Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:44, реферат

Описание работы

Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Cаяси тәртіп
2. Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі
3. Жеке адамның құқығы мен заңы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Саясаттану СРС.docx

— 27.59 Кб (Скачать файл)

Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет.

Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады.Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.

Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу  мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

                Қорытынды

Адамзаттың саяси тәртібі– ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.

 

 


Информация о работе Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі