Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 14:14, творческая работа
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады.
ТАҚЫРЫБЫ: «Зиянды әдеттерден аулақ болайық»
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады.
Сонымен, бүгінгі тақырып: «Зиянды әдеттерден аулақ бол» бүгінгі
ток – шоуымызды «Сонымен, солай дейік…»
бағдарламасы негізінде өткізгелі отырмыз.
Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез. Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді. Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.
Темекі туралы оқушыларға толығырақ мағлұмат беру үшін СӨС қолдайтын орнанын дәрігерін ортаға шақырамыз.
- Оқушылар темекі жайлы өз ойын айтып шықты, сол жауаптармен келісесіз бе және темекі адам ағзасына қандай әсері бар екенің айтып кетсеңіз?
Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі. Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
Қонақ: мектеп инспекторы ортаға шақырылады.
- Жасөспірімдер құқық бұзушылық іс әрекет жасаса қалай жазаланады? ( насыбаймен ұсталынса, ішімдік ішкен болса т.б.)
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.
2000 жылы республикамыздың есірткі
бизнесі аумағында 20 мыңға жуық
қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға
жуық түрлі есірткілер
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
Қонақ: Аудандық нарколог дәрігері ортаға шақырылады.
- Павлодар облысы бойынша есепте тұрған нашақорлар бар ма? Тіркелген бе?
Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:
1. Тұрмыс жағдайындағы
2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.
3. Ішкен ішімдік мөлшерін
Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.
Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
Қонақ: мектеп медбикесі ортаға шақырылады.
- шімдіктің жасөспірім ағзасына зияны қандай ?
Келесі қонағымыз : ата – аналар комитетінің төрағасын шақырамыз.
- Сіз ата – ана ретінде балаңызды зиянды әрекеттерден аулақ болуына қандай жұмыстар жүргізесіз?
Қорытынды: Бүгінгі ток шоу бойынша сендер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын, болашақта зиянды әдеттерден айлақ жүреді деп сенеміз. Сонымен, солай дейік, солай болатына сенейік!