Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 12:56, автореферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде әсіресе соңғы жылдары көбірек көңіл бөліне бастаған антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің нәтижесі этностың байырғы тұрмыс-тіршілігінің, қазіргі болмысы мен өткендегі өмір сүру тәжірибесінің, күнкөріс мәдениетінің, өзіндік ежелгі заттық және рухани құндылықтарының түрлі тілдік көріністері тек лексика мен фразеологияда ғана емес, ономасиологияда да, фоносемантика мен перифразалық құбылыстарда да көрінетінін дәлелдеп отыр.

Файлы: 1 файл

aitmukasheva.doc

— 251.50 Кб (Скачать файл)

Арбау мәтінінде сөздік магия анағұрлым айқын көрінеді, себебі нәтижеге қол жеткізу (жылан, қарақұрт және т.б. шаққан кезде денеден уды шығару және науқас адамды айықтыру) көп жағдайда оқуға, байлау сөздерге, тақпақ өлеңдерге, яғни сөздің магиялық әсеріне байланысты болды [23, 62]. Сондықтан жұмыста халықтың мифологиялық-діни дүниетанымынан хабар беретін арбаушы, мары, Шаһмаран, пайғамбар, Сүлеймен пайғамбар, Дәуіт пайғамбар, осылар әспетті тағы біраз этнолексемаларға талдау жасадық.

Арбау – дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар десе де болады. Арбау өлеңдерінің көлемі қысқа. Өйткені бұл алуандас өлеңдердің сөзі көбіне түсініксіз, мағынасыз, әйтеуір ұйқас үшін тұрған әртүрлі жанды-жансыз заттың атаулары.  Қорыта келгенде, арбау өлеңдері арғы ата-бабаларымыздың көне замандағы емшілік көзқарасын, табиғат құбылыстарының, жасырын сырларын танып-білуге ұмтылған алғашқы қадамын көрсетеді. Фольклорды зерттеуші Б.Уахатов Мары, мары, мары жылан, Ұзын, ұзын, ұзын жылан. Ұзын шашты келте жылан Марқары, сарқары, - дегендегі мары сөзі бүкіл Шығыс елдеріне белгілі болған жылан патшасы Шах-Маран емес пе екен деген ой тастайды. Осылайша бақсының жындарын шақыруы, аруақтар рухын жылан образында бейнелеуі, жыланға байланысты тотемдік сенімнің шамандық дінмен араласып ғұрыптық фольклордан көрінуі. Яғни тотемдік нанымдар көнергенде оны бақсылар пайдаланған. С.Сефуллиннің бақсылардың осы арбау өлеңдерін ескілікті дін салтынан туған өлеңдерге қосатыны сол. Ғаламның мифтік моделіне, бейнесіне қатысы бар жыландар есімдеріне С.Қондыбай мынадай түсінік береді: Шаямардан деген патша есімі – «Шаямардан патша», ал Шахимардан деген баланың есімі – «Жылан қабықты жігіт» ертегілерінде кездеседі. Шах сөзі парсы тілінде «патша, хан» дегенді білдірсе, мар, мары, мардан сөзі «жылан» деген мағына береді, яғни Омар ата мен Шахмардан (Шахимардан, Шаямардан, Шаймерден) есімдері «жылан баба», «жылан патша» дегенді білдіреді. Қазақ ертегілеріндегі Мараата, Шахимардан, Шаямардан есімді кейіпкерлердің іс-әрекеті мен тұрпаты Жылан баба хан, Жылан Бапыхан, Жылан баб деп аталған басқа кейіпкерлерге ұқсап жатады, есімдердің әртүрлілігіне қарамастан, олардың барлығының да бір мифтік бейненің ертегілік туынды нұсқалары екендігін аңғаруға болады [22, ІІІ: 335].  «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде»: Мар Қытай қазақтарының тілінде «жылан» дегенді білдіреді. Мысалы, Ысқырған аяз, қар болам, Ақ аждаһа, мар болам. Б.Қыдырбекұлының пікірінше, Мараата – қой малына сыпыра жылан тиюде болатын ылаң. Мара жылан атасы делінеді. Сондықтан да қазақта малға жылан тию көбейгенде Мараатаға мал сояды.

Сонымен, мары – парсы тіліндегі «жылан» деген сөз. ﻣﺎﺮ мар, мары. Жылан [ПҚТС: 245]. Дауысты дыбыстарға толы түсініксіз сөз араласқан, сондықтан да естір құлаққа әсерлі, сазды «Мары, мары, мары жылан» тіркесі қазақ тілінде «Жылан, жылан, жылан, жылан» болып қана шығар еді. Сондықтан бұл жерде халықтың түсініксіз, жұмбақ сөздерді неғұрлым көп қолданса, соғұрлым жыланның есін тез алуға болады деген сенімі жатыр. 

3.3 Бақсы  сарындары лексикасы. Қазақтың ескілікті ұғым-нанымынан, салтынан қалған өлеңдердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсы сарындары лексикасында демондық тірі жан аттары, сакральды мәні бар бақсы, қамшы, жын, пері, қобыз, Көкаман, Ер Шойлан, Ер Домбай, Сарықыз, Теңгетай, Қарамес, Есдәулет, т.б. атаулар кездеседі.

Біздер  бақсы болғалы, Алдымнан мейман кеткен жоқ, Менен бақсы өткен жоқ (Бақсылар сарыны). Көне түркілер де, одан бергі қыпшақ ата-бабаларымыз да бақсыны қам дегені белгілі. Алтай-Саян төңірегіндегі түркі тұқымдары мен сібір татарлары күні бүгінге дейін солай атайды. Қам сөзін гүндер де қолданған, олар өзінің бас бақсысын ата қам деген. Сол дәстүрді бойына сақтаған туыстарымыз тувалар ірі, күшті бақсыларын ұлуг хам дейді. «Бақсы» мағынасындағы кам сөзі ХІ ғасыр жазба деректері Ж.Баласағұнидің «Құтты білігінде» (Кутадгу билик), Махмұт Қашқаридің «Дивани луғат ат-түркінде», ХІҮ ғасырдағы қыпшақ жазбалары «Кодекс Куманикусте» де кездеседі екен.

Бақсы – емші, сәуегей, дәнекер, тылсым дүниемен сұхбатта болатын, медиум, жыршылық, музыкалық, т.б. ерекше қасиеттері бар шамандық наным өкілі. Тұңғыстарда «бақсы» ұғымын беретін саман (шаман, хаман) сөзі мен нивхлардағы чам сөзі түркілердің «қамынан» ауысса керек деген болжам да жоқ емес. Ал біздегі бақсы сөзі қайдан шыққан? Ол жөнінде кезінде Ш.Уәлиханов, Л.Будагов, В.Бартольд, В.Радлов, А.Диваев, Б.Абылқасымов, Е.Тұрсынов т.б. ғалымдар пікір білдірген. Бақсы этимологиясы туралы тағы бір пікір – бақсы түбірін кәдімгі «бағу» (күту, емдеу) сөзімен байланыстырған қазақ бақсылығы жайында қарастырған И.Чеканинский пікірі. Сәл кейін отызыншы жылдары мұндай қорытындыға Қ.Жұбанов та келсе, бергі уақыттағы зерттеушілер оны қайта дәлелдеп шықты. «Шаман» мағынасындағы бақсы сөзі іргелес отырған қырғыз, ұйғыр, өзбек жұртында да қолданылады. Түркмендердегі бахшының мағынасы бөлек (ақын-имповизатор). Олар бақсыны порхан дейді: перімен байланыстырады. Жасалу жолы өзбектегі дуохан (дуагер) сөзі сықылды. 

Бақсы қытай  тілінде бо ши «үйретуші, білімдар» мағынасында қолданылады [ДТС: 82]. Бұл ойды Қ.Ғабитханұлы да зерттеуінде қостағаны байқалады. Л.З.Будагов: қырғ. دﺎقشي бақшы (изъ монг. бәқши дж. бәхши) емші, шаман, дуалаушы, сиқыршы деген мағына беретінін жазды [БСл І: 234]. Тағы бірде В.В.Радлов: «бақсы – бақшы – қобызда иә асада ойнайтын қазақтардың шаманы...» - дейді [РСл І: 1445, 1446]. Эпос тілін зерттеуші профессор Е.Жұбанов қазақ тіліндегі бақсы, қырғыз тіліндегі бақшы «шаман, тәуіп» мағынасында, түркі тілінде бахшы – әнші, музыкант дегенді білдіретінін жазады. Академик Ә.Қайдар: «Бақсы – бахши, казахский знахарь, когда он, лишившись шаманского духа, бурного, возбужденного настроя, вмиг превращается в жалкое и безобидное существо, апатичное и безразличное ко всему окружающему» дейді [24, 156]. ХІІ ғ. қам термині де, сол қамдаудың өзі де қағаз бетіне түседі. Ендеше Жоңғария мен Алтай түріктерінде қамдау сөзі ҮІІ ғасыр мен ХІІ ғасыр арасында пайда болған деп айтуымыз керек» - дейді. Б.Досымбекұғылы, О.Әлжанов, Р.М.Мұстафина, Н.Өсеров, Ж.Естаев, А.Янушкевич, О.Сүлейменов еңбектерінде де жан-жақты сөз болады. Бұл орайда Н.Уәлиев: «Қарапайым тілде де қамшы сөзі шаман мағынасында жұмсалады. Бұл салыстырулардан бақсы мағынасын білдіретін сөздің бірде қам, бірде қамшы түрінде айтылатынын байқаймыз», - деп жазады [25, 53]. А.Тұрышевтың пікірінше, қам мен бақ шығу тегі бір болуы мүмкін, ал <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Times New Roman KZ', 'Arial'; font-size: 14pt; font-


Информация о работе Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның