Қазіргі қазақ мектептеріне арналған оқулықтардың жай-күйі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2015 в 03:47, научная работа

Описание работы

Қазақ мектептеріне арналған оқулықтардың сапасы жиі сыналады. Бірақ бұл мәселеге мамандардың айтатыны – оқулықтар арнайы құрылған, бір емес бірнеше комиссияның тексерісінен өтіп, сұрыпталады.

Солай бола тұра оқулықтар айтарлықтай көптеген қателіктер мен кемшіліктерге толы. Әріп қателерін былай қойғанда, мазмұны түсініксіз, қисынсыз құрылған сөйлемдер жетіп артылады. Неге? Себебі, біз әлі оқу әдістемесін бір ізге түсіре алмай жүрміз. Осының салдарынан оқушылар мың құбылған оқулықпен оқуға мәжбүр. Бір аймақта «Атамұра» баспасының оқулықтары оқытылса, енді бір қалада өзге баспа өнімдері оқытылады. Ал «Атамұра», «Мектеп», «Алматы кітап» баспаларынан басылған кітаптардың айырмашылығы көп. Соған қарамастан бізде жиі-жиі оқулық ауыстырып тұру әдетке айналған. Әсіресе, министрлік ауысқан сайын оқулық та реформаға ұшырайды.

Файлы: 1 файл

Қазіргі қазақ тіліндегі оқулықтардың жай-күйі.docx

— 19.58 Кб (Скачать файл)

Кез келген ғылымда оқулықтарды даярлаудың өзіндік әдіснамасы қалыптасқан, яғни оқу әдебиеті құрылымы мен мазмұнын іріктегенде ғылыми теорияға негізделіп, дидактикалық, логикалық-психологиялық талаптарға сай құрастырылуы қажет. Кітап талаптарына сәйкес 1-ші мен 4-ші сынып оқушыларының әрбір оқулығының салмағы 300 гр, 5-6 сынып оқулықтарының әрқайсысы 400 гр, 7-9-10 сыныптар үшін 500 гр, 11 және 12 сынып оқушылары үшін 600 граммнан артық болмауы керек. Оған қосымша, бастауыш сыныптардағы оқушылардың бір күндік сабаққа алып келетін кітаптарының салмағы 1,5-2 кг-нан, ал жоғары сыныптар үшін бұл көрсеткіш 4-4,5 келіден аспауы тиіс.

Кез келген оқулықта 3 проблема өзгеріссіз қалып отыр: іріктеу, материалдың мазмұны және құрылымы.

Жаңа буын оқулықтарын қолға ала отырып, ашып қарағанда, қызықты мәлімет пен қажетті ақпаратты (тиімді, әрі ғылыми) тез тауып, мәтіндік формада, одан тыс компоненттерді іздеуде оңтайлы болуы қажет. Әрбір оқу пәнінде адамгершілік құндылықтардың көрініс беруі маңызды. Мысалы, биология оқулығында баланың қоршаған табиғатқа сүйсінуі, орманның тұңғиық сұлулығын, ашық аспан әлемін, даланың жұпар иісін, құстардың сыңғырлаған әдемі үні мен туған жер табиғатының тамаша болмысын жан дүниесімен сезінуге жетелейтін тапсырмалардың берілуі маңызды. Өйткені, мұндай сезімдерсіз балалар адамгершілік тұрғыда “саңырау және соқыр” болып қала бермек.

6-сыныпқа арналған ағылшын  тілі оқулығындағы ең өрескел географиялық қателік ол - Қазақстан деген мемлекетті мүлде картадан сызып тастап, Ресейдің құрамына енгізіп жіберген оқулықты министрлік екінші басылыммен таратқан.

Математика пәнінен бастауыш оқулықтарындағы есептердің көбісінің шарттары шұбалыңқы, грамматикалық ережелерге қайшы, артық сөздерге толы. Негізінен есептер алдымен орысша құрастырылып, сонан кейін ғана қазақшаға тікелей аударылған. Яғни, орысшадан қазақша мағынасына қарап емес, сөзбе-сөз аударылған. Аударма мәселесі тек математика оқулығында емес, биология, физика, химия сияқты көптеген оқулыққа ортақ кемшілік. Мәселен, «Атамұра» баспасынан шыққан 6-сыныпқа арналған Биология оқулығындағы шорқақ аударылған сөйлемдер бала түгілі ересектерге де түсініксіз. Онда жер-су, өсімдік пен жәндік атауы түсініксіз ұғымға айналған. Биологиядағы ежелден келе жатқан «аталық» пен «аналық» ұғымы аяқ астынан «ата-ене»-ге ауысқан.

11-сыныпты бітірген балалар  ҰБТ-да қазақ тілінен емтихан  тапсырады. А л қазақ тілі дегеніміз  – лексика, грамматика, фонетика. Ал  бізде 10-11 сыныпта қазақ тілі деп  жазылады да сөз өнері, сөз мәдениеті, шешендік сөз сынды тақырып бойынша оқытылады. Шын мәнінде шешендік  сөз де, тіл өнері де бастауыш сыныптан бастап, сабақтастық түрде өзінен-өзі беріліп отырады.

Жалпы білім беретін мектеп реформасының қайсысы болмасын, оның мүлтіксіз жүзеге асырылуы сапалы оқулыққа тікелей байланысты. Себебі, мектеп оқулығы барлық оқу үрдісінің өзіндік озық үлгісі болып табылады. Ол оқытудың мазмұнын ғана емес, жұмыстың әдістемелік тәсілдерін, жалпы бағытын және оқытушы мен оқушының көңіл-күйін анықтап отырады.

Оқулық қалай жазылуы тиіс деген сұрақтарды саралай келе мынадай қорытынды ұсыныс айтқым келеді:

  • оқулық білімі жоғары дәрежелі маман мен мектепте білім беру тәжірибесі бар оқытушымен бірлесе отырып жазылуы керек;
  • оқулық тиісті нормалар мен талаптарға сай болуы қажет:
  • баланы оқытудан бұрын оқулық сараптамалық және тәжірибелік сынақтан өту қажет. Оқулық балалардың психологиясы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, кез келген сыныптағы оқушыға керек ақпаратты қамтуы тиіс;
  • оқушыға оқулықтың тілі түсінікті болуы тиіс;
  • әрбір оқу пәнінде адамгершілік құндылықтардың көрініс беруі маңызды.

Омарова Джамиля

Информация о работе Қазіргі қазақ мектептеріне арналған оқулықтардың жай-күйі