Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 15:13, лекция
Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың айтуы бойынша қоғамды танып-білу үшін ең алдымен отбасыға көңіл бөлу керек дейді. Отбасы О.Конттың пікірінше қоғамды құрушы негізгі элемент болып табылады және ол әлеуметтік өмірдің мектебі. Отбасы социологиясы жанұяны әлеуметтік институт ретінде қарайтын социологиялық бағыт болып табылады. Отбасы секілді әлеуметтік институтты тарихи дамудың қозғаушы күшіне жатқызуға болады.
1. Отбасы және неке ұғымдары.
2. Отбасының негізгі типтері.
3. Отбасының атқаратын функциялары мен құрылымы..
АК-тің 143-бабында «теріске шығару»
ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар
–намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік
беделге кір келтіретін мағлұматтар деп
қана жанама түрде айтылған.
Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе
заңды тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына
берілетін қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет
дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы,
өзінің жеке салаларын сезінуі, қабілет
–қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы
орны мен борышының маңызын іштей түсінуі,
өзін-өзі бағалау тұлғаның моральдық және
басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік
маңызды түйіндерге негізделеді.
Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік
(өндірістік , мамандық) қабілетіжөнінде
қалыптасқан қоғамдық пікір.
Азаматтық кодекістің 143-бабына сәйкес
сот арқылы мынадай мағлұматтар , атап
айтқанда;1. ар-намыс пен қадір-қасиетке
кір келтіретін; 2. жауапкер арқылы таратылған;
3. шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар
теріске шығарылады. Аталған талаптардың
жиынтығы ар-намысты, қадір –қасиетті
және іскерлікке қатысты құқық қатынастарын
қорғаудың жалпы негізін құрайды.
Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми
пікірге сүйенсек, баспасөзде, радио және
теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында
және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
кір келтіретін мағлұматтардың жарияланатындығын
көреміз. Сондай-ақ қызмет мінез-демесінде
, жария түрде сөйлеген сөздерде, лауазымды
тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерге
немесе бір немесе бірнеше тұлғаның атына
бағытталған ауызекі әңгімелерде ондай
кір келтірушілік кездесетіні белгілі
болып отыр.
Заңда әлгіндей мағлуматтардың таратудың
нысандарына қатысты арнайы талаптар
қаралмаған. Дейтұрғанмен , ондай кір келтіретін
фактілердің кез-келген сипатта көрінуі
оны теріске шығаруға жеткілікті негіз
болады.
Кір келтіретін мағлұмат деп азаматтың
қолданылып жүрген заң мен моральдық принциптерді
бұзуы туралы (әділетсіздікке бару, ұжымда,
тұрмыста теріс қылықтар жасау , өндірістік
шаруашылық және қоғамдық қызметтерді,
беделді қаралау және т.б. туралы) олардың
абыройы мен ар- намысы на негізсіз нұқсан
келтіруді айтады.
Демек , азамат немесе ұйым туралы кез-келген
кір келтіретін мағлұматты шындыққа жанаспайды
дей алмаймыз. Ал құқықтық немесе моралдьдық
жағдайды бабына бармай теріс бағалаған
хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді.
Егер мағлұмат ар-намысқа , қадір-қасиетке
тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие болады,
яғни , оны АК-тің 143-бабына сәйкес теріске
шығаруға негіз болмайды.
Азаматтың ар-намысына , қадір-қасиетіне
және іскерлік беделіне кір келтіретін
мағлұматтар қатарына баспа сөзде жарияланған
теріс мағлұматтар, радио және телидидар
арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы берілген хабарлар, қызмет мінездемесінде
және басқа мінездемесінде, жария сөз
сөйәлеулерде, түрлі ұйымдармен лауазымды
тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызекі
түрде айтылған хабарлар жатады.Ауызекі
нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше
тұлғаға қатысты болуы мүмкін.
АК-тің 143-ьаьында кір келтіретін мағлұматтардың
теріске шығарылуының арнайы тәртібі
бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат
құралдарында азаматқа және заңды тұлғаға
қатысты кір келтірушілік мағлұмат жарияланса
онда , олар өз кезегінде бұзылған құқығы
мен қзаңды мүддесін қорғау үшін сол аталған
бұқаралық ақпарат құралында дәлелді
жауабын тегін жариялауға құқылы.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан
құрал болсағ бұл құжаттар мағлұматтардың
шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиіңсті
адамға міндетті түрде хабарлана отырып
, мұндай құжат алмастыруға немесе кері
сұратылып алынуға тиіс . Өзге реттерде
теріс шығару тәртібін сот белгілейді.
Мағлұматтарды теріске шығару жөнінде
берілген талап арызда көрсетілген жауапкер
осы мағлұматты таратқан адам не тұлға
болып табылады. Егер мағлұматат теріске
шығару жөніндегі талап қою бұқаралық
ақпарат құралдарына қатысты болса, онда
тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясы
мен кінәлі автор жауапкер болады. Жарияланымдарда
және басқалай таратылған әлгіндей мағлұматтарға
байланысты автор көрсетілмесе онда іс
бойынша сол бұқаралық ақпарат құралы
жауапкер болады.
Қызмет мінездемелерінде, жол берілген
кір келтіру мағлұматтарына мінездеме
берген және оған ол қойған адам немесе
заңды тұлға жауапкер болып табылады.
Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты
олардың ар-намысына , қадір-қасиетіне
немесе іскерлік беделіне кір келтіретін
мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай
мағлұматтарды теріске шығарылумен бірге
олардың таратылуымен өздеріне келтірілген
залалдың немесе моральдық зиянның орнын
толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың
немесе заңды тұлғаның ар-намысына , қадір-қасиетіне
және іскерлік беделіне кір келтіретін
мағлұматтарды тартушыны аныұқтаумүмкін
болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар
тараған адам таратылған мағлұматтарды
шындыққа сай келмейді деп тануы туралы
сотқа шағымдануы құқылы.
Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса,
сот оған тәртіп бұзғаны үшін бюджеттің
кірісіне өндіріліп алынатын айыппұл
салуға құқылы. Айыппұл азаматтық іс жүргізу
заңдарына белгіленген тәртіп пен мөлшерде
салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны
сот шешімінде көзделген әрекетті орындау
міндетінен босатпайды.
Мысалы, бір бірлестіктің кәсіподақ комитетінің
балансында емдеу –сауықтыру ,спортық
және мәдени ағартушылық мекмелер: пионерлер
лагері , дем алу базасы, спорт кешені ,
мәдениет сарайы және т.б. болады. Кәсіподақтардың
біріккен жүйесінің таратылуына байланысты
бірлестікте әртүрлі кәсіподақ орталықтарына
бағынатын екі кәсіподақ ұйымы пайда болады.
Олардың әрқайсысы бұрынғы кәсіподақ
меншігі болып табылатын мүлікке ие болуға
ниеттенеді. Келісім комиссиясы ұйымдастырылады.
Бірақ өзара тиімді келісімге келе алмайды.
Әрине, осындай жағдайда құқық қорғау
ұйымдарының көмегі , яғни олардың әділ
шешімі қажет болады.
Немесе , тегін кооперативті «Жастар сәні
» дүкеніне әйелдер көйлегенінің бір тобын
жеткізеді де, шартта белгіленген мерзім
өткен соң тауарлар талабын ұсынады. Бірақ
дүкен көйлектердің сұранысы жоқ дегенге
сілтеме жасап алған тауарлардың төлемін
төлеп беруден бас тартады. Дүкен коперативке
шартты бұзып , көйлектерді қайтып алуды
ұсынады. Осындай дауды шешуде де азаматтық
құқықтың жалпы және ерекше бөлімдеріне
баса назар аудару қажеттілігі туады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының біртұтас
құқықитық жуйесі бірнеше салаға бөлінеді,
соның бірі, біз талдап отырған-азаматтық
құқық.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында
ар-намысты, қадір –қасиетті және іскерлік
беделді қорғауда азаматтық құқықтық
алатын орны ерекше. Азаматтық кодекстің
3-блабының 4-тармағында азаматтық қатынастар
ғұрыптарме,н , соның ішінде іскерлік айналым
ғұрыптармен реттелетін ережелермен белгіленетінін
атап өтуіміз керек.
Азаматтық кодекстің 272-бабында іскерлік
дағдылардың қолданылу мүмкіндігі көзделген.
Атап айтқанда , міндеттеме тиісті түрде,
міндеттеменің ережелері мен заңдардың
талаптарына сәйкес, ал мұндай ережелер
талаптар болмаған жағдайда іскерлік
айналым ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын
өзге де талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.
Сонда ғана азаматтық айналымға орныққан
мінез-құлық ережелері іскерлік дағдылар
деп түсініледі.
Лекция№14
Тақырып: Қылмыстық
құқық және социология.
Жоспар:
Қазақстан Республикасының қылмыстық
құқығы- ҚР құқықтық жүйесіне кіретін
өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен,
мемлекет, егер орындалмаса, өзінің жазалайтындығын
алға тарта отырып, бекіткен және санкцияланған,
белгілі бір әрекеттерді жасауға тиым
салатын ережелердің жиынтығын құрайды.
Қылмыстық құқықтың ретеу аясына мемлекеттік
және қоғамдық құрылыс меншік, жеке адам,
құқықтық тәртіп, қоршаған орта және т.б.
сияқты сан –саналы қоғамдық қатынастар,
соның ішінде, басқа құқық салаларымен
реттелетіндеріде кіреді.
Қылмыстық құқықты иіндескен құқық салаларынан
даралап алуға оның реттеу пәні, яғни қылмыс
жасауға және оған белгілі бір жазалар
қолдануға байланысты туатын қоғамдық
қатынастар негіз болады.
Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай
әрекеттер қылмыс болып табылатынын анықтап,
оларға жаза бекітеді.
Қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтың
жауаптылықпен жазадан босатудың талаптарымен
негіздерін, қылмыстық жазаны іске асыруда,
қылмысқа қарсы күреспен оныңғ алдын алуда
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің
қатысу нысандарын зерттейді.
Қылмыстық құқық пәннің үш түрлі бағытта
шоғырланғандығын байқауға болады: ретеуші,
қорғаушы, қылмыстың алдын алушы қоғамдық
қатынастар.
Бұрынғы қылмыстық кодекстерде қорғалатын
обьектілерде баяндау ретінің өзгеше
болғандығын, алдынғы кезекте мемлекеттік
қоғамдық, содан соң ғана жеке адамның
мүдделерін қорғау тұрғандығын айта кету
керек.
Қылмыстық құқықтың қорғау міндеті туралы
сөз қозғағанда екі тұрғыдан келген ләзім.
Алғашқысы, қылмыстық заңның жалпылама
ескертпесі (қылмыстың жалпылама алдын
алу міндеті), яғни азаматтарды қылмыс
жасаудан тайым салу арқылы сақтандыру.
Тек қана тыйым салатын нормалар емес,
сонымен қатар кейбір істерді жасауға
жол беретін әрекеттермен де жалпыламалы
ескертпе жасалады. Өйткені бұндай нормалардың
да қылмыстық алдын алуда өз үлесі бар.
Екіншісі, қылмыстың жеке дара алдын алу
міндеті . Ол бұған дейін қылмыс жасаған
адамдарға қылмыстық жаза медициналық
және тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу, шартты
соттау сияқты шараларды қолдану арқылы
жаңа қылмыс жасаудан сақтандырады.
Бұлар қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері.
Бұдан басқа да міндеттерді (мысалы, тәрбиелеу)
айтуға болады. Қылмыстық заңның бұл көрсетілген
міндеттері қылмыстық саясат арқылы жүзеге
асады, ал ол кең мағынасында қылмыспен
күресу жолындағы мемлеекеттің ұстанған
саясаты болып табылады.
Қылмыстық құқықтың принциптері . Қылмыстық
құқықтық принциптері – қылмыстық құқық
басшылыққа алатын оның инс туттары мен
нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын
анықтайтын бастаулар. Қылмыстық құқық
қандай жетекші идеяларды ұстанады. Олардың
бірқатарын санап шығуға болады, бірақ
соның ішінде төмендегі он принцип: қылмыстық
құқықтың басты-басты қағидалары:
2.Еркіндік дегеніміз- адамдардың өз
қалауымен және өз түсініктері бойынша
істеуіне болатын істерді атқаруға сыртқы
кедергілердің болмауы .
Біріншіден, адам белгілі бір әрекетті
істесем бе, әлде істемесем бе деп тұрса
және соны ойластыруға оның уақыты болмаса
, онда әрекет не сол әрекеттен бас тарту
ол адамның сол сәттегіт қабылдаған әрекеттің
салдарлары ол үшін жақсы бола ма немесе
болмай ма деген көзқарасымен қажетті
байланыста . Мысалы, кенеттен ашу кернегенде
әрекет кек алу ойынан , ал кенеттен туған
қорқыныштан туған әрекет дереу тығылу
туралы ойдан шығады. Сол сияқты , адам
ойластыруға уақыты бар болса да, ойластырмайды
. Одан басқа, менадамды шалағай істері
үшін жазалау әділшетсіз болар еді.и адамның
ешбір әрекеті жөнінде оны ойластырмай
істелген деуге болмайды. Ол қаншалықты
кенеттен болсада ондай әрекетті ойластыру
адамның бүкіл бұрынғы өмірінде оның мүмкіндігі
болды,ол оны ойластырған болуы тиіс деп
есептелінеді . Сол себепті кғенеттен
қысқан ашу үстінде кісі өлтірген адамды
әділдігімен өлім жазасына бұйырады, өйткені
соған дейін өмірінің бәрінде ол кісі
өлтіру жақсы ма , әлде жаман ба деп ойлануға
тиіс барлық уақытын ойластыру уақыты
деп есе,птеуге болады, яғни кісі өлтіру
оның толықойластырып , қалап алған ісі
деп қарау керек.
Екіншіден, адам бір әрекетті істеу керек
пе , әлде істемеу керек пе дегенді ойластырғанда,
ол ең алдымен оны істеу менің өзіме жақсы
ма әлде жаман ба –осыны ойлайды. Әрекет
туралы ойлану деген сол әрекеттің жақсы
да жаман да салдарынан , ендеше үміт пен
қорқыныштың, басқаша айтсақ сол әрекетті
істеуді тілеу , немесе тілемеуден алма
кезек ауысып отыруы.
Үшіншіден, қандай да болмасын ойластыруда
яғни қарама-қарсы тілектердің ауысу тізбегінде
, ең соңғы тілекті біз ырық деуіміз керек.
Сол ғана әрекет немесе әрекеттен бас
тартудың алғашқы тілек. Ойластыру барысындағы
болған әрекет етуге , не етпеуге, бастайтын
тілектерді бейімдеулік деу керек, бірақ
ырық емес,себебі болған істі бір ғана
ырық орындайды, ал орындалмаған тілектер
көп болуы мүмкін.
Төртіншіден, ойластырылып барып істелген
әрекет өз еркімен болған және соның арқасында
қалап алынған әрекет деп қаралуы керек.
Яғни өз еркімене болған әрекетпен қалап
алынған әрекет бір нәрсе деп ойлаймын.
Өз еркімен әрекет қылған адамды ерікті
адам деп әрі ол ойластыруын әлі аяқтаған
жоқ деп есептеу керек.
Бесіншіден , еркіндікті былай деп анықтауға
болады; еркіндік әрекет етуге ешбір кедергі
жоқ деген сөз, ондай кедергілер әрекет
етуші субьектінің өз табиғатында немесе
ішкі қасиеттерінде болмаса . Мысалы, былай
дейміз: су өзен арқасымен еркін ағады,
немесе ағу еркіндігі бар, себебі, ол бағытта
оған ешқандай кедергі жоқ, бірақ арнаға
көлденең ағуға оның еркіндігі жоқ, себебі
жағалар оған кедергі болады.
Алтыншыдан, ешнәрсенің бастауы өзінде
емес, барлық нәрсе басқа бір сыртқы тікелей
агенттің әрекетінен болады. Егер адамда
соған дейін болмаған бір әрекетке тілек
немесе ырық пайда болса, онда оның себебі
ырықтың өзі емес , басқа, оның қармағында
болмаған басқа нәрсе. Сонымен егер ырықтың
өз еркімен болатын істердің қажетті себебі
екендігі даусыз болса және егер жоғарыда
айтқандай ырықтың өзі басқа, онда барлық
өз еркімен болатын істер қажетті себептерге
негізделеді және амалсыз әректтер болады.
Жетіншіден , өзінің салдарын туғызу үшін
ешқандай қосымша нәрселерді керек қылмайтын
себептерді – жеткілікті себептер дейміз.
Ол тағы да қажетті себеп . Себебі , егер
жетукілікті себеп өз салдарын туғызуға
қосымша ықпалды қажет етсе , ол жеткіліксіз
себеп болады. Бірақ жеткілікті себеп
өз салдарын туғызбай қоймайтын болса,
онда ол қажетті де себеп болады, себебі
салдарын міндетті түрде туғызатын себеп
оның қажеттілігін де туғызады. Бұдан
шығатын қорытынды – туғызылған нәрсе
қажетті түрде туған , әйтпесе ол пайда
болмаған болар еді.
Обьективтік жағынан бұзақылық қоғамда
анық құрметтемеуін білдіретін , азаматтарға
қарсы күш қолданумен не оны қолданамын
деп қорқытумен , сол сияқты бөтеннің мүлкін
жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен
ерекшеленетін әдепсіз іс әрекет жасаумен
ұштасқан қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылық
әрекеттер арқылы сипатталады.
Қылмыстық кодекстің 257-бабында көрсетілген
қылмыс субьективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен істеледі . Адам өз әрекеттері
арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып
, қоғамды көпе-көрінеу құрметтемегендігін
біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Бұзақылықтағы қылмыстың ниетіне қоғамды
көпе-көрінеу сыйламаушылықтан туындаған
эгоистік көзқарасты бостандықты теріс
түсінушіліктен болған жағдайаттар жатады.
Бұзақылық ниетке –қоғамды көпе-көрінеу
құрметтемеушілікті білдіретін әртурлі
дөрекіліктер , өктемдіктер, қатыгездіктер,
тентектік пен арсыздық , ұятсыздық көріністері
жатады.
Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тәртіпті
өрескел бұза отырып, жәбірленушіге күш
көрсету , қорқыту, оның бойына қорқыныш
туғызу , мүлкін жою, булдіру болып табылады.
Отбасында пәтерде туған-туысқандарын,
таныстарын балағаттау, ұру, денесіне
жарақат түсіру және жеке бастың араздығынан
, жәбірленушінің теріс қылығынан болған
осыған ұқсас әрекеттер жеке адамға қарсы
қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көрсетілген
ҚК –тің баптарымен саралануы тиіс. Егер
мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел
бұзумен ұласса және қоғамды көпе-көрінеу
құрметтеушілікті білдірсе, онда кінәлінің
әректі бұзақылық ретінде сараланады.
Лекция №15
Т
ақырыбы: Қоғамдағы
үстемдік мәселесі.
Жоспары:
1. М.Вебердің үстемдік теориясы.
2. Дәстүрлі және харизматикалық үстемдік.
3. Рациональдық құқықтық немесе бюрократиялық
үстемдік.
1. Қоғамдағы үстемдік мәселесін ХХ ғ. басында
мұқият зерттеген неміс социологы М.Вебер
болып табылады. Үстемдік дегеніміз-жоғарыдағылардың
төмендегілерге билік жасауы болып табылады.
М.Вебердің ойынша қоғам және оның түрлі
бөлімдері бір-бірімен келісім бойынша
емес, өкіметтік қарым-қатынастар арқылы
, анығырақ айтқанда үстемдік құрылымдары
бойынша байланысады. М.Веберге дейінгі
социологтардың көпшілігі (марксистерді
қоспағанда) мысалы, мемлекетті адамзаттың
ең керемет туындысы ретінде ,ал мемлекет
ісіне адалдық, берілгендік басқа да әлеуметтік
институттарға , мәселен отбасы, ұлтқа
деген адалдық , берілушілікке қарағанда
маңыздырақ деп есептейді. Мемлекет заңды
деп танылған немесе заңдастырылған билікті
қолдану арқылы өкімет монополиясына
қол жеткізеді. Қандай да бір әлеуметтік
топ болмасын өз мүддесін қорғау үшін
күш қолдануға әзір. Мемлекеттің олардан
айырмашылығы сол, оның сол мемлекет ішіндегі
барлық адамға күш қолдануға қақысы бар.
Үстемдік дегеннің өзі басқаларды ерікті
тұрде бағынышты ететін билік. Басқаша
айтқанда басқарушы айналасына өз мүддесін
жүзеге асыруға көмектесетін адамдарды
жинайды. Үстемдіктің басқа өкімет түрлерінен
айырмашылығы –бағыныштылықтың ерікті
түрде болуында, қорқытып бағындыруды
үстемдікпен шатастыруға болмайды. Ол
үшін белгілі дәрежеде қолдау қажет.
М.Вебер үстемдікті үш түрге бөледі: 1.
Дәстүрлі 2. Харизматикалық; 3. Рационалдық-құқықтық
немесе бюрократиялық үстемдік.
Дәстүрлі үстемдік салт дәстүрді сақтауға
шақыруға негізделген. Үстемдіктің бұл
түрі қандық-туысқандық қоғамдарда жиі
кездеседі.
Харизматикалық үстемдік қоғам басшысының
жеке басындағы ерекше сипатына, ержүрек
тұлғаның тартымдылығына негізделген.
Рационалдық-құқықтық-немесе бюрократиялық
үстемдік заң беделін көтеруге, заңға
сәйкес ережелердің дұрыс сақталуына
негізделген.
Дәстүрлі басқару түрінің бір бөлігі-патримоналдық
басқару болып табылады. Басқарушылар
мен бағынушылар қарым қатынасы мұнда
тек салтқа және өзара келісімге сүйенеді.
Патримональдық көсем өз қарамағындағылар
еркіне барынша тәуелді. Қашан қолдаудан
айырылған кезде биліктен де айырылады.
Бұл жағдай, бағыныштылар көсем басқаруы
кезінде түскен дәулеттен жеткілікті
үлесін алғанша бола қоймайды. Билік бытыраңқылыққа
ұшырайды. Әкімшілік аппараттың пайда
болуы жекелеген басшылар билігінің азаюына
әкеледі. Патримональдық үстемдік қоғамдық
және жеке сфераларға бөлінбейді. Оның
басқару сферасына бағыныштылар өмірінің,
тіпті отбасындағы интимдік мәселесіне
дейінгі барлық сфералар кіреді. Сонымен
қатар патримоналдық басшылықта көп қырлы
әлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын
белгілі бір айқын тәртіп, ережелер болмайды.
Болған күннің өзінде жиі бұзылып отырады.
Қарым-қатынастар жүйесі жақсы көрушілік
пен жақтырмаушылық ұғымдарына қарай
құрылады.
Үстемдіктің келесі бір түрі харизматикалық
үстемдік. Харизматикалық көсем мансап
иерархиясына да, ақы төленетін шендерге
де емес, өзінің жеке басындағы үздік қасиеттерге
сүйенеді. Ол жолын қуушылардың алдында
үнемі өзінің үздік қасиеттерін дәлелдеп
отыруға тиіс. Дәлірек айтқанда харизматикалық
көсем дегеніміздің өзі үстемдіктің таза
түрі. Онда өз жолын қуушылар сенімінен
өзге билік көзі болмайды. Сенім таусылғанда
харизматикалық лидердің билік құруы
да аяқталады. Дәстүрлі үстемдік қоғамында
бағынбаушы өзін барынша дөрекі әдістермен
бағындыратынын біледі. Бюрократиялық
үстемдік кезінде бағынбаушыларға қарсы
заңды шаралар қолданылады. Харизматикалық
көсем беделі жолын қушылардың сеніміне
негізделген, ал ол сенімді халықтың жүрегіне
күштеп енгізу мүмкін емес. Харизматикалық
басшылық материалдық санкциялардың үнемі
қолданылып отыруына негізделмейтіндіктентұрақты
басшылық бола алмайды. Күнделікті мемлекеттік
істер көсемге шабыт келуін күтіп тұрмасы
анық. Берік басшылық ұлы адамға деген
сенімнен гөрі негіздірек нәрсеге сүйенсе
керек. Харизматикалық көсемнің басшылыққа
сәл немқұрайлы қараған күннің өзінде,
үстемдіктің бұл түрі жойылып кетеді.
М.Вебер рационалдық-құқықтық үстемдік,
атап айтқанда бюрократия қазіргі қоғамда
сөзсіз жетекші роль атқарады деп есептейді.
Үстемдіктің басқа түрлері бойынша билік
жеке адамдарға-патриарх, феодалдарға
, ал бюрократиялық билік ережелерге сүйенеді.
Бюрократия –адамдар емес, заңдар жүйесі.
М.Вебердің ойынша бюрократияның ерекше
белгісі-оның бейтараптығы. Бюрократ белгілі
бір адамдардың әлеуметтік жағдайындағы
айырмашылықтарға қатыссыз белгіленген
ережелер бойынша жұмыс істейді. Вебердің
жалпы тұжырымдауынша бюрократиябилік
негізі бола алмайды. Қазіргі мемлекет
шенеунігінің дәстүрлі немесе харизматикалық
басшыдан айырмашылығы, өзі неғұрлым жоғарырақ
саяси беделді адам-сайланушы өкіметтің
құлы болып табылады.
Вебердің ойынша басқарудың басқа түрлеріне
қарағанда мұның бірқатар артықшылықтары
бар. Оған бюрократиядағы жылдамдық, анықтық,
тиімділік, біржақтылық, қызметінің заңдылығын
жатқызуға болар еді. Мәселе бюрократтың
іс жүзінде билікті бүкіл жүйенің емес,
өзінің жеке мүддесі үшін пайдаланатындығында.
Бюрократияның билік құралын дұрыс қолдану
мәселесі Веберді қатты толғандырды. Ол
мемлекеттік бюрократияны сақтап қалудың
бірден-бір әдісі халықтың таңдаулы өкілдері
тарапынан бақылау деп есептеді. Бірақ
бюрократияның таңдаулы саясатшылардан
көптеген артықшылықтары бар. Ақпаратты
спецификалық түрде ұсыну нәтижесінде
бюрократия саяси шешімдер қабылдау процесіне
үлкен әсер ете алады.