Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2015 в 03:47, научная работа
Қазақ мектептеріне арналған оқулықтардың сапасы жиі сыналады. Бірақ бұл мәселеге мамандардың айтатыны – оқулықтар арнайы құрылған, бір емес бірнеше комиссияның тексерісінен өтіп, сұрыпталады.
Солай бола тұра оқулықтар айтарлықтай көптеген қателіктер мен кемшіліктерге толы. Әріп қателерін былай қойғанда, мазмұны түсініксіз, қисынсыз құрылған сөйлемдер жетіп артылады. Неге? Себебі, біз әлі оқу әдістемесін бір ізге түсіре алмай жүрміз. Осының салдарынан оқушылар мың құбылған оқулықпен оқуға мәжбүр. Бір аймақта «Атамұра» баспасының оқулықтары оқытылса, енді бір қалада өзге баспа өнімдері оқытылады. Ал «Атамұра», «Мектеп», «Алматы кітап» баспаларынан басылған кітаптардың айырмашылығы көп. Соған қарамастан бізде жиі-жиі оқулық ауыстырып тұру әдетке айналған. Әсіресе, министрлік ауысқан сайын оқулық та реформаға ұшырайды.