық жүйесі бар. Қандай елде
болмасын, құқық жүйесі аясында азаматтық
құқықтың орны айрықша. Француз ғалымы
Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай
анықтама береді. «Нағыз құқық болып қала
береді, заңгерді қалыптастыру тек азаматтық
құқықты оқып үйрену арқылы ғана болуы
мүмкін»
Азаматтық-құқықтық жүйенің негізгі элементтері:
Осы элементтерден келіп азаматтық-құқықтық
жүйесінің роман-герман (континенталдық),
жалпы құқық (англосаксондық), социалистік
/5/, мұсылмандық және патриархалдық деп
аталатын түрлері шығады /6/. Ал енді осы
жүйелерге қысқаша сипаттамалар берелік.
Англо-саксондық құқық жүйесі . бұл
жүйе роман-герман жүйесі сияқты жария
және жеке құқық немесе азаматтық пен
сауда құқығыдеп бөлінбейді, онда тек
«жалпы құқық »және «әділдік құқығы »деген
жүйе бар. Жалпы құқық король сотымен құрылып,
бүкіл Англияға қолданатын құқық болып
табылады. «Әділдік құқығы » канцлер сотымен
құрылатын жалпы құқық нормаларына өзгертулер
мен толықтырулар енгізетін нормалардың
жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде ағылшын
құқығының жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде
ағылшын құқығының негізіне айналған.
Сондықтан да ағылшындар заңгерлерді
«жалпы құқықтың» зеңгерлері және «әділдік
құқығының » заңгерлері деп бөліп қарайды.
Құқықтың мұсылман жүйесі . мұсылман құқығы
шариатқа негізделген. “Шариат»-арабтың
“шариа”-“мақсатқа жетудің дұрыс жолы»
, «заңдарды жолдау , шығару » деген ұғымдарды
білдіреді. Осы түбірден келіп «ташриун
»-«заң шығару », «шариун»- “заң шығарушы
”, “мута-шариун”-«заң маманы »деген
сөздер шыққан. Ислам өзінің мән –мағынасы
бойынша дің заңы болып табылады. Мұсылман
құқығы (фикх деп аталады.)шариаттың құрамдас
бөлігі болып саналады . Мұсылман құқығы
құқықтың мынадай негіздерінен тұрады:
1. Құран – исламның қасиетті кітабы; 2.
сунна –мұхаммед пайғамбардың сөздерімен
уағыздары ; 3. қияс –аналогия; 4. иджма
–ірі құқықтанушылармен дін ілімінің
тоқтам пікірлелі; 5. фетв-жоғары діни білімпаздарының
заң туралы түйіндері; 6. адат-исламды насихаттайтын
арабтармен басқа халықтардың дәстүрі
мен әдет –ғұрыптары.
Құран –мұсылмандық құқықтың негізі.
Құран- араб тілінен аударғанда «кітап,
оқу» деген мағынаны білдіреді. Құран
сүрелерден, аяттардан тұрады. Мәселен,
азаматтық құқыққа жетпіс сүре арналған.
Құраннан кейін, әлгінде айтқанымыздай,
сунна, иджма, қияс, әдет-ғұрып заңдары,
ғибадат ету және адамдардың қарым-қатынасын
реттейтін нормалар бар.
2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
дегеніміз , азаматтың өз әрекеттерімен
азаматтық құқықтарға ие болуға және не
оен жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық
міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі
болып табылады.
азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың
құқық қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі оның
дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша
бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі
үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп
оған билік ету немесе өзіне міндеттеме
алуға тілек білдіруі қажет . Сондықтан
да азаматтық да азаматтық құқық пен міндеттілікті
алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада
болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілееттілігі
барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігне
болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі
бір уақыт арасында болмауы мумкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкесәрекет
қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни
18 жасқа толғаннан кейін толық клемінде
пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай
бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына
сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге
дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда,
18-жасқа толмаған азамат некеге тұрған
кезден бастап толық көлемінде әрекет
қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда
«Неке және отбасы туралы» Заң бойынша
некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат
етіледі . Егер дәлелді себептер болған
жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша
азаматтық хал актілерін тіркеу органдары
неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге
төмендетуі мүмкін.
Әдебиеттерде азаматардың әрекет қабілеттілігі
толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді.
Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне
байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала
толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса
да , өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа
ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға
қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе.
Саналы әрекет жасау қабілетті кісінің
өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан
әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана
болады.
Қазақ қоғамындағы құқықтық өмір арнасы
түптеп келгенде ауызша сөйлеу мәдениетіне
негізделген.Сөз өнері құқықтық жүйенің
негігі рухани тіректерінің бірі, мәйегі,
әрі құралы. Құқықтық болмыс сөз өнерінің
шуағы мен қуаты аумағында болып, соның
нұрынан суарылып, толып –толысып отырады.
Қазақ даласында сөз өнерінің орыны ерекше.
Сөз өнері –халықтың рухани өмірінің
символы іспеттес.
Тіл, сөз еркіндігі қоғамдағы басты құндылықтың
бірі болып саналады. Сондықтан әдет-ғұрып
құқында «үлгілі сөз», “ескіден қалған
сөз”, «аталы сөз»деген ұғымдар ерекше
орын алады.
Сонымен. Құқықтық қағида , норманы орындау,
іске асыру ел арасында «сөзде тұру», «сөзге
берік болу», «уәдеден таймау»түсініктерімен
шекараласып, шектесіп жатады.
Сөздің әсер ету пәрменділігі, қызмет
жасау қуаты, оның адам ойымен ісіне , жүріс-тұрысына
, тәртібіне ықпал етуі ерекше . Сондықтан
адамдардың қабілеттілігінің дұрыс жолда
болуына әдет –ғұрып қағидаларының әсері
мол. Тіпті сот процесінде орынды қолданылатын
мақал-мәтел, айшықты афоризмдер, канатты
сөздердің тәрбиелік мәні зор.