Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстанның экологиялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 17:15, реферат

Описание работы

Оңтүстік-Қазақстан облысы (ОҚО) Қазақстанның оңтүстігінде, Тұран етегінің шығысы мен Тянь-Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан. Территорияның үлкен бөлігі – Қызылқұм (Оңтүстік-батыста, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы) және Мойынқұм (Солтүстігінде, Шу өзенінің сол жақ жағалауы) төмпешік-қатарлы құмдармен, төменгі қыратты тегістік (биіктігі 200-300 м.). Оңтүстік шетінде – жапан дала, Солтүстігінде - Бетпақ-Дала шөлі. Облыстың орталық бөлігінде Қаратау тау тармағы созылып жатыр (Бессаз қ. – 2176 м.), Оңтүстік-шығысында – Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау (биіктігі 2824 м. дейін) және Ұғам (биіктігі 4238 м. дейін) тау тізбегі.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Оңтүсік Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
ә) Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
б) Батыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
в) Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
г) Орталық Қазақсатан облысының экологиялық жағдайы
3. Қорытынды

Файлы: 1 файл

Копия он.сол.бат.шык.орталык.docx

— 62.18 Кб (Скачать файл)

                                                      

                                                        

                 

                                 Қазақстан-Ресей медициналық университеті

                          Қоғамдық денсаулық сақтау мен профилактикалық медецина курсы

 

 

        СОӨЖ

 

 

       Тақырыбы:  Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық

                                         Қазақстанның экологиялық мәселелері

 

Оқушындаған:  Абдумажит М.Ғ

Тексереген: Айтжанова Г.М

Группа: 102 б, стоматология

 

 

 

 

 

 

                   

      Алматы 2013

Жоспары

 

  1.  Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім

а) Оңтүсік Қазақстан облысының  экологиялық жағдайы

ә) Солтүстік Қазақстан  облысының экологиялық жағдайы

б) Батыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы

в) Шығыс Қазақстан облысының  экологиялық жағдайы

г) Орталық Қазақсатан облысының  экологиялық жағдайы

 

     3. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық

                        Қазақстанның экологиялық мәселелері

           Оңтүстік-Қазақстан облысы (ОҚО) Қазақстанның оңтүстігінде, Тұран етегінің шығысы мен Тянь-Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан. Территорияның үлкен бөлігі – Қызылқұм (Оңтүстік-батыста, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы) және Мойынқұм (Солтүстігінде, Шу өзенінің сол жақ жағалауы) төмпешік-қатарлы құмдармен, төменгі қыратты тегістік (биіктігі 200-300 м.). Оңтүстік шетінде – жапан дала, Солтүстігінде - Бетпақ-Дала шөлі. Облыстың орталық бөлігінде Қаратау тау тармағы созылып жатыр (Бессаз қ. – 2176 м.), Оңтүстік-шығысында – Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау (биіктігі 2824 м. дейін) және Ұғам (биіктігі 4238 м. дейін) тау тізбегі. 
        Ірі өзендері – Сырдария (Келес, Күріккелес, Арыс, Бөген және т.б құйылымдарымен) облыстың территориясының оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай ағып жатыр, Шу өзені (төменгі ағыс) солтүстікке қарай ағып Мойынқұм құмдарында жоғалады. Оңтүстік-Қазақстан облысы шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, батысында Қызыл Орда облысымен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шегараласқан. 
        Облыс орталығы – Шымкент қаласы, республиканың ежелгі қалаларының бірі, оның жасы 800 жылдан астам. Ең солтүстік және оңтүстік бөліктерінің арасы тікелей 600 км құрайды  
        Облыс ауданы 117,3 мың шаршы км немесе республика территориясының 4,3% құрайды. Облыс тұрғындары - 2331,5 мың адам немесе Республика тұрғындары санының 15,1% құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысы, өзінің ерекше бәсекелік артықшығын құрайтын, мол ресурстарға ие. Бұл еңбекке қабілетті тұрғындардың көп саны, ол қазіргі жағдаймен тұрғындардың жалпы санының 15,1% құрайды. Табиғи қазбалардың қорлары барит, көмір, темір және полиметаллдық рудалар, уран, форфор, бентониттік лай, вермикулит, тальк, әк, гранит, мрамор, гипс, кварцтық құмдардың бай кен орындарымен көрінеді. Облыста 156 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметтерін атқарады, олардың 13-і уран, алтын, мұнай, гипс және жер асты суларын өндіруде қызмет ететін, шет елдің қатысуындағы кәсіпорындар. Осыған қарамастан, тұрғындардың өмір сапасы, адамдық даму индексі, облыстың аймақтық жалпы өнімі, жол және коммуникация инфра құрылымдарының дамуы сияқты, бірқатар көрсеткіштер динамикасында абсолютті және салыстырмалы мәні бойынша, ОҚО инвестицияларын қаржыландыру көздерінде өзіндік қаражаттардың үлесі республика бойынша ең соңғы қатарды алады. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық алты қолайсыз аймақтарының бірі болып табылады, ал Шымкент қаласы автомобиль көліктерінің газдарымен ластанған үш қаланың бірі. Ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.  
Табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде жеткізген оң өзгерістерге қарамастан, бүгінгі күнге дейін тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның ластануының теріс әсерін айтарлықтай төмендету мүмкіндігі туған жоқ.

Облыс көлеміндегі көптеген экологиялық  проблемалар шешімін таппай отыр. Сондықтан, Оңтүстік Қазастан өңірі  экологиялық тараптан осал тұстары  бар. 2008 жылғы мәліметтер бойынша  атмосфералық ауаға тұрақты көздерден 40,4 мың тонна ластағыш заттар шығарылған. Автокөлік санының өсуіне байланысты жылдан жылға ауаның автокөлік шығарындыларымен ластану үлесі ұлғаюда. Бұл проблема Қазақстанның ірі қалалары үшін көкейтесті. Себебі автокөлік шығарындыларымен ауаны ластау үлесі 60 пайызға жетеді.  Қазіргі кезде өндірістік қалдықтардың қоршаған ортадағы жағдайы қанағаттанарлықсыз. Республика кәсіпорындарында 16 млрд.тоннаға дейін қалдықтар жинақталған, жыл сайын олардың көлемі 650 млн.тоннаға көбеюде. Оның 15 пайызы ғана өңделуде. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30 пайызға ғана жетеді. Облыс бойынша 2008 жылы 25,0 мың тонна улы қалдықтар түзілген. 
                                      Аймақтың экологиялық мәселелері 
        Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіп саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің артуына 2007 жылы негізгі үлесті өңдеуші кәсіпорындар қосқан, олардың үлес салмағы ластанудың жалпы көлемінде 76,9% құраған, электроэнергия, газ және су тарату кәсіпорындарында – 8,3%, өзге салалар – 14,8%. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемі 2006 жылмен салыстырмалы 1,4% артқан, құрылыста 40,2%, мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарында 6,8%. 
        Атмосфераны ірі ластаушылар Шымкент қаласына шоғырланған, онда ластаушы заттардың қозғалмалы және стационарлы көзідерінің үлкен саны қызмет етеді: автокөліктерден, олардың ластауы (жылына орта шамамен 98 мың тонна) қорғасын және формальдегид бойынша жол берілетін шекті концентрацияның артуына әкелді. Созақ ауданындағы Қызылкөл көлінің су мөлшері өткен ғасырдың 80-ші жылдарында 120-130 млн.мқұраған болса, қазіргі кезде 50-55 млн.мкөлемдегі суды құрайды, ал көл айнасы 25км2-тан 16 кмдейін кішірейген. Өкінішке орай, бұл көлдің экологиялық қауіпті жағдайда екенін көрсетіп отыр. Соңғы онжылдықтың ішінде Қызылкөл көлінің айдыны екі жарым еседен қысқарып, 30-40 км қашықтықта жел тұру салдарынан іргелес жатқан егіншілік пен жайылымдық жерлерді тұздандыруда. Өндірістің қарқынды дамуы, халық санының өсуі, тұрмыстық және өнідірістік тауарларды тұтынудың артуы салдарынан қалдықтарды жою проблемасы туындап отыр. Тұрмыстық қалдықтарды ең арзан жою әдісі бұл-қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жинақтау. Алайда, бұл полигондар жер асты суларының, топырақтың және атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылады. Шымкент қаласы үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі көкейтесті болып отыр. Өйткені қалдықтарды жинақтау, қайта өңдеу зауыты жоқ. Аудандар бойынша полигондар ашық алаң түрде ұйымдастырылған, ауа, топырақ және жер асты суларын ластауда, сонымен қатар, жинақталған қалдықтардан таралған жағымсыз иіс айналадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бұзып отыр. Осыған байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай келетін қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын полигондарды қалпына келтіру, құрылысын салу қажет. 
Сонымен қатар өңірдің экологиялық проблемасының бірі - Кентау қаласындағы Байылдыр техногенді минералды қалдықтар қоймасы. 2008-2009 жылдары «Южполиметалл»ӨК» АҚ-ның және «Шалқияцинк ЛТД» ЖШС-нің өндірістері тоқтауына байланысты, 106,7га бөлігіндегі қалдықтар бетін суландыру тоқтатылған. Желдің соғуынан аталған техногенді-минералды қалдықтар түйіршіктері Кентау қаласы аумағы мен іргелес аумағын ластап, тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде.  
          Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавлқаласы, 1752 жылы негізі қаланды.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев,Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирнов,Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмолаоблыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен,Омбы облыстарымен шекараласады.

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ал физика-географиялық қатынаста – Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шетін және қазақ кең даласының бір бөлігін алады. Жер бедерінде көп көл төмендеулерi, сахаралықойықтар, аласалау жалдар және жал шұңқырларымен алмасушы бөктерлер бар. Солтүстік-шығыста биіктік 115-120 м, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 200 м. Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Томск облыстары орналасқан кеңістікте жайғасады. Бірақ, көлдер мен өзендердің жоқ болуына байланысты ауа райының кенет құрылықтығымен сипатталып, табиғат жағдайы жағынан олардан әлдеқайда ерекшеленеді. Оның ортақ жазықтығы және шектi аумағы еркiн меридиан мен ендiк ауамен алмасуға мүмкiндiк туғызады.

Табиғи ресурстары .  Облыста алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. 286 шыққан жері барланған. Олардың ішінде 34-металлды, 2-металлды емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат пен 33- жер асты сулары, оның 6-уы минералды. Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды:қалайы бойынша -65%, цирконийға -36,6%, уранға -19%, титанға -5%, вольфрамға -1,1%. Минералды - шикізат базасының кең өсуі, әсіресе, оңтүстік-батыс облысында қаралған. Бұнда маңызды алтынның шыққан жері мен пайда болуы, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздардың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек металлдардың, бұрғыланғанкөмірлердің тізімі бар. Иеленуге дайын болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уранының шыққан жері саналады.Кеспелтек - титан - цирконий кендерi, Сырымбет - қалайы, алтынның шыққан жерi - Солтүстiк Батыстысы және Домбыралы – 2 шыққан жеріне өндірістік өңдеу жүргізіліп жатыр. Пайдалануда тек кейбір құрылыс тастары мен құмдарының шыққан жерлері бар. Теке өзені мен Жақсытұз көлінің шыққан жерінде қайнатылған тұзға зерттеу жүргізіліп, қазба шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұздың қорлары мемлекеттiк балансқа алынған. Есіл және Айыртау аудандарында алтын мен күмістің шыққан жеріне өндірістік баға беру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Экологиялық проблемалары

     Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданындағы негізгі атмосфераны ластаушы көздерге - табиғи қазба байлықтарды өндірумен шұғылданатын кәсіпорындар мен қаладағы жылу қуатымен қамтамасыз ететін орталықтар және автокөлік жатады. Қоршаған ортаға үлкен залал келтіретіндер өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстары. Үлкен көлемде жиналып қалған қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізіп кана коймай, адамдардың өмір сүруіне үлкен қауіп тудырады. Соңғы жылдары бұл кәсіпорындарда экологиялық нормаларды сақтау үшін коршаған ортаны корғауға арналған іс-шаралар жүргізілуде. Көптеген кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармайтын жаңа технологияларды қолданып өндіріс күшін арттыруда. Өндірістік қалдықтарды қайтадан қолдану экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді. Мысалы,Қостанай облысындағы тау-кен өндірісі салаларымен жылу қуаты кешендерінде өндірістік экологиялық бақылау жұмыс істейді. Осының нәтижесінде Қызыл Октябрь кенішіндегі қалдықтарды жою туралы іс-шара өткізіліп, қалдықтың мөлшері біршама азайтылды.


Астана


 Астана (574 мың адам) - республика астанасы - Қазақстанның географиялық орталығында орналасқан. Қала ірі көлік магистральдарының тоғыскан жерінде орналасқан.

  • 1950 жылдары қала еліміздің солтүстігіндегі тың және тынайған жерлерді игеру орталығы болды. Астана мәртебесін алғаннан кейін жылдам көркейіп, өсе бастады. Орталығы мен шет аймақтарында биік үйлер бой көтерді.

Көкшетау


Ақмола облысының  солтүстігінде облыс орталығы - Көкшетау қаласы орналасқан (142 мың адам). Қаланың халқы біртіндеп көбейіп, жұмысшылар саны өсті. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен құрал-жабдықтары тиелген эшелон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден әскери-корғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.

1960-1970 жылдары ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. Радиозауыт, Васильков кен-байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. Қалада орыс драма театры, әдебиет және өнер мұражайы жұмыс істейді.

Павлодар


Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан, онда Қазақстанның әсем қалаларының бірі - Павлодар орын тепкен (300 мың адам). Біздің ата-бабаларымыз қала үшін ең колайлы жерді - Ертіс өзенінің жағалауын таңдап ала білген. Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмір, мыс, алтын, күміс және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған болатын. Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами бастады.

Қостанай


Солтүстік Қазақстанның батысында Қостанай облысы орналасқан, облыс орталығы - Қостанай қаласы (208 мың адам). Бұл Солтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталығы. Қаланың 1897 жылы іргесі қаланды. Ол кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін. Жергілікті ауыл шаруашылық шикізатының негізінде ұсақ кәсіпорындар - тері илейтін зауыт, бу диірмендері жұмыс істеді. Өткен ғасырдын, ортасынан бастап, темір (Соколов-Сарыбай) және асбест (Жітіқара) кен орындарын игерудің нәтижесінде темір жолдар салынып қала жылдам дами бастайды. Соңғы жылдары тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыды, ет- консерві комбинаты, кондитер фабрикасы, мәуіті-шұға кәсіпорны, аяқ киім және тігін фабрикалары жұмыс істейді.

  Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Батыс Қазақстан  құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

Каспий теңізі


Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі – 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді.

Информация о работе Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстанның экологиялық мәселелері