Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 13:55, лекция
Ақын-жазушылар өмірбаянын оқыту.Мектепте ақын – жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі ол әдебиетті оқытудың күрделі бір саласы болып табылады. Қай ақын – жазушыны, суреткерді алайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен шыққан ортасы, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңінде байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, т.с.с. мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдан туған шығарма емес екені, оны жазу кезінде Көкшеге үш рет баруына туған дүние екені мәлім. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Шығармашылық оқу әдісі.
Осы әдісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілетін шыңдауына, ықылас-зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы.
Шығыс әдебиетін оқыту Әдебиет – достық дәнекері. Халықтарды бір – бірімен жақындастырады. Сондықтан да туысқан халықтардың әдебиетін оқытудың маңызы зор. Ендігі жерде әдістемешілер тарапынан мектеп курсына лайықты бағдарлама, оқулық жасау – жауапты міндет болмақ. Республикамызда бұл турасында бірсыпыра игі жұмыстар атқарылуда. Шығыс және шет тілдерінің, тарихының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында факультеттер, Иассауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті бар.Туысқан халықтар әдебиеті қазақ әдебиеті пәні бойынша мектеп курсында там-тұмдап оқытылып келді. Бірақ оған бөлінген сағат саны тым аз болды. Ал, жалпы әдебиет пәніне мектепте Ү-ҮІІ кластарда –68 сағат, ІХ класта-102 сағат шолу сабағы берілген. Әрине, 170 сағат көлемінде әдебиетші мұғалім ұлттар әдебиетінің асыл мұраларымен, сөз маржандарымен жан-жақты таныстыруы мүмкін емес. Сондықтан да туыс халықтар әдебиетін оқыту үшін Х-ХІ кластарында арнайы курс ашылып, оқытуға нақты көңіл бөлгеніміз жөн.
Орта Азия мен қазақ әдебиеті-бір бәйтерек бұтақтары. Олар ғасырлар бойы өзара тығыз байланыста дамып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізіп келеді. Осы себептен жаңа пәннің бағдарламасын жасау кезінде Шығыс және Орта Азия әдебиетін оқытуға айрықша көңіл бөлуіміз керек. Ал, курсты “Туысқан халықтар әдебиеті” деп атағанымыз дұрыс. Бұл заман талабына сай келеді.
Қазақ әдебиетінде жаңа пәнді оқытуға мүмкіндіктер жеткілікті. Туыс елдердің атақты туындылары, ақын-жазушылар шығармаларының көбі, қазақ тіліне аударылған. Аударылып жатқандары да аз емес. Аударма жазуға әдебиетіміздің небір майталман сөз зергерлері ат салысып, әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі еңбектер сіңірген. Сондай-ақ әдебиетші ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз құнды еңбектер, рецензиялар, мақалалар жазған. Қолда бар осындай дүниелерді жинақтап, туысқан халықтар әдебиетін жас ұрпаққа өз ана тілімізде оқытудың мән-маңызы зор.
Сөз жоқ, мұндай іс-шаралар балаларымызды тілі де, діні де, тілегі де бір ағайындас ұлттар әдебиетінің зор, бай қазынасы мен сусындатуға, тереңірек таныстыруға, туысқандықты, халықтар достығын нығайтуға көмегін тигізеді.“Туысқан халықтар әдебиеті” пәнін жасау, құрастыру жөнінде ұсыныс-пікірлер, ойлар баршылық. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Ә.Қанафин мақаласында /6,15/ және А.Ахматованың орыс мектептеріне арналған бағдарламалық жобасында оқулық жасауда, материалдар екшеленуде, қай ұлттар әдебиетінен қандай ақын-жазушылардың шығармаларынан енгізу туралы құнды ой-пікірлер айтылған. Мектеп бағдарламасының бесінші сыныбына арналған әдебиетте (барлығы 102 сағат аптасына 3 сағаттан), бауырлас халықтар әдебиетінен Ш.Айтматовтың “Ерте келген тырналар” (хикаяттан ықшамдап алынған) 3 сағат.Алтыншы сыныпқа: (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан). “Манас жыры” (үзінді) 2 сағат.
Жетінші сыныпта: (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан). Ғ.Тоқай “Өмір жолына қадам басқандарға”, “Шаруаң бітсе ойнай бер” өлеңдері (1 сағаттан).
Сегізінші сыныпта: (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан). Ә.Рудаки “Өмір маған ақыл айтты”, “Егіз жолдар”. (1 сағат). Омар Һәйам “Рубайлар” (1 сағат), Р.Ғамзатов “Менің Дағыстаным (1), Ш.Айтматов”“Найман - ана”, “Боранды бекет” (үзінді 3 сағат).
Тоғызыншы сыныпта: (барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағаттан). Ш.Айтматов “Шынарым менің шырайлым” хикаяты. (3 сағат) Мақтымқұлы “Түркмен тағдыры”, “Ақырзаман”, “Боларсың” (1 сағат).
22 сурак
ЭЭЭЭЭ
Эпикалық шығармаларды оқыту.Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал,хикаят (повесть) жатады. Өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, \яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында ең алдымен әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не,оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не? әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымынан бастап, сынып жоғарылаған сайын оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түседі. Эпикалық шығармаларды оқытуда мына мәселелерді басшылыққа алу қажет:
1.Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы,
проблематикасы
2.Көркем образдары, образдар галериясы
3.Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау роман, эпопеяларға жеңіл, қолайлы. Роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін мұғалім көп еңбектенеді.ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, қандай тәсілдер нәтижелі
болмақ, әдіс-тәсілдің қай түрі нәтижелі болмақ, осыларға мұғалім ерекше назар аударады. Көлемді шығармаларды талдауда мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қою керек, Эпикалық шығармаларды талдау әрбуында өзіндік ерекшеліктерімен дараланып талданады. Мысалы, Бастауыш буында (Ү-ҮІІ) сюжет,композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, ҮІІІ-ІХ сыныпта ол тереңдей түседі. Авторлық тұрғда, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-ториялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс. Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация әдіс-тәсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болуы, өздік жұмыстардың орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды,
шығармашылық қиял, әртүрлі болжамдар туындайды т.Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны.
Эвристикалық әдіс. Бұл әдістің шығармашылық әдіспен сабақтастығы, бірін-бірі толықтыратындығы. Көркем мәтінді талдауда шәкірттің интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны. әдеби шығарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б. құндылықтар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық әдістің орны. Эвристикалық пікірлесу, оның әдеби материалды меңгертудегі пайдалы жақтары. Эвристикалық әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.