Дамыта оқытудың келелі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 00:36, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.

Содержание работы

КІРІСПЕ................................................................................................................3
І. ДАМЫТА ОҚsТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТАРИХЫ 1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ...................................................................4-8
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру........................................................8-16
ІІ. ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері......................................................16-19
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және оқу ісінде қолдану тәсілдері............................................................................................................19-25
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................26-28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................................29

Файлы: 1 файл

реферат дамыта оқыту.doc

— 228.00 Кб (Скачать файл)

Оқыту — даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні:  организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

  Л.С.Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні –оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, Л.В.Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде – ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды.

Ойлау – таным теориясының негізгі философиялық категориясы. Дүниені танудың екі жолы бар. Оның бірі– затты дерексіздендіру арқылы немесе абстрактылы ұғым арқылы ойлау болса, екіншісі – ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту бұл екеуін бірлікте қарай отырып, оқушылардың теориялық білімі мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді.

Дамыта оқыту технологиясының бір ерекшелігі проблемалық жағдайлар туғызу, оны шешу, осыны пайдалана отырып  оқушылар бойына танымдық құзіреттіліктің алғашқы белгілерін қалауға болады. Оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, танымдық іс- әрекетті әр пәнде жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына оқу танымдық тапсырмаларды шығармашылық, топтық тұрғыда шешудің маңызы зор.

Дамыта оқыту үдерісінде оқушы  оқу әрекетімен шұғылданып,  теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.Дамыта оқытуда баланың іздегушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты  назарда болады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білімалауғ әрекеттеннді. Қазіргі  жаңа буын оқулықтары дамыта оқыту  үдерісіне  сай құрылған.

Дамыта оқыту жүйесі көздеген мақсаттарға жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді, сонымен қатар баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсіп, білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Дамыта оқыту – шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын негіз етіп алатын үдеріс деп қарастыра келе, дамыта оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.«Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы». А, 1999 ж. -332 бет.

2.«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» -120 бет.

3.Аисина М. Дамыта оқыту -  білі мен тәрбие  өзегі. // Қазақстан мектебі.-2006.- №2.-10 бет.

4.Әбенбаев С, Құдиярова А, Әбиев. «Педагогика». Астана: «Фолиант», 2003.-352 бет. 

5.Бабаев С. Педагогика. Алматы.-2001-88 бет.

6.Байсеркеева Н.Дамыта оқыту технологиясы. // Ұлағат.2008.- №4.-59-61 бет.

7.Байшина Г. Жеке тұлғаны  дамытудағы оқытудың құндылығы. // Қазақстан мектебі. 2010-№4.-29 бет.

8.Бержанов Қ. Тәрбие мен  оқытудың  бірлігі.-Алматы, 1973.-295 бет.

9.Горностаев Т. Проблемы воспитания в педагогической  системе -8 бет.

10.Жаппаров А. Дамыта оқытуда оқушылардың  әрекетін ұйымдастыру  жүйесі. // Қазақстан мектебі. 2006.- №2.- 3 бет.

11.Жұмабаев М. Педагогика.  Алматы, 1992-160 бет.

12. Л.В.Занкова. //Воспитание школьников. 2002.- №3.-34 бет.

Занков Л.В. Развитие школьников в процессе обучения. М:1967

13.Иванова  Н, Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. –А, 1991.-147 бет.

14.Искакова М. Оқулық мазмұнының дамыта оқытудағы алатын орны. //Білім-Образование. №2.-2006.-47 бет.

15.Каминская М. Проблема освоения педагогической деятельности в системе Эльконина-Давыдова. // Вопросы психологии.-2001.-№5.-49 бет.

 

 

 


Информация о работе Дамыта оқытудың келелі мәселелері