Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:44, реферат

Описание работы

Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Cаяси тәртіп
2. Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі
3. Жеке адамның құқығы мен заңы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Саясаттану СРС.docx

— 27.59 Кб (Скачать файл)

                                   Жоспар

 

 

 І.Кіріспе

 ІІ.Негізгі бөлім.

1. Cаяси тәртіп

2. Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі

3. Жеке адамның құқығы мен заңы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Кіріспе

Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.

"Билік" сөзі әр мағынада  қолданылады. Оны ықпал ету бағытына  объектісіне байланысты былай бөлуге болады:

Ата-аналар билігі.

Мемлекеттік билік.

Экономикалық билік.

Саяси билік.

Әлеуметтік билік.

Құқықтық билік.

Әскери билік.

Рухани билік, т.с.

Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар.

Биліктің қызметтері, жіктелуі

 

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

1.  Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.

3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам  мен мемлекеттің істерін басқару.

4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.

5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.

6. Белгілібір қоғамға сәйкес  басқарудың түрін, саяси тәртіпті  және мемлекеттік құрылысты құру.

7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:

1. Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық  ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.

2. Орта буынды аппараттар мен  мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті  әкімшілік билік кіретін орта деңгей.

3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар  арасындағы қоғамдық қатынастардың  негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі  басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704) пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды  анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.

1. Институционалданған (өзінің басқарушы  және тәуелді құрылым деңгейі  бар әр түрлі мекемелер түрінде  ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары  шенділерге бағынышты болып, араларында  билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар  анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі.

2. Жұмыс істеу саласына байланысты  билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.

3. Құқықтық шегіне, құдіретінің  мөлшері мен саласына қарай  билік мемлекеттік, ассоциативтік  болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың  халықаралық билігі болып жіктеледі.

4. Биліктің субъектісі бойынша  парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с. болып топталады.

5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай  үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді  еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі болып бөлінеді.

6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді.

Сонымен қатар билікте “объект” , “субъект” деген ұғымдар бар. “Объект”- өзгертуші, “субъект” – іс-әрекетті жасаушы.

Биліктің объектілері:

1. Мемлекет.                                6. Әкімшілік.

2.Ел.                                            7. Ведомстволар.

3.Аймақ.                                      8. Ұйымдар.

4.Штат.                                        9. Өндірістер.

5.Республика.                            10. Жеке тұлға.

 

Биліктің субъектілері:

1. Мемлекет.

2.Әлеуметтік топ, тап.

3.Әлеуметтік топтар жүйесі.

4.Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.

4. Қоғамның әлеуметтік саласындағы билік

1. Институционалдық белгілі құқықтардың  өзгелердің сұранымына байланыссыз  ықпал жасауы.

2. Субъектінің қызметі мен қоғамдық  міндеттерді орындайтын қызмет әдістері.

3. Қоғамдық пікірлердің даму  динамикасына ықпал ету мүмкіндігі.

4. Әлеуметтік жағдайларға қол жеткізетін басты критерийлер.

5. Белгілі әлеуметтік жағдайдың  иелерін көтермелеу.

5. Биліктің легитимділігі

 

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.

Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді

Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет.

 

Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.

 

Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

 

Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:

 

1. Әдет-ғұрыптық легитимдік –  халықтың санасына сіңген, әбден  бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан  салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.

 

2. Харизматикалық легитимдік –  ерекше батырлығымен, адалдығымен  немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен  көзге түскен адамды басшы  етіп жариялап, соның соңынан  ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.

 

3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі  – қазіргі саяси құрылым орнатқан  құқықтың ережелерге, тәртіптің  ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

 

Мемлекеттік құқықтың тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне Конституция жатады. Мысалы: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы – призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика президенті мемлекет  басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп - білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді.

Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат – мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып – үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.

Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ықпалы әр түрлі. Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық – құқықтық заңда айқындалады. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді адамның мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғы шарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саясатта жеке адамның мәдениетінен басқа негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамассыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.

Информация о работе Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі