Жетімдіктің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 15:25, реферат

Описание работы

Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді.

Содержание работы

Жетімдіктің түрлері
Жалпы мәлімет
Қоғамдағы орны
Жетімдер туралы теориясы
Теориялық және тәжірибелік маңызы
Статистикалық көрсеткіштері
Интернат үйлерінде көрсетілетін тәрбие түрлері
Әлеуметтенуін қолдаудың мақсаттары мен технологиясы
Әлеуметтендірудің негізгі «кластерлері»
Шетелге асқан жетімдер саны және рөлі
Бала асырап алудағы құқықтары мен міндеттері
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Жетімдер СРС.docx

— 40.10 Кб (Скачать файл)

 


Мазмұны 

  • Жетімдіктің түрлері 
  • Жалпы мәлімет 
  • Қоғамдағы орны 
  • Жетімдер туралы теориясы 
  • Теориялық және тәжірибелік маңызы 
  • Статистикалық көрсеткіштері 
  • Интернат үйлерінде көрсетілетін тәрбие түрлері 
  • Әлеуметтенуін қолдаудың мақсаттары мен технологиясы 
  • Әлеуметтендірудің негізгі «кластерлері» 
  • Шетелге асқан жетімдер саны және рөлі 
  • Бала асырап алудағы құқықтары мен міндеттері 
  • Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетім

Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.


Жетімдіктің түрлері


Әлеуметтік  жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.

Тұл Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.

Жалпы мәлімет


Жетім атауының өзі  кезінде соғыс заманында ата-аналары  қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтеті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

Қоғамдағы орны 

Қазақстан Республикасында  соңғы жылдары жетім балалар  мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл  мәселе Қазақстан Республикасының  «Қазақстан-2030» даму стартегиясына  сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп  жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде  қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар  тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі  күн талабы.Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі  деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың  зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда  сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп  болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға  көмек көрсету жүйесінде жетім  балалар тәрбиеленетін мекемелер  қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары  айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиелену-шілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық  тұрғыдан бұл типтегі балалар  тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері  тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі  келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін  төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар  бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі  туындайды. Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу  деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділік-терінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам  жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген  тұжырым жасауға болады. Демек, жетім  балаларға әлеуметтік-педагогикалық  тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып  табылады. Бұл жетім балаларды  өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы  жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық  алғы шарттар жасалуы және теориялық  тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік  тұрғыдан нақты қарастыру, кезек  күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер  шектеулі қарым-қатынастың шеңбе-ріндегі  әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде  өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері  барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен  қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.


Құрлық

Жетімдер 
саны (1000)

Бүкіл балалар санынан 
алатын пайызы

Африка

34,294

11.9%

Азия

65,504

6.5%

Латын Америка мен Кариб алабы

8,166

7.4%

Барлығы

107,964

7.6%


Жетімдер туралы теориясы

Ата-ана қамқорлығынан  айырылған әрбір бала - отбасында  тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта  олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз. Ол Отбасы үлгісіндегі  балалар үйі, ондағы шиеленістерді  реттейтін және әр балаға жаңа отбасын  сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз. Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік  бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай  отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда  отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы  қажет, сонымен қатар өздерінің  отбасы махабатын сезіне алмаған  жетім балаларымызға сол ыстық  отбасы махабатын сезіндіру. Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны  үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар  да бар. Жат елге барып Қазақстанды  қорғау үшін тәрбие алмайды. Қазақстанымыздың атын шығаратын да сөндіретін де осы  балаларымыз. Ұлттық рухымызды қалыптастыратын  да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз. Тәрбиені бала тұлғасының әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық  құрамдас бөлігі ретінде санау тұжырымдамасы (О.С.Гребенюк, А.В.Мудрик, М.И.Рожков); әлеуметтік ортаны баланың тұлғалық қалыптасуындағы  өте маңызды детерминант ретінде  қабылдауға бағытталған педагогикадағы әлеуметтік-рөлдік тұжырымдама (Н.М.Таланчук, В.П.Созонов); жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психо-логиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық  жағдайларының әдістемелік негіздерінде әзірленген әлеуметтік-психологиялық  қолдау мен жәрдем теориясы (Л.И.Аксенова, А.В.Мудрик, Х.Т.Шерьязданова, Ю.Н.Галагузова, Б.А.Расчетина, А.А.Тынышбаева), интегративті тұлғалық құры-лым ретінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық жұмысқа ұстаздардың кәсіби жеке дайындығы тұ-жырымдамасы (Г.Ж.Меңлібекова) мазмұндап отыр. Жұмыс аясында зерттеу мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау, тұлғалық ба-ғыттаушы сипатты технологиялық үлгіні қолдана отырып, балалар үйіндегі әлеуметтік-психология-лық қолдауды ұйымдастыру жүйесінің тәжірибесін оқып-үйрену, балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтенуін әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламаларын жобалау, әлеуметтік-психология-лық диагностика (сауалнама, бақылау, тестілеу, әңгімелесу), психологиялық тәжірибелік эксперимент әдістері қолданылды.

Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін сөз еткенде, Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” повесін мысалға алуға болады Бала Бауыржанның психологиясын, отбасындағы тәрбие алу рәсімдерін осы кітапты талдау барысында көреміз. Баланы өмірге бейімдеуде жетімдер үйінің, тәрбиешілердің да орны бөлек. Олай дейтін себебіміз, бала бір жақта тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйіткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: тәрбиешісіне, ата-анаға, бірге жүрген құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты. Отбасы- өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт. Отбасы “дербес мектеп, әлеуметтік институт” деп қарастыратын болсақ, әке-шеше-сол орданың ұстаздары, ал ата-әже-профессорлар іспеттес. Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1959 жылдың 20 қарашасында 1386 (XIY) қарарымен қабылданған “Бала құқықтары Декларациясында”, 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданып, 1990 жылдың 2 қыркүйегінде күшіне енген “Бала құқықтары туралы Конвенцияда” бала өмірі мен денсаулығы, білім алуы мен тәрбиесі жан-жақты қаралған. Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Сол ияқты отбасы үлгісінде тәрбиеленетін балаларымызды да осылай тәрбиелеу. Осы аталған міндеттерді қазақ отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болмағанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы тұрғысында қарастырып келеді. Әрине, қазақ отбасындағы өзіндік ұлттық тәрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар. Т.Рысқұлов кездерінде отбасы үлгісінде тәрбиелену теория жүзінде пайда болғанымен іске аспады. Кейіннен заңдары да қабылданып бірте-бірте отбасы үлгісіндегі үйлер пайда болып, тастанды, жетім балаларға арналған арнайы үйлер де салынып, іске аса батады. Бұл мәселеге өзіміздің Тұрар Рысқұловтың тигізген үлесі өте зор. Тіпті осы балаларға арналған кереметтей заңдарымыз да бар. А Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000жыл 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ.

Теориялық және тәжірибелік  маңызы


-ата-ана қамқорлығынсыз  қалған балаларды балалар үйі  жағдайында қолдау, тәрбиелеу, әлеуметтену үдерістеріндегі өзара байланыстар (ықпалдастыру) арқылы әлеуметтенудің теориялық ау-қымын кеңейту; -іс-әрекет мазмұнына модератор, менеджер, фасилитатор және т.б. қызметтерді енгізе отырып, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы өзара әрекеттің ұғымын байыту; -әлеуметтік-психологиялық қолдау және жәрдемдесу үдеріснің арақатысын қарастыратын тә-сілдерді жүйелендіру; -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында әлеуметтік-психология-лық қолдау үдерісінің өзіндік ерекшеліктерін ұлғайту; -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың балалар үйі жағдайында әлеуметтенуін әлеумет-тік-психологиялық қолдаудың психологиялық жағдайларын сипаттау және әдістемелік ұсыныстарды ғылыми түрде әзірлеп, оларды сынақтан өткізу; -тәрбиеленіп жатқан мекеменің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламасын әзірлеу; -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында инвариантты және бала-малы құрамды қолдаудың ықтималды психологиялық жағдайларын (құрылымы, мазмұны, техноло-гиясы) қарастыру. Балалар үйінде жұмыс іс-тейтін ұстаздардың біліктілігін көтеру жүйесінде, жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкер, психолог, ұстаздар даярлауда қолдануға болады.

Статистикалық көрсеткіштері


Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім  бала ар екен, олардң 660 интернат ұйымдарында  тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы  және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім  балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар  мен жасөспірімдерге, мінез құлқы  девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар  ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі  балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім  қалған балалардың негізгі бөлігі білім  беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші  кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық  салдарларға әкелуі мүмкін. Балалар  еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан  кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін  түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл - олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі.

Информация о работе Жетімдіктің түрлері