Тұлға әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 19:43, реферат

Описание работы

Тұлға күшін-молшылық, билік, даңқ және қызметтік жағдаймен салыстыруға болмайды.Мұндай күштілік уақытша қызмет жағдай, мәртебеге байланысты сағымда болумен тең. Қызмет жағдайы тоқтағанда мұндай тұлғалық күш жойылады. Сондықтан, мұндай тұлғалық күш көз баямалық сипатқа ие болады. Тұлға күші кедей, бай немесе білімді, білімсіз деп талғап барып келмейді және сонымен бірге ол кездейсоқта берілмейді. Ол адамның тырысуынан туындайтын ішкі қуат. Тұлға күші-адамның өзбетінше ойлануы, ниет шынайлығы мен тереңдігі, адамның өз өмірінде жинақтаған табиғи даналығы.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (5).docx

— 64.29 Кб (Скачать файл)

 Индивид үшін айналасындағылардың  пікірі маңызды, әрі мәнді,  соған еліктеуде индивидтің «Мен»  сезімі дамиды. Мұны «айналық «Мен» деп атайды.    

 Өзге адамдар – бала  үшін айна, олармен үнемі қарым-қатынаста  болумен оның өзіндік «Мені»  қалыптасады, яғни «айналық «Мен»  айналасындағы адамдармен индивидтің  өзара әрекеттестік нәтижесінде  қалыптасады.    

 «Айналық «Мен» баланың  өзіндік санасының маңызды элементі. Осының арқасында оның өзіндік  бағалауы, өзіне айналадағылардың  көзімен қарау білігі қалыптасады.    

 Өзін қоршаған адамдардан  өзін саналы белгілеуге үйретеді, мұнымен қоса, өзінің «Меніне»  мақтанышы, құрметтеуі немесе  керісінше кемсінуі жасалады.    

 Алғашқы топтардағы  әлеуметтік өзараәрекеттестіктің  уақыт өткен сайын кеңеюі субъективтік  «Мен» барынша тұрақталып, белгіленіп  қалады. Соған байланысты индивид  айналасындағылардың талаптарына байланысты өзін-өзі тексеру сезімі жасалынады және ол әлеуметтік топ нормасы мен құндылықтарын меңгерумен байланысты болады.    

 Ч.Кулли ұсынған тұжырымдаманың  жағымды жағы оның адамның  «Мен» қалыптасуын әлеуметтік  топтардағы өзараәрекеттестік нәтижесі  деп қарауында болды. Дегенмен, алғашқы топтардың мәнін индивидтің  әлеуметтенуінде маңызды рольін  абсолюттендіріп жібереді.  

   Дж.Мид (1863-1931жж) Ч.Кулли сияқты индивидтің әлеуметтенуі әлеуметтік өзараәрекеттестікке айырықша мән береді. Бірақ, оның айырмашылығы өзараәрекеттестік кезіндегі символдар мен ым-ишара рольді барынша ашуға талпынады.   

 Дж.Мид адам санасының  ерекшелігі симолдарды пайдалану  қабілеті мен оларға бара-барлықты  талдап беруде деп білді. Американ  ғалымының пікірінше, өзара түсіністік  пен өзараәрекеттестікті келісілгендік  балалық шақта өзгелер рольін  өзіне қабылдай алуының қалыптасуынан  деп түсіндіреді. Оның пікірінше,  бұл қабілеттерді қалыптастыруда  балалар ойынының маңызы зор.  Ұжымдық ойынға ену өзіне белгілі  бір рольді қабылдауды оятады, тәжірибе жинақтау барысы мен  ересектену барысында ол ойын  процесінде ойынға қатысушы адамдардың  бірнеше рольін өзіне алады.   

 Сонымен қоса, оның  ақыл-парасаты мен өзіндік санасы  дамиды. Бала әлеуметтік топтың  нормалары мен құндылықтарын,  талаптары мен өзіне деген  мақсатын барынша кең меңгереді.    

 Кемеліне келген «Мен»  белгілеріне «өзгенің талдап, қорытылған»  рольін өзіне қабылдаудағы индивид  қабілеті. Мид оны ұжымдық талап  пен мақсаттың сол индивидке  қатысты талдап, қорытылған образы  деп түсінді.   

 Индивид әлеуметтік  топтың мақсаты мен құндылығының  белсенді мүшесі ретінде онда  өзінің субъективті «Менін» саналы  меңгеруімен тұлға ретінде қалыптасады.  Сол кезеңнен бастап ұжымның  басқа мүшелерімен бірдей топтың  жалпы мәселелерін шешуге қатысып,  топтың жалпы жұмысы мен қызығушылығына  тұтастай бөлісе алады.   

 Француз ғалымы Г.Тарда пікірінше, әлеуметтенуге мыналарды ендіреді:

1)еліктеу;

2)ұқсастыру; 

3)басқару. 

 Дегенмен,бұл механизмдер  барынша бай және әр түрлі.  Тұлғаның әлеуметтенуі түрлі  қарым-қатынас түрлері (көпшілік, топтық, тұлғааралық, іскерлік, формальды  емес),көпшілік ақпараттық құралдар, мәдениет әсері арқылы жүзеге  асады.    

 Әлеуметтену мазмұны   әлеуметтік институттар, экономикалық ,қоамдық, соның ішінде отбасы, балалар мекемелері, мектептер ,формальды емес топтар, арнайы ұйымдар және т.б. сияқты негізгі параметрлерге де байланысты.    

 Әлеуметтену тиімділігі  оның адамгершілік, мәдени, экономикалық  жағдайына негізделеді. Әлеуметтік  институттардың тұлғаға әсер  күші авторитеттік-референттікке  байланысты. Дегенмен, басымдылық артықшылық  отбасына беріледі. Отбасының тұлға  әлеуметтенуіндегі рольі ерекше. Отбасынан тыс тәбиеленетін бала  бейімсіздіктен, эмоциональдық контактінің  бұзылуынан, топтық пара-парлықтан  шаршайды.   

 Әлеуметтену процесі  дене, анатомиялық-физиологиялық, сенсорлық,  эмоциональдық, танымдық және  тұлғаның әлеуметтік дамуы сияқты  белгілі бір циклдарға байланысты. Әлеуметтену кезеңін адамның  түрлі өмір сүру кезеңінде  болатын адам дамуы мен өзіне  тән әлеуметтік ситуацияларымен  түсіндіріледі. 

Әлеуметтену кезеңін анықтаудың түрлі тұрғылары бар. Әлеуметтік тұрғыда әлеуметтену үш сатыдаболады деп бөледі. Олар:

  • еңбекке дейінгі,
  • еңбектегі,
  • еңбектен кейінгі.

 

    Әлеуметтену кезеңінде  психоаналитикалық көзқарастарды  ескерген жөн. Олар: әлеуметтенуді  алғашқы, маргинальді, тұрақты,  статусын жоғалтумен байланысты  әлеуметтенулер.(зейнетке шыққаннан  кейінгі жағдай).     

Әлеуметтенудің  алғашқы кезеңі – баланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан, тұрады:    

1) оральдық (туғаннан 2 жасқа  дейін) бала әлемі тез  айналасына ғана шоғырланады;   

2) анальдық (2 жастан 3 жасқа  дейін) бала гигиена дағдыларына  үйретіледі. З.Фрейд пікірінше, бұл  кезең адамның барынша кейінгі  дамуын анықтайды;   

3)фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа  дейін). Алғаш рет қарсы жыныстық  топтағы ата-аналарға симпатиясы  пайда болады. З.Фрейд осы сезімге  байланысты дау-дамайды,  ұл балалардағыны эдиптік комплекс, қыздардағы  электрлік деп аталады. Бұл кезеңді жақсы өткізгендер өздерін ата-аналарына ұқсатады.  

 З.Фрейдтің пікірінше,  негізгі тұлғалық сипаттар осы  кезеңде қалыптасады.   Сондай-ақ, тұлғаның әлеуметтену процесіндегі бейсаналық рольін абсолюттендірмеу керек. Алғашқы әлеуметтену кезеңінде әлеуметтік рольдер мен ойындық іс-әрекеттерді тану мен меңгеру, күтуге жүйесіне байланысты туу мен беку, оны қанағаттандыру, оған ата-ана тарапынан болатын талап,онымен айналысу сипаттары шешуші мәнге ие.   

 Маргинальды(аралық  немесе псевдотұрақты) әлеуметтену – жеткіншектің әлеуметтенуі. Жеткіншек жаста жыныстық жетілу болатыны мен оның ересек адам болғанға дейін жалғасатыны белгілі. Бұл кезең тұлғаның өзіндік беку, топтық ұқсастықпен, балалықтан жеткіншектікке ауысужасымен байланысты.     

 Тұрақты әлеуметтену – белгілі бір жетістікке жету мен әлеуметтік және тұлғааралық рөлдер кең спектрін орындау үйлесімінде.     

 Статусын жоғалтуға  байланысты әеуметтену – адамның зейнетақы демалысымен байланысты және ол кезеңдегі жағдады ауыр сезінуі мен дезадаптациялануымен түсіндіріледі. Ең жақын адамдардың өмірден кетуі, өмірінің мәнін, организмінің қартаю процесінің кері айналмайтынын, жалғыздық пен қажетсіздікті сезіну ауыр күйзеліске әкеледі. Мұндай жағдайды немере, шөберелеріне сүйіспеншілікпен ауыстыруы оларға күш береді және әлі де қажеттілігін, өмірдің қайталануын сезінуге мүмкіндік береді.    

 Әлеуметтенуді әдеттегі  жеке процесс деп қарастырады. Әлеуметтенудің әдеттегілігі - әлеуметтік жағдайлармен және тап, нәсіл, этникалық, мәдени айырмашылықтармен байланысты.    

 Әлеуметтенудің  әдеттегі процесс болуы әдеттегі әлеуметтік немесе жас ерекшелік топөкілдеріне ұқсас өтілуі дегенді білдіреді. Жұмыс істемейтін және жұмысында елеулі жетістігі бар адамдардың әлеуметтенуінде айырмашылықтар бар. Қаңғыбас, биш, созылмалы ауру, мүгедек адам туралы да осыны айтуға болады. Эмиграттық өзге тіл, мәдениетіне адаптациялануы, аз ұлтты немесе ұлыстық өкілдері туралы да әлеуметтенуі жайында осыны айтуға болады.     

Әлеуметтену жеке процесс ретінде болуы сол тұлғаның өзіне тән ерекшеліктеріне орай туындайды (қабілеті, коммункабельдік, конформдық деңгейі, сыртқы келбеті, бара-бар жеке деңгейі),яғни өз қабілетін дамытуға талпынысы, өзінің өмірлік жолын бірегей деп жете түсінуі.   

 Адам әлеуметтенуін  осы процестің сыртқы және  ішкі белгілеріне қарай сырттай  демонстрациялауына болады.  

 Тұлғаның әлеуметтену  белгілеріне: әлеуметтік бірдейлік (топтық, жалпыадамзаттық), мақсат, стереотиптер, жалпы әлемдік құндылықтар мазмұнының қалыптасуы, өмір сүру образы, тұлғаның адаптациялануы, оның нормалы әдеттегі мінездері.    

Тұлғаның әлеуметтенуінің  ең негізгі белгілеріне: тәуелсіздігі, сенімділігі, дербестігі, белсенділігі, комплекссіздігі, азаттық деңгейі жатады.   

Тұлға әлеуметтенуінің  негізгі мақсатына: А.Маулоуша «қажеттілігін өзін жүзеге асыруын» қанағаттандыруы мен сол мақсатты дұрыс жүзеге асырудағы қабілеттің дамуы жатады. Олай болмаған жағдайда әлеуметтену процесі гуманистік мәнінен айырылып, психологиялық күштеу инструментіне айналады, мұндай жағдай тұлғаның өсуіне емес, өшуіне, «Меннің» жойылуына алып келеді.    

 Тұлғаның әлеуметтенуінің  әлеуметтік-психологиялық факторларын екі үлкен топқа бөлуге болады:  

1)Әлеуметтік - әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени аспектісінің бейнеленуі мен сол мәселенің тарихи, мәдени, этникалық ерекшелігінің қамтылуы. 

2)Жеке тұлғалық – тұлғаның өмірлік жолын белгілейтін кезеңі.   

 Отандық психология  объективті көрсеткіштерді индивидтің  әлеуметтік статусының өзгеруі,  жаңа әлеуметтік рольдерді меңгеруімен  бірге, субъективті, соның ішінде  ұқсастықты да ескереді.       

Ұқсастық (идентичность) – бұл басқа индивидтен бірегей дербес, жеке, жүзеге асуын сезінуі немесе басқа топтан топтық құндылықты пайдаланып, өзгешеленуі, бірегей топтың бөлшегі ретінде өзін сезінуі.  

 Өмірлік цикл -  бұл әлеуметтік «Мен» сапалы кезеңінің қалыптасуы ретінде қарастырылатын адамның биограсындағы маңызды негізгі кезеңдері: мектепке дейінгі кезең, мектепте оқуы, студенттік өмірі, үйленуі, отандық борышты атқаруы, мамандық таңдауы, еңбекке орналасуы, зейнетке шығуы.   

 Өмір сүрудің әрбір  кезеңі өзара толықтырып тұратын  екі процесс: деәлеуметтену(десоциализация) мен реәлеуметтену(ресоциализация) қоса жүреді.   

 Деәлеуметтену(десоциализация) – бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тәртібінен арылу процесі.  

 Реәлеуметтену(ресоциализация) – бұл жаңа құндылық, норма, рольдер мен ескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі.  

 Аәлеуметтену(асоциализация) – бұл қоғамға қарсы әлеуметтік норма, құндылыққа қарсы негативті роль, мақсат, мінез стереотиптерін меңгеруі, оны қоғамдық байланысында түрін өзгертіп, қоғамның тұрақтылығын бұзуда пайдалануымен түсіндіріледі.   

Әлеуметтенуден  қалушылық - әлеуметтенудің әр кезеңіне қоғам белгілеген мінез образы нормаларын өз кезінде меңгермей, тұлғаның кешігіп позитивті меңгеруі.      

 Сонымен,әлеуметтену дегеніміз – бұл индивидтің әлеуметтік құндылықтар жүйесін иеленуі (интернализациялануы) мен әлеуметтік институттардың мақсатты ықпал ету жағдайында мінездің әлеуметтік адаптациялануы,тұлғаның түрлі өмірлік жағдайларда стихиялы ықпал ету жағдайы.   

 Әлеуметтену сапасы  мен сипаты сол қоғамның әлеуметтік  мақсаттарына сай белгіленеді.


Информация о работе Тұлға әлеуметтануы