Зиянды әдеттерден аулақ болайық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 14:14, творческая работа

Описание работы

Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады.