Экологиялық проблемалары
Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен
орындарын кең көлемде игеру теңіздің
және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер етуде. Игеру нәтижесінде
мұнай қалдықтары топырақ қабатын, теңіз
суларын ластауда. Мұнаймен ластанған
аймақтың жалпы ауданы 200 мың га, қуаттылығы
100 мкР/сағ өлшемде болатынрадиоактивті заттармен ластанған жердің ауданы 600 гектардан
артық. Каспий теңізінің Маңғыстау облысы
жағалауындағы теңізі суының ластануы
белгіленген концентрациядан 8-13 есе артық.
Физикалық география курсынан сіздерге
таныс Каспий теңізінің деңгейі соңғы
кездері жоғары көтерілуде. Нәтижесінде
мұнай-газ кешендерінің біраз нысандары
су астында қалып, экологиялық жағдайын
одан бетер ушықтырып жіберді. Каспий
теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі
- бекіре тұқымдас
балықтарының мекенжайы. Қазіргі
таңда Каспийдін, биологиялық байлығын
сақтап калу дүниежүзі қауымдастығының
өзекті мәселесі болып отыр. Мұнайды өндіру
кезінде әр түрлі заң бұзушылықтар орын
алады. Ілеспе газ ашық ауада алау күйінде
жануда, қоршаған орта қалдық сулармен ластануда.
Алдағы уақытта теңіздің қазақстандық
бөлігіндегі көмір сутегін жан-жақты игеру
тек осы аймаққа емес, бүкіл мемлекетіміздің
экологиялық жағдайына кері әсер етуі
мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасы
бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті
аймақ болып саналады.
Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы
қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты
халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге,
яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен
қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың
даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік
өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта
экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.
Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері
2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен
шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда
116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді.
Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына
247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006
жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.
Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар
облысымыздың кәсіпорындарының өткізген
шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан
облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық
бағдарламасы болып табылады.
Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен
қаласында да байқалуда - айтарлықтай
ластаушы заттегілермен шығарындылар
қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар
саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына
қарсы көрсеткіш берген. Дегенмен де, өндірістік
кәсіпорындардың шығарындыларына ғана
облыстық орталық ықпал жасап отырған
жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің
жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда.
Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан,
яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың
ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын
айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық
ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың
көлеміне және ауа-райының жай-күйіне
тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда
атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы.
Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни
КМЖ деп аталады.
Орталық
Қазақстан - республикамыздағы
су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден
қашық жатуымен бірге ірі езендері де
жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың
бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың
көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец,алтын, күміс, мұнай жөне
т.б.пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық
Қазақстанның экономикалық-географиялық
жағдайынын. қолайлылығы орталықта орналасуында,
яғни барлық экономикалык аудандармен
шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына
жақын орналасқан, аумағы транзит жолының
үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған.Аудан
шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі
ауданның сыртқы байланысының дамуына,
ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын
өркендетуге қолайсыз әсер етеді.Климаты
шұғыл континенталды, қысы суық, боранды
желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін
жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм. Вегетациялық
кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындайагроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының
салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.
Табиғат ресурстары
Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың
қазынасы десек те болады. Бұл ауданда
пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен
қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің
мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан.
Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де
осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы
Атасу жөнө Жезді кен орындарында шоғырланған.
Сонымен бірге мұнда сирек металдар да
кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі
кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік
Қатпар,Қараоба және Оңтүстік
Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай
газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны
анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді.
Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың
қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары
көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы
қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне
жақын орналасуында.
Экологиялық проблемалары
Республика аймағында
бірнеше ірі экологиялық қолайсыз
аймақ болса, соның бірі - Қарағанды
облысы (орталық аудан). Экологиялық
тепе-тенсіздіктің негізгі көзі: ауаның,
судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп
қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей
полигонына жақын орналасуынан.
Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында
тиісті экологиялық талаптарды орындамай
пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап
кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да
қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын
тигізуде.[1]
- Қарағанды (453 мың адам). Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, бірак экономикалық өлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.
- Теміртау (170 мың адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.
- Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.
- Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет корғасын концентратын шығарады.
Қорытынды.
Қорытындылай
келе Қазақстан Республикасының
әрбір аймақтары яғни Оңтүстік,
Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық
аймақтарында экологиялық мәселелері
айтарлықтай баршылық және де
осы проблемаларды шешуде коптеген
жасалып жатқан іс-шараларда ұйымдастырылуда.
Қай жерде журсекте, қандай жерді
мекен етсекте жерімізді қорғап, тазалық
сақтап жүрейік ағайын!
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық Г. Зөбенова.
Алматы: Атамұра-
2009
- «Ғаламтор желісі»
- «Экономика» оқулығы