Қазақтың бас ақыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 16:58, реферат

Описание работы

Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой-санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, әртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық-дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол – жай әншейін әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой-тұжырым.

Файлы: 1 файл

абай.docx

— 34.45 Кб (Скачать файл)

Қазақтың бас ақыны

 

        Ұлы  Абайды "Қазақтың бас ақыны"  деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой-санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, әртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық-дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол – жай әншейін әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой-тұжырым.

         Абайдың  атын әлемге әйгілеп, өзінің  ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" дәуірнамасымен  де абайтануды үлкен сара жолға  салған Мұхтар Әуезов те жаңаша  ой толғап, соны шешімдер іздегенде  Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан  Бөкейхановтың пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды. Ахмет Байтұрсынов Абайды бас ақын деп жоғары бағалап, қастерлегенде оның басқадай қасиеттерін, ұлы тұлғасының өзге жақтарын көре білмеді, дарыны, даналығы көп қырлы екенін тани алмады десек, ағаттық болмай ма? Мұны айтып отырғанымыз, бүгін Абайды мақтамақ болғанда кейбір авторлардың ол ақын ғана емес, ойшыл ғұлама деп көтеріп тастағандай болатыны байқалады. Әрине, Абай – ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық философ. Абайды хакім деу де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім деп Мағжан да бір өлеңінде атайтыны бар. Хакім деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.

         Абайдың  ойшылдығы, кемеңгер философ екені  терең ашылмай, жете айтылмай  келгені рас. Тіпті таптық идеологияның  қисынына сәйкес бір жақты айтылған кездері де аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, әсіресе алла, имандылық туралы пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса айтудың әбден жөні бар. Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы еңбекте солай етудің өзі бірден-бір қажет және мұның өзі – ғылыми зерттеудің тәсілі. Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш дәлелсіз. Әрине, дүниенің өзгеріп дамуы, алла мен адамның болмысы туралы арнайы пікір толғаған сөздері өз алдына. Тіпті ондай пікірлердің өзі де өлеңдерінде айтылып отырады ғой. Қалай десек те, қай жағынан келсек те, Абай – алдымен ақын, қазақтың бас ақыны.

         Абайдың  туған облысы Семей, оған көршілес  облыс Ақмола, содан ары Торғай, Орал облысы болады. Кейінірек Түркістан өлкесі түгел алынған соң, Жетісу, Сырдария облыстары жасалды. Сөйтіп, Ұлы Октябрь Социалистік революциясына шейін қазақ жайлаған Сарыарқа, Жайық, Сыр, Алатау өлкелерінің барлығы патшалық құрған алты облысқа бөлінген...

         Семей  облысының өзін алсақ, ол бес  уезге бөлінген: Семей, Қарқаралы, Павлодар, Өскемен, Зайсан уездері. Облыс басында әскери губернатор (жандарал) болады, оның кеңсесін "Областное правление" дейді. Уездің басында уездный начальник – мұны қазақ "ояз" дейтін. Ақмола, Семей облысы бірігіп, бір генерал-губернаторлыққа бағынатын. Оның әкімін степной генерал-губернатор дейді. Қазақ бұл үлкен әкімді – кеңсесімен қоса "корпыс" деп атайтын...

         Жоғарыда  аталған уездерді алсақ, бұлар  20–21–22 болыстан құралатын. Абайдың  елі қараған Семей уезі жиырма  болыс болатын да, көршілес Қарқаралы  уезі жиырма екі болыстан құралатын.  Қазақтың "болыс" деген сөзі - орыстың "волость", "волостной  управитель" – деген сөзінен  алынған. Қазақша қолдануда және  Абай шығармаларында "болыс"  деп, әрі әкімдік бөлікті де, әрі соның басында тұратын әкімді де атаған. Ояз бен болыстың арасында тағы бір ұлық бар, ол – крестьянский начальник. Бір уезде 20–22 болыс болса, солар бірнеше учаскеге бөлінеді. Төрт-бес болыстан құралатын учаскенің бастығы жаңағы крестьянский начальник.

         Осымен  қатар, әкімшілік орындарынан  басқа сот орындары болған. Олар қазақ болысында үш жылда, болыспен бірге сайланатын билер, сонан соң мировой судьялар және әр болыстың басында облыстық – окружной суд болатын.

         Міне, Абай шығармалырында әралуан  кескінде сипатталынып, әшкереленетін,  сыналып отыратын ұлық, әкім, ел  билеушілер дегендердің саты-саты  орындары осылай еді...

         Абай  осы күнгі Семей облысындағы  Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты  руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың  өз әкесі – Құнанбай, атасы  – Өскембай, арғы атасы – Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар.  Ақынның бұлардан  арғы  аталары Айдос, Олжай үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай – осы Жігітектің баласы. Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды.

         Айдос  өз басы би де, бағлан да болған емес. Қайта момын, жасық адам болғандықтан, оны: "Шөккен түйеге міне алмайтын жаман Айдос" дейтін мәтел бар. Осы Айдостың Айпара деген әйелінен төрт ұл туады. Бұлар: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай.

         Айпара  ер қайраты бар, есті, адуын  әйел болған. Өзінде бір жағынан тапқыр шешендік, бір жағынан бақсы құшнаштық сияқты сәуегейлік те болған. Айпараның өзінен қалған бір ауыз сөз – төрт баласына берген аналық сын сөзі. Сонда:

 

 Шынжыр балақ, шұбар  төс Ырғызбайым,

 Тоқпақ жалды, торайғыр Көтібағым,

 Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

 Сірә да оңбас Торғайым, –

 

дейді. Сол  шешесі дәме қылған Ырғызбай өзге туысынан анық, артық  болып озып шығып, ортасы дәме қылған жігіт болады. Тобықтының сол күндегі биі Кеңгірбай өзге барлық жас-желеңнің ішінен Ырғызбайды сынайды. Ел сөзіне араластырып, баулып жүреді. Ол кез – көп бидің парашыл кезі. "Сыбаға" деп, "жол" деп мол параны бадырайтып алып жатады.

         Кеңгірбайға  да осы жөнде көп жаманат еретін. Соның мысалы байы өлген қаралы бір әйелдің даусынан байқалады. Ері жанжал-төбелесте өліп, есе ала алмай отырған әйел:

 

Мойны, басы былқылдап,

 Ырғызбай жүрді араға, 

 Кеңгірбай толды параға,

 Параға алған қара атан,

 Тігілгей еді қараңа,...

 

– деген.

         Ырғызбайды  баулып өсірген Кеңгірбай өзіне  серік етіп жүргенде, сол інісі ертерек өліп калады. Ырғызбайдың өзге бір ерекшелігі: жас кезінде үлкен ас, ұлы дүбір жиында күреске түсетін үлкен балуан болған. Уақытында қазақтың көп руларының арасында зор лақап болып жайылған бір күресі бар. Ол – қазақ, қоқан халықтары жиналған бір аста "Қоңыраулы балуан" деген түйе балуанды жыққаны.

         Ырғызбайдың  бірнеше баласы болған. Олар: Үркер,  Мырзатай, Жортар, Өскембай. Өскембай  Ырғызбайдың өзге балаларының  ішіндегі ең артығы болады. Кеңгірбай  Ырғызбай өлген соң оның орнына Өскембайды ұстайды. Бертін келіп, өзі қартая бастаған кезінде өз орнына Өскембайды би етпек болады. Сол күннің жолы бойынша батасын беріп, Өскембайды би қояды.

         Өскембай  өзінің ел меңгеру әдісінде ең алдымен көпті мезі қылған парақорлық мінезінен бойын қашаңдау ұстауға тырысқан. Ел ортасында сақталып қалған сөздің бірінде: "Ісің адал болса, Өскембайға бар, арам болса, Ералыға бар", – деген сөз бар.

         Өскембай  орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай  ержетіп, атқа мінген. Кұнанбай 1804 жылы туған. Бұның шешесі Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған. 1850 жылы 72 жасында Өскембай өледі. Зере ерінен кейін көп жасаған. Ол бертін келіп, тоқсанға жетіп өледі. Мұның ақын болатын немересі Абайдың бала, бозбала күнінде ауылдың бәрі Зерені "кәрі әже" дейді екен. Кәріліктен құлағы естімейтін болады. Балаларына дұға оқытып үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әжесінің кұлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.

         Кұнанбай  жасында әке-шешесі мен өскен  ортасынан алған тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген. Мұның орайына жас күндегі өмірі, елдің ол кездегі дағдысы бойынша батырлық, жорықшылық сияқты істерге ғана емес, әке-шеше, жанашыр- жақынға да бірқалыпта болған сияқты.

         Ел  билеп, іс басқаруға келгенде, Құнанбай әкесінен айлалы болған...

         Абай  Құнанбайдың 41 жасында туған.  Құнанбай көп әйелді болған. Үлкен  әйелі – қыздай алған Күңке. Бұдан туған баласы – Құдайберді. Екінші әйелі – Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұқамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан; үшінші әйелі – Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтін Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі – Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.

         Ұлжан  мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта, екі шешесінің ортасындағы тел баласы кішкене Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ олардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын екі шешесінің ортасында, жалғыз баланың халінде өткізген. Екі шешеге бірдей бала боп жүргендіктен, сол кездегі үлкендері Абайға "Телғара" деп ат қойыпты. Кейін Абай ержеткен уақытта, бірталай жеңгелері ертеде қойылған атпен оны "Телғара" дейді екен.

         Абайдың  өз шешесі Қаракесек ішінде  Бертіс тұқымы болады. Ұлжанның  әкесі Тұрпанмен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай – қалжыңмен даңқы шыққан, белгілі мысқылшыл, тапқыр күлдіргілер. Бұл әдет – Бертіс, Шаншар руына түгел жайылған мінез. Осы шаншардың бұрын-соңғы заманға шейін аузынан тастамайтын атақты қуы – Тонтай. Тонтайдың барлық өмірі тұтас күлкі болып кеткен. Түгелімен бастан-аяқ жеке-жеке күлкі әңгімеден құралады. Сол әңгімелерге қарағанда, Тонтайлар –  қалың қазақ ортасының үнемі көңіл көтеріп жүрген, таусылмайтын думан, ұдайы қызық күлдіргісі. Осы Тонтайдың інісі Тұрпаннан әйел бала – Ұлжан.

         Ол  сабырлы, кең мінезді кісі болған. Абай – балалық шағын сөз қылғанда, өз шешесіне қатты ырза болып, Айғызға іші ренжіңкірейді екен. Ұлжан күндестікті көп сыртқа шығарып білдірмесе де, Айғыз сол жағынан белгі бергіш болса керек. Бұнысы Абайдың бала шағында көп қатынды тұрмыстың бар зарын татып, тағы да неше алуан ауыр қиыншылықты көріп өскендігін білдіреді.

         Абай  он жасқа келгенде, әкесі Семей  қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абай біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы – Ғұбалжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол мешіттердің жанында медресе де ұстаған. Оқушы шәкіртінің көбі медреседе жатып оқиды. Оқу, әрине, ескіше, ылғи дін сабақтары. Соның көбін араб, парсы тілдерінде оқиды. Жалпы, медреселерде кейінгі заманға шейін сақталып келген салтқа қарағанда, түрікше оқу жолшыбай ғана оқылатын қосымша оқу болады.

         Абай  осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арапша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып  шыға алатындай зерек болады.

         Медресенің  тынысы ауыр, тар ғаламында, қысаң  тәрбиесінде жүрген шәкірттің  шын сүйетін жандары — Низами, Сағди, Хожа Хафиз, Навои, Физули сияқты шығыстың ескі классик ақындары болған.

         Ақынның  жас күнінен бізге жеткен өлеңдері  көп емес. Сан шығармалары ұмытылып жоғалған болу керек. Абайдың нағыз өнімді өлең жаза бастаған кезі жігіттік шағы өткен соң басталады. Ол кездегі Абай арапшыламақ, парсышыламақ теріс нәрсе деп түсінген.

 

         Медреседе  үшінші жыл оқып жүрген уақытта,  Абай жалғыз мұсылманша оқумен  тоқтамай, Семей қаласындағы "Приходская  школаға" түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ мұндағы оқу ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітеді. Мұсылманша оқуы да доғарылады. Жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ақыл сезімі ашыла бастаған өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкіртке аз да болса оқу, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады.

         Осындай  дүние есігін енді ғана ашқалы  жаңа ғана саңлау көріп келе жатқан уақытта, Абай аздаған біліммен үлкен кісінің өміріне кіріседі. Әкесі ел билеу жұмысында оны өзіне серік қылмақ боп, жаңа міндетке арнап, сол жолға баули бастайды. Бала болса да, сол кезде Абай әкесі дәме қыларлық белгілерді көрсете бастаған сияқты. Барлық балаларына қатал, қатты болған Құнанбай Абайдың өзгелерден артық екенін ертеден сезген...

         ...Енді  сол ортаның залалды мінездерімен  алысып, еліне тым құрса сонысымен  пайдалы азамат болғысы келеді. Бірақ бұның ол жолына ел  жуаны – жау. Олар Абайдың  өзін де бұрынғы өтірік пәле-жала жабумен жарға жықпақ болады. Солардан бас қорғау ретінде және бір жағынан жаманын жазалаймын, жөнге саламын деген талаппен Абай алысады.

         Осындайдан  туатын талас-тартыс, жаулықтың екінші  бір саласы уез, жандаралдың кеңсесіне қарай ағылған көп шағым түрінде болатын.

         Ел  ішінде Абай өз бетімен жүре  бастаған соң, аз уақытта-ақ талас-тартыстың кіндігі қалаға қарай ауысады.

         Сонымен, 28 жасқа келгенде Абайдың үстінен берілген партия басы жалақорлықтың өтірік арызы, көп шағымы Семейдің кеңселеріне түсе береді. Абай бұған орай ешкімді де шақпайды. Бірақ арыздар бойынша мұны жалаламақ болған ұлық 1877–1878 жылдың қысында оны қалаға шақыртады.

         Осы  жолда Абай 12 үлкен іспен тергеліп, Семей қаласынан 3–4 айға шейін шыға алмай жатады. Бірақ жұмыс саны көп болып, тергеуден-тергеу болса да, Абай бірде-біріне жығылмай, ағарып, аман шығады. Соңғы жылдарда Семейдің архивінен табылған бір іс Абайдың өмірінде бір-ақ жол үш жыл бойында Қоңыр Көкшеге болыс болған кезін танытады. Сонда Абайға қарсы өтірік шағым, жалған, жала жапқан Үзікбай Бөрібаевтың арыздары Абайды көп тергеуге ұшыратады. Ол істі Семейдің оязы, ояздық соты, тіпі Семей губернаторы да колға алады. Бірақ ұзақ тексеру соңында чиновниктер аппаратының өзі де Абайдың жазықсыз, адал, халыққа пайдалы адам екенін ықтиярсыз таниды...

Информация о работе Қазақтың бас ақыны