Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 23:11, реферат
Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды.
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
2. КӨНЕ ТҮРКІ ДАСТАНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Тексерген: Сарбасов Б.С.
Орындаған: Филология және әлем тілдер факуьтетінің 2 курс 201 топ студенті Абдреш А.Б.
Алматы 2013жыл
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
2. КӨНЕ ТҮРКІ ДАСТАНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.
Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуразия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.
Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды.
Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.
551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді.
Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕР
Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын аса құнды тарихи құндылықтардың бірі, қилы-қилы замандар өтсе де өшпей, өлмей, бүгінгі күнге жеткен, бүкіл түркі әлемінің рухын көтеріп, ұлылығын танытып отырған ескерткіштердің бірі – көне түркі ескерткіштері. Жазба мәдениетіміздің куәсі болған бұл ескерткіште ата-бабаларымыздың қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.
Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында. Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.
Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.
Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
2.КӨНЕ
ТҮРКІ ДАСТАНДАРЫНЫҢ
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап XX ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі аралықта іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады.
Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағаңдағы жазу табылды. Мұңдай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның ..кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны бізге беймәлім.
Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр. Олардың бойында талай құпиялар сақтаулы. Мысалы, соңғы кезде Өзбекстанның Наманган, Ферғана, Кашқадария аудандарынан бірнеше көне тайпалардың қолданған заттары табылған болатын. Өкінішке орай, олардың бірқатарының оқылуы күні бүгінге дейін анықталмаған. Караңыз:
Көрсетілген суреттің алғашқы үшеуін 1993 жылдың сәуір айында Өзбекстан Ғылым академиясының Тарих және археология институтының қызметкері профессор Э.В.Ртвеладзе Қашқадария өлкесіндегі ескі қорғандарда қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанда тапқан болатын. Көрсетілген 1-суреттегі таңбаларды көне түрй тіліңде "ач" түрінде оқуға болады. Қашалып жазылған екі таңба да руникалық алфавитте бар. Ал 2-суреттегі бірінші таңба "а" екендігі түсінікті болғанымен, екінші таңбаны тану біршама қиындық туғызып отыр. Қандай дыбыс екендігі беймәлім. 3-суретегі таңбалардың біріншісі "т" дыбысы, екіншісі "і", үшіншісі «п» болуы керек. Сонда тіл "деді, - деп" мағынасын білдіреді. Төртінші таңбаның сыры беймәлім, мүмкін талай ғасырды басынан кешіп, сырт формасын бұзып алған болар. Соңғы бесінші таңба "п" дыбысының бейнесін беріп тұр. Жалпы, тасқа қашалып жазылған бұл таңбалар ешбір тұрмыстық немесе т.б. заттарға жазылмағандықтан олардың бойынан белгілі бір мағынаны дәлдеп үғыну қиын.
Берілген 4-ші суреттегі жазу 1993 жылы Өзбекстанның Наманган аймағынан табылған. Жер астында сандаған жылдар бойы жатқан бұл құмыраның бетіндегі кейбір таңбалар өшіп қалған. Ал бар таңбаларды оқып көргенде сыңар (Қ.Садықов) немесе сокур болып шығады. Демек, аталмыш сөздің мағынасы заттың сыйымдылығын (жарты литрлік ыдыс) немесе құмыраны жасаған адамның атын көрсетеді.
Ал 1998 жылы Кырғызстанның Қошқар өңірі Қарасу ауылы жанындағы Көксай, Тікбұған, Қызыл бұлақ, Алқым өзенді, таулы-қыратты жерлерінен көне түркі рунасымен тас бетіне кашалып жазылған бірнеше құпия жазулар табылған болатын. (Қырғыз ғалымдары О.Солтобаев пен К.Табылдиев "Мээрим" журналы, 1998. №2). Бұл өңірден табылған барлығы 8 руналық жазу өзімізге белгілі Талас жазба ескерткіштері қатарына жатқызылады. Тас бетіндегі құпия жазу неге екендігі белгісіз түркітанушы ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін жүйелі түрде оқылған емес. Енді осы таңбалар жүйесіне көз тігіңіз:
Жазудың ішінде не сыр бүктеп жатқандығы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Сондықган бұл таңбалардың да оқылу қүпиясын ашып көрелік. Мұнда ертедегі Талас жазба ескерткіштеріне тән таңбалардың бар екендігін байқасақ, біздің ойымызша бұл жазуды шамамен V-VІ ғасырларға жатқызуға болады.. Берілген бедерлі таста 13 руникалық таңба бар. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Сырға толы құпия таңбалардың жеке-жеке мән-мағынасын талдай келе мынадай болжамға тоқталдық: